Материалдар / Ғылыми жұмыс.. Ә. Кекілбаевтің "Күй" повесіндегі адамзаттық құндылықтар көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс.. Ә. Кекілбаевтің "Күй" повесіндегі адамзаттық құндылықтар көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жобада Ә. Кекілбаевтің "Күй" повесіндегі адамзаттық құндылықтар мазмұндас шығармалармен салыстыра талданып, көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2023
520
7 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Зерттеу тақырыбы:

«Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі адамзаттық құндылықтар көрінісі»







Бағыты: тарихи тұлғалар

Орындаған:Тульбасова Асель

Жетекшісі:












2023 жыл

Ордабасы ауданы

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

10-сынып оқушысы Тульбасова Аселдің

«Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі

адамзаттық құндылықтар көрінісі»

атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Ұлттық құндылықтарымыз көрініс табатын, сөз өнерін танытатын әдебиет саласы қашанда өз оқырмандарының сұранысына ие. Көркем әдебиетті сүйіп оқитын оқушымыз Тульбасова Асел Сапарғалиқызы шығарманы терең талдағанды жақсы көреді. Бұл зерттеу жұмысында Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіне қызығушылық танытып, шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасады. Шығармадағы кейіпкерлердің ішкі ойлары мен адамзаттық құндылықтардың үндестігін талдауға талпынады. Жазушының тақырыпты ашып, идеяны жеткізудегі суреткерлік шеберлігіне өзіндік пікірін білдіреді. Шығарманы тақырыбы мен мазмұны ұқсас туындылармен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеуге талпынған. Ә.Кекілбаев шығармаларына тән аңыздық сюжеттерді негізге алу тәсіліне тоқталады.

Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігіне тоқталған. Негізгі бөлімде шығармадағы кейіпкерлер бейнесі мен адамзаттық құндылықтар көрінісін талдайды. Шығарманы тақырыбы мен мазмұны ұқсас туындылармен салыстырады. Қорытынды бөлімде Ә.Кекілбаев шығармаларының тарихи, көркемдік құндылығына баға беріп, қоғамдағы рухани адамгершілік бағытындағы тәрбиенің бастауы деп көрсетеді. Зерттеу жұмысына тұжырым жасап, ұсыныс білдіреді.

Тульбасова Асел Сапарғалиқызы әдеби шығармаларды сүйіп оқиды. Оны меңгеруде ерекше табандылық танытып, мектепішілік, аудандық тақырыптық іс-шараларда, байқауларда интеллектуалдық қабілетімен көзге түскен оқушы.Аселдің зейіні мен талабына сәттілік тілеймін.

Зерттеу жұмысын жазуда ғылыми стиль заңдылықтары сақталған. Барлық бөлімдерді түсінікті, нақты, дәлелді жеткізуге талаптанған. Жұмысты ғылыми жоба байқауына лайықты деп ұсынамын .

Жетекшісі: Джандарова Гулзада Парменовна /қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі/





Мазмұны:



I Кіріспе ------------------------------------------------------------ 3-4-бет

II Негізгі бөлім:

А) Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі күйші және Жөнейт бейнесі --- 5-6-бет

Ә) Шығармадағы адамзаттық құндылықтар көрінісі ----------------7-9- бет

Қорытынды ------------------------------------------------------ 10-бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -------------------------- 11-бет






















Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыста жазушы Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі кейіпкерлер бейнесі мен адамзаттық құндылықтар көрінісі кеңінен талданған. Ғылыми жұмыс жазушының «Күй» повесін талдап, зерттеуге арналған. Шығармадағы адамзаттық құндылықтар кейіпкерлер бейнесі арқылы анықталған. Жазушының шығармасын тақырыбы мен мазмұны ұқсас басқа шығармалармен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тапқан. Жұмыс барысында табылған барлық ғылыми жаңалықтар оқушы көзқарасымен талданған.

Аннотация

В этой научной работе широко анализируются образы персонажей и человеческие ценности в повести А.Кекилбаева «Куй». Научная работа посвящена анализу и исследованию повести писателя «Куй».Человеческие ценности в произведении определяются образом персонажей. Ученица сравнила работу автора с другими произведениями схожей тематики и содержания, нашла отличия и сходства. Все научные открытия обнаруженные в ходе работы, былипроанализированы с точки зрения ученицы.









































І. Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Маңғаз Маңғыстаудың тума таланты, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне,суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік» деген сөзі оның бүкіл шығармаларының алғысөзі іспетті. Жазушының әрбір шығармасында ел-жұртының тарихы, салты, кәсібі, тыныс-тіршілігі айқын көрініс табады. Бүгінде Әбіш шығармаларының ел арасында кеңінен насихатталып жүргені де сондықтан болар.

Жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармалары өміршең, халықтың әрбір аңызының түбінен шындық іздеп, оны халықтың ұлттық болмысымен ұштастырады Шығармаларының халық жүрегінен орын алып, ерекше бағаланатыны да шындық. Соңғы жылдары Әбіш шығармалары кеңінен насихатталып жүр. Әбіш шығармаларында қазақ халқының өр мінезіне тән жігерлілік ерекше суреттеледі.Дәл осы көріністі жазушының «Күй» повесінен көруге болады. Ұлттық тарих сахнасында болған әрбір оқиға өмірге әр түрлі пәлсапалық ой-тұжырымдар алып келді. Сол тың дүниелерді көрсету үшін кейіпкерлер бейнесі арқылы жазушы шығармаларының өзегі болған құнды ойлар мен адамзаттық құндылықтар көрінісізерттелді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдау, шығармадағы адамзаттық құндылықтарды анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесін оқып, талдау;

  • «Күй» хикаятындағы кейіпкерлер бейнесі арқылы адамзаттық құндылықтаркөрінісін зерделеу;

  • Тақырыбы мен мазмұны ұқсас шығармалармен салыстыру;

  • Жиналған дәлелді деректерді жүйелеп, реттеу.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: жинақтау, топтау, талдау, салыстыру.
Жұмыстың дербестігі мен ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының барысында жазушы Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі кейіпкерлер бейнесі талданып, сол арқылы жалпы адамзаттық құндылықтар көрінісі анықталды.Шығарма тақырыбы ұқсас, мазмұндас туындылармен салыстырылып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданды.

Жұмыстың құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 13 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 7











II. Негізгі бөлім

А) Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі күйші және Жөнейт бейнесі

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларының тақырыбы әр алуан. Бірақ дерлік шығармасында сонау түп тарихымыздың танымал тұлғалары кездеседі. Қазақ елінің тарихында осындай халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ерлік көрсеткен азаматтар халықтың ерекше тұлғасына айналған.

Әбіш Кекілбаев– басым еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына екшелеп, тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. Қай шығармасы болсын өз оқырманын баурап алады.

«Күй» - Әбіш шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік классикалық туынды. Шығарманың сюжеттік құрылымы аңыздық деректерге негізделген. Повестің көтерген негізгі тақырыбы – адамгершілік, негізгі идеясы – қандай жағдайда болсын адамгершілікті алғашқы орынға қою. Кек пен ызаны, өкініш пен наланы, қатігездікті ақылға жеңдіру.

Бір күйдің шығу тарихымен екі халықтың тарихын суреттеп,баяндайды. Құрбан қарияның күйі арқылы автор уақыт кеңістігінен артқа шегініс жасайды. Бұл тұсы шығармада: «...Сиқыр күй мелшиіп жатқан меңіреу даладан таң атқалы бұның қиялын әр саққа сабылтып көмескі елестерді қайта тірілтті» деп беріледі.

Шығармада суреттелетін оқиғалар – ертедегі қазақ пен түрікмен халқы арасындағы алауыздық пен жауласушылық. Повестің басты кейіпкерлері – Жөнейіт пен Көкбөрі –түрікмен ауылының мықты батырлары. Көкбөрі жападан-жалғыз Дүйімқараға соқтығып опат болады.. Інісінің өлімі Жөнейтке ауыр тиеді. Екі ұлы да жаугершілікте опат болады. Дүйімқараға деген кек ашындырған Жөнейт енді ұлын жауына қарсы аттандырады. Дәулет те қаза болады.Қасындағы нөкерлері Дәулеттің құны деп , қазақтың күйші жігітін тұтқындап алып кетеді. Жөнейт қара жолдың бойына күйшіні тірідей көміп кетеді. Шығарма кейін Жөнейттің өлімімен аяқталады.

Шығармада қазақтың күйші жігітін тұтқын деп суреттейді: «..Жөнейт көзін енді тағы да тұтқынға аударды.Тұтқын сол керегеге қарап телмірген қалпы. Өзі есі ауған, ақылынан адасқан біреу емес пе – өңінде тәкәппарлық та, үрей де, қорқыныш та жоқ, бұрын ұшырасып көрмеген бір жұмбақ жүз. Өндіршегі сорайып,жұтынып қойды...» [«Күй» 66-бет]. Түрікмендердің арасында отырған Күйші жігіт аса бір сабырлықпен сазды ды сырлы күйді орындап болады. Орындап болады да, Жөнейтке қарайды. Бұл көзқарастан жалыну ме жалбарыну емес, құдайдың көрсеткенін көремін деген сөзді оқыды

Шығармадағы қатігез Жөнейттің бейнесі баласының өлімінен кейін былай суреттеледі: «... Соңғы айда сақал-шашы мықтап ағарыпты. Маңдайдағы, екі ұртындағы әжімдері де қазыла түскен.Көзінде шөлмектей шытынаған ашу тұр...» [Ә.Кекілбаев “Күй» 59-бет] Жөнейт бұл ашуын, ыза-кегін күйшіден алады.

Шығармадағы күйші Маңғыстау өңірінен шыққан атақты Абыл Тарақұлы екен деп айтылып жүр. Тарих беттеріндегі Абыл Тарақұлы туралы аңызға сүйенсек, оның тұтқынға түскенін растайтын аңыз,деректер бар:

«Бірде Абыл аң аулап жүріп аңсызда Түркменнің Жәумітіне қолға түсіп, тұтқын болады. Оның күйін тартып, атын жаттап өскен жәуміттер де Абыл екенін аңғармайды. Ауыл аймақ Абылды іздеп әуре сарсаңға түседі. Жалғыз ұлы жоғалған әкесі Тарақты әбден сары уаймға батады. Тарақтың ағасы Бегімбеттен екі ұл: Аранжан, Бектұр туған. Аранжан – ержүрек, батыл, шешен, палуан жігіт болыпты. Інісі Абылдың хабарын ауыл малшыларынан естиді. Араға уақыт салмай, атқа қонып, Абдал руындағы бай, беделді досына барып, Абылды құрсаудан шығарып беруіне өтініш жасайды. Аранжанның құдайласқан досы бұйымтайын екі етпей орындап, ара түсіп, Абылды аман-есен босаттырады...» [А.Сейдімбеков «Күй-шежіре» 7,8] «Күй» повесіндегі күйші Маңғыстауда туып өскен күйші - Абыл Тарақұлының прототипі. «Күйшінің шыққан тегі Кіші жүз ішіндегі он екі ата Байұлының бір бұтағы – Адай. Адайдан Құдайке, одан Қосай, Қосайдан Шалбар, Жаман Адай, Түрікмен Адай деп аталатын үш ата өрбіген. Соның түрікмен Адайынан Абыл күйші шыққан» -деп айтылады «Күй шежіре» кітабында.» [9 ]Жазушы Жөнейт пен күйші бейнесін қиыннан қиыстырып, көп оқиғалардың ішінен жүрек түкпіріне жақсы ойды жинаған бейне етіп алып шығады.

Ә) Шығармадағы адамзаттық құндылықтар көрінісі

Қазіргі күрделі де, аумалы-төкпелі дәуірде құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Ақын-жазушыларды тарихи, рухани, адамзаттық құндылықтарды насихаттаушылардың бір легі деп айтуға болады. Әбіш Кекілбаев жазған «Күй» повесі де кейіпкерлер бейнесі арқылы, аңыздық-мифологиялық сюжеттер негізінде жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейді. Автор әрбір оқиғаның басында немесе соңында кейіпкердің ішкі монологі арқылы өзі қатысқан іс-әрекетке есеп бергізеді. Мұны жазушының идеяны жеткізудегі жазушылық шеберлігі деуге болады. Кейіпкерлердің өзіндік ой-пікірлерімен адамзаттық құндылықтарды құрметтемеудің соңы не боларын түсіндіреді. Жазушы кейіпкердің ішкі ойы арқылы оның рухани адамгершілік құндылықтарға ие екенін көрсетеді. Оны төмендегі кесте арқылы жүйелеп көрейік:

Кейіпкердің ішкі ойы

Адамзаттық құндылық

Сөйтсе, дұшпан да өзіңдей екен ғой.Ол да сендей пенде екен. Ол да артында қалған үй ішіне,ойрандалған отанына тап сен құсап егіледі екен.Ол да мынау орынды-орынсыз ұрыс-жанжалға түсіне алмай, дал болатын көрінеді.(тұтқындағы күйшінің Жөнейіттің сыртынан қарап, өзіндік ой қорытуы)

Ақиқат, әділдік, рақымшылдық, мейірім, жан тазалығы

Адамшылықтың басы-аяушылық.Аяушылық жоқ жерде адамшылық та жоқ.Өзің ешкімді аямасаң, өзіңді де ешкім аямайды.Өзің бөтен елге жасанып барсаң, ,жараланып қайтқаныңа ызаланба.(күйшінің түрікмендер қаумалап жатқан кездегі ойы)

Адамшылық, намыс, өжеттік, туралық.

Ондай сәттерде қайдағы бір бықпырт тобырдың бейпіл сыпсыңынан сескеніп, бейшара күйшіні баяғыда босатып жібермегеніне өкінеді. (Жөнейіттің ішкі ойы)

Кешірім, рақым, тәубаға келу, істеген ісіне өкіну


Әттең сол жолсыз жасаққа күйші емес, адайдың аспанға түкірген көп адуын батырларының бірі іліксейші. Онда ол неменің етін турап итке тастаса да тынышы кетер ме еді?Жөнейтті еліне аман-есен қайтарса,жұрт аяушылығы деп емес, кәрі батырдың жаугершіліктен жүрегі әбден шайлыққан екен дейді. (Жөнейттің күйшінің ойы)


Аяушылық, мейірім мен шапағат, намыс.

Аңыз аяқталған кезде күйді тыңдап, қиялға шомған Сырым өз кеңістігіне оралады. Шығарма «...Сырым көлеңкеде тұрып қалды. Далада қайтадан тылсым тыныштық орнады. Үйдегі жігіттердің екеу-екеу дыбысы енді анық естіледі. Олар әлденелерді айтып, мәз-мейрам боп жатыр. Сырым манағы бір саздың әсерінен әлі түгел айығып болған жоқ-ты. Көзі боталап, көкжиекке қарап еді,қайтадан сағымға араласып қарауытыптұрған машиналарды көрді. Өздері шынында да алыстан найзасымен көк тіреген қалың қолға ұқсайды екен» деп аяқталады.

«Күй» повесі тақырыбы мен мазмұны жағынан Ш.Айтматовтың «Боранды бекеті мен А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіне ұқсайды. Жазушы А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі де ежелгі түрікмен елінің Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, онымен қоса он бір жасар баланы құлдыққа жегуімен басталатын шығарма. Демек, қазақ пен түрікмен халқының арасындағы алауыздық пен жауласушылық тарихи кезеңдері зерттеуді қажет ететін мәселе. Бұл шығармада түрікпен елінде құлдықта қалып қойған қазақ қариясы Тасқұлдың көмегімен бала құлдықтан құтылып, қашып кетеді.

ӘКекілбаев «Күй» повесі

Ұқсастық

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Шығармада қазақ халқы мен түрікмен халқы алауыздасады, жауласады.

Екі халықтың хас батырлары суреттеледі, олардың қайтпас өр мінездері ашылады.Түрікмендер өлген адамның құны деп, қазақ күйшісін тұтқындап алып кетеді.

Жөнейт баласының кегі үшін күйшіні өлтіреді. Істеген ісіне өкініп, ар азабынан өзі де өледі. Шығарма трагедиямен аяқталады.

Сюжеттерде мифтік, аңыздық элементтер бар.

Екі шығармада да оқиғалар түрікмен елінде өтеді. Шығарманың өн бойында қазақ пен түрікмен халқының ұлттық болмыс пен өр мінезі көрініс табады. Негізгі кейіпкерлер түрікмен еліне тұтқынға түседі. Тұтқындар-қазақтар.

Әңгімеде қазақ халқы мен түрікмен елінің салт-дәстүрінің ұқсас тұстары сөз болып, екі елдің де мәрт мінездері ашылады.

Түрікмендер он бір жасар Кенжебекті құлдыққа алып кетеді

Бүкіл өмірі құлдықта өткен Тасқұл он бір жасар Кенжебекті әбден дайындап, қашырып жібереді.

Атажан бай Тасқұлға кешірім де береді, азаттық та береді. Тасқұл өз қалауымен сол елде қалады. Кенжебек аман-есен ауылына оралады. Шығарма жақсылықпен аяқталады.

Шығарма мазмұны шындыққа жанасады.


Шығармадағы «мәңгүрт қазақтардың» кейпін, тағдырын, қорлығын

Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» шығармасындағы эпизодтармен салыстыруға болады. Әдебиет зерттеушісі Д.Ысқақұлы бұл ұқсастық пен ерекшелікті «Шыңғыстың мәңгүрттері..., Әбіштің мәңгүрттері...» деп , анықтама бере отырып зерттейді. [Д.Ысқақұлы. Мақала «Адам қайткенде адам болып қалады» ]

Ә.Кекілбаев «Күй» повесі

Ұқсастықтары

Ш.Айтматов «Боранды бекет» повесі

«Мәңгүрт» образын дөңнен түсіп келе жатқандар «мәңгүрт қазақтар еді» деп суреттейді. Мәңгүртке айналдырып жатқандар -түрікмендер.Қазақтың алты ұлы мен алты қызын құлдыққа, күңдікке алып кетеді. Алты құлдың шаштарын сыпырып, басына жаңа сойылған түйенің терісінен жыртыс кигізеді. Қамауда ұстайды.

Жөнейт тұтқындардың азаптанған дауысын дұшпандардың жеңілісі деп түсінеді.

Екі шығармада да «мәңгүрт» сөзінің мағынасы бір- мәңгіру.

Тұтқындардың шаштарын сыпырып, бастарына кепеш кигізеді. Мәңгүрттер төбесін ұстап жылайды. Шығарманың мазмұны адамшылықтан шығып кету өзі үшін де, қоғам үшін де қауіпті дегенді түсіндіреді.

«Мәңгүрт» образы «Ана-Бейіт» тарихы туралы аңызда суреттеледі. Қазақтарды мәңгүртке айналдырғандарды «жуан-жуандар» деп бейнелеген. Құлдыққа түскендер өте көп. Біреулерін сатып жібереді. Кейбіреулерін алып қалып, азаптайды.Шаштарын сыпырып, кепеш кигізіп, ақыл-естерінен айырады.Аңыз соңында мәңгүрт өз анасын өлтіреді. Найман Ана қойылған жер «Ана-Бейіт» аталады.

Жазушы адамзаттық, рухани құндылықтарды әр түрлі суреткерлік тәсілдермен дәріптей білген. Мысалы: авторлық шегініс, әдеби психологизм, ішкі монолог,т.б.

Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі кейіпкерлер бейнесі жалпыадамзаттық құндылықтардың деңгейін көрсетеді. Қоғамда адамзаттық құндылықтар жоғары болса, мемлекеттің халқы тыныш, тәуелсіздігі мәңгілік болады. Жастары мейірім мен шапағатқа, ізгілік пен қайырымдылыққа, ақиқат пен сенімге адал болады.


III. Қорытынды

Қазақ халқы Ә. Кекілбаевты Батыс қазақтарының тарихы мен мәдени мұрасын зерттеушілердің ішіндегі ерекше ірі тұлға деп таниды. Оның әдеби шығармалары мен тарихымызға арналған зерттеулері бүкіл түркі халықтарына ортақ екенін мақтанышпен айтамыз. Қазақ халқы – әлемдік адамзат тарихында ерекше орын алатын халық. Жалпы адамзаттық құндылықтарды бәрінен жоғары қою-ата-бабамыздан қалған тәрбиелі, өнегелі із. Осы ізбен жүре білген кең-байтақ даланы жайлаған халықтың тілі мен тұрмыс-салтының бірдейлігі әлемдік зерттеушілерді де таң қалдырды.  Мұндай жетістіктерге жетуіміз рухани адамзаттық құндылығымыздың жоғары болуынан. Осындай күрделі тақырыптарды және рухани мәдениетімізді зерттеуге Ә. Кекілбаев ерекше үлес қосты. Әбіш Кекілбаевтің «Күй» повесі-күй өнері мен кейіпкерлер бейнесі арқылы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін құнды шығарма. Мен зерттеу жұмысымды қорытындылай отырып, мынадай тұжырым жасадым:

  1. Шығармада аңыз бен шындықтың арасынан қазақ халқының күй өнері, ұлттық мінезі мен болмысы анық көрінеді;

  2. Басты кейіпкерлердің ішкі үні арқылы адамзаттық құндылықтар көрініс табады;

  3. Туынды тақырыбы мен мазмұны жағынан Ш.Айтматовтың «Боранды бекет», А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіне ұқсайды;

  4. Қазақтың әрбір күйін бір тарих деуге болады;

  5. Шығарма мазмұнына қатысты тарихи кезеңдер әлі де зерттеуді қажет етеді.

Ұсыныс:

1. Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінің сюжетіне негізделіп, кинотуынды түсірілсе; 2.Жалпы орта мектептерде «Әбіш бұрышы» шығарылса; 3.Ә.Кекілбаев шығармалары қазақ әдебиеті оқулықтарына енгізілсе; 4.Жазушының шығармаларындағы адамзаттық құндылықтар қоғамдық тәрбие жұмыстарында насихатталса нұр үстіне нұр болар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.Кекілбаев «Күй» 2 томдық шығармалар жинағы

  2. А.Сейдімбеков. «Күй шежіре» Алматы, «Жазушы», 1992 жыл

  3. Ш.Айтматов «Боранды бекет»

  4. Қазақ әдебиеті. 10-сынып. «Арман-ПВ», 2019 / 59-60-бет/

  5. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/3352

  6. Д.Ысқақұлы “Адам қайткенде адам болып қалады» Мақала https://egemen.kz/

  7. http://lib.tarsu.kz/kaz/images/Kekilbaev.pdf




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!