Материалдар / Ғылыми жоба "Отбасы құндылықтары" (Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя")
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Отбасы құндылықтары" (Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя")

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя" повесі тақырыбында жазылған ғылыми жұмыс 8-сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
128
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаарқа ауданының білім бөлімі

О.Жұмабеков атындағы тірек мектебі (РО) КММ







Жобаның атауы:

«Ұшқан ұя» повесіндегі және менің отбасымдағы ұлттық құндылықтар



Секция: қазақ әдебиеті







Орындаушы: Ботабай Жания

7- сынып оқушысы


Жетекшісі: Сақауова Жұлдыз Болатқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



















2024 жыл

Мазмұны


І. Кіріспе ..................................................................................... 4 бет


IІ. Негізгі бөлім


2.1 «Ұшқан ұя» шығармасы – ұлт қазынасы ....................... 5 - бет

2.2 Ұлттық тағылым, даналық мектебі......................................... 6 - бет


III. Жұмыстың зерттеу бөлімі


3.1 Әже мектебі -тәлім-тәрбие - ертегі мен өсиет әңгімелер...... 7 - бет


3.2 Ғибраты мол тәлімгер. Әке мектебі ......................................... 9 - бет


3.3 «Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз» ................................ 11- бет


IV. Қорытынды ................................................................................. 12 - бет


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................. 13 - бет
























Аңдатпа


Ертеден ата-бабаларымыздың алдындағы басты міндет - ұрпақ тәрбиесі . Артымнан кімді қалдырамын деген ой көкейінен еш шықпаған. Дүниеге келмеген перзентінің дұрыс қалыптасуы мен өмір кезеңдері бойы үлгі беруде, баптауда көзден таса қылмаған. Тәлім-тәрбиесі мығым ортадан өнген бала келешекте көңілге тоқыған өсиет арқылы мақсат қойып, арман-мұраттарға еркін құлаш сермеген.

Отбасымда көрініс тапқан тәрбие мен «Ұшқан ұя» повесінде сипатталған тәлім- тәрбие үлгілерін салыстыра отырып, зерттеу барысында батыр-жазушының өскен ортасы негізге алынды, бала кейіпкердің тұлға боп қалыптасуына әсері зор басты арналар: ұлтымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімі, отбасылық құндылықтарды арқау еттік.

Бауыржан Момышұлы әсерлене суреттеген халқымыздың қайнар бұлағы, даналық мектебінің бастауы – отбасы мен өскен орта – әкелер мектебі, аналар мектебі – жобаның басты тірегі. Жазушы көзқарасы мен ой түйіні, тұжырымының ұрпақ тәрбиесіне, оқырмандарға ықпалы мен әдебиет әлеміне әсерімен тақырып өзекті.





















І. Кіріспе

Зерттеудің мақсаты :

«Ұшқан ұя» повесінде сипатталған және отбасымда көрініс тапқан тәлім- тәрбие үлгілерін салыстыра отырып, зерттеу барысында батыр-жазушының өскен ортасы негізге алынды, бала кейіпкердің тұлға боп қалыптасуына әсері зор басты арналар: ұлтымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімі, отбасылық құндылықтарды арқау ету.


Зерттеудің  ғылыми  болжамы

Бүгінгі таңда ұлттық даналық мектептері: аналар мектебі, әкелер мектебі арқылы отбасылық, ұлттық құндылықтармен қаруланған өскелең ұрпақты жастайынан тәрбиелеу, ұлт мінезін қалыптастыру, бай салт-дәстүрімізді негізге алып, ата-бабалардың арман-мұратын бойына сіңірген саналы ұрпақ боп қалыптасады.


Зерттеу әдістері:

Отбасымда көрініс тапқан тәрбие мен «Ұшқан ұя» повесінде сипатталған тәлім- тәрбие үлгілерін салыстыра отырып, зерттеу барысында батыр-жазушының өскен ортасы негізге алынды, бала кейіпкердің тұлға боп қалыптасуына әсері зор басты арналар: ұлтымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімі, отбасылық құндылықтарды арқау еттік.


Ғылыми жұмыстың көкейтестілігі: 

Ертеден ата-бабаларымыздың алдындағы басты міндет - ұрпақ тәрбиесі . Артымнан кімді қалдырамын деген ой көкейінен еш шықпай, дүниеге келмеген перзентінің дұрыс қалыптасуы мен өмір кезеңдері бойы үлгі беруде, баптауда көзден таса қылмайды. Тәлім-тәрбиесі мығым ортадан өнген бала келешекте көңілге тоқыған өсиет арқылы мақсат қойып, арман-мұраттарға еркін құлаш сермеп, өмірде алған ілімін жүзеге асырады.

Тақырыптың өзектілігі:

Бауыржан Момышұлы әсерлене суреттеген халқымыздың қайнар бұлағы, даналық мектебінің бастауы – отбасы мен өскен орта – әкелер мектебі, аналар мектебі – жобаның басты тірегі. Жазушы көзқарасы мен ой түйіні, тұжырымының ұрпақ тәрбиесіне, оқырмандарға ықпалы мен әдебиет әлеміне әсерімен тақырып өзекті.


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. «Ұшқан ұя» шығармасы – ұлт қазынасы


Бауыржан Момышұлының ерліктері, батылдығын, өжеттігін, қаһарман батырлығын еліміз және әлем біледі. Жазушылығы да бір төбе. Биыл «Ұшқан ұя» шығармасын сынып болып оқып, елімізге , қазыналы тарихымызға, туған тіл, салт-дәстүрімізге деген құрметіміз еселей өсті. Әсіресе, тату отбасындағы дәстүрге айналған әже, әке тағылымы мектебінің үлгілері әсерлі. Повестегі ұлттық құндылықтар мен өз отбасымдағы тәрбие үрдістері арасындағы ұқсастықтарды байқадым.

Халқымыз ұрпақ тәрбиесіне алтын уақытын, ғұмырын арнап, өмірінің аса жауапты кезеңіне айналдырған. Өйткені, қазақ үшін перзенті – отбасының мәні, ғұмырының жалғасы, болашағы, бары, келешектегі игілік.

Ұрпағын - үмітім деп тәрбие ісіне өте зор жауапкершілікпен сезініп, ананың құрсағынан бастап, әженің аялы алақаны, әкенің ыстық жүрегі мен бекем рухымен берілген. Ата-ана, ата-әже, ағалар, жеңгелер, туысқандар арасында баланың тәртібі, өзін ұстау мәдениеті, азаматтық бет-әлпеті қалыптасқан. Ең қымбат, жақын, иман жүзді, мейірбан, құшағы кең жандар аясында бала өмірге бейімделіп, дүниені таниды. Үлкендер ауыз әдебиеті үлгілері мен тарих қойнауындағы белгілі тұлғалар өмірін өнеге ғып, нақыл сөздерін жас ұрпақ көңілі мен санасына құйып, ұлтын сүйген тұлға болуына бағыттаған. Арнайы бала тәрбиелейтін орын болмаса да, отбасындағы жанашыр жақын жандар ұрпағын тал бесіктен «Әлдиімен», жыр-ертегілерімен, ұлағатты нақылдарымен, ұлттық ойын түрлері арқылы ер жеткізіп, бой түзеткен.


2.2 Ұлттық тағылым, даналық мектебі


Қайран, балалық десеңші – ай! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің! Онда мен кіп – кішкентай сәби едім. Адамдардың бәрі “айналайыннан” басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін…Қариялардың сақалынан қадір-қасиет белгісі көрініп тұратын...” Міне, осы үзіндідегі ұлттық тағылымның түп төркінін алтын апа, әжелерімнің айналып толғанғанынан байқадым.

«Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизодтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алынған елеулі көріністерге негізделген.Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ» деп салт-сана, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі.

«Ұшқан ұямен» танысқан соң, рухани, отаншылдық сезімдеріміздің еселеніп, күшейгенін байқадым. Туындыны жазушы заманында да, бүгінде де бала тәрбиесіне, әр қазақ отбасына арналған ғибратнама деуге болады. Отбасымдағы әр күн, әр сәт, қызғылықты оқиға, көрініс арасындағы ұқсастықты байқадым. Қазақ ұясының көбінде дерлік, әже, ата, әке, аналар мектебі үлкен қызмет атқаратынына көзім жетті. Бауырмалдық, туыстық, адамгершілік тамырлары – Б. Момышұлы шығармашылығының алтын арқауы. Әке-шеше, ауыл адамдары, сыйластықтары, қазақы жеңіл әзіл, дәстүр, ғұрып – ұлттық тағылымға толы, даналық мектеп қабырғасын қалаушылар.




III. Жұмыстың зерттеу бөлімі

3.1 Әже мектебі -тәлім-тәрбиенің негізі - ертегі мен өсиет әңгімелер

Баукең мінезіндегі отаншыл, бауырмал, әділ, шыншыл сезім негізгі ата-анасынан , асыл әжесінен, әкесінің тәрбиесінен. Әке боп, әже боп «жеті ата», жыл қайыру, қойнауы тарих Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жыл басын шертетін ертегілер Бауыржан атаны қиялға шомдырып, аспанда қалықтататын еді. Дана әжесінің тәрбие құралы - халқымыздың бай ауыз әдебиетінің түрлері: мақал – мәтелдер, жұмбақтар, аңыз – әңгімелер, ертегілер, батырлар жырымен көзге көрінген немерелерін ала таңнан қара кешке дейін тәрбиелеп, мәпелеген. Әжелердің ең алғаш немерені бойға үйретіп, өмірге бейімдеу тәсілінің бір түрі -бесік жыры. «Бала тәрбиесін бесікке салудан баста...» деп дана халқымыз бесік жыры арқылы сәбиді жұбату, тілек айту, жан жүйесін рахатқа бөлеу, бөбегіне сүйсіне арнаған әуені повесте былай суреттеледі:Бауыржан атаға Қызтумас әжесі :

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Жілігінің майы жоқ,

Жіпке тағып берейін,- деп мәпелейтін. Ал менің әжем менен бастап бауырларымды:

Әлди-әлди аппағым,

Қозының жүні қалпағым,

Жұрт сүймесе сүймесін,

Өзім сүйген аппағым, - деп бесігінің мамық, жылы, жайлы, таза, сәнді болуынан бастап, тұрмыс-салт жырымен әлдилеп өсірген.

Мұндай бесік жырынан балаға деген мейірім, махаббат көрінеді.

Мал бақ, өнер үйрен, кәсіп қу, жаудан қорғай біл деген тілекті анасы бесікте жатқан кезінен жас сәбидің құлағына сіңіруді көздеген. Ана тілегі – ел тілегі.

Әже - бейнесі тектіліктің, кемеңгер даналықтың діңгегі . Отбасынан аса бере, ауыл-аймақтың ақылшы жанашырына айналған әже бейнесін аса үлкен сүйіспеншілікпен бейнелеген. «Арада неше заман өтті, Қызтумас апамның әлди айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып, балаларды жанына жиып алып, аңыз –ертегі айтады. Адам баласының Тәңірі берген Күн, Ай, Су, Жел сияқты нығметтеріне разы болмай, дұрыс пайдаланбағанына төртеуі Жаратқанның алдына келіп шағымданады. Адамдарға қызмет етуді қойып, еріктерімен кетпекші. Бұған не дейміз дегенде, жалғыз жарғанат адам баласын қорғап шығады, Күн мұнысын ұнатпай сәулесін оқ қып шашқанда, жарқанаттың көзі ағып түсіп, бүгінге дейін жарықта жүрмейтіні содан екен.Ал Жаратқан оған тек қараңғы уақытта, жел жоқта, сусыз, күнсіз, айсыз тастүнек үңгірде мекен етуді бұйырған екен. Ал адам сол күннен бастап жасқана Күн, Ай, Жел, Суды сыйлайтын болған екен. Адам баласы жарқанаттан қорғанып жүретін болған екен. «Міне, балаларым, жақсылыққа жамандықпен жауап бермеңдер. Жақсылықтың өтеуі жақсылық болсын. Біз осылай үлкендерден ғибрат алып өсіп едік. Үлкендердің өсиеті-өнер мен өнегенің шыңы ғой» деп әжемнің айтқан ертегі-аңыздарынан түйгенім- үлкенге сәлем беріп, жолын кеспеу, қария адамдарға көмектесу, еңбек ету, шыдамды болу, асты, нанды қадірлеу, асығып-аптықпау сияқты тыйым сөздер ретінде жадымда сақталған.

Әуезді әуенімен әлпештеген кәрі әжені сыйлау – парасаттылық, ұлттық тәрбиеге құрмет. «Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқамын» деген автордың ойымен толық келісемін.«Ақ бөпесімен» әлдилеген әжелер «әлдиі» бүгінде сиреп бара жатқанын көріп жүреміз...

Әже ұл мен қызының бойынан ең бастысы, адал, әділ, мақсаты, арманы бар, мықты, рухани бай ұрпақты көргісі келеді.

Жазушы ұшқан ұясынан алған тәрбие бесігін «даланың дарқан бала бақшасы» деп атайды, себебі ұлттық құндылықтар салт-дәстүрде жатқандығын аңғартады.

Қаламгер әлемнің пайда болуы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар, өмір туралы, азаматтық маңыздағы аңыз-әңгімелерді аяулы әжесінен естіп-түйгенін перзенттік сүйіспеншілік сезімге бөлене отырып есіне алған. Дүниедегі жақсы- жаманды, неден үйреніп, неден жиренуді әжесінен үйренгенін үлкен тебіреніспен жеткізген.


3.2 Ғибраты мол тәлімгер. Әке мектебі

Бата беру, ақ ниет, адал тілек білдіру- ұлттық дәстүріміздің құндылығы. Шығармада жас нәресте Бауыржан дүниеге келгенде атасы Имаш:

Ата тілегі оң еді,

Ғұмырлы болсын, құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді,

Сыңары болсын құлыным,- деп,

дүниедегі бар тамаша қасиеттің бәрін нәрестенің бойына сіңіріп, сыйынып, тәңіріне, оның қол жайып, «сегіз қырлы, бір сырлы» асыл азамат, ел үшін туған батыр болуын тілесе керек. Ақ дастарқан басына жайғасқан ел үй иесінің  кең пейіліне ризашылығы, ас жұғымды болу ниетінде айтылып отырады. Менің отбасымда ата, әкелерім үнемі таңғы астан кешкі асқа дейін «А, құдайым, оңдасын, дастарқан мол болсын, ұрпағымыз тоқ болсын, ел-жұртымыз бай болсын, аспанымыз ашық боп, халқымыз тыныш болсын» деген ақ батасы көңілімде сайрап тұрады. Жазушының әкесі ата-тегін үйретуші еді.  

- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.  

- Мен Момыштың ұлымын. 

- Момыш кімнің баласы? 

- Момыш – Имаштың баласы. 

Менің ата, әкем «жеті атасын білмеген жетесіз» деп өз жеті атамызды санатып, жеті атаға дейінгі білімімізді тексеріп отырады. «Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген»деп батыр атамыз айтқандай, тегіңді ары қарай зерттей отырып, еліңнің шығу тарихына дейін қызыға ізденесің. Міне, әке, аталар мектебінің басты әліпбиі осы дер едім. Әке - отбасының тірегі, шаңырақтың қорғаны, ақылшы. Қазақ отбасындағы әр әке Момыналы әке сияқты зерделі, пайымшыл, әділ, еңбекқор, парасатты, жан-жақты өнер иесі болса, тағылымдық өнегесі мол болады. Қаламгердің әкесі отбасының алтын діңгегі, берік босағасы, қуат берекесі де бола білген жан. Өмірінде дүние жиып, мансап қуып, ешкіммен бақас болмаған. Қолы ашық, әділ, қарапайым, қайырымды. Әкесінің жанында жүріп, іс-әрекет, жүріс- тұрысы, мінез- құлқы, тіпті сөз сөйлеуінен тағылымды өнеге алған, бағдар тапқан. Ата тегін, сәлемдесу, күн мен ай, жыл аттарын, жыл қайыруды, малды күтіп баптауды, сөз тыңдауды, жөн- жоба, қонақ күту, меймандостықты, өнерге деген қызығушылықты, атбегілікті үйреткен, адамгершілік қасиеттерге баулыған басты үлгі көрген тұлға, ғибраты мол тәлімгер әкесі Момыш еді. «Әкем мені арабша, орысша оқуға үйрете бастады. Есепті де үйретіп жүрді. Әртүрлі тірлікке араластырып бұғанамды қатайта бастағанын сонда сездім. Ат суарып, ақырға жем салу, өгізге мініп тас бастыру сияқты жұмыстар енді менің де қолымнан келе бастады».

«Қыстың ұзақ кештерінде әкем бізге ертек айтып беретін. Өлең үйретіп, дауыстап кітап оқитын...». Міне, перзентінің тірбиесіне үлкен мән берген тәлімгер әке өнегесі ұшан теңіз. Тіпті Абайдың «Жаз» өлеңімен таныстырып, «Шіркін Абай көктем көркін, жаздың жарқын сәттерін сенен әрлі, сенен нәрлі етіп жырлай алған ақын бар ма екен, сірә!» жас ұрпағын өлең сөздің құдіретін түсінуге жол сілтеген әке өсиетін, әке тағылымын былайша тебіреніп еске алады: «Әкем көңілді кезінде бізге Абай жайлы айтушы еді.Балаларым, сонау «жеті өзеннің» ар жағында, бізден алыс ауылда Тобықты руынан шыққан Абай деген кісі тұрады. Бүкіл елдің арын қорғаған ақылды азамат, оған қоса ақын. Оның өлеңін ел біткен жаттап, әнін бүкіл дала шырқайды екен дейтін». Бала Бауыржан Абайдың бай мұрасын әкесі Момыштан білген екен. «Балам, үлкендердің айтқанын әрқашан жөн деп біл.Тыңда. Сыйла, сыйсыз болмайсың. Жалқаулық – адамның жауы. Ерінбей еңбек ет. Кітап оқып, сауатты бол. Мақал-мәтелдерді жаттап, керегін көңілге түй» деп қамқорлық танытып, зердеме тоқыттырып жүреді.


3.3 «Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз».

«Отбасы өнегесі- Отан өнегесі» деген Б.Момышұлы халықтық, елдіктің өзінің бастауы отбасынан басталатынын айтып кеткен. Жақсылықтың өтеуі - жақсылық дейді үлкендер. Ұлттық тәлім-тәрбие, салт–дәстүр, әдет– ғұрыптар, ел мен жерді сүюге тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы сәби дүние есігін шыр етіп ашқан отбасынан басталатынын көреміз. Момыш атаның мына сөзі де ойға қалдырды: – “Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз. Адам туады, адам өледі. Ал халық ешқашан өлмек емес…” «Ұшқан ұяны» оқып, ұлттық құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Отбасымды, ұлттық ұямды бұрынғыдан да қатты қадірлеп кеттім.

Қан майданда жүріп, мен бір түнді елестеткенім бар. Өзімді көп өркештің ортасында, тау ішінде, нұрлы айдың аясында баяғыдай кіп – кішкентай сәби сәтімде тұрғандай сезіндім…”- , деген атамыздың тыныштықты аңсай отырып, туған жер, еліне махаббатын тебіреніп жазған жүрек лүпілін терең түсінесің. Еліміз бейбіт өмір сүруде. Біздер соғыс деген ұғымның не екенін көрмек түгілі, елестете алмаймыз! Міне, осындай рухани көңіл күйдің сезіміне бой алдырып, өзімнің қазақ екеніме, сан рет «біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз» деп ауыз толтырып, мақтана жар салуға мұрша берген Бауыржан Момышұлы атама рахметімді жеткізгім келеді. Ұлтымызда осындай тұлғаның бар екеніне қуанамын.

IV. Қорытынды

Ұлт намысы, айбарлы Бауыржан Момышұлын білмейтін қазақ, оқырман жоқ шығар. Халқын шексіз сүйді. Мерейін үстем етті. Берген тағылымы - болашаққа деген сенімімізді арттыратын шындық. «Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп қажыр- қайратын аямаған жазушы үшін шындық- ол халқын шын сүю. Ұлтымызда қандай құндылық бар, соны қадірлеп- қасиеттеу, оны өшірмеу, өсіру, көбейту. Олар: ұлт намысы, тарихымыз, санамыз, мәдениетіміз, тіліміз, салт-дәстүріміз, салауаттылығымыз, рухымыз.

«Бала түсінігі, қабылдауы және дүниені танып білуі ұшқан ұядан басталатынын әрі мәңгі жадында қалатынын» болжап, қазақ отбасының ұядай ұйысқан осындай екенін дәл келтірген автор балалық бал дәуренін бөтен елде, майдан даласында суреттей отырып, халқымызға, ұлттық педагогикамызға баға жетпес мұра қалдырды.





















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Момышұлы Б.Ұшқан ұя. Алматы, «Атамұра» 2003 ж.

2.Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы»

3.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Санат» 2002 ж.

4.Бауыржан Момышұлының тәлім – тәрбиелік өнегесі

5.Газет – журнал материалдары, сөздіктер











































12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!