Ғылыми жоба. Тақырыбы: «Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы қазақ халқының тұрмысы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба. Тақырыбы: «Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы қазақ халқының тұрмысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы қазақ халқының тұрмысы, отбасы туралы жазылған. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Сілтемелер көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Тақырыбы : «Суретші Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы қазақ халқының тұрмысы»


























МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...........................................................................................................3

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ: ОТБАСЫЛЫҚ ТАРИХЫ


1.1 Ә. Қастеевтің балалық шағы мен өскен ортасы................ ........................6

1.3 Суретшінің күнделікті өмірінен ................................................................8


Ә. ҚАСТЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ


2.1 Суретші шығармаларында қазақ халқының көрінісі ...................................11


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................18


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................20




























КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Республикамыздың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзерістерге жол ашты. Соның ең бастысы- иісі қазақтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жолы бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық.

Ал егер сол адамды көзі тірісінде көрген болсақ, тіпті жақын жүріп, жақсы таныған болса өзге жұрттың алдында бұл адамның әлдебір артықшылығы секілді ұғылады. Қазақ халқының талантты ұлы Әбілхан Қастеев-өміршең мұрасымен өзін ғана емес, ел –жұртын мақтанышқа бөлеген азамат [1,117 б]. Жұмыста аты аңызға айналған суретшінің өмірі мен шығармашылығы талданбақ.

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы» атты сөзінде: «Дүниеге келген әрбір адам мына дүниені сан қырынан тануға тырысады, сонымен бірге өзін де тануға тырысады, өзгелердің өзімен санасқанын қалайды, құрмет тұтқанын қалайды. Әсіресе, ықпалдастық үрдісі ғаламдық сипат алған мына заманда халықтың күні халықпен болатындығы екі бастан белгілі. Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс - жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны, мойындағаны керек. Осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы – тағылымды тарихың, озық ғылымың мен өрелі мәдениетің» [2, 281 б.] –деп атап көрсетеді. Мұның өзі тарих ғылымының болашақ үшін маңызы зор екендігін және бұл мәселеге мемлекеттік дәрежеде қолдау жасау керектігін көрсетеді. Ал ұлттық тарихымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өміршең болуы сол тарихты жасаушы жеке адамдардың тұлға ретіндегі орны мен маңызына да байланысты деп ойлаймыз.

Бұл жұмыста бейнелеу өнерінің хас шебері Әбілхан Қастеевтің өмір жолы, балалық шағы, өскен ортасы, суретшінің күнделікті өмірі талданса, екінші бөлімде суретші болып қалыптасуына әсер еткен факторлар, суретшінің шығармаларындағы социалистік көрініс пен ұлттық құндылықтардың орын алуы, сондай- ақ мемелекеттік қызметі жайлы баяндалмақ.

Әбілхан Қастеев халықтың арасынан шыққан. Халқымен бірге қайғыны да, қуанышты да бірдей көрген, өзінің балалық шағын феодалдық- капиталистік Ресейдің езушілігмен еріксіздігін басынан өткізген суретші [ 3,12б].

XX- ғасырдың басында әлеуметтік, саяси идеологиялық катаклизмдер барлық дүниеде бірдей жүріп жатқан кезде Әбілхан Қастеевтің өмірлік, шығармашылық жолының басталуы сәйкес келген екен. Адамдар ғасырлар бойы қалыптасқан тірлікті жаңа жағдайда жаңаша құруға тиіс болды. Ә.Қастеев сол ұрпақтың өкілі.

Суретші Әбілхан Қастеев халық өмірінің панорамасын бейнелейтін тарихи шығармалар жазып, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған қайраткер, біртуар аталант екені, айтылған, мойындалғаны ақиқат. Сондықтан қандай заман, қандай қоғамдық билік, экономиакалық құрылымдар өтсе де, рухани игілік, мәдени мұра өзінің құнын жоймақ емес [ 4,165б].

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Осы күнге дейін суретші Ә.Қастеев жайлы айтылып та, жазылып та келеді. Атап айтсақ қастеевтанушы Б.Асылжанов құрастырған суретші жайлы көптеген монографиялар мен естеліктер жазады. Оның бірі «Әбілхан аға» атты жинақ Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойына арналып шығарылған.

Сонымен қатар Оразбек Нақысбекұлының Әбілхан Қастеевтің аузынан жазып алынған «Әбілхан Қастеевтің бастан кешкен қиямет күндері» атты естеліктері жазылған. Мұнда суретшінің ата- тегі,балалық шағы, өмірі сиптталады [7, 12 б].

Суретшінің тек қана балалық шағы мен жастық шағы ғана емес, депутаттық қызметі жайлы да сипатталады. Мұндай деректер Ә.Қастеевтің отбасылық мұрағатынан алынған құжаттар негізінде баяндалған. Дәлірек айтсақ, суретшіге келген хаттар, арыз- шағымдар негізінде зерттелген.

Қазақстан Республикасының Халық суретшісі Әбілхан 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның көлемінде 2004 жылы аталып өтті. Соған орай «Суретші және заман. Ә.Қастеев және XIX-XX ғасырдағы орталық Азия бейнелеу өнері» атты халықаралық ғылыми конференция жинағы жарық көрді[8,25 б]. Бұл жинақта Ә.Қастеевтің шығармаларына көбірек мән беріледі. Туындыларындағы ерекшеліктері мен көркемдігі баяндалады, әр шығармасындағы ойды білдіреді. Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу жұмысын даярлау барысында Ә.Қастеевтің өмір жолын, қоғамдық қызметін зерттеуде пайдаланылған дерек көздерін: 1. Мұрағат құжаттары; 2. Мерзімді баспасөз материалдары; 3. Жарияланған құжаттар мен материалдар, суретшіні көзбен көрген адамдардың естеліктері деп бөліп қарастырдық.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, тың тарихи деректер мен материалдар негізінде Әбілхан Қастеев - өмір жолын, қазақ мәдениетіне зор үлесін қосуда атқарған шығармашылық қызметін бүгінгі таңдағы қоғамдық сұраныстарға сай зерттеп, жаңаша тұжырымдар жасау жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Әбілхан Қастеев дүниеге келіп, өмір сүрген 1904 - 1973 жылдардың аралығы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қарастырып отырған мәселеге байланысты әдебиеттер мен баспасөз материалдарына шолу жүргізіп, талдау жасау барысында біз Ә.Қастеевтің өміріне, қоғамдық қызметіне, күнделікті өміріне қатысты арнайы зерттелген ғылыми жұмыстардың жоқ екендігін байкадық. Суретші жайлы мақалалар, естеліктер, баспасөз беттерінде біршама бар, бірақ тарихи деректер және архив құжаттарының негізінде зерттелмегендігін аңғардық. Ә.Қастеевтің жеке отбасылық мұрағат құжаттары ешқайда пайдаланылмаған. Суретшінің қолымен жазылған қолжазбалары, естеліктері пайдаланылды. Қарастырылып отырған мәселе ғылыми айналымға енбеген тың деректер негізінде алғаш рет кешенді түрде зерттеліп отыр. Зерттеу барысында мынадай ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:

  • біріншіден, суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашыық қызметіне қатысты мұрағат қорларындағы тың деректер мен мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар, естеліктер ғылыми айналымға енгізіліп, жан- жақты тарихи тұрғыдан талданды ;

  • екіншіден, Қазақстан халық суретшісі Ә.Қастеевтің жеке тұлғалық келбеті, жеке өмірі, оның атқарған қызметі мен еліне сіңірген еңбегіне қарай тарихи тұрғыдан баға беру арқылы ашылды;

  • үшіншіден, тума талант иесінің қоғамдық қызметтегі атқарған игі істері жеке отбасылық мұрағаттары арқылы зерттелді;

  • төртіншіден, суретшінің күнделікті өмірі фото-суреттер, ұрпақтарының естеліктерінен талдынды.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңыздылығы. Тұлғатануға арнайы зерттеуге, орта мектептегі тарих, бейнелеу сабақтарына, жоғарғы оқу орнындағы дәрістік және семинар сабақтарына, бейнелеу өнеріне арналған ғылыми-зерттеу еңбектеріне пайдалануға болады.




























1 ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ: ОТБАСЫЛЫҚ ТАРИХЫ

1.1 Ә.Қастеевтің балалық шағы, өскен ортасы

Әбілхан Қастеев 1904 жылы қаңтар айында Жаркент уезінде Шежін болысында, Шежін ауылында дүниеге келді.(Қазіргі Талдықорған облысы, Панфилов ауданы).

Суретшінің арғы аталары Жоңғар тауының күнгейін мекендеген Ұлы жүзге қарасты Суан елінен, Қырыққасқа, Таймас деген атаның ішінде Елшібек деген атадан тарайды. Әбілханның аталары байдың малын бағып, қоңсы қонып күн көріп жүрген жуас адамдар еді. Қырыққасқа тақыр кедей ауыл. Бірақ жігіттері жаудың бетін қайтара алатын ержүрек, жауынгер болған көрінеді. Сондықтан да жуан аталар олардың ерліктеріне сүйсініп, кедейліктеріне күліп, « өңкей қасқалар» деп атап кетіпті. Тегінде «қырыққасқа» мазақ ретінде қойылған ат. Пысықтары байып, әлсіздері кедейленіп, өсіп- өне келе байлары кедейлеріне әлімжеттік жасап, өзіне малшы етіп алуы да мүмкін[42,6 б] .

Бәйтүгейден Жылкелді, Елтінді, Жылкелді бай, ал Елтінді кедей әрі ұрпағы аздау екен. Елтіндіден туған Жаңбыршының жеті ұл , бір қызы бар.

Үлкен ұлы Қасым. Оған тетелес Қастей, Мәсім, Мәсембай, Байсейіт, Оқас, Әшімақын, жалғыз қыздың есімі- Тәжім.

Суретшінің атасы Жаңбыршы өмірін байлардың есігінде малын бағып, кедейшіліктің зардабын тартып, жалшылықта өткізген. Суретшінің әкесі Қастей де бұғанасы бекімей- ақ әкесі ілген жалшылықтың қамтығын сүйреп, кедейшіліктің тауқыметін тартып жүріп, 25 жасында қайтыс болады.

Әбілхан үш жаста әкеден айырылып жетім қалды. Шешесі Қалипан үш сәбиімен атасының қолына қарап қалды. Жаңбыршы балаларының бірі жалшылықта жүрсе, бірі диқаншылықпен айналысты. Демек, Әбілханның туыстары өз еңбегі, маңдай терімен күн көрген момын шаруалар болды.

Жетім қалған Әбілхан анасы мен атасына, кішкене бауырларына көмектесу үшін сегіз жасынан бастап байдың қойын бақты. Өмірдің кермек дәмін ерте татып, тіршілік үшін ауқат іздеген кішкене балапандай тырбанып, күннің аптап ыстығында , қыстың қаһарлы аязында безілдеп қой соңында балалығын өткізді [42, 9 б].

XIX ғасырда орыс патшалығы жерсіз орыс шаруаларын қазақ даласына қарай айдай бастады. Ресейде орыс помещиктері мен кулактары орыс шаруаларының жерін тартып алып, өздерін қазақтың кең даласына қуды. Патша өкіметі мен помещиктерден қысым көрген орыс шаруаларының қозғалысы күннен күнге күшейе түсті. Ресейдің губернияларында шаруалар көтеріліс үзіксіз болып жатқан.Жер аудару әрекеті күшеймесе, бәсеңдемеді.

Жетісу аймағына орыстар жосылып ағылып келіп жатты. Ресей патшасы өзінің қарулы күшімен кең даланы еркін жайлаған қазақтарды таудан тауға, құм басқан шөлейт жерлерге тықты. Қазақтың сулы, шұрайлы жерлерін орыстың ауқатты помещиктері мен қолына қару ұстаған жандаралдары иемденіп, қарсылық көрсеткен қазақтарды аяусыз жазалап, берекесін кетірді.

Шығыстан Қытай буржуазиясының тепкісінен ығысқан ұйғыр, дұнған халықтары да Жетісуға келіп қоныстанып жатқан кезі еді.

Бірте- бірте орыстар шоғырланған аймақтар поселкелерге айналып, рушылдық- феодалдық құрылысты дәстүр еткен қазақ жеріне қалашықтар салынып, сауда- саттық кіре бастаған. Жоңғар Алатауының күнгей бетін ала 1910 жылы Шежін поселкесі салынды. Орыс шаруалары мен қазақ шаруалары тез тіл табысып, тіпті бірін- бірі «тамыр» деп, ағайындасып, достасып, алысып- берісіп жүретін болатын. Егіншілікпен бұрын айналысып көрмеген қазақ кедейлері орыс кедейлерімен бірлесіп егін де сала бастады. Орыс поселкесінен үй тұрғызып, тұрақтала бастаған кезі.

Қастейдің әкесі Жаңбыршының жеті ұлының диханшы болып кетуінің басты себебі- орыстардың егіншілік кәсібі мен ұйғыр- дұнған шаруаларының диханшылық кәсібінің әсері.

Әбілханның әкесі Қастей, оның інілері Мәсім мен Мәсімбай поселкедегі орыс байларына жалданып егін егіп, жер жыртып, ұйғыр- дұнған ауылдарына барып, бақшасын баптап, малын бақты. Қазақ байлары малымен жаз жайлауды, қыс қыстауда құмды даланы кезіп жүргенде , Әбілханның туыстары поселкедегі елдің егінін жинап, кірпішін құйып, поселке ауқаттыларының жұмысын тындырып, жалшылықта жүрді. Бәрінен де өздері әрең күнін көріп жүрген жетім бала, жесір әйелді, Әбілханның шешесіне күш көрсетіп, әмеңгерлікпен әйел етпекші болған кіші ағасы Байсейіттің қорлығы күйзелтті. Ол қанша айла – әрекет жасаса да жесір әйел оның зорлығына көнбеді. Жетімдердің шұқылап, тау етегінде салған кішкене егіндігін де Бәйсейіт қоқан- лоқы жасап, тартып алды да бұлардың күн көруі бұдан да ауырлай түсті. Шешесі Қалипан орыс поселкесінде орыс атаманының кірпіщ құйып, қорасын сыпырып, сиырын сауды. Жесір әйелге үш бірдей баланы асырау қиынға соғып, жан бағу қиындай түскендіктен Қалипан амалсыздан Жаңбыршының үшінші ұлы Мәсімге қосылады. Мәсім «ағамның балаларын жетім етпеймін» деп, үшеуін арқалап жүріп, орыс кулактарының жұмысын істейді.8 жасар Әбілхан ағасы Мәсімбайға қолқанат болып, 2 жылдай ауыл тұрғындарын сиырын бағады. Аздап тұрмыс күйлері түзеледі. Ауыл жұртшылығы жас баланың зеректігіне сүйсініп, бірі тамақ, бірі киім беріп, мал бағу қиыншылығына үйренген Әбілхан енді байдың қоралы қойын бағады.

Жас Әбілхан Шежін тауының қалың бұталы, жартасты қияларын кезіп, қой бағады. Қой соғында жүрген бала жаз жайлауда , қыс қыстауда қоймен қосыла өріп жүреді. Ермегі де, еңбегі де- қой. Он екі жасқа келген кезі. Қой бағып жүрген Әбілхан қиядағы қорым тастарға үңіле қарағанды ұнатады. Олар кейде аюға, кейде ұшқан құсқа, кейде адамға ұқсап кетеді. Сондай кездерде бала ұшқын қиялына ерік береді. Жұмсақ тастарды теріп, олардан сырға, сақина, моншақ, ұршықтың басын жасайды. Кешке ауылға қайтқанда , жасаған заттарын ауылдағы ұста оған біз, пышақ, қашау жасап беріп, балаға тасты әдемілеп, мүсіндеу әдістерін үйретеді. Мал бағып өрісте жүргенінде Түргенбай ұста баланың қасына келіп, жасаған түйме, моншақтарын көріп, ақылын айтады.Түргенбай ұста Әбілхан Қастеевтің шеберлігін жоғары бағалап, демеп отыратын.

Жаркенттің жолдары ашылған соң Әбілханды Зверяк қалаға алдыртты. Өнердің қиын да, қиян жолына талпынған жас жігітке жанашырлық жасап, көмегін аямаған Зверяк Әбілханның жүрегінен үлкен орын алып, киіндірді. 1929 жылдың қаңтар айында, сарттың екі дөңгелекті есек арбасына отырғызып, Зверяк Әбілханды Алматыға аттандырды [44].

Әбілхан сол кезеңін еске түсіріп: « 1928 жылы салынған «Молданың нұсқасы», «Саудагерлер», «Бай» сияқты суреттерін тастан қашап, «Ат», «Қой», «Адамның басы» сияқты мүсіндері Алматыға облыстық оқу- ағарту бөліміне жеткен.

1.3 Суретшінің күнделікті өмірінен.

XX ғ. басынан бастап адамдардың қарапайым күнделікті өмірінің тарихын ғалымдар зерттей бастайды. Ғалымдар күнделікті өмірді зерттеуде бұл мәселенің маңызды әрі құнды екеніне көздері жетеді.Сол себептен суретші Әбілхан Қастеевтің күнделікті өміріне зер салу қажет. Суретшінің күнделікті өмірі арқылы Ә.Қастеевтің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, мәдени ахуалын білу- қоғам талабына қажет .

Суретшінің балалық шағы жалшы болып, қоғамдағы ауқатты адамдардың ауласын сыпырып, малын бағумен өтеді. Тіпті атқарған қызметін де бағаламай ұрып- соғып, аш- жалаңаш өткізген күндері де болған. Соның бірі Мәмбет деген байдың түйесін бағып жүріп, байдың баласын арбадан байқаусызда құлатып алады. Содан бай бала Әбілханды аш- жалаңаш қамап қояды. Үсті- басы өрім-өрім, алба- жұлба болған Әбілхан халін білуге келген Әшім ағасына мән- жайды айтып ағыл- тегіл жылайды. Міне, бұл суретшінің балалық шағындағы көрген қорлығының бір шеті деп айтсақ артық бола қоймас[45].

Суретші табиғатты сүйген, оның сұлулығына тәнті болған жан. Оған отбасылық фото-суреттері дәлел. Достарымен, жақындарымен тауға, өзен жағасына барып, демалып, шығармашылығын жандандыра түсіріп, танымал туындыларын дүниеге әкелген. Қызы Гүлдария Әбілханқызының айтуынша суретші отбасымен Ыстықкөлге жиі демалуға баратынын және демалу сол жерде де қолынан қағаз бен бояуын тастамайтынын еске алды.

Әбілхан Қастеев отбасында жақсы жар, аяулы әке болғаны да белгілі. Оған күнделігіндегі қолжазбалары дәлел. Балалары мен жақындарының туылған жылдарын егжей- тегжейлі жазып қалдырған. Суретшінің үйі қонақтан үзілмейтін. Оған көптеген фото- суреттер, естеліктер дәлел. Соның бірі суретшінің келіні Мұхит Қастееваның естеліктерінде: « Үйге қонақтар жиі келетін. Сондай күндері үйге бірі үлкен кісі келді. Ет жеп, шай ішіп, әкеммен ақылдасқан соң қайтып кетті. Артынан «Келген кісі кім?»-деп әкемнен сұрасам, білмеймін дейді. Мен: «Қалай білмейсіз, ол кісі ет жеп, шай ішіп кеткен жоқпа десем, әкем: «Бұрындары қазақтар өтіп бара жатқан кісіні тоқтатып, қонақ қылған. Үйге қонақ келген жақсы емеспе?!»- деп қарап отыр. Мұның өзі суретшінің көпшіл, қонақжайлылығын, көңілінің дархандылығын білдіреді.

Ә.Қастеев балаларын тәрбиелеуден де шет қалмағандығы жары Сақыпжамал Қастееваның естеліктерінен белгілі: «Мінезі сондай жұмсақ болатын. Көп сойлегенге құштар емес, қысқа ғана жауап қайтарып, мақұлдайтын. Ашуланбайтын, бала десе жаны қалмаушы еді. Командировкаға ұзаққа шығып, қайтып оралғанда, балаларының бәрін құшақтап сүйіп, көтеріп мауқын басатын. Барған жерінен базарлық әкеп , оларды қуантуға асығатын. Ақылын балаларға сөзбен айтып жеткізетін. Бірде мен: «Бала қалай түсінеді? Біраз өссін, содан соң айтарсың ақылыңды»- десем ол: «Сақыш, сен олай деме. Қазірден құлағына құя берейік.Жаман өспес. Олардың келешегі алда»,- деп жауап қайтаратын ».

Ә.Қастеевтің ең басты мінезі- қарапайымдылығы. Қызы Гүлдария Әбілханқызының айтуыншы суретші ерте ұйқыдан тұрып, есік алдын сыпырып, ауладағы гүлдерін суғарып содан жұмысына кірісетінін айтты. Тіпті алғашқы городская көшесіндегі үйге 1958 жылы көшіп келген уақытында көршілері аула тазалаушы екен деп ойлап қалғанын айтты. Мұның өзі еңбекқорлығы және мансабына қарамастан үй шаруашылығымен өзі айналысқан адам екенін аңғарамыз.

Балаларының кішкентай кезінде, әсіресе қыздары Гүлдария мен Гүлназияның сабақтан келгенде алған бағаларын көріп , қуанышқа бөленетін.

Жары Сақыпжамал Қастееваның естеліктерінде суретші дүниге қызықпайтын адам болған. Үйге анау- мынау керектігін айтса «Өздерің біліңдер.Не алсаң да шаруам жоқ»-деп жауап беретінін айтады- « Ішімдікті де ұната қоймайтын. Сонан соң жұмыстан келдім деп қарап жатпайтын, кейде балақтарын түріп тастап, еден жууға кірісіп кететін».

Қазіргі халық суретшілері Хакімжан Наурызбаев, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайрус Исмаилова, Үкі Әжиев секілді іні- қарындастары- Әбілхан Қастеевтің шәкірттері. Өзінің туған балаларынан артық көрмесе, кем көрмеген, бірінен- бірін бөле- жармай, әрқайсысының оқып, білім алып, өнер жолында адал қызмет етуіне көмектесті. Қай – қайсысы болса да шәкірттері Мәскеуде оқуға кеткен кезінде үйіндегі бар азық- түлігін алып сол жаққа жиі баратынын жарының естеліктерінен көруге болады.

Бейнелеу өнерінің қайнар көзін бастаған Ә.Қастеев десек, 1950 жылдардың ортасында басталған жаңа кезеңдегі білімі бар дарынды жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі қазақстандық кескіндеме мектебін қалыптастырды. Ол суретшілер қатарына Сабыр Мәмбеев, Нағымбек Нұрмұхаммедов және Қанафия Телжанов, ал кейінен Кәміл Шаяхметов пен Молдахмет Кенбаев қосылды.

Әбілхан Қастеевтің естелігінде суретшілер одағында бірге жұмыс істеген жақын- достарының лауазымына қарай мінездері, іс- әрекеттерінің өзгергендігі туралы «Сабырға да сабырлық керек» деген мақаласынан көреміз:« Қазақ бейнелеу искусствосы соңғы ширек ғасыр ішінде ғана өсіп, көркейіп келе жатқаны мәлім. Соншалық кенже өсседе, өнерімен ел аузына ілінген Николай Крутильников, Қожықов Құлахмет, Леонид Леонтьев тағы басқа суретшілер тобына соңғы кездерде оқып, маманданған бір топ жас суретшілер келіп қосылды. Арамызға жас кадрлер қосылған сайын біз жеткіншектер өсіп келеді деп қуанамыз. Осыдан 25 жыл бұрын 15-20 адам суретшілер тобы бүгінгі күні 125-ке жетті. Сөз қылайық деп отырған, жас маманның бірі Сабыр Мәмбеев 1955 жылдан бастап Қазақстан суретішлер одағына келіп, іске араласты. Мәмбеев алғашқы жылдары біздің одақта творчествалық кеңесші болып істеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп сыйлап жүрді. Тіпті мейлінше кішіпейіл болды.

1956 жылы Сабыр Мәмбеевті біз Қазақстан суретішелер Одағының председателі етіп сайладық. Бастық болып алғаннан кейін не керек Мәмбеевтің мінезі тез өзгерді, ол тіпті алдыңғы аға суретішлерді сыйламауға да айналды.

Сараңдылықтың зорын Сабыр мырза 1958 жылы Москвада болып өткен Қазақстан әдебиет искусствосы қайраткерлерінің он күндігінде көрсетті. Шығармалары құнды, көркемдігі жоғары қалам ысылған аға суретшілер Л.Леонтьев , Н.Круттильников және басқаларға жирене қарап, тіпті еңбектері атаусыз қалдыруға тырысып бақты. Ал шығармалары жемісті, келешегі бар Айша Ғалымбаева, Гулфайрус Ысмайлова сияқты жастардың шығармаларын, балағаттап, менмендік көрсетті.

Айта кететін жай 1960 жылы Ташкентте тұңғыш рет ашылған Орта Азия және Қазақстан суретішерінің графикалық және плакаттар көрмесіне Мәмбеев ішкіммен ақылдаспай немесе провления мәжілісінде талқыламай, көрмеге кез келгенді салып адамдарды жіберді. Өзін жақтаған суретшілердің графикалық жұмыстарын Ташкенттегі көрме қабырғасына ілдірді. Бұл жөнде графикалық жұмыстың шебері атанған Сахи, Қ.Қожықовтың атты мүлде атаусыз қалды. Көркем қабырғасына олардың бірде-бір жұмысы ілінбеді.

Меніңше- Сабыр сияқты мансапқор жігітке сабырлық керек. Суретшілердің басқа мақсаты бүгінгі күнге сай шығарма салу, ал үлкен қоғам жұмысына көріп, іс білетін адам келген жөн»- [46] деп С.Мәмбеевтің сараңдылығы мен мансапқорлығын алға тартып, лауазымы мінезін өзгерткендігін жазады.

Қарт суретші өмірінің соңында Суретішлер одағына барайын деп көлігін шақыртады. Суретші машина келгенше, әдетінше, мұздай киініп, алма бағындағы орындықта отырған еді. Жемісін биыл мол салған бақта сайраған бұлбұл үнін, іргедегі кіші Алматы арудың арқыраған ағысының сылдырын тыңдап, өнердегі арманындай Алатауға қарап, өміріндегі арындай аппақ қарлы шыңдарын шолып, соңынан өрімдей өрген шәкірттеріндей тау өрлеген шыршаларға сүйсініп, ойға шомған суреткер, сол сәт мәңгі ұйықтап кетті.

















2.Ә.ҚАСТЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

2.1 Суретші шығармаларында ұлттық құндылықтар

Әбілхан Қастеевтің суретші болып қалыптасуына ең алдымен өзінің ынтасы мен туған өлкесінің сұлулығы әсер етсе керек. Сауаты жоқ жас баланы оқу- ағарту бөлімінің бастығы Сейдалин мырза Облыстық оқу бөлімі Алматыдағы № 12 мектепке орналастырып, оқуына жағдай жасады.

Мектепке кіруін кірді, бірақ үлгеруі мүмкін болмады. Соқталдай жігіт жас балалармен қатар оқуға қымсынып, әрі білімі де жетпеді. Мектеп директоры Қалымбетов қолынан келгенінше өнерлі жігітке аяушылық етіп, сурет салып үйренуіне мүмкіндік жасады. Қазақстандық оқу- ағарту бөлімі ақысын төлеп, Жетісу суретші Николай Гаврилович Хлудовтың шеберханасына енгізді. Кешкі мезгілде үйіне барып сурет салудың қыр сырын үйренді. Қалымбетов жатақханадан орын берді, киім берді. Орысша білмейтін Әбілханға Хлудовпен түсінісу үшін аудармашы етіп, өзімен жатақта тұратын Дәлденбаев пен Оразымбетовты қосты қасына. Екеуі кезектесіп Әбілханды Хлудовқа ертіп барып, оның айтқандарын аударып береді[53,31б].

Әбілхан ең бірінші Хлудовқа Дәлденбаев ертіп келген екен. Сол кезде Николай Гаврилович Хлудов сексенге келген шал екен. Келген Әбілхан мен Дәлденбаевты жақтырмай қарсы алған.Дәлденбаев Әбілханды алып келгенін айтып түсіндірген соң, Хлудов Әбілханды шын көңілмен қабылдады. Н.Г.Хлудов Жаркентте болғанын айтып, сурет салудың қыр- сырын үйретті. Акварель бояуының құпиясын ашып, оны қалай пайдалануды, бояу техникасымен таныстырды.

Н.Г.Хлудов зерек жігітке әбден риза болды. « Қазақтан шыққан суретші көрмедім, алғашқы шыққан сені көрдім. Енді өлсем арманым жоқ. Мен өлгенде батамды берем» [53,32б]-дейтін болды.

Әбілхан бір қыс Н.Г. Хлудовтан үйреніп, сурет салудың сырын біраз үйреніп алды. Әбілханмен қоштасарда оған бір қорап бояғын, қылқаламын тарту етті. Осыдан кейін жас Әбілхан ауылына жол тартады, бұл 1930 жылдың жаз айы еді. Ауылына келе салысымен атқа мініп, ел аралады. Өзгерген өлкенің жаңа тұрмысын қызықтады. Акварель бояумен «Қойшылар», «Ескі қазақ әйелдерінің тұрмысы», «Киім тігу», « Қос тігу», «Қазақ кемпірі» сияқты суреттер салды. Қарындашпен сызып «Қарындасым», «Қазақ кемпірі» сияқты тағы көптеген суреттің нобайларын түсіріп алды.



Қастеевтің шығармашылық қызметі , өзінің туған жерінде тарихи өзгеріс болып жатқан кезеңде, Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылдарында басталды. Қазақ халқының өміріндегі ұлы өзгерістердің бәрін де ол өз көзімен көрді. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өз халқымен бірге өсті де, шындықты сипаттаудағы талант ерекшелігі сол өсуден шешімін тапты. Ол халқымыздың еңбек өмірін, замандастардың тамаша дәстүріне айналған құбылыстарды айнадан көрсеткендей айқын бейнеледі.

Әбілхан Қастеевтің туындылары акварерльдік бояу,майлы бояу, кескіндеме, пейзаж жанры, порттеттер , графикалық суреттерге толы болды.

Әбілхан Қастеевтің суретке деген ықыласы балалық шағынан басталғанын аңғару қиын емес. Алайда суретшінің бірқатар туындысы өзінің өмірімен тығыз байланысты « 1930-1932 жылдардағы еңбектерінің бір қатары осы көрмеге қойылып отыр( Ә.Қастеевтің туғанына 60 жыл, шығармашылығына 35 жыл толуына байланысты көрме). Автордың бұл шығармаларындағы кейіпкерлері түп тұлғасына өте ұқсас та, әр кейіпкердің өзіне тән характері де айқын бейнлеген. Соның бәрі әуелі тушьпен жазылып, содан соң акварельмен боялған және үлкен өнегелі талғамның туындылары болып шыққан. Ал, «Мектепте» деген суретке қарап отырсақ, автор өзінің байқау қорытындысынан сюжетті композиция жасауға бой ұрғанын көреміз. Суретші мектептен шығып келе жатқан жас та, жасамыс та адамдарды бейнелеу арқылы, жұрттың бәрі оқу- білімге жұмылған жаңа Қазақстанды көрсеткен. Сол кезде жасалған осындай суреттерінің бәрі де, кейбір кемшіліктеріне қарамастан, өмір шындығы жарқын сипатталған, көркемдігі құнды шығармалар екеніне дау жоқ»,- білімге құмартқан жастарды көрсету арқылы суретші сол кезеңдегі білім жүйесін, қоғамды көрсетуді мақсат еткен тәрізді.

Әбілхан Қастеев сурет өнерінің қыр- сырын меңгеріп, Н.Г. Хлудовтан алған білімін толықтырды « Қастеев Москвада жүріп, бояу, живопись техникасын, этюд жанрын меңгерді, өзіне ежелден мәлім қазақ аулының көріністері жөнінде тұңғыш картиналарын жасады. Сол жылдардың өзінде де, кейбір суретшілер творчествасынан әлі арылып болмаған формалистік суретке Әбілхан жолаған жоқ. Оның бар ынтасы мен жігері, талантының күші- Советтік шындықты, өз халқының советтік өміріндегі ұлы өзгерістерін, игілікті істерін бейнелеуге жұмсалды.

Сол кезеңде, яғни 1936 жылы жасалған «Пішен шабу», «Құрт қайнату», «Бие сауу» суреттері Әбілханның өзіне тән творчестволық ерекшелікті сипаттайды. Ол осындай еңбектерінде өмір шындығыны бұрмаламай да, қиял шыңына самғамай да, құбылысты, көрген білгені бойынша, дәл де егжей- тегжейлі бейнелейді. Сонда да сол шығармаларынан құбылыс көркі , өмір поэзиясы көрінеді, этнографизм жоқ, нақтылы өмір әдемілігі көрерменді қайран қалдырады. Мұндай шығармаларында қазақ халқының күнделікті өмірін аймалаған табиғат көрінісі, яғни суретшінің өзі туған елдің табиғаты тамаша суреттеледі» [63].

Бірқатар туындылары қазақ қоғамына арналған. Оның ішінде қарапайым тұрмыс, күйбең тіршілікте бояу арқылы халыққа жетізіп отырған. Оның бірі « Ескі де жаңа тұрмыс» деген еңбегі ауыл өміріндегі әлеуметтік айырмашылықтарды, кедейлер теңсіздігін көрсеткен.Ал 1936 жылы салынған « Колхоздың сүт фермасы» атты туындысы Әбілхан Қастеевтің алғашқы жасалған маймен салынған суреттерінің бірі. Суреттегі көрініс өте қарапайымдылықпен бейнеленілген: киіз үй алдында тұрған баланың аяғының астында қағаз бен қалам, кітаптар , ал екі әйел адам құрт жасап, домалақтап күнге жайып жатқанын көруге болады. Осы туындының арғы жағында пейзаж бейнеленген: жайылып жүрген мал, жасыл тау, көк аспан.

Әбілхан Қастеев « Колхоздағы жер жырту» атты суреті соқаларды тіркестірген тракторлар қара жерді таспадай тіліп жыртып бара жатыр. Соңғы соқаның үстінде отырған әйелдің өз ісіне шебер, батыл екендігі аңғарылады [64].

Ал ағаның тағы бірқатар туындылары «әйел» тақырыбына арналған. Әйелдердің келбеті, тұрмыс- тіршілігі, қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайы, қалың малға сатылған қыздар трагедиясы қазақтың қазақтың халық поэзиясында да көп жырланған тақырып десек, суретші оз картиналарында сол тақырыпты едәуір дамытқан. Мәселен: 1937 жылы салынған «Еріксіз әкетілген қыз», «Байдың үйленуі», 1938 жылы «Қалың малға сатылған қыз» туындылары осыны көрсетеді. Бұл картинада ақ боз атқа мінген күлімсіреген шал мен қатар жас қалыңдықтың бейнесі салынған. Картинадағы қыздың бейнесінде қоғамға деген өкініші мен көздерінде мұң байқалады, ал бай шалдың сатып алынған қалыңдығына көңілі толып, масаттанып тұрғанын көруге болады. Бұл жердегі суретшінің негізгі ойы – сол кездегі нәзік жанды әйел атаулының теңсіздігі, малға сатылып қор болған жас мыңдаған арулардың мұңды зары. «Байдың құдалығы атты», 1940 жылы салынған суреттен қазақ халықының құда түсу салтын көреміз. Киіз үйдің ішінде ер адамдар мен әйелдерді бояудың қанық қоңырқай және ақшыл, қызыл ашық түстермен бөліп көрсетеді. Әбілхан Қастеевтің дәстүрлі туындыларына 1940 жылы салынған «Кедей мен бай құдық басында» атты шығармасында қазақ қоғамының дәстүрі бейнеленген . Ақсүйектердің арсыздығы мен арамдығына қарап сол кезеңдегі әлеуметтік теңсіздікті көруге болады. Тақырыптың негізгі түйіні байдың кедейге көрсеткен ісі әрекеті, адамзаттың надандығы мен қараңдылығын көрсетеді.

Әбілхан ағаның табиғи қалпынан алып жазған шығармаларының ішіндегі «Ана портретін» де елеусіз қалдыруға болмайды [65]. Суретшінің бір ғажабы: кісінің өңіне киімін де үйлестіре біледі. Мүны да жағалы тон Ананың айбынын асырып тұр. Алысқа қараған ақылды көзге алғырлық та, ептеп шаршау да бар. Езудің, көз қиықтың төңірегіндегі әжімдер әрі ананың байсалды, өзін- өзі тоқтата білетін ұстамды мінезінен де хабар береді. Ананың келбетіне қарап-ақ әркім әрқилы сыр ұққандай: өмірдің, заманның, жастық пен кәріліктің, кешегі мен бүгіннің бүкпелі, қатпарлы сырлары. Кимешек киісі, маңдайды баса, кимешектің үстінен көлденең тартқан жалпақ ақ орамал да айбынды жүзге аса жарасымды сұс қосып тұр [66].

Қазақ халқының осы замандағы жаңа өміріне, ауқатты тұрмысына арналған 1937 жылы салынған «Колхоз тойы», « Колхозшының жаңа тұрмысы» атты суреттері шындықтан, өмірдің болған оқиғасынан алына тұрса да, халықтың тұрмысына енген жаңалықтар жанды да әсерлі көрсетілген.

Әбілхан Қастеев портрет жанрында да көптеген туындылар жасады. 1936 жылы 1916 жылғы көтеріліске қатысқан, сол көтеріліске басшы болған Амангелді Имановтың образын жасап шықты. Қастеев ең алдымен Амангелді серіктерінің айтуы бойынша, оған ұқсастық іздеп, батырдың туыстарының портреттерін жасап көрді. 1939 жылы «1916 жылғы Амангелді көтерілісі» , 1940 жылы «Амангелді сарбаздары» , ал 1943 жылы «Амангелді» портретін жасап шығарды.

Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы « Ана», «Әйел» тақырыбындағы суреттер:















Әбілхан Қастеевтің шығармаларындағы портрет жанры:






Пейзаж жанры:












Күнделікті тұрмыс –тіршілігі тақырыбында:















































Қорытынды


XX ғасырда бейнелеу өнерінің негізін қалаған кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі.

Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Қазақтың кім екенін білгің келсе, Шәмшінің әндерін, Әбілханның суреттерін зертте»,- деген екен. Міне, әрбір азамат Әбілхан Қастеевтің суреттерін көру арқылы қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мәдениетін түсіне алады деп тұжырымдадым. Ал суретшінің өмірі өзінің көркем шығармаларымен тікелей байланысты. Суретшінің көркем туындыларын саралап талдау бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Әбілхан ағаның шығармашылығының маңызын ашу үшін көркемдік болмысына бойлап, суретшілік сырын ашу маңызды [94, 20 б].

Оның қылқаламынан туындаған көркем шығармалар өзіндік дара болмысымен ерекше, әрі халықтық дәстүрге өте бай.

Суретші шығармашылығы қазақ өнері шыңдау шыңдарының бірінен саналады. Өзінің ұлттық сипатымен, қазақи болмысымен ерекшеленетін реалистік бағыттағы терең тамырлы туындылар- қазақ мәдениетінің бейнелеу өнері саласындағы шын мәніндегі мақтанышы. Өнер иесі мұрасына кейінгі ұрпақ қызығушылығы күн санап артып келеді. Ол жасаған күллі шығармаларды жасап шығу үшін Қастеевке берілген дарынды ғана иелену жеткіліксіз болар еді, бұған қосымша жан аяуды білмейтін еңбекқорлық, асып- тасуға жол бермейтін мінез байлығы, өзінің таңдап алған жолына деген ауытқымас сенімділік қажет болар еді. Суретшіні қашанда жоғары деңгейдегі кәсіпқойлық, өзіне деген орысан талап қойғыштық және дегеніне жетпей қоймайтын ілгері ұмытушылық ерекшелендіріп тұрған.

Өз халқына өлшеусіз өнерімен, бойындағы аппақ арымен, ойындағы дарынымен, ересен еңбегімен ел алдындағы перзенттік парызын орындаған абзал азамат, сарбаз суреткер, қазақ халқының қадірлі ұлдарының бірі- Әбілхан Қастеев.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтің шығармашылығы ерекше орын алады. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә.Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыбында жемісті еңбек етті.

Кеңес заманындағы Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармалары арқылы сол кезеңнің бет- бейнесін, кеңестік кезеңнің кезеңдерін көруге болады.

Қазақ бейнелеу өнерінің графика, карикатура, сатира жанрына алғаш қалам тартқан да Қастеев болатын. Отан соғыс жылдарында суретшінің қылқаламы жауға найзадай қадалады. Жауды әшкерелеген карикатуралары мен сатиралық шығармалары көшелерге ілініп, соғыс тақырыбына салған суреттері халықтың жауға деген кегін бейнелі құралымен жеткізіп, патриоттық сезімін арттыра түседі. Бейнелеу өнерінің асқар шыңына шыққан шығармашылық жолда кемеліне келген өнер мен қоғам қайраткері әлемге танымал биік тұлғасына , атақ- даңқына , абырой беделіне қарамастан карапайым болатын.












































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Ниязбеков Ш . Тылсым өнердің танымгері.// Лениншіл жас- 1984.- № 12.- 7 қаңтар.

    2. Назарбаев Н. Ә. Қалың елім, қазағым. – Алматы: «Өнер» баспасы, 1998. – 306 б.

    3. Затенацкий Я. Әбілхан Қастеев.- Алматы: « Өнер» баспасы, 1986.- 12 б

    4. Сұлтанов Қ. Дара Дарын. //Халық кеңесі-.1994.-№3.-29 шілде,150-167б

    5. Жақсыбаев А.Тума талант табиғаты.Аға сөзі.- Алматы,2003, 86 б

    6. Асылжанұлы Б. Халық суретшісі. //«Жұлдыз» журналы, 2004, № 11, 189-200 б.

    7. Нақысбекұлы О. Әбілхан Қастеевтің бастан кешкен қиямет күндері.-Алқа: 2012.- 259 б.

    8. «Суретші және заман.» Ә.Қастеев және XIX-XX ғасырдағы Орталық Азия бейнелеу өнері халықаралық ғылыми конференция- Алматы,2004, 152 б

    9. Ә.Қастеев. Юбилей көрмесі каталогы.(Туылғанына 60жыл, шығармашылық қызметіне 35 жыл толуына арналған). Алматы-1964.134 б.

10.Крашенинниковтың А.Қазақстан Суретшілердің творчестволық жұмысын жақсарту керек.// Социалистік Қазақстан.- 1953.- № 9.-1-15б.

11. ҚР ОММ 1676 қор, 1 тізбе, 95 іс( Газетные вырезки с рецензиями,

статьями и заметками о творческой деятельности Кастеев А.) Қазбеков Қ.

«Жетісу түлегі».// Советтік Жетісу- 1958.-№ 17.-28 қараша.3 бет.

12. Шарипова Д.С.Творчество А.Кастеева в контекте становления

живописной школы Казахстана ( 1930- 1950г).- Алматы, 2010.- 13 б.

13. ҚР ОММ 1676 қор, 1 тізбе, 95 іс( Газетные вырезки с рецензиями,

статьями и заметками о творческой деятельности Кастеев А.) Орманшы

«Талантты суретші.//Социалистік Қазақстан- 1942.-№13.-5 қараша.

14. Костенко Д. Республика суретшілерінің көрмесі// Социалистік Қазақстан-1940.-№265 -47 б.

15.Бөриев Ә. Арманына жолыққан адам- Алматы.: «Өнер», 1982 ж

16. Жақсыбаев А. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев өмірінің бізге беймәлім қырлары// Егемен Қазақстан.-2003.- №11.

17.Қырықбаева С.М.Ұлы суретшінің шығармаларындағы ұлттық киімнің көркемдік сипаты//«Суретші және заман»тақырыбындағы Ә.Қастеев және XIX-XX ғасырдағы Орталық Азия бейнелеу өнері халықаралық ғылыми конференцияның материалдары- Алматы,2004.

18.Жапақ Е.Әбілхан Қастеевке дейінгі қазақ суретшілері // Мәдениет.-2007.-№11(15) -14-17б

19. Нұрғалиев Р. Тума талант.//Алматы: «Жалын» 1984.- № 1- 161б

20. Ракишева А.Б, Үсенбаева Ш.Б. Халық суретшісі // Қазақстан өнері -Алматы ,2007




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі