Материалдар / Ғылыми жоба: Қыз тәрбиесіндегі дәстүрлер ерекшелігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Қыз тәрбиесіндегі дәстүрлер ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада зиялы қауым өкілдерінің қыз бала тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастары жүйелі түрде қарастырылады , әрі зиялы азаматтардың еңбектерінің құндылығы ашып көрсетіледі. Түркі тілдес халықтарының қыз тәрбиесіндегі дәстүрлерінің ерекшеліктері айқындалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2024
277
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қыз тәрбиесіндегі дәстүрлер ерекшелігі
(түркі тілдес халықтар арасында)
МАЗМҰНЫ
 
Кіріспе .....................................................................................................
І тарау
Ағартушы, әрі қоғам қайраткері болған ірі тұлғалардың қыз бала
тәрбиесі тұралы педагогикалық көзқарастары ……………………..
 
ІІ тарау
Зиялы азаматтардың еңбектерінің бүгінгі таңда заман талабымен
үйлесе үндесуі мен сабақтастығы……………………………………
Қорытынды ...........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................

КІРІСПЕ
Көкейтестілігі:Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең – бір әулетті тәрбиелегенің,
бір қыз тәрбиелесең – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар.
Әубәкір сынды үлкен ақын «Қыз бала – үйдің бояуы» деген екен. Сол кісінің
айтқанындай қыз – әлемнің көркі әрі ұрпақ көбейтуші. Қыз баланың тәрбиесін ұлттық болмыстың барлық іргетасымен астастыратын халықтық
қағиданы бүгінгі таңда біз де қалтқысыз ұстануымыз қажет.
Ертеде ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару
қыздың тал бойынан көруді көксеген екен. Қыр гүліне тән нәзіктік пен
батылдық бір бойына жарасқан қыздарға тәнті болған жазушыларымыз
шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге
қосып, өлең өрнектерімен көмкерген. Сонымен қатар, қыздардың бойындағы
ерлігі, тапқырлығы, төзімділігі, қайраттылығы талай әндерге де арқау
болғаны жасырын емес.
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының
ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де
ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін
ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Мысалы, «Қыз өріс, ұл-қоныс» деп

білгендіктен халық өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөліп «Қыз
мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл
бөлген. Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы
бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған.
Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, бүтін бір ұлттың ұлт болып
қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның
болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз
мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті
арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін
де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі
бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл
бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр.
Сонымен, қыз тәрбиесі - аса қатты көңіл бөлуді қажет ететін құндылық
болып табылады. Қазіргі қоғам қыздарымыз ар-ұяттан аттады, ұлттың
генетикалық, этникалық дара қасиеттерінен айырылып барады деп алаңдауға
жол беріп отырған шақта бұл өте өзекті проблема болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зиялы қауым өкілдерінің қыз бала тәрбиесі туралы педагогикалық
көзқарастарын жүйелі түрде қарастыру, әрі зиялы азаматтардың еңбектерінің
құндылығы ашып көрсету. Түркі тілдес халықтарының қыз тәрбиесіндегі
дәстүрлерінің ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу объектісі:
Зиялы азаматтардың еңбектері арқылы қыз балалардың дүниетанымын
ұлттық құндылықтарымыз арқылы қалыптастыру процесі.Түркі тілдес
халықтарының қыз тәрбиесіндегі дәстүрлері
Зерттеу міндеттері:
- тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми – теориялық әдебиеттер
мен мерзімді басылымдарды зерттеу;
- зиялы азаматтардың еңбектері арқылы қыз бала тәрбиесі процесіне
бақылау жасап, жүйеге келтіру;
-түркі тілдес халықтарының қыз тәрбиесіндегі дәстүрлерінің ерекшелігі
мен ұқсастығын жүйелеу.
Зерттеу  әдістері:
- ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау;
- дидактикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау;
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
- зиялы қауым өкілдерінің қыз бала тәрбиесі тұралы педагогикалық
көзқарастары бүгінгі таңдағы ұлттық мектептердегі қыз бала тәрбиесіндегі
ерекшеліктер мен сабақтастықты танып білуге септігін тигізеді.Түркі тілдес

халықтардың
саралау.

қыз тәрбиесіндегі дәстүрлерінің ерекшеліктерін айқындау,

Қолданылуы:
Бітіру жұмысының нәтижелерін күнделікті сабақта, этнопедагогика
салалары бойынша жүргізілетін практикалық дәрістерде, арнайы курспен
семинарларда, тәрбие жұмыстарында пайдалануға болады.

Негізгі бөлім
1. АҒАРТУШЫ, ӘРІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ БОЛҒАН ІРІ
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
КӨЗҚАРАСТАРЫ
Үрпақ тәрбиесі әр заманда әр халықтың басты міндеттерінің бірі болған.
Ұлттық тәрбие — рухани сабақтастықтың негізі. Тәрбие - ұлттық
қалыптасудың ұдайы дамуы, жаңаруының бастауы. Ол - өмір сүрудің мәні
мен мазмүнын, үлттық өркениеттің тарихи тағдырын айқындайтын жүйе.
Осыны ескере отырып, қазақ, уйғыр халықтары ғылыми еңбектерінде
қыздарға үлттық тәрбие беру ерекшеліктері орын алғанын, тәрбие
тағылымдарын үсынғанын көреміз.
Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен
тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр
бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме
тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы
үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға
ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан
ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды
халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың
ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға
ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi
оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге
арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының,
құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен
ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi
зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар
аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше
құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi
даму кезеңiн ерекше бағалаған.
Әйел-ана тағдырын ойланбаған, бүл тақырыпты өз еңбектеріне арқау
етіп қалам тартпаған не ақын, не жазушы, не ғалым жоқ.
Соңғы кездері Қазақстан Республикасы ғалымдарының қыздар
тәрбиесі саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулерін бірнеше топқа
біріктіруге болады: ғылыми еңбектердің бірқатары қазақ қыздарының

тәрбие және білім алу мәселесіне арналса (К.Садвакасова,
М.Қозғамбаева, К.Қүнантаева, Ш.Жалғасова); енді бірқатары қызтәрбиесіндегі
адамгершілік-жыныстық
тәрбие
мәселелеріне
(И.Қарақүлов,
З.Ө.Жантекеева,
А,Кисымова,
А.Аманжолова,
З.Мейірханова), халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі мәселесіне,
тәртібі нашар қыздарды қайта тәрбиелеу мәселесіне (Р.К.Мамбетова) көңіл
бөліп зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектердің барлығы дерлік жалпы білім беретін
орта мектептегі қыз тәрбиесінің теориялық негіздерін, мазмүнын, әдістәсіддерін, үйымдастыру формаларын, сабақ, сабақтан тыс жүмыстарды
жүргізу, отбасымен жүмыс түрлерін қарастырып, тәрбие міндеттерін
шешуге көңіл бөлген.
Қыз бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдеп-дағдылар, яғни
жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық
негіздері отбасында қалыптасады. Қыз бала тәрбиесінің негізі - оның
отбасы. Отбасы - бүл мәдени-тарихи және әлеуметтік-психологиялық
қүбылыс. Осы шағын өлеуметтік топ - қыз бала үшін өмір мектебі.
Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік үстазы және тәрбиешісі. Қыз
баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген
еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің
қызын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеу қажет екені белгілі.
Демек, отбасылық шарттарын, мүмкіндіктерін қарастырмай, мектептің
оқу-тәрбие процесінде оң нәтижелерге жету мүмкін еместігіне көз
жеткізіп, оның тәлім-тәрбие алуда атқаратын педагогикалық негіздерін
көрсету бүгінгі өмір үшін өте қажет.
Отбасылық тәрбие мәселесін шет ел ғалымдары АС.Макаренко,
А.В.Петровский, В.Дружинин, Маргарет Мид және тағы басқалалар
еңбектерінде терең және тиянақты зерттеген.
"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен
ғана шектелмейдi, – деген болатын А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты
дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге
көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсатмiндеттерiмен байланысты болуы керек".
Әрбір халықта адамдар арасындағы қарым-қатынасты, бала тәрбиесін,
отбасылық өмірді сипаттайтын жазба ескерткіштер болғанын тарихтан
білеміз. Сол сияқты, Жүсіп Баласагүнидың біздің заманымызга дейін
жеткен түркі әлемінің ірі туындысы "Қүдатғу білік" /қүт әкелетін білім,
ғылым поэмасы/ адамзатты ойландырып келген қызды тәрбиелеу
сүрақтарына жауап беретін болады.
Жүсіп Баласағүнның ерекше көңіл аударуға түратын, бүгінгі
педагогикалық қағидалармен терезесі тең түрып пікір таластыра алатын
пайымдауларының бірі - баланы алысқа жерге жібермей, өз қолында, үйде
тәрбиелеу мәселесі.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында
жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз
сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған
бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай-ақ, Жүсiп Баласағұн өзiнiң
"Құтты бiлiк" еңбегiнде:
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
өзгермейдi салғанша ажал құрығын.
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана
сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын
алатындығы айтылған.
Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де,
ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң
рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген
бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге
елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.
Қазақ халқының қыз тәрбиелеуде өзіне тән салт-дәстүрі бар екенін,
оның озығы мен тозығын ғылыми түрғыда талдап, дәлелдеген ұлы ағартушы
Ы.Алтынсарин.
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды.
Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған"
деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде
тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай
дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем,
жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған
талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн
татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына
ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де,
бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге
бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық
көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем
екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi». Әрине, Абай, қыздың
тәрбиелілігі, көркемділігі, әдептілігі, сүлулығы тек сыртқы көрінісінде
ғана болмай, ішкі көрінісімен де тең болу керек деп талап қояды:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз, қара көзі нүр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа үқсатамын туған айды.
Мавдайдан тура түскен қыр мүрынды,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Секілді қолмен тізген, іш қайнайды [].

Әлемдегі сүлулықтың қүдайы іспеттес, қазақ қызының үлбіреген ақ
тамағын, кіршіксіз маржандай тізілген тісін, тал шыбықтай бүралған
белін, сыңғырлаған шолпысын, жыландай бүралған қос бүрымын, ақ
саусағын Абай осындай сөздермен кестелеп, көркіне ақылы сай,
сыпайы сөзін, әдебі мен жарасымды жүріотүрысын, жақсы мінезін
суреттейді.
Ал, академик В.В.Радлов ұйғыр-қазақтың қыз ұзату, келін түсіру,
шілдехана, баланы бесікке салу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу сияқты
салт-дәстүрлерінің шығу тарихына, ақындық айтыс өнері мен суырып салма
шешендікке баланы жастайынан тәрбиелеуге көңіл бөлетініне тоқталады. [].
Халқымыз ғасырлар бойы дамып келе жатқан өз тарихында қызға
тәрбие
беруде
болашаққа
үлгі
боларлықтай
тәжірибе
жинақтады.
Халықтың көне дәуірден сақталып келе жатқан қыздар
тәрбиесінде үсынатын өз жолы болған. Олар: отбасы, нәрестені әлпештеп
өсіру, неке түрлері, үйлену тойы, мүлік жасау, азық-түлік әзірлеу, оны сақтау
дәстүрлеріне байланысты багыт-багдары, әдет-ғүрыптардың тәлімдік жолжосығы, амал-тәсілдерін бүгінгі қыз тәрбиесінде қолдану өте қажет болып
отыр. Қазақ және ұйғыр халықтарының өзі құрған дәстүрлік
педагогикасы арқылы қыздарға беретін тәрбиесі терең болған. Осы
тереңдікті зерттеу барысында тарихи, әдеби, педагогикалық
еңбектерге және этнографиялық мұраларға, ауыз
әдебиетінің
жанрларына негіздеп, сүйеніп жүргіздік. Халықтың атадан балаға
дәстүр болған салты мен санасына тән өнегелік қүбылыс екендігіне
көз жеткізуге болады.
(Мысалдар)
Халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет
суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін,
сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары
бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен.
Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –
елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар
үйдің қызығы бар», т.б.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
: Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты,
ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты,
өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді.
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген мақал бар.
Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін
көрсетеді.Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған.
Олай болса, қыздардың өнерін тамашалайық. Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма
тоқу, ою-өрнек, төсек жинау».
Қай халық болмасын отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие.
Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық,
адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ
отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады.
Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған
қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне
ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана
қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға
бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында
ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесекөлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз
балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз
баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас
пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен
әжесі өз міндеттеріне алған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы
ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп,
қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен,
қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру
бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ
қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін
басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас,
қолаң шашты», т.б.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан
дәстүрлерінің үлгісі ешбір халықпен салыстыруға да келмейтін
ерекшеліктерге толы. Сөзіміз дәлелді болсын, жапон халқы бала тәрбиелеуде
"ұл" немесе "қыз" деп бөлмейді. Мысалы, «Карута тори» деген ойынды
кішкене баладан бастап ересек адамдар да ойнайды. Ал қазақ халқында ұлды
- шаңырағымның тірегі, қызды - ошағымның ұйытқысы деп, олардың жас
ерекшелігіне қарай, жынысына қарай байқалатын ерекшеліктерін ескере
отырып тәрбие береді. Қыз баланың нәзіктігі мен табиғат сыйлаған
сыпайылығын ескере отырып тәрбиелейді. Мұхтар Әуезовтің әйгілі "Абай
жолы" романында бейнеленетін Абайды тәрбиелеудегі әже образының өзі
қазақ халқының бала тәрбиелеуіндегі ауыз толтырып айтарлықтай құндылық.
Себебі, ата-әженің бала тәрбиелеудегі орны орасан зор қазақы тәрбиеде. Ал
француздар мен американдықтарда немерелер ата-әжелерінен алшақ
тәрбиеленгенін жөн көреді. Қазақта қыз баланың белін 7 жасқа келгенде
аналары белбеумен буып қоятын болған. 12-ге келген соң аналары қызының

төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп қос арқан керіп соған
ұйықтатқан. Мұның мәнісі қыздарымыз бұраң бел, аршын төс, сымбатты
болып өссін деген тілектен туған. Сонымен бірге қызды он екіге толған
шағында ата – анасы қызға киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның
көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң
жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі» - «қосаға», ал,
осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге»делінеді.[2, 14 б.] Қызы
тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең
көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан. Қыз
баланың ұзатылуына 6 ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір
жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй – «доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы
үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ ұстап қонақ қабылдап,
үй тіршілігін атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған. Міне, осындай
ерекшелікке толы тәрбие - халықтық педагогиканың жемісі. Қыздың
бойжетуіндегі кезеңдерді бүге-шүгесіне дейін ескерген халқымыз қыздардың
құлағын тесуге де мән берген. Қазіргідей сәндік үшін ғана емес, тәрбие үшін
де аса маңызға ие болған. Зейнеп Ахметова бұл салт жөнінде былай дейді:
"Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз жеті жасқа дейін қуыршақ ойнаған
болса, құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан
бастап «сен енді сырғалы қыз болдың», «сырға таққан соң қыз санатына
қосылдың, енді саған қуыршақ ойнау жараспайды» деп оның құлағына
жайлап сіңіре береді. Бұдан былай ол қуыршақтың орнынан қолына кесте
алады. Ою оюды үйренеді. Ол ендігі жерде жеңгелерінің қазан-ошақ жақтағы
істерін көретін болады. Құрт қайнатып, ірімшік жасап жатқан апаларына
көмектесіп, мән-жайын білмекке ұмтылады. Қыз баланың құлағын тек сәндік
үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да - тәрбиенің бір түрі. Мұны қыз баланы
ертеңгі күні келін болуға дайындаудың алғашқы баспалдағы деп айтуға
болады. Бұл - қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. Ол
біртіндеп үйдің шаруасына араласа бастайды. Ұл баланы сүндетке
отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де - бірдей, ата-анаға парыз болып
саналады. Жеті жастан бастап құлақ тескеннің белгілі бір заңдылығы бар. Ол
осы күнді іштей асыға күтеді. Өйткені құлағын тескен соң қыз баланың
мінез-құлқынан бастап, киетін киіміне дейін өзгереді. Қызға бүрмелі көйлекті
құлағын тескен соң кигізетін болған. Осыдан соң-ақ ол өзін үлкен сезінеді,
өзінің өміріне қажетті тірліктердің барлығын үйренуге тырысады. Саналы
түрде соған бейімделеді, білмекке ұмтылады. Болашақ өмірге дайындықты
осылай біртіндеп бастайды. Сол себепті де қыздардың құлағын тесерде абай
болған жөн. «Салақтан олақ жаман» деген, қыз баланың салақ болуы, олақ
болуы өзіне ғана емес, ата-анасы, қала берді ауыл-аймағына сын. Ондайды
«өнеге көрмеген» дейді. Мұндайда, ең алдымен, ата-ананы кінәләйді. «Қызға
қырық үйден тыйым» қыз баланың құлағын тесіп, сырға салғанынан
басталады. Ол - «отырса - опақ, тұрса - сопақ» етіп, тірсектен қағу деген
емес, қыз - қырық үйден, қала берді қара күңнен де бір өнеге, бір үлгілі нәрсе
үйрену деген сөз. Осыған дейін тұлымшағы желбіреп жүргенде оны
баласынып ешкім елемеуі мүмкін. Ал құлағын тескен соң, үстіне көйлек-

камзол кигізіп, шашын өріп қойғаннан кейін оны қыз болды деп есептеп,
үлкендер жағы әрқайсысы өзінің бір өнегесін үйретуге тырысады". Тағы бір
ескеретін жағдай қазіргі кезде құлақты қанша жаста тесуге аса қатты мән
бере бермейміз. Ал байырғы қазақ қоғамында тоғыз жасты балиғатқа толған
кез деп, жеті жасында қыздың құлағын тесуді жөн санаған. Қызды тазалық
пен жинақылыққа, болашақ отбасының ұйытқысына даярлау ісінде
қыздардың қолөнер кәсібін игеруіне де көңіл бөлген.
         Қазақ қоғамында қызға қойылған талаптар:
№ Қызға қойылатын талаптар

1

2

Талапқа сай ұлттық түсінік

Жеті атасын білмеген жетесіз. Жеті
Қыз бен жігіт арасындағы атасын білген жігіт жеті жұрттың
туыстық жеті атаға толуы
қамын
ойлайды.
Жеті
атаға
толыстық, жеке ел болыстық.
Отау тігер жас – жігіттерде 19 бен
25, ал қыздарға 16 мен 19. Қыз бен жігіт арасындағы жас
Жиырмаға жеткен қыз сары болар,
үйлесімі болуы
өңі кетіп, шырайы сары болар. (Шал
ақын)
Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол
сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал
ақын)

3

Қыздың ақылдылығы

Жасаулы деп, малды деп байдан
алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата – ананың қызынан қапы қалма
(Абай)
Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қау ас.

4

Қыздың тектілігі

Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.

5

Қыздың сымбаты мен көркі

Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махаббаттың отына күйген сұлу.

Ақылына көркі сай
6

Қыздың іскерлігі

Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без

                                                                                                                    

Қазақ халқы арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп
тұратын; Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден
көзге түсе қоймайтын; Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл
жанған, тәні шымыр; Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті
сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті; Ару қыз - бет пішіні, дене
мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы; Ажарлы
қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты; Әсем
қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық-қорлыққа тыйым.
Салт-дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс-керіске тыйым.
Қай халық болмасын бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл
бөлген. Мысалы: қазақ халқы «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ»
деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек
көйлек кигізген болса ұйғыр халқының да қыздарының киетін киімдері,
тақиялары ерекшеленіп тұратын. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақылойы мен мінез-құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде»,
«Қыз ақылы шешеден», т.б. мақал-мәтелдер соған арналған.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген
құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың
өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген
нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы
қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік
және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без,
өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі
етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында
тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер.
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң
жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген
қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз
сенімдіміз.

Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары
бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады.
Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды
адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді.
Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша
қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара
күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз
бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты
болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті
болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен
теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар
жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да,
жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала
тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан
қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады.
Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап,
қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз
шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана,
қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу,
ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына
мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына
арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға
отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен
атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда
жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне
дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің
көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің
мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю»
деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді
атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру,
шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу,
көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ
үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік
сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі
болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жырдастандардан білеміз.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан
тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор
дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын,
салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші,
дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, берекебірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана.
«Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз
осыдан туса керек. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп,
қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қызды
тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен
бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден
тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады.
Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет
керек. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен
әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді
болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін
еді.
2 ЗИЯЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ
БҮГІНГІ ТАҢДА ЗАМАН ТАЛАБЫМЕН ҮЙЛЕСЕ ҮНДЕСУІ МЕН
САБАҚТАСТЫҒЫ  
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ-тәуелсіз, еркін еліміз
осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Алдағы мақсатдамыған елу елдің қатарына ену. Ал қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға
келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт талабы-жарнамалық
технология. Сондықтан қоғам уақыт талабына сай өмір сүру үшін, заман,
адамдардың жеке тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық сана-сезімге
сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды
қажет еткендей. Қай халық болмасын ежелден келе жатқан мәдени
мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін жалғастырып келеді. Осы
байлықты нарықты заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек.
Ең басты мәселе адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер
ойыңды, ойың түзер-бойыңды»-деп, Абай атамыз айтқандай мемлекеттік
тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім, тәрбие бар. Осы
орайда-болашақ сүйікті жар, ардақты ана-қыз баланың алар орны ерекше.
Негізінен ұлттық сипаты бар тәрбиенің негізі-ауыл. Ал ауыл жастары қалаға
келе тілдерін бұза сөйлегеннен бастап, ұлттық сипаты бар тәрбиеден
аулақтай бастады. Осыдан бастап өзгергенде бейне бір жарнамалық заманмен
жарысқа түскендей. Ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың»
тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін,
теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық
дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық
мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін»
дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай

боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық
мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы.
Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек,
сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені атаанасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны
қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ.
Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем
қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы
қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден
алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы,
жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассынжараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат
әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен
сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі
жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді.
«Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ
қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық
не бар. Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ
ішетіндер де кезігеді. Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып
ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі
түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға
болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген
жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?
Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та,
ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Жас өскін талшыбық
сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да
тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет
биігінен көрінеріміз хақ.
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін
ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын
болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді,
бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды
фактор болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие
саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. 

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол
шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз
болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік
педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде
ғана
тәрбие
үрдісі
өз
жемісін
нәтижелі
бере
бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар.
Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен
қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай
қоғам келешекті қалыптастырады?
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдетғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда
бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған
бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен
тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ
келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай
тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген
болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға
байланысты екенін дәлелдеді. 
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты
нығайтқанда ғана ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастардан жиіркенуге
шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тіл мен сипаты бұзылмаған,
көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апай-сіңілдерімізді
топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды
жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өр
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!