Материалдар / Ғылыми жоба "Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін заманауи стильмен ұштастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін заманауи стильмен ұштастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің отаныма-менің бастамам" атты шығармашылық байқауға "Жаңғыру полюсі" номинациясына арналған жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
232
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалар мен жасөспірімдер орталығы











Shape1





Тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін заманауи стильмен ұштастыру"



Жобаның авторы:

Жетекші: Умирбекова Гүлімжан Нұрпашқызы













2024 ж



Аннотация

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығыменде пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.

Осы бағытта оқушының жасаған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімінде қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтылған және де осы қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне қатысты әдет-ғұрыптар жөнінде жалпы мағлұмат берілген. Қорытынды бөлімінде зерттеген жұмыстарын санамалап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірген.


Аннотация

Прикладное искусство казахского народа – бесценный клад6 который развивается вместе с историей развития народа. Одной из отраслью прикладного искусства казахского народа является – пошив одежды. Начиная с древних времен до сегодняшнего дня, есть немало образцов казахской нацианальной одежды, которые не потеряли своих ценностей. Поэтому, в этом направлении важна роль исследуемой темы. В введении говорится о важности рассматриваемой темы, показана практическая роль. В основной части сказано об особенностях национальных головных уборов и даны сведения о традициях и обычаях, касающихся национальных головных уборов. В заключительной части, подытожив исследование, внесены ряд предложений.


Annotation


The applied art of the Kazakh people is a priceless treasure6 that develops along with the history of the development of the people. One of the branches of applied art of the Kazakh people is tailoring. From ancient times to the present day, there are many examples of Kazakh national clothing that have not lost their values. Therefore, the role of the topic under study is important in this direction. The introduction talks about the importance of the topic under consideration and shows its practical role. The main part talks about the features of national headdresses and provides information about traditions and customs relating to national headdresses. In the final part, summing up the study, a number of proposals are made.


І. Кіріспе

Жобаның мақсаты: ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау.

Ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.

Жобаның өзектілігі - тарих қойнауына сіңіп жоғалып бара жатқан бас киім үлгілерін қайта жаңғырту арқылы, оларды сақтап қалуға ат салысу өзекті мәселе болып табылады.

Міндеттері:

1) ұлттық бас киімдер туралы мәліметтер жинау және саралау;

2) ұлттық бас киімдерді жіктеу;

3) ұлттық бас киімдерге байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды талдау арқылы олардың ұлттық дініміздің қалыптасуына қосқан үлесін анықтау.

Құрылымы: Жоба 3 бөлімнен тұрады. Олар: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.














1.1. Қазақ халқының ұлттық киімі - ұлт мақтанышы

Қазақтың ұлттық киімдерінің  тарихи  Ұлы дала  көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.  Бізге көшпенділер бірнеше  мыңдаған жылдар бойы  сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін  мұраға қалдырып  кетті.  Осы ата –бабаларымыздың   өткен  тарихы,  олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай,  мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр.  Мыңдаған жылдар бойы  қалыптасқан  ұлттық киіміміз  қазақ этносы көшпенді өмір салтын  ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі  болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын  өз бойына сақтап қалды.  Қазақ киімдеріне ежелгі   Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті  Қазақ мемлекетінің  құрылуы Ресейге қосылуы,  ревалюция кезеңі,  кеңес өкметінің  орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты (1-сурет). 

        

2.1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері

Әлемге аты әйгілі болған «Алтын адам» жерленген 1969-1970 жылдары ашылған   Есік қорғаны  сақтардан қалған ескерткіш.  4-3 ғасырларда  б.з.д.  Жетісу жерінде  олардың мемлекеті құрылған.  Өмірдегі барлық құбылыс сияқты  ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырады.  Осы Есік қорғанда  табылған Алтын киімді  бекзада үйсін қоғамына  тән адам деген болжам да бар.  Ал, Кемал Ақшев осы сақ-тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.

Осы қорғаннан табылған  аң стиліндегі алтын,  қоладан жасалған  басқа да құнды нәрселер  табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдер,  бас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілді.  Мүрделердің  киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы  әшекей заттардың орналасу  ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар  киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық  киімі  бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше  бөлігі болып саналады,  олардан халқымыздың  эстетикалық талғамын аңғарамыз.  Ұлттық киімдердің  ерекшелігімен қоса адамдардың жас  ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған.  ХІХ ғасырдың 2 жартысында  қазақ  елінің тұрмысындағы  өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде  де өзгерістер болды.  Осыған қарамай жүздердің,  рулардың дәстүрлерінің  сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне  өз әсерін тигізді,  нәтижесінде  жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан  киім үлгілерінің  ерекшеліктері сақталып қалды.   Бас киімде  жиі географиялық,  ру- тайпалық  ерекшелік байқалады.  






2.2. Бас киімдердің ерекшелігі мен маңызы

Ерлердің бас киімі. Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлердің бас киімдері  әр түрлігімен ерекшеленеді.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова  И.В.  мен Ходжаева Р.Р  ер адамдардың бас киімдерін  төмендегідей түрлерге бөледі:

1.     Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;

2.     Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;

3.     Киізден тігілген бас киім- қалпақ;

4.     Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;

5.     Тері қапталған  жылы бас киім- бөрік;

6.     Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім –тымақ;

 Еркектің  бас киімі сан жағынан  онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік).

Тақия  кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім (2-сурет). Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына  жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді.  Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде  ұстанған.

Тақияныңда түрлері көп: зерлі,  үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі.  Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.  Сондай –ақ,  қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында  тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір,  конус тәрізді де болған. Төбелері доғал,  жатыңқы тақияларда қолданылған.  Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген.  Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен  әдептеуде қолданылған.  Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.  Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейді. 

Қалпақ – киізден немесе қалың матадан  тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі (3-сурет).  Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа  киізден тігеді. Ол негізі  екі бөліктен құралады.  Олар қалпақтың төбесіне  және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.

Тымақ - биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім (4-сурет).  Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледі.  Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды.  Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б матамен тысталады.  Тымақтың құлағы мен етегінің  төбемен жалғасқан жері милық деп атайды.  Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады.  Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.

«Ескілік киімі»  деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:

Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.

В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы  жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.

Жаба  салма тымақ - негізінен түлкі терісінен  сенсеңнен тігіледі, құлағы мол,  милығы кең, төбесі  аласа болады.

Қайырма тымақ - түлке немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтар –төбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.

Дөңгелек төбел тымақ –төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.

Шошақ төбе тымақ - төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады.  Оны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынады.  Үш құлақ тымақты алдын ала  дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.

Жекей тымақ - жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі.  «Жекей» сәнді деген мағананы білдіреді.  Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, кейде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.

Құлақшын - ерлердің бас киімі (5-сурет). Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б аң терілері мен бұзау, құлын,қозы лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірінші сайдан тұратын үшкіл, етек жағы төрт бұрышты болып келген немесе етек  жағы қусырылып тігіліп, оған  дөңгелек  төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн,  мақта салып, сырып тігіледі.  Сыртын терімен тыстап,  қалыпқа кигізіп керіп қояды.

Малақай. Малақай да аң терілері мен  елтірінен арасына жүн мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кезде әйелдер де киіп жүрген бас киім (6-сурет).  Малақай маңдайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.

Бөрік. Ерлер мен қыздар киетін бас киім (7-сурет). Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге, біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттелген,

Болар ма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін еркін.

Басыңа жарасымды кәмшат бөркің,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір»  деуден  оның көбіне еркектерге тән бас киім екендігін көрсетеді.

 Сәлде. Сәлдені жаугершілік заманда қазақ батырлары көп қолданған. Олардың басқа сәлде орауы мүлде өзгеше. 

Керім жібек басына сәлде орайды.

Бір ораған сәлдесін жүз орайды.

Қара таудың басына қарай жүрдім.

Ақ баржаны басыма орай жүрдім.

                                       (халық өлеңінен )

 Қазақ даласына ислам дінінің енуімен молда, имамдар басына сәлде ораған.

2-сурет. Тақия 3-сурет. Қалпақ

4-сурет. Тымақ. 5-сурет. Құлақшын


6-сурет. Малақай. 7-сурет. Бөрік.


Әйелдердің бас киімі. Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.
Әйелдердің бас киімдері: сәукеле, бөрiк, қарқара, кимешек, жаулық, күндiк, желек, шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар), бүркенiш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық.

Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіледі.

Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады (8-сурет).

8-сурет. Қасаба

Айдыны зерлi жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын “ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген. Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.

Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі - қарқара. Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том, 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады.

Кимешек - қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі (9-сурет). Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді.

9-сурет. Кимешек

Кимешектің алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға ұқсайды.

Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Судан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.

Кестесіне қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер, сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі. Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған.

Қазақта жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық әрекеттер өткізілетін. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – кимешектің бөлшектері оның жасына орай біртіндеп өзгеріп отыратын. Некелескен кездегі бас киімнен кейін алғаш киілген кимешек ең сәнді болып есепетелді. Жас келінге алғашқы кимешегін кигізу әйелдің қонақы асын беруімен бірге өтетін. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, күйеу ауылының қарт әйелдері шақырылған. Олардың бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын.

Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әр түрлі үлгілері болады (10-сурет).

10-сурет. Кимешек түрлері

Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған:  оңтүстiк, орта-лық, шығыс Қазақстанда оны көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде шылауыш, ал оңтүстiк Қазақстанда күндiк деп аталады. Рудың өзiне тән ерекшелiктерi болған: Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семей

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!