Материалдар / Ғылыми жұмыс Ә.Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінің "Шыңырау" аталуының сыры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс Ә.Кекілбаевтың "Шыңырау" повесінің "Шыңырау" аталуының сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2024
177
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы Шет ауданы Сәкен жалпы білім беретін мектебі














Тақырыбы:

Әбіш Кекілбаевтың

«Шыңырау» повесінің

«Шыңырау» аталуының сыры



Бағыты: Туған ел






Орындаған: Сағынай Айым Тарғынқызы

Сәкен ЖББ мектебінің 9 –сынып оқушысы

Жетекшісі: Смагул Асем Жарылгапкызы

Сәкен ЖББ мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі








2Shape1 023-2024 оқу жылы



Мазмұны


Аннотация


І Кіріспе

«Шыңырау» - көркем шындықты суреттеген шығарма

ІІ Негізгі бөлім

1. Шыңырау- кең көлемді түсінік

1.1 Шыңырау шырмауығы


ІІІ Қорытынды

«Шыңыраудың» түпсіз шыңырауы
































Аннотация


Бұл жобамда Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесін екі бөлімге бөліп қарастыратын болмаыз. Шығарма екі бөлімнен тұрады.
Алғашқы бөлім, Байсал байға құдық қазып жатқан тұсынан басталады. Автордың әсерлене баяндағанына қарап Еңсептің өз мамандығына қаншалықты төселгенін, шын берілгенін білу қиындық туғызбайды. Осы сөзімнің дәлелі ретінде құдықшының нақты қанша күнде нәтижеге жететінін шамалай алуын қарастырсақ боладыЖалпы шығарманың өзі толығымен астарлау болып табылады. Кейіпкеріміздің жұмысы өте ауыр. Шыңырау қаншалық тереңдеген сайын үрейі соншалық арта түседі. Өз-өзінен үріккіш келеді.

Жазушы Шыңырауды тура мағынасында құдық, ал ауыспалы мағынада, атақ-абырой ретінде қарастырып отыр. Яғни математикалық тәсілге салып түсіндірсек, туынды бір-біріне кері пропорциянал. Шыңыраудың төмендеуі, атақ абыройдың биіктеуі деген сөз.. Автор «Адам бақыт қуған сайын бақыт тан алыстай түседі. Адамның бақытты болғаны сонша, бақыты басында тұрғанда байқамай, бағалай алмай ұшқанда бірақ сезеді», дейді. Яғни бұл бақыты, жастығы мен уақыты екені күмәнсіз. Олардың бақыт шығар деп іздегені, атақ-даңқ ақша, абырой шығар, әйтеуір бақыт емес деген ой түйгізеді. Оқиға желісі мен ары қарай жылжимыз..
Екінші бөлім Бөкенбай бидің тапсырысын орындауға әзірлікпен басталады. Оны жылдам бітіреді. Міне осыдан соң оқиға мүлде басқа арнаға бұрылды. Жаңа ғана Шыңыраудың ауыспалы мағынасы атақ-абырой дедік емес пе?! Шыңырауы тереңдеген сайын, ауызының салымы да үлкейе түсті. Анау-мынаудың қолқалауына жүгіре беретін әдетін қойып, кісімсіп қалды. Осылай жүрген де басқа ауылдан Қалпақ деген құдықшы шықты. Әу баста Еңсептің тәкапарлығы оны өзіне тең көрмеді. Алайда күндер өткен сайын Еңсепке келетіндердің қарасы азайып барып, ақыры үзіліп тынды. Бәрі дерлік Қалпақты жағалайтынды шығарды. . Бір кеште әдетінше жер барлап үйіне келіп еді Байсалды көрді. Елеусіз қалған байқұстың қуанышында шек жоқ. Өшкен үміт қайта жанды. Ұсыныс тасталды. Жұмыс басталды.
Иә, ол өз мақсатына жетті! Ең терең шыңырау сонікі. Басқалары су алғанда да, сарқылмады. Атын да қалдырды. Тек Еңсеп қазған емес, Еңсеп өлген атанып кетті. Кейіпкеріміз бұл жерде нені ұтып, неден ұтылды?..
Яғни атақ-даңққа , байлыққа ұмытылудың өзі осы шыңырау ға ұмтылғандай ұшы қыйыры жоқ қазған сайын қаза бересің, өлгенде бірақ тоқтайсың деген ой тастап кетті.
Байқадыңыздар ма?! Астарында қаншалық парасат, ақыл-ой, жан тебіренісі жатыр. Біз де, сіз де, көбіміз, әдебиет айдынындағы ұлы туындылардың бір сыпырасының ішіне үңіліп, тіпті терезесінен сығалай бермейміз.
Қандай өкінішті...







Кіріспе


Әбіш Кекілбаев... XX ғасырдағы қазақ қауымының, түркі әлемінің заңғар жазушысы, кешегі Мұхтар, Сәбит, Ғабит сияқты алдыңғы толқын ағаларымыздың мұрагерлерінің бірі, бұл күнгі қазақ әдебиетінің туын жықпай ұстаған қаламгерлердің бірі және бірегейі.

Әбіш Кекілбайұлын қазақ әдебиетіндегі бітім-болмысы ерек, тамыр салған топырағы өзгелерден бөлек жазушы етіп танытқан да, алдымен Кеңес Одағы оқырмандарының назарына, одан әрі әлемдік аренаға алып шыққан да аңыз-әңгімелер негізінде туындаған осы “Шыңырау” дер едік. Қандай бір аңыздың болмасын өзегінде тіндей созылып лүпілдеп соғып тұрған шындық жататыны сөзсіз. Бір кездегі белгілі бір шын оқиғаның ауыздан ауызға, елден елге көшіп , ғасырдан ғасыр қуалап, сол ұзақ сапарда жол-жөнекей қырық құбылып, сексен сыланып тұрған талай қиял әлемінің алқасын тағынып, жасауына малынып шыға келгенде, оның туған жері көмескіленіп, шыққан тегі бұлдыр тартып кететіні, бара-бара аңызға айналатыны рас. Әбіш Кекілбайұлы, міне, осы аңыз-әңгімелердің өзегіндегі қан тамырдай лүпілдеп соғып тұрған тіндей шындықты ұстайды да, оны тұмшалап, тұмандандырып тұрған артық элементтерден ажыратып, аршып алады.

Сондай-ақ, көлемі жағынан шап- шағын, ал көтерер мәселесі қара нарды қайыстырардай “Шыңырау” хикаясындағы астарлы, ауқымды ой қандай! Жалпы, Ә. Кекілбайұлы шығармаларының қуаты мен күші астарында жатады. Сондықтан Әбіш туындыларындағы айтылар ой мен көтерілер мәселені астарынан іздеген дұрыс. Амал не, көбіміз-ақ Әбіш шығармаларының сыртқы мәтінін оқимыз да, оның астары мен тереңін оқи бермейміз. Содан барып өз тайыздығымызды көрмей “ауыр жазады” деп авторды орынсыз күстаналап жататынымыз бар. Ал, шынында, Әбіш шығармаларын оқу үшін, оны қорыту үшін біраз дайындық керек. Сонымен бірге оның шығармалары өз оқушыларынан үстірт қызығып оқуды емес, зерттеп үңіліп, таратып-танып оқуды талап етеді. Сонымен “Шыңыраудағы” бейнетқор құдықшы Еңсеп ес біліп, етек жиғалы бері жапан дала, шөлді аймақты мекен еткен елде жер қазып, су шығарып еңбек етті. Талғап жұтар бір тамшы суға зар болып, таңдайы кеуіп отырған елдің мейірін қандыратын талай-талай күмпілдеген шыңыраулар қазып берді. Сол аймақтағы теңдессіз құдықшы атанды. Бірақ оның азап пен бейнетке толы өмірі ескеріліп, еленіп, бағаланды ма? Жоқ. Қайта мазақ пен келекеге айналды. Аяққа басылды. Бірақ сонда да ол өз өмірін құрбан етіп, аса бір жанқияр жанкештілікпен сол өңірде жоқ, ғұмыры сарқылу дегенді білмейтін ең терең шыңырау қазып өз Өнерін асқақ етіп кетті.Сол үшін де аяй отырып, оны мақтан тұтасың! Өйткені оның өзі өлсе де, өнері өлген жоқ. Өнері ертеңге таусылмас қазына, мәңгілік мұра боп қалды.


Негізгі бөлім

Шыңырау- кең көлемді түсінік

Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі «Шыңырау» атауы екі түрлі мағынада қолданылады. Бірі-тура мағынасында, екіншісі-ауыспалы мағынада.

Тура мағынасындағы шыңырау атадан балаға мирас болып қалған кәсіп-құдық қазу.

Шыңырау — Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарыңда ауыз су және мал суаратын су алу үшін қазылатын өте терең құдық. Бұрын көшпенді қазақтар жиі пайдаланған.

Шыңырау құдық жер бетінен бастап 15-20 метр тереңдіктегі құдық. Шыңыраудан су шығару үшін доңғалақ шығыр орнатылады. Ал су тартатын кең ыдыс "қауға" көбінесе түйенің мойнағынан (мойын терісінен) жасайды. Оған шамасы бір тоннадай су сияды. Кейде түйенің, жылқының, сиырдың тұтас терілерінен жасалған қауғаларға одан да мол су сияды. Шығыр арқылы тартылатын қауғаны түйемен тартып шығарып бортастан ойылып жасалған үлкен астауға аударатын болған.

Әбіш Кекілбайұлының құдықшысы Еңсептің қазған құдықтарынан бөлек, образды түрде айтқанда, ең бірінші шыңырауы – оның құдықшы Қараш әулетінен шығуы. Мал бітіп, дәулет қонбаған кедей әулет құдық қазумен ғана күн көріп келген, атадан балаға мұра болып қалып отырған жалғыз жанбағар кәсіп те осы.

Екінші шыңырауы өзін таба алмауы. Қараш әулетінің атакәсібі – құдықшы болуды жан-тәнімен қаламауы. Қаламай тұрса да, жазушы суреттегендей «ашаң, қара торының әдемісі, аттың құлағында ойнайтын, шырқау биік болмағанмен майда қоңыр даусы бар, әнді нәшіне келтіріп, тыңдаушысының құлағын кесіп алардай қып, қылқылдатып, ерекше бір назбен салатын» Еңсептің осы өнерді індете қуып, ізіне түсіп, өмір маңдайына көзотаға ете алмауы.

Үшінші шыңырауы билікқұмарлығы. Ол әуелде осы өңірдің өктем адамы Бигелді болыстай болғысы келеді. Неге десеңіз, болыс «астында көк жона тоқым, күміс бас ер, көк мойнақ арғымақ; қолында – өзегіне күміс құйған, сабына алтын әшекей жүгірткен шашақты төрт өрме қамшы; артында – әр ауылдың пысықайлары. Байға қонып, мырзаға түстеніп, ел аралайды». Мұның бәрі жас Еңсепке жарқын өмірдің белгісіндей болып жалт та жұлт етеді, жанын баурайды.

Бірақ күндердің күнінде Бигелді болыстықтан түсіп қалады. Енді Еңсеп оны болыстықтан түсірген Шоңмұрын биге ұқсағысы келеді.

«Шүңірек көк көзінің шалғайына саулаған ащы терді шынашағымен қағып жіберіп, қайқақ төсіне төгіле құлаған жирен сақалды бір сипап қойып, есіліп сөйлеп отырады. Оның соңында да – айғыр топ қошеметші. Оның да еститіні – тек қолпаш».

Бала Еңсеп «осы бидей болсам, арманым болмас еді» деп тәтті қиялға беріледі.

Сондықтан да ол «ауылдың шетіне оқшау қонып ап, артқы үзігін ескі жабумен жамап, алдыңғы үзігіне алаша сырыған қырық құрау құрым үйдің оң жағына көрік құрып, шыжыған шілдеде сексеуілдің шоғына шыжғырылып отыратын әкесі Құлжандай» болудан зәресі ұшады, жаны азар да безер болады.

Төртінші шыңырауы қошемет пен қолпашқа бой үйретіп алуы. Бұл мінез алғашқы бала күндегі армандарынан қалса керек. Қай жанды болсын қара құрдымына қарай тарта жөнелетін қошемет құрдымы Еңсепті де есен-сау қалдырмайды: «Қошемет-қолпаш атты аяр Еңсепті қара жердің астына талай рет тірідей түсірді. Ол әуелі құдық қазылып біткенде естіген ел-жұрт түгел қуанады екен деп ойлайтын-ды. Бірте-бірте ол ойының қате екеніне көзі жетті. Әр шыңырау біткен сайын алдына мал түссе, артына сөз еретінді шығарды». Бұдан былай Еңсеп кез келген қолқаға қолқ ете қалмайтынды шығарып, қолайына жақпаса, бергенін қомсынса қырсыға қалатын мінез табады. Алдына өтініш айтып келген кісінің атағы мен дәрежесіне, дәулеті мен дабырына, ер-тұрманына қарайтынды шығарған. Әрине бұдан кейін қолқа салушылар да азайып, «Еңсеп құдықты тек байларға ғана қазады» деген сөз де шыға бастайды. 

Бесінші шыңырауы қызғаныш. Еңсеп былайғы жұрттан іргесін бөлек салған соң, қолқалап келген анау-мынау байдың өзінің меселін қайтарған соң, жұрт басқа құдықшы іздей бастайды. Дәл сол тұста қысастық қылғандай Хорезм жақтан Қалпақ деген бір жас жігіт көшіп келеді. Оның ер шабатын, жона тігетін және құдық қазатын өнері де бар болып шығады. Ел енді Еңсепті емес, Қалпақты айта бастайды.

Не керек, «ойбай, әлгі Қалпақ қазып жатқан шыңырау Үстірттің үстіндегі ең терең шыңырау болатын түрі бар. Қазірдің өзінде жүз қадамнан асыпты», «жүз жиырма қадам болыпты», «жүз отыз қадамға жетіпті», «Қалпақтың бабасы әулие кісі болған екен. Содан киелі темір қазық қалыпты. Сол қазықпен жер барласа, су шығатын жерге келгенде алақаны тартып белгі береді екен. Қалпақ судың көзін солай табады екен», «Өз көзімізбен барып көрдік, шыңырау жүз қырық құлаштан асыпты» деген әңгіме ел ішін гулетіп, Еңсептің де қытығына тие бастайды. Кезінде Еңсеп сағын сындырған Сағынай бай «Қалпаққа шыңырау қазған ақысына түйеге бастатып жүз елу тұяқ атапты» деген сөз бәрінің шегі болды.

Шыдамаған Еңсеп, іздеп барып Қалпақтың құдығын өзі көреді. Шынында ел айтқандай болып шығады. Еңсеп қайтқанда оған Қалпақ мүсіркей қарағандай, қолтығынан демегені аяушылық жасағандай болып сезіледі.

Алтыншы шыңырауы даңққұмарлығы. Әлгі құдықты ел қазірдің өзінде «Қалпақ қазған» атап жүреді. Ал осы уақытқа дейін қанша құдық қазса да, Дәржан ағасы қазған құдықтар да «пәлен бай қаздырған», «түген болыс қаздырған құдық» аталып келгені Еңсептің еңсесін одан әрі баса түседі. Сондықтан да ол Қалпақтың құдығынан да терең шыңырау қазуға бел байлайды. Осы тұста Байсал байдың қолқа салуы да дөп келе қалғанын қарасаңызшы. Үстірттің үстіндегі ең терең, ең суы мол құдық қазуға кірісіп те кетеді.

Жетінші шыңырауы үрейі. Ол әкесі Құлжанның сырқатқа душар болып, өз өңешіне өзі қамшы тығып, сонда да дертінен айыға алмай жантәсілім еткенін бала күнінде көрді. Ағасы Дәржанның құдық қазып, құм астына көміліп өлгенін көрді. «Құдықшының жалғыз серігі – үрей. Құдықшы неғұрлым көпті көріп, жер ортасына жақындаған сайын солғұрлым күдікшіл, неғұрлым құдықтың түбіне жақындаған сайын солғұрлым үрейшіл болыңқырайтын секілді» деп автордың өзі атап өткендей, Еңсеп ең соңғы құдығын қазып жатқанда, осы үрейдің құрбаны болды. Бір ғана үрейдің емес, біз санамалап өткен өз бойындағы жеті шыңыраудың құрбанына айналды.

Ал, кейбір болжамдарда «Шыңырау» сөзі- шың және орау деген мағынаны білдіреді делінген. Шынында, Еңсепті атақ-даңқтың шырмауығы өзіне орап алғандай, ақыр аяғында сол орудан шыға алмай өзі қазған шыңырауына көміліп өлді. Еңсеп бейнесі арқылы автор қалың оқырманға ой салып отыр.Біржағынан өнердің шегі жоқ екенін көрсетсе, екінші жағынан адамгершіліктен аспай, көзіңді байлықтың, мансаптың шелі басып кетпесін, дер кезінде тоқтай біл дегенді ескертеді. Өзің шыға алмайтын шыңырауға түсіп кетпей,барыңа қанағат ете біл дегенді оқырманға анық жеткізе білген. Қанағатсыздық-өзіне көр қазушы адам.



Ал, басқа ақын-жазушыларымыз шыңырау сөзін қалай қолданған , оны да өзге ақындардың шығармаларынан іздеп көрдім.

Мысалы, А. Кемелбаеваның:

Махаббаттың шыңырауы ,парқы- мұң! 

Мұңдылықпен өтіп жатыр әр күнім. 

Бүгін..тағы жүрегімді жылатсаң ,

 ..Сен күнәға батпайсың ғой алтыным!- яғни, бұл жердегі шыңырау, ғашықтықтың өртіне күйіп-жанып жүрген кейіпкеріміздің махаббат шыңырауы.

Келесі:

Егер Алла мені бұл кеселден құтқармаса, шүкірсіздік шыңырауынан

шыға алмай, өмір бойы қор болып өтер ме едім?.. («Әйел-ана» шығармасынан

Тағы бір мысал келтіре кетейін, М. Мақатаев өлеңінде:

Селдеткенде, екі өзен тасығанда,
Тал қармаймын, жағаға асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп, .

Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?!-бұл жерде ағамыздың өмірдің қиындықтарымен күресіп жүрген шағындағы қиындық шыңырауына ұшырауы .

Өздеріңіз оқып отырғандай, шыңырау сөзінің мағынасы тереңде. Әбіш атамызда осы шыңырауды астарлап жеткізіп тамаша жаза білген. Бұндай шеберлік тек жазушының жазушысының ғана қолынан келетіндігіне тағы бір көз жеткізгендей болдық.

Бүгінде халық шырмауықтай оралып жүрген бүгінгінің шыңырауы не? Осы жағынан да біраз ой қозғасам деп едім. Бүгінгінің шыңырауы-кредит. Алған сайын алып, батқан сайын батып сол түпсіз терең шыңыраудан шыға алмай жүрген қаншама жерлестеріміз бар. Статистикаға сүйенсек,


Бұл мәліметте Қазақстандықтардың банктерге берешек қарызы жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын аңғаруға болады, халық осы шыңыраудан шыға алмай қарызға белшесінен батып жүр. Иә, бәріміз де түптеп келгенде Еңсеппіз, көрпемізге қарап көсілмей, біреуден асып той жасаймын деп кредиттің шыңырауына түсіп кетіп жатамыз. Тағы сол бақталастық, атақ-даңқ дейміз. Жаңалықтар көзін ашып қалсаңыз күнде осындай аұпараттарңа тап болып жатамыз:

Қазақстандағы өзекті жаңалықтар

uaqyt.info›articles/qogam-kelbeti-kreditke-batqan

Басты жаңалықтар. Оқиға. Қоғам келбеті: Кредитке батқан әйел өзін өлтірмек болды. 

Немесе, Несиесін төлей алмай ағзаларын сатпақшы БҮЙРЕГІМДІ САТАМЫН

Қарызға батқан тағы 40 азамат кредитті өтеуге қажетті ақшаны табу үшін түрлі қылмыс жасады

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. 2023 жылы тағысын тағы....

Дәл осындай ақпараттар баспа беттерінде өріп жүр. Халық бұл несие шыңырауынан қашан құтылады, қашан шығады ол жағы бәймәлім...

Қорыта келгенде, Әбіш Кекілбаев ағамыз бұл шығарманың атауының өзінен-ақ қалың оқырманға үлкен ой салып отыр. «Шыңырау» сөзін тура және ауыспалы мағынасында да жазып адам өзі шыға алмайтын шыңырауға түспей, барына қанағат етуге, дүние-байлықтың, атақ-даңқтың құрбаны болмай , қарапайым адам келбетімен қалу керектігін айтқан.

Сонымен қатар, өнердің де шегі жоқ екендігін дәлелдей алған шығарма.

Шыңырауда да шындық бар.

Нәтижесінде:

Елге жасаған қызметіңді көпсінбе

Елдің бойындағы талантты азсынба

Пайғамбарымыз: «Көре алмаушылық-жақсы қызметкерді пішенге түскен от жалындай жайпап жібереді»

Қанағат-қарын тойғызар...


Атақ қуған пәлеге жолығады.


Құр атақ қуған ер өз түбіне жетеді.-деген қазағымның мақал-мәтелдерімен түйіндегім келеді.

Шыңыраудың түпсіз шыңырауына түсіп қалмайық, достарым.


Менің ұсынысым: 1. Ә.Кекілбаевтың осындай жас ұрпаққа тәлім берер

тамаша шығармалары мектеп оқулықтарына енгізілсе;




Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесі

2.Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989.



3. Кекілбаев Ә. Дәстүр мен дәуір  // Жұлдыз, № 3, 1963.

4.Ә.Кекілбаев. //Егемен Қазақстан. 1993, 16 қазан.

5.Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. - 7 бет















9


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!