Материалдар / Ғылыми жұмыс. А. Байтұрсынов шығармаларындағы авторлық стиль және Абай үндестігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс. А. Байтұрсынов шығармаларындағы авторлық стиль және Абай үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
А. Байтұрсыновтың аудармаларының Абай аудармаларымен үндестігі салыстыра талданған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2023
320
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Зерттеу тақырыбы:

«А.Байтұрсынов аудармаларындағы авторлық стиль мен Абай үндестігі»




Бағыты: А.Байтұрсыновтың ақындық әлемі /1-бағыт/

Зерттеу тақырыбы: «А.Байтұрсынов аудармаларындағы авторлық стиль мен Абай үндестігі»

Орындаған: Тұрғын Асылай Сәкенқызы – «Ынтымақ» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі: Бекенова Улжан Лесбековна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі







Түркістан қаласы, 2023 жыл


Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

9-сынып оқушысы Тұрғын Асылай Сәкенқызының

«А.Байтұрсынов аудармаларындағы авторлық стиль мен Абай үндестігі» атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

А.Байтұрсынұлы - қазақ халқының тұңғыш әліпбиіне, тілі мен әдебиетіне, ұлттық жазуына алғашқылардың бірі болып еңбегін сіңірген ғалым-ұстаз. Ахмет поэзиясы – жаңа леп, жаңа беталыс. Оның оқуды, надан мінездерден арылуды насихат еткен әрбір өлеңі мен мысалдары , өз ойын жеткізудегі ақындық шеберлігінің қыр-сыры әдебиет әлемін сүйетін оқырманды қызықтырмай қоймайды. Бұл зерттеу жұмысында оқушымыз Тұрғын Асылай Сәкенқызы Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына қызығушылық танытып, оның ақындық ерекшелігін, мысал аударудағы авторлық стилін және Абай шығармаларымен үндестігін талдаған. Ахмет аудармаларының ерекшелігіне мән беріп, ойды тұжырымдау әдісінің шебер қолданылғандығына өзіндік пайымдаулар жасап, Абай шығармаларымен үндестігін барынша салыстыруға талпынған. Аудармаларды түпнұсқамен және Абай нұсқаларымен салыстырған. Оқушы бұл зерттеу жұмысында тақырыпты тиянақты зерттеп, жас ерекшелігіне сай ізденіп, өз мақсатына қол жеткізген.

Тұрғын Асылай әдеби шығармаларды сүйіп оқиды, көркем әдебиетке қатты қызығады. Қоғамдық жұмыстарда ерекше табандылық танытып,мектепішілік, аудандық іс-шараларда интеллектуалдық қабілетімен көзге түскен оқушы. Асылайдың зейіні мен зерттеушілік талабына сәттілік тілейміз.

Зерттеу жұмысын жазуда ғылыми стиль заңдылықтары сақталған, барлық бөлімдерді түсінікті, нақты, дәлелді жеткізуге талаптанған. Жұмысты ғылыми зерттеу жобалары байқауына лайықты деп ұсынамын .



Мектеп директоры: _______________ Жұмабаев Б.А

Жетекшісі: _______________ Бекенова У.Л.











Мазмұны:

Абстракт ---------------------------------------------------------------------------

  1. Кіріспе ---------------------------------------------------------------------



  1. Негізгі бөлім:

    1. А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі

    2. «Қырық мысал» жинағындағы аудармалардың А.Байтұрсынов пен Абай нұсқаларындағы ерекшеліктері

    3. А.Байтұрсынов аудармаларындағы авторлық стиль мен көркемдік тәсілдер



  1. Қорытынды -------------------------------------------------------



  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------































Аnnotation: In this scientific work A.Baitursynovs poetic features repetitions in his poems and Abais harmony are widely analized. The scientific work is devoted to the study of the poetic word f A.Baitursynov. The poetic features of the author are listed.There is a comprehensive analisis of the repetitions in his poems and similarties with Abais poems. All the findings of the work were analyzed from the students point of view.

Аннотация. В данной научной работе был проведен анализ на поэтические особенности А.Байтурсыноваа, на повторы которые встречаются в его стихах и мотивам Абая.Научная работа посвящена на исследование поэтического мира А,Байтурсынова . Был проведен всесторонний, сравнительный анализ сходства переводов и произведений Абая. Все найденные новые информации в ходе работы , были отражены с точки зрения ученика.

Аннотация: Бұл ғылыми жұмыста А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі, оның аударма саласындағы шеберлігі мен Абаймен үндестігі кеңінен талданған. Ғылыми жұмыс А.Байтұрсыновтың ақындық әлемін зерттеуге арналған. Автордың ақындық ерекшелігі санамалап айтылған. Абай аудармалары мен өлеңдерінің ұқсастығына жан-жақты , салыстырмалы талдау жасалған. Жұмыс барысында табылған барлық жаңалықтар оқушы көзқарасымен талданған.













1. Кіріспе.

Зерттеу тақырбының өзектілігі: Тарихта болған шындықты, халықтың мұңы мен үнін көркем әдебиетте сөйлету-шын ақынның ғана мұраты. Осындай құбылысты қазақ халқының ағартушысы, публицист, қоғам қайраткері, қазақ жазуы мен әдебиетінің негізін салушы, ақын, аудармашы А.Байтұрсыновтың ақындық әлемінен көруге болады. Ол ұлттық тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдер мен «таржол,тайғақ кешулердің» жағымсыз кейіпкерлерін сатиралық бейнелермен сынады. Халықтың тұрмыс-тіршілігін шынайы көрсетіп, бейқам жатқан қазақ халқын көркем тілмен суреттеп, оларды білім-ғылым үйренуге шақырды. Өзі үшін аса жауапты азаматтық жолда ол И.Крыловтан аударған мысалдарын құрал ете білді. Ақынның мысалдарындағы кейіпкерлер - қазақ тұрмысындағы кертартпа мінезді кежір адамдар. Ахмет мысалдарының көркемдік құндылығы мен тарихи маңыздылығына көз жеткізу үшін тағы да автор стиліне,шеберлігіне үңілуге тырыстық.

Ахмет Байтұрсынов халқымыздың ұлы ағартушылары Абай, Ыбырай, Шоқан салған жолдың жалғастырушысы болды. Оның шығармашылығына зер салсақ, ұлы Абайды ұстаз тұтқанын байқаау мүмкін емес. Осындай зерттеулер Ахмет шығармаларындағы Абай сарынын, Абай үлгісін, автор стилін нақтылауға көмектеседі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың мысалдарындағы стильдік ерекшеліктер мен Абай үндестігін зерделеу.

Міндеттері:

- А.Байтұрсыновтың “Қырық мысал” жинағындағы мысалдарды оқып, жалпы зерттеу жүргізу;

- Ақынның мысал аударудағы авторлық стилін, ақындық ерекшелігін анықтау;

- А.Байтұрсынов пен Абай ақынның мысал аударудағы стильдік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеп, зерделеу.

Зерттеу нысаны: А. Байтұрсыновтың аудармалары, «Қырық мысал» жинағы

Гипотезасы: А.Байтұрсыновтың ұлт ұстазы ретінде қалдырған барлық еңбектері құнды дүние болып саналады. Ақынның еңбектерін оқып қана қоймай, оны зерттеп, зерделеуіміз тиіс. Бұл зерттеу жұмысы келешекте А.Байтұрсыновтың авторлық стиліне баға беру жұмыстарында, «Ахмет және Абай», «Ахмет және Крылов» жобаларын дайындауға және «Қырық мысалды» оқулық етіп шығау жұмыстарына негіз болады.

Зерттеу жұмысының әдістері: талдау, салыстыру, жүйелеу, топтастыру.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі : Зерттеу жұмысының барысында ақын шығармашылығының ерекшелігіне, А.Байтұрсынов пен Абай аудармаларының үндестігіне оқушы пікірімен талдау жүргізілді. А.Байтұрсыновтың аудармаларындағы автор стилі мен көркемдік тәсілдер анықталды. Авторлық баяндаудың ерекшелігі анықталды.

Нәтижені практикада қолдану салалары: Зерттеу жұмысын материал ретінде қазақ әдебиеті сабақтарында белгілі бір оқу мақсаттарына сәйкес қолдануға болады. Сонымен қатар қосымша сабақтарда, шығарманы талдау жұмыстарында пайдалануға болады.

Зерттеудің кезеңдері: практикалық кезең –ізденіс, теориялық кезең –жинақтау, қорытынды кезең – тұжырым жасау, ұсыныс беру.

Эксперимент әдісі: салыстыру, топтастыру, жүйелеу.

Зерттеу жұмысының нәтижесі: : Ғылыми зерттеу жұмысында кеңінен талданған А.Байтұрсынов мысалдарының ұлттық тарихымыздан алатын орнының ерекше екендігіне тағы да бір көз жеткіздім. Жұмыста зерттелген мәселелер А.Байтұрсынов шығармаларының тарихи және көркемдік құндылығы туралы білімімізді толықтыра түсті. Автордың мысал идеясы мен кейіпкерлерін стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі анықталды.

2.1. А.Байтұрсынов ақындығының ерекшелігі

Өлеңтанудың теориясын мықтап жасаған Ахмет Байтұрсынов өлеңдері өте көркем жазылған. Себебі, «Әдебиет танытқыш» әдеби-теориялық кітабында сөз өнерін терең зерттеп, қазақ әдебиетін жанрлық түрлерге жіктеп көрсетіп, өлең өлшемдерін өзі анықтап берді. Қазіргі біз айтып жүрген кейіптеу, бейнелеу, әсірелеу, шендестіру, дамыту, түйдектеу, қайталау... сияқты атаулар да Ахметтікі.

XIX ғасырдың ағартушылық-демократтық бағыттың негізін салушы Шоқан, Ыбырай,Абай жолын жалғастырушы, дарынды ақын, ірі ғалым, публицист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 5 қыркүйекте бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде өмірге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы елінің беделді адамы болған. Ел билеушілердің әділетсіздігі мен зорлығына қарсы тұратын шыншыл, қайратты мінезі болды. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғайдың оязы Яковлевті соққыға жыққаны үшін Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15 жылға жер аударылады. Бұл жағдай 13 жасар Ахметтің бала жүрегіне үлкен жара салады.Ахметтің өмірге деген құлшынысы, ақындыққа бет бұруы, өз ұлтының жарқын болашағы үшін күресі осы кезден-ақ басталып кетеді.Бұл жараны автор «Анама хат» өлеңінде еске салады:

Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?

Ахмет поэзиясының негізгі тақырыбы-халық пен бостандық. Қазақ халқының бүгіні мен болашағы, тағдыры Ахмет өлеңдерінің негізгі өзегі еді. Оның өлеңдер жинағын «Маса» деп атауында да үлкен мән бар еді. Ұйқыда қамсыз жатқан надан халқын қайтсе де ояту мақсатымен, маса боп ызыңдауды ойлады:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары аяқтары ұзын маса.

...Үстінде ұйқышының айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-деп, масаны оятушы символға айналдырады. Бұл жерде де ақынның өзіндік стильдік ерекшелігін көруге болады. Идея- қалай да халық санасын ояту, оның жүрегіне, пайым-парасатына, сезіміне әсер ету. Өмірлік ұстанымына айналып кеткен осы идеяны жеткізуде А.Байтұрсынов өлең жазды, орыс әдебиеті үлгілерін пайдаланып, мысал жазды, аударма жасады.

А.Байтұрсыновтың ақындық ерекшелігі неде? Ақын, біріншіден, орыс халқының мысалдарын аудара отырып, өзі де мысал жазды. Аудармада мысал оқиғаларын халықтың әлеуметтік жағдайымен ұштастыра білді. Екіншіден, әрбір мысал соңында халық тұрмысына ашынып, кертартпа мінездерден сақтандыратындай түйінді жыр шумақтарын қалдырып отырды. Мұндай түйінсөздер әрбір мысалдың соңында 2-3 шумақпен беріліп отырады. Мысалы:

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,-дейді «Аққу, шортан һәм шаян» мысалында. Үшіншіден, өлеңдерінің бәрін бірдей бір идеяға бағыттады. Ол-халық санасын ояту, бірлікке шақыру идеясы. Төртіншіден, Абай салған жазба әдебиеттің негізінен айнымай жазды, өлең өлшемдерін қатаң ұстана білді. Міне осындай ерекшеліктер А.Байтұрсыновты басқа ақындардан ерекшелеп тұрады.

2.2. «Қырық мысал» жинағындағы аудармалардың А.Байтұрсынов пен Абай нұсқаларындағы ерекшеліктері

Ақынның «Қырық мысал» атты жинағы 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. А.Байтұрсынов ақындығының тағы бір қайнар бұлағы оның мысалдарында жатыр. Ол орыс ақындарына ерекше қызығып, беріле көп оқыды. Ауыл мұғалімі болып жұмыс істеген кезде шәкірттеріне И.А.Крыловтың мысалдарын оқытып, қазақ баласын оқуға, надандықтан аулақ болуға тәрбиеледі. Орыс ақындары А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтовты, С.М.Надсонның шығармаларын оқып, кейбір шығармаларын қазақшаға аударды. 1901 жылдан бастап И.Крыловтың мысалдарын аударып, өзі де соларға еліктеп, мысал жаза бастайды. Ақын мақсатына терең үңілсек, оның мысал жанрына қатты ден қоюының мәні бар. Бұл туралы өзі: «Орыстың тәржімә еттім мысалдарын, әзірге қолдан келген осы барым» деп түсіндірген. /АБ/Сол уақыттарда орыс мысалдарының адамгершілік тағылымдары қазақ қоғамы үшін аса маңызды деп ойлады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін суреттеп, олардың арасындағы қарым-қатынастар арқылы ғибратты тұжырымдар жасап, ой қорытты.

Қазақ әдебиетіне И.Крылов мысалдарын аударып алып келген А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсариндер болды. А.Байтұрсынов та И.Крылов мысалдарын өлеңмен аударып, оларға ұлттық сипат сыйлады. Бұлай дейтіін себебіміз, Ахмет түпнұсқадағы сюжетті сақтағанмен, қазақтың ұлттық мінез-құлқын, болмысын танытатын тың ой-пікірлерін қосты. Бірақ Абайды ұстаз тұтқан А.Байтұрсынов өлең өлшемдерін қатаң ұстанды: ұйқасын келтірді, буын мен бунақ сандарын нақтылады, мазмұнды шумаққа лайықтап түсіре білді. Абай И.Крылов мысалдарын түпнұсқаға жақын аударуды көздесе, Ахмет мысал мазмұнын қазақ тұрмысына жақындатып, мысал етті. Әрбір мысал соңын идеяға бағыттап, түйінді оймен, түпнұсқада жоқ артық шумақтармен аяқтайды. Абай мысалдарында мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.

Төмендегі салыстыру кестесіне назар аударайық:

И.А.Крылов «Ворона и лисица»

Абай «Қарға мен түлкі»

А.Байтұрсынов «Қарға мен түлкі»

6 шумақ, 26 жол.

Вороне гд-то бог послал кусочек сыру,

На ель Ворона взгромоздясь,

Позавтракать было совсем уж собралась,

Да позадумалась, а сыр во рту держала, На ту беду Лиса близехонько бежала.

Соңғы шумағы:

От радости в зобу дыханье сперло, И на приветливы Лисицины слова. Ворона каркнула во все воронье горло:

Сыр выпал – с ним была плутовка такова.


11 шумақ, 47 жол, 2 бунақты, 7-8 буынды, кейде 6 буынды, шалыс ұйқасы

Ірімшікті құдайым,

Кез қылды бір күн қарғаға. Алып ұшып барды да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе,

Ірімшік деген қарны ашқа? Бір жеп алып, шүкірлік,

Қылайын деп аллаға. Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді.

Соңғы шумағы:

Өзіне біткен өңешін,

Аямастан қарқ етті.

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті.


12 шумақ, 48 жол, 3 бунақты,

11 буынды, қара өлең ұйқасы.

10 шумағы - негізгі сюжет,

соңғы екі шумағы-қорытынды.

Бір түйір ірімшікті тауып алып,

Ағашқа қарға қонды ұшып барып.

Тоқ санап ірімшікті көңіліне,

Жей қоймай отыр еді ойға қалып.

Мысал сюжеті бойынша соңғы шумағы:

Өтірік мақтағанға қарға еріп, Қарқ етті пәрменінше жағын керіп. Ірімшік қарқ еткенде жерге түсіп, Жеп алып түлкі кетті жортып, желіп.

Қорытынды:

Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,

Далада кең сахара көшіп-қонып.

Алдаған залымдардың тіліне еріп,

Жүрмесек жарар еді мазақ болып

Жоғарыдағы салыстыру кестесіне қарасаңыз, Абай тілі түпнұсқаға жақын. Мысалы: «бог послал» тіркесін «құдайым кез қылды» деп сөзбе-сөз аударса, ал А.Байтұрсынов «бір түйір ірімшікті тауып алып» деп түпнұсқадан гөрі еркін аудармаға көшеді.Түпнұсқада қарғаға аяушылық білдірілсе, Ахмет нұсқасында қарғаның мақтанқұмарлығы мен аңқаулығы әшкереленген. Түлкіні заманның залым адамдарына теңеп, олардың алдап-арбауына түсіп қалудан сақтандырады. Қазақты мақтансүйерлік, аңқаулық, надандық, жағымпаздық сияқты қасиеттерден арылуға шақырады. Сөйтіп, И.Крыловта да, Абай нұсқасында да кездеспейтін тұжырымды оймен аяқтайды:

Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, Далада кең сахара көшіп-қонып.

Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді мазақ болып.

Сюжетті тілге жеңіл баяндау тәсілімен жазады, өлең өлшеміне аса назар аударады. Мысал аударуда Ахметтің ерекшелігі - мысалды аяқтаудағы шеберлігінде, яғни мағыналы ой қорыту мәселесіне қатты назар аударған. Абай мен Крыловта да мұндай идеяны түсіндіру тұсы бар. Бірақ, олар бұл идеяға пролог есебінде мысалдың басында тоқталады.

Ал «Өгіз бен бақа» мысалында Абай да:

«...Таласпа, жаным-ай,

Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске» деп, түпнұсқадан алшақтап, қазақ тұрмысына жақындатып аяқтайды. Ал Ахмет ақын күншілдік жаман әдет екенін әдемі өлеңге қосып, «әлін білмеген әлек» деген қазақ мақалын алға тартады. Бұл мысал екі ақында да түпнұсқаға қарағанда көлемді.

И.Крылов «Лягушка и Вол»

Абай «Бақа мен өгіз»

А.Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

4 шумақ, 17 жол

Лягушка на лугу увидивши Волв,

Затеяла сама в дородстве с ним сравняться

Она завистлива была

И ну топорщиться , пыхтеть, и надуваться

Соңғы шумағы:

Пример такойна свете не один,

И диво ли, когда жить хочет мещанин.

Как именитый гражданин

А сошка мелкая, как знатный дворянин


10 шумақ, 40 жол, 2 бунақты, 7-8 буынды, шалыс ұйқасы

Қарасаң тым-ақ көп,

Көре алмас іші тар.

Несі артық бізден деп

Салыспақ жұрт та бар

Су ішкелі бір өгіз,

Барып еді бұлаққа.

Бақалар қорқып тарбақтап,

Қашып шықты әр жаққа

Бақаға өгіз таумен тең,

Ұшып кетті зәресі

Мақтаншақтың сен көрсең

Бақада екен төресі

Соңғы шумағы:

Таласпа жаным-ай,

Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай

Көп түссең егеске

9 шумақ, 36 жол, 3 бунақты,

11 буынды, қара өлең ұйқасы.

8 шумағы - негізгі сюжет,

соңғы 1 шумағы-қорытынды.

Бір өгіз айдын шалқар көлге келді,

Жағалап суаты бар жерге келді.

Шілденің сарша тамыз ыстық кезі

Бек қатты, қарны ашып шөлдеп еді.

Мысал сюжеті бойынша соңғы шумағы:

Күнәсі күндегеннің жаман қатты,

Күндеме біреуге алла берген бақты.

Өг

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!