Материалдар / Ғылыми жоба "Қазақ әдебиетіндегі "қарғаға" байланысты ұғымдар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Қазақ әдебиетіндегі "қарғаға" байланысты ұғымдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2024
307
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минситрлігі

Атырау қаласы, №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп -лицей









Қазақ әдебиетіндегі «қарғаға» байланысты ұғымдар







Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: Исембаева Дана Руслановна, 7 «Б» сынып оқушысы

Жетекші: Бимаганова Г.Т. орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі












2021

АННОТАЦИЯСЫ



Азияның солтүстік-шығысы мен Американың солтүстік-батыс теңіз жағалауы өңірінде жасайтын көшпелі халықтар ортасында қарға тамаша образ саналған. Олардың бір бөлігі қарғаны киелі құс санап, табынады, тотем тұтады. Ғұндардың көне аңызында да жапанда жалғыз қалған Үйсін күнбиінің баласын қасқыр емізіп асыраса, нәрестеге ет таситыны қарғалар екені айтылады.

Ал енді, сіз қарға ақылды, һәм зерек құс дегенге сенер ме едіңіз, сенбейсіз? Анығында сайрауық құстардан гөрі, қарға – адам тілін тез үйренеді. Жанұясына адал, балапандары үшін қандай қауіпке де бас тігіп, тіке шабатын құстардың қатарында қарға барын біз көбіне біле бермейміз. Олай болса менің ғылыми жобам қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдарға арналады. Әдеби шығармалардан мысалдар келтіру, мақал- мәтелдердің мағынасын ашу арқылы қарға құсының ерекше қырларын байқау. Қарға сөзінің қолданысын көрсетіп, пайдалану кеністігін кеңейту жолдарын қарастырамын.





















Ғылыми жұмыс.

Тақырыбы: «Қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдар»



Мазмұны


Кіріспе

Қарға қандай құс?

II. Негізгі бөлім

2.1. Қарға төтемі туралы

2.2 Құстар арасындағы Тәңірдің елшісі де осы қарға шығар.

2.3 Қарғаға байланысты мақал-мәтелдерді білесің бе?



ІІІ. Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиет тізімі.........................................................................................





















16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп -лицейдің 7 «Б» сынып оқушысы

Исембаева Дананың

«Қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдар» атты ғылыми жобасына

Пікір

Исембаева Дананың «Қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдар» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын орындаған. Жалпы қарға құсы туралы деректерді жинақтап, өз ойы мен пікірін қоса білдіріп отырған.

Қарғаларға байланысты халық наным-сенімініен туған сөз тіркестері,мақал- мәтелдердің мағынасының зерттелуі жайында ізденуші тек зерттелген деректерге сүйеніп қана қоймай, тарихи деректермен ұштастырып отырып , өз тұжырымын айтқан.

Ізденуші тек зерттелумен ғана шектелмей, м ақын-жазушылардың шығармаларынан мысалдар келтіріп отырған .

Ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық аша білген. Тіл жанашыры-жас ұрпақ екенін айқын көсете білген.



Жетекшісі: Бимаганова Г.Т











Кіріспе

Зерттеудің мақсаты: Ал енді, сіз қарға ақылды, һәм зерек құс дегенге сенер ме едіңіз, сенбейсіз бе? Қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдарға тоқталу арқылы көз жеткізу. Әдеби шығармалардан мысалдар келтіру, мақал- мәтелдердің мағынасын ашу арқылы қарға құсының ерекше қырларын байқау. Қарға сөзінің қолданысын көрсетіп, пайдалану кеністігін кеңейту .

Зерттеудің міндеттері:- Әдеби шығармалардан қарғаға байланысты сөз тіркестерін қарастыру. Мақал- мәтелдер,нақыл сөздер қатарын жинақтау және мағынасын ашу.

Зерттеудің болжамы мен кезеңдері: Ғылыми жобам кіріспеден, негізгі бөлім 3 тараудан, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тәжірибенің әдістемесі Шығармалар арқылы «Қарға» сөзінің қолданысын көрсету. Оның мағыналарын ашу арқылы жақсы қырларын дәлелдеу.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ әдебиетіндегі қарғаға байланысты ұғымдардың көріністерін тауып,насихаттау. Жаңаша көзқарастар қалыптастыру.

Нәтижесі, қолданылатын мекемелер: кітапханалар,әлеуметтік желі.













Қара қарға (лат. Corvuscorone)  торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс.

Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Қарға туралы деректер

  • Қарғалар еңбек құралын жасай алады. Десе де барлығы емес. Тек жаңакаледониялық қарға ғана. Егер оларға ағаш ағаш қабығының астынан "дәмді" қоңызды алып шығу керек болса, өз тұмсықтарына зиян келтірмейді. Оның орнына бұтақтан тісшұқығышқа ұқсас құрал жасайды да, онымен "дәмді  асын" ағаш қабығының астынан шұқып алып жейді. "Шұқығыш таяқ" жасау қабілеті оларға туа бітті табиғатынан берілетіні қызық. Қарғалар балапандарына мұны арнайы үйретпейді.

  • Үлкен топтаррға бірікпейді. Әдетте адам көп жерлерден аулақта тіршілік етеді. 

  • Қарғалар санай алады. Егер оған жем салынған екі ыдыс ұсынсаңыз, ол жем көп салынғанын таңдайды. Мысалы, бір ыдысқа 14 қоңыз, екіншісіне 15 қоңыз салсаңыз, сіз араларындағы айырмашылықты бірден аңғармайсыз. Ал қарғалар оларды санап, қайсысында көп екенін анықтап үлгереді. Сонымен қатар қарғалар санды тани алады. Нәтижесінде санның қайсысы көп, қайсысы аз екенін ажырата алады. 

  • Қарғалар үшін рекордты өмір ұзақтығы 50-75 жылды құрайды. Бірақ өмір сүру ұзақтығының мұнан да көп екені жайлы деректер бар.

  • Қарғалар естіген дыбыстарын қайталап, басқа құстардың дауысын сала алады. Тіпті, үйреткен жағдайда адамның да дауысын салады.

  • Қарғалар - адал достар. Егер қарғалардың бірі жарақаттанып қалса, өзгелері қамқорлық танытып, толық жазылғанша қоректендіреді.

  • Қарғалар жұптасып тіршілік етеді. Оған қоса жұбын бір рет өмір бойына таңдайды.

Еңді осындай ерекше құс қарғалар біздің тілімізде,әдеби тілімізде де ерекше көрініс табады. Зерттеу жұмысымның мазмұныда өсы қарға құсына байланысты наным-сенімдерден туған сөздердің мағынасын ашуға арналады. Олай болса негізгі бөлімге көшейін.

Негізгі бөлім.

Әр ұлттың тарихында өз тотемдері болғаны анық жай. Тарихшылардың айтуынша, бір замандарда бөрінің түркі халықтарына тотем болғаны сияқты Азияның солтүстік-шығысы мен Американың солтүстік-батыс теңіз жағалауы өңірінде жасайтын көшпелі халықтар ортасында қарға тамаша образ саналған. Олардың бір бөлігі қарғаны киелі құс санап, табынады, тотем тұтады («Ауыз әдебиеті және Шаман мәдениеті»). Ғұндардың көне аңызында да жапанда жалғыз қалған Үйсін күнбиінің баласын қасқыр емізіп асыраса, нәрестеге ет таситыны қарғалар екені айтылады.

Филолог-маман Алмас Әбсадықовтың «Қарға тамырлы қазақ» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?» деген мақаласында мынадай жолдар бар: «Моңғолдың құпия шежіресінде» қарға белгілі бір іске бірлікпен жұмыла кірісетін татулық бейнесінде жиі қолданылады. Ұлы қаған өзіне жақын адамдардың іс-әрекетіне баға беріп, соған орай шендік, лауазымдық жарлықтарды түрлі аң-құстардың қасиеттері мен тірліктерін тілге тиек ете отырып жасайды. Сондай көріністің бірінде Шыңғыс хан әрдайым өзінің қасында болған Қоға, Көкечос деген әскербасыларға арнаған сөзін:

Қара түнде
Қасқырша аулап,
Жарық күнде
Қара
қарға болып, – деген жолдармен бастап, оларды өзгелерге үлгі етеді».

Басқа да тотемдер сияқты қарға тотемі туралы миф-аңыздар алғаш ру пайда болған кезде тараған. Сол мифтің алыстағы жаңғырығы қазақтарда да сақталған. Туыстық, жықындықты білдіргісі келгенде «қарға тамырлы қазақ» дейді. Бір-екі баласының барын «бір-екі қарға ұстап отырмыз ғой» деп сездірген. Сүйген қызына (баласына) «қарғам-ау» дейді. «Қарға қарғаның көзін шоқымайды», «Тозған қазды топтаған қарға алады», «Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта» деген мақал да кездеседі. «Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын жұмсағым дер» сияқты мақал-мәтелдер басқа түркі тілдес тілдерде де кездеседі, қырғызда: «баласын аппағым дейт, кірпі баласын жумшаигим дейт»; ұйғырда: «Қарға балам аппақ, Кирпи балам юмшак»; татарда: «Қарга да үз баласын аппагым, Керпе дә үз баласын йомшагым, ди». «Қарға қарғаның көзін шоқымайды» татарша: «Карга қарганың күзен чукымый». Қарға хакас, тува, якут, сахаларда киелі деп саналған. Якуттар мен сахаларда қарға тотем болумен қатар «жаһан құсы» дейтін ұғым болған. Олар қарға 300 жыл өмір сүретін, көріпкелділігі бар, адам тағдырын билейтін құс деп сенген. Якуттардың көңғалас тайпасының ішінде суор (қарға) деген ру болған. Хакастар қарғаның ұясына тиме, киесі ұрады деп түсінсе, тувалар қарғаны өлтіруге тыйым салған. Олар қарға барлық туваны қарғайды деп сенген. «Мың қарғаға бір кесек» деген нақыл барлығына бір жауап деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз. «Қарғаның жүзіне бір кесек, жаманның жүзі бірге есеп» деп те айтылады.

«Мың жабыға бір тұлпар,

Мың үйрекке бір сұңқар,

Мың қарғаға бір кесек»...

(Мұрат Мөңкеұлының толғауынан. «Үш ғасыр жырлайды», 283-бет).


Сонау «Інжіл» заманынан бастап, адамнан ғайбат сөз естіген екі құс болса, соның бірі – қарға. Бейне адам баласының өмірінің қысқалығына осы бір құс кінәлі сияқты, тіпті оны көп жасайды деп те жек көреміз.

«Білемін, әйтеуір бір замандарда, жүреді мың жыл жасап жаман қарға», – дейтін ақын өлеңі де соның айғағы. Оны ұры деп те кінәлаймыз. Расында, қарға – қырағы құс. Оның назарынан ештеңе тыс қалмайды.

Ал енді, сіз қарға ақылды, һәм зерек құс дегенге сенер ме едіңіз, сенбейсіз? Анығында сайрауық құстардан гөрі, қарға – адам тілін тез үйренеді. Жанұясына адал, балапандары үшін қандай қауіпке де бас тігіп, тіке шабатын құстардың қатарында қарға барын біз көбіне біле бермейміз. Дана халқымыз «Қарға сүйеді баласын аппағым деп» бекер айтқан ба? Оның екінші бір кісі сүйетін қасиеті – жұт болсын, өрт болсын, аштық-аласапыран келсін – туған жерін тастап кетпейді. Ми қайнатар ыстықта да, ақ түтек борандарда да туған жерінен алыстамайды (Жас Қазақ №20 10-б.).



Бәрін айт та бірін айт, қарғаның ерек­ше қабілетіне үлкен мән беруіміз ке­рек. Оның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе ба­ры­сын­да көз жеткізген. Ал қулығы адам­нан өтеді. Алай­да қарғаның қасиетіне кел­ген­де дәлелденбеген тұстары көп секілді. Олай дейтін себебіміз, құстар ара­сын­да алғашқы боп қарға «Ал­ла» деп сөйледі. Құдды на­маз оқып тұрғандай. Мұндай де­рек Қарағандыда және Маңғыстауда тіркелді. Со­ны­мен қатар қарғаның ора­за ұстайтынын білесіз бе? Жаз ай­ла­рын­да, әсіресе 40 күн шілде болғанда, шіліңгір ыстықта 40 күн бойы нәр тат­пай­ды. Сон­да шөлдемейді ме деп ой­лап отырған бо­лар­сыз? Оның ама­лын өздері тапқан. Ора­за тұту кезінде олар өзен жағасын па­на­лай­ды. Ауыз­да­рын аңқита ашып қойып, ағып жатқан судың ылғалымен су­сын­дай­ды. Сөйтіп ашығу арқылы тұла бой­ы­на тазалық жа­сай­ды. Қарғалардың ұзақ өмір сүруінің (ша­ма­мен 300 жыл) құпиясы осын­да жат­са ке­рек. Кәрі тарихқа көз жіберетін болсақ, Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар, әйгілі адам­дар­дан Буд­да, Пи­фа­гор, Ган­ди­лар 40 күн бойы ашыққан. Бұлардың қатарына қарғаның қосылуы таңғаларлық жағдай емес пе? Өзге құстар түгіл, көп адамдарға қарағанда қарғаның има­ны кәміл деп ой­лай­мын. Құстар арасындағы Тәңірдің елшісі де осы қарға шығар.

Қазақтың көп сөзінің қарғамен байланысты болуы оның қысы-жазы көз алдында жүретінінен болғаны да дерсің. Тіпті, «құралайдың салқыны», «отамалы» деген секілді «қара қарғаның адастырмасы» деген мезгіл бар екен. «Қазан айының аяғында қара қарғалардың көк жүзін қаптай топтанып, у-шу болып ұшатын кезі. Қарға балапандарын өсіріп, қазан айының аяғында топтанып жүрген өзге қарғалардың арасында балапандарын адастырып кетеді, ал балапандары ары қарай өз бетімен күн көреді», – дейді.
«Қазақ әдеби тілінің энциклопе-диясында».

Ендігі әңгіме – қазақ сөздерінің қарғамен байланысты болуы. «Қарға бойлы Қазтуған». «Бойы қысқа, аласа, тапал», – деп түсіндіреді энциклопедия мұның мағынасын. «Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр адам, сондықтан да оны халық «қарға бойлы Қазтуған» деп атап кеткен», – дейді Ілияс Есенберлин еңбектерінде. «Қарға тамырлы қазақ» деген тіркес бір атадан тараған ұрпақтың туыстық белгісін емес, адам баласының бір-біріне жанашырлық қолдауы мен белгілі бір іске жұмыла көрсететін татулықты білдіреді. Көшпелілердің көне мифтік танымы бойынша, қарға – басына іс түскен жанға қамқорлық көрсетіп, жанашырлық білдіретін киелі құс» деп топшылайды «Қарға тамырлы қазақ» сөзін қалай түсінеміз?» мақаласында. Қарғамен байланысты қазақ сөздерін көптеп келтіре беруге болады. «Қарға адым жер», «қарғадайынан», «қарға қарғаның көзін шұқымайды», «Қаз келсе жаз болар, қарға келсе қатқақ болар», қарға тұмсық», «қарға саусақ» – шұбырып кете береді. Дулат Исабековтің қайсыбір әңгімесі «қара қарғаның миы қайнайтындай ыстық» деп суреттеле басталатын көрінеді.

«Кейбір тұрақты сөз тіркестерінде қарға жағымсыз мәнде де қолданылады. Бұндай мақалдар мен тұрақты сөз тіркестері кейінгі кездің еншісіне тиеді. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан дәстүрдің, наным-сенімнің өзгеруіне қарай тілдегі тұрақты сөз тіркестері соған сәйкес өз ішінде өзгеріске түсіп отыратындығы сөзсіз. Сол үшін бұндай сөздерді талдаған кезде сөздердің жасалу дәуіріне де мән берген жөн», – дейді Қайрат Ғабитханұлы.

Қарғаға байланысты мақал- мәтелдерді білеміз бе?

Енді қарға ту­ра­лы мақал-мәтелдер мен на­ным-сенімдерге кел­сек. Басқа халықтардың фольк­ло­ры мен эт­но­гра­фи­я­сы­нан мы­сал­дар келтіріп, әпсана-әңгімеледі тізіп шығып та­у­ы­са ал­мас­пын. Қарғаны кие тұтып, то­тем санағ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!