Материалдар / Ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ аңыз -әңгімелеріндегі кейіпкерлердің танымалдылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№30 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





БАҒЫТЫ : ЭТНОМӘДЕНИЕТ


СЕКЦИЯСЫ : ӘДЕБИЕТТАНУ


ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығы


ОРЫНДАҒАН: 6«А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

ИЛЬЯСОВА ВАЛЕРИЯ


ЖОБАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

МИРЖАКУПОВА ГУЛЬНАР ТОКТАРХАНОВНА


















ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

2017 ЖЫЛ



Андатпа


6«А» сынып оқушысы Ильясова Валерияның ғылыми жобасында қазіргі балалар басылымдары төңірегінде мәселелер зерделенген.Осыған байланысты,қазақстандық мерзімді баспасөзінің деректік материалдар негізінде теориялық және практикалық тұрғыда қоғамдағы қазақ балалар басылымдарының орнын қарастыруды зерттеу тақырыбының өзектілігі ретінде нақтылап ,мақсат, міндеттері айқындалған.

Зерттеу жұмысы кіріспеден,екі тарудан,қорытныдан және әдебиеттер тізмінен тұрады.Ильясова Валерия қазақ балалар әдебиетін зерттеп, қазақ балалар әдебиетінің тарихи кезеңдеріне шолу жасап , қазақ балалар жазушыларымен және олардың шығармаларымен танысып, қазіргі кезде балалардың қазақ тілінде кітаптарды аз оқуын анықтап , қазақ әдебиетін балаларға насихаттау қажеттілігіне көз жеткізген. Әрбір тарауда оқушы Республикалық,Өскемен қалалық кітапханаларынан алған нақты дәйектемелермен тақырыптың мазмұнын ашуға талпыныс жасаған.

Ғылыми жоба барлық талаптарға сай орындалған деп санаймын.

Жетекшісі:Миржакупова Г.Т .





















Мазмұны:


Кітап- білім бұлағы.......................................2

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар.......3

Негізгі бөлім .........................................................4

Қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлері мен шетел

кейіпкерлері .................................................5

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымал болмауының себептері .................................6

Қорытынды ..................................................7






























Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығы.

Зерттеу объектісі:

Балалар әдебиетінің кейіпкерлері.


Зерттеу саласы:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің оқырмандар арасындағы танымалдылығы.


Зерттеу жұмысымның мақсаты:

Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығын арттыра отырып,оқушыларды қазақ балалар әдебиетін оқуға ынталандыру.

Қазақ балалар жазушыларының шығармаларын насихаттау.


Зерттеу жұмысымның өзектілігі:


Балалар қазақ балалар әдебиетін оқудан қалып барады,оқуға қызығушылықтарын арттыратын қызықты кітаптардың, жарнамалардың, теледидардан берілетін бағдарламалардың жағдайы көңіл толарлық емес.Қазіргі жас оқырмандарға қазақ тілінде ұсынылып отырған әдебиет мазмұны жағынан да, дизайны жағынан да сапасы шетелдік әдебиеттерден төмен. Тәрбиелік мәнге толы қазақ шығармалары бүгінде оқылмайды .


Міндеттер:

Қазақ балалар әдебиетіне шолу жасап , кейіпкерлерін анықтау.

Шетел балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымалдылығын белгілеу.Қазақ балалар әдебиет кейіпкерлерінің танымал болмауының себептерін анықтау.Қазақ балалар әдебиетін насихаттау жолдарын қарастыру.


Гипотеза:

Қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлерін жан- жақты насихаттау,

қазақ балалар әдебиетінің оқырмандарын арттырады.




Ғылыми зерттеу жобасының мазмұны:


1. Кіріспе.

Кітап- білім бұлағы.Кітап барлық білім мен ғылымның қайнар көзі.Бүгінгі көңілі ояу,көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани нәр алады.

2. Негізгі бөлім.

Қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлері мен шетел кейіпкерлерінің танымалдылығы туралы әңгіме қозғалады.

Қазақ балалар әдебиетін насихаттау жолдары қарастырылады.


3. Қорытынды.

Қазақ балалар әдебиет кейіпкерлерін насихаттау арқылы жас оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру мақсаты негізделген.


1.1 Кітап- білім бұлағы.


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы.Ол ұрпқтан-ұрпаққа ауызша , жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен . «Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиет.Кітап оқудан тиылсақ,ой ойлаудан да тиылар едік» деген Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу , оны түсіну мен түйсіну , алған әсерді өмірге қажетіне жарата білу әрбәр адамның білігі мен білімін , пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі .

Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын,компьютер секілді құралдың әсері деп білеміз. Бірақ,қазіргі таңда балалар әдебиеті көңіл қуантарлық жағдайда ма?

Қазақ балалар әдебиетінен балаларды қызықтыратын кейіпкерлерді таба аламыз ба?


1.2 Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар .


Түп- тамырын халық шығармаларынан,аса бай фольклорлық мұралардан алатын балалар әдебиеті ХІХ ғасырда Абай шығармашылығындағы ғибраттық өлеңдерден нәр тартып, Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің жеке саласына айналған.Қазіргі кезде өзіндік сыр сипатымен,жазу мәнерімен танылған М.Әлімбаев,Т.Молдағалиев,Ж.Смақов т.б. Олар жаңа өмір сүру формасына көшкен заманда балалар әдебиетін уақыт үдесіне сай дәрежеге көтере білген.


2. Негізгі бөлім .


2.1Қазақ балалар әдебиетінің кейіпкерлері мен шетел кейіпкерлері .

Қазақ халқының әдебиетінде балаларға арналған әдебиетке ерекше мән берілген.Аңыз-әңгімелер кейіпкерлері:Қожанасыр,Алдар көсе,Жиренше шешен.Ертегілер кейіпкерлері:Ер Төстік,Қаңбақ шал,Жалмауыз кемпір. Батырлар жырларындағы кейіпкерлер:Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,Ер Тарғын,Қамбар батыр тағы басқалар.Ақын-жазушылар шығармаларының қызықты кейіпкерлері де аз емес.Осы кейіпкерлердің бейнесі балаларға таныс па?Балалар арасында қандай кейіпкерлер танымал?

Бұл сауалнаманың нәтижесі осы.

Ең танымал кейіпкерлер:Спанч-Боб,Шрек,Гарри Поттер,Өрмекші адам.Осылардың ішінде қазақ әдебиет кейіпкерлері аталған жоқ.

Мысалы, «Ер Төстік» ертегіснің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп,Шойынқұлақпен жекпе жекке шығып,жыландар патшалығына барып,жолда айнымас достары-Көлтауысар,Таусоғармен,жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықты жеңіп отырады.Темір хан елінде Айдаһармен алысады,пері Шойынқұлақты жеңеді.Ол мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екенін байқаймыз.Біздің жас оқырмандарымызды осы сияқты әдеби мұралар қызықтырмайды ма? Бұл шығармаларда қазіргі оқырмандарға керек мистика да , батырлық та бар.


2.2 Қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымал болмауының себептері .


Балалар арасында қазақ балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің танымал болмауының себептерін талқылап , сауалнама жүргізіп мынандай қорытынды жасадық :

-қазақша әдемі, балалардың жас ерекшеліктеріне сай безендірілген кітаптардың аздығы;

-балаларға арналған көркем фильмдердің жеткіліксіздігі;

-балаларға арналған туындылардағы кейіпкерлердің суреттік бейнесі нақты қалыптаспаған,басылымарда,теледидарда бір кейіпкер әр түрлі бейнеленеді.

-бұқаралық ақпарат құралдарында,балаларға арналған бағдарламаларда қазақ кейіпкерлерінің қатыспауы;

Тұжырымдамалар қаншалықты негізді екендігін анықтау маұсатымен қаладағы кітап дүкендеріне дарып , кітаптар туралы мағлұмат жинадым. Өскемен қаласындағы екі дүкен бойынша мағлұматты мына кестеден көруге болады .


Қазір «Алматыкітап», «Баянжүрек», «Аруна», «Балалар әдебиеті» сияқты баспалар балалар кітаптарын шығарып жатыр.Бірақ таралымы 1000 данадан аспайды . Содан болар , қаладағы кітап дүкендерінде балалар әдебиеті жеткілксіз.

Кинофильмдер туралы айтатын болсақ, «Менің атым Кожа», «Алпамыс мектепке бара жатыр».Қанша жыл болғанымен,әлі киносын көріп, кітабын оқуға қызығушылық бар.

Бала алдымен суретке мән береді.Ал қазір біздегі суреттердің сапасы нашар және кейіпкерлердің суретті бейнесі қалыптаспаған. Мысалы:Алдар көсе суреттері әр түрлі болып шығып жүр.Бүгінде Алдар көсенің отыздан астам түрі бар.Қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлердің қатысуымен бағдарламалар жоқ.


3. Қорытынды

Кейіпкерлердің танымалдылығы шығармаларды оқуға қызығушылық тудырады.


3.1 Кейіпкер образының балалар ерекшеліктеріне сай тартымды, қызықты болуы абзал.Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып,қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік,стильдік жағынан,мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Мәселен, «Опай сопай» ертегісінің сюжеттік өрістеуі халықтық ертегілерге тән дәстүрде жазылған. Ертегіні «Ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні бөртеде» деп халық ертегісіне тән қалыпты қайталанып отыратын тіркеспен бастаған.Тіпті бас кейіпкердің хан болып кетуі дәстүрлі ертегі шеңберінен алыстамай оқырмандарды қызықтырады. Ал ақынның «Тамшы», «Аю қалай адасты», «Ұзын аяқ» сынды ертегілері таза шығармашылық қиялынан туған. Тамшының басынан кешкен әрқилы оқиғаларын суреттей отыра, қоршаған орта,табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты суреттейді.

Осы кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестете алсақ ,

ал Қобыланды батыр , Ер Төстік сынды ертегі кейіпкерлері мен олардың мінген жылқыларының бейнесін әдебиеттегі образдары бойынша кескінделсе , шетел кейіпкерлері сияқты танымал образдар өмірге келер еді .

Осы өзім оқыған әдеби кітаптарды төменгі сынып оқушыларына әңгімелеп , кейіпкерлерді суреттеп бердім . Ол кітаптарды өз мектеп кітапханасынан алуға болатынын және тағы басқа қызықты кітаптар бар екенің айттым .

Әдеби кітаптарды насихаттау нәтижесінде оқырмандар саны көбейгені анықталды ,оны келесі сауалнамадан көруге болады.

Жас оқырмандар өздері оқыған кітаптарының кейіпкерлерінің образдарын суреттеді.Солай жаңа образдар пайда болды.

Балаларға арналған сюжеттік суреттері тартымды , дизайны әдемі кітаптардың саны көбейтілуі қажет. Кейіпкерлердің суреттік бейнесін тартымды етңп , бір ғана нұсқасын қалыптастыру қажет . Ертегі кейіпкерлері қатысқан балаларға арналған теледидар бағдарламаларын көбейту қажет .

Балаларға арналған шығармаларды газет-журналдарға ғана емес , ғаламторға қою жағын ойластырған жөн. Өйткені , жас оқырмандар басылымға қарағанда ғаламтордан оқуға әуестеніп барады.

Балалар шығармаларында ауыл балаларының өмірі , бастан кешкендері , қызықты оқиғалары көп жазылады. Келешекте қала балалары қатысқан шығармалар жазылса , жас оқырмандар саны көбейеді.

Балаларды қызықтырған кейіпкерлер әдебиеттегі образдары бойынша кескінделсе , нақтыланса шетелдік кейіпкерлер сияқты танымал образдар қмірге келеді деп үміттенемін.






Пайдаланған әдебиеттер :


  1. Ахметжанова Г./Білімдегі жаңалықтар./-2010.-№1-Б78-81.

  2. Әлімбаев/Алматы.Жалын.1976.180 б.

  3. Смақов Ж. «Ақиқат» Жас ғалым мінбері №1,2010

  4. Қайырбеков Ғ. Бесікке оралу немесе балалар әдебиеті туралы ойлар /Қазақ әдебиеті

  5. Қуандықова Ұ./Қазақ және әлем әдебиеті/-2010.-№1-2.-Б44-46



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!