Материалдар / Ғылыми жұмыс Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
308
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация

Ғылыми жұмыста қазақ халқының тарихындағы кеңес дәуірінен бергі жазу үлгісінің өзгерістері мен оны қабылдаудың өзіндік қарама-қайшылықтары туралы таныстырады.

Латын әліпбиі жөнінде сөз еткен арнайы толық зерттеу жоқ. Ғылыми жұмыста латын әліпбиі мен қазақ әліпбиіндегі ұқсас дыбыстардың ерекшеліктері анықталып, оларды ажыратудың тиімді жолдары қарастырылған. Қоғамымызда қозғалып жатқан ең өзекті мәселелердің бірі-латын әліпбиіне көшу идеясының жүзеге асуына, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға және қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың рухани жаңғыруына апаратын жолдарды зерттеген.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Қазіргі таңда латын әліпбиін енгізудің тиімді жақтары қандай?Қоғамда қандай пікір қалыптасуда? Осындай оқырманның көкейінде жүрген сан алуан сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік туғызған. Оқушы зерттеуді қажет ететін тақырыпты ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, өзектілігі мен маңыздылығына баса назар аударта білген. Ғылыми жұмыстың өзектілігін ескерсек, нәтижесі де зор болмақ.


Аннотация

В научной работе расскажет об изменениях модели письменности в истории казахского народа с советского периода и специфических противоречиях ее восприятия.

Нет специальных детальных исследований, о которых речь шла о латинском алфавите. В научной работе определены особенности аналоговых звуков латинского алфавита и казахского алфавита, предусмотрены эффективные пути их разделения. Одной из актуальных проблем, затрагиваемых в нашем обществе, является реализация идеи перехода на латинский алфавит, интеграция с тюркским и глобальным миром и изучение путей, ведущих к духовному возрождению национального сознания.

Поэтому было отмечено, что совсем скоро Казахстанская страна переходит на латиницу. А что нужно сделать для беспрепятственного достижения этой цели? Каковы эффективные стороны внедрения латинского алфавита на сегодняшний день? Какое мнение складывается в обществе? Это позволило читателю получить ответы на все интересующие вопросы. Ученик научно разносторонне изучил тему, требующую исследования, акцентировал внимание на актуальности и значимости. С учетом актуальности научной работы, результаты будут достигнуты.





Annotation

       In his scientific work he will tell about the changes in the model of writing in the history of the Kazakh people from the Soviet period and the specific contradictions of its perception.

     There are no special detailed studies about which it was a question of the Latin alphabet. The scientific work identifies the features of the analog sounds of the Latin alphabet and the Kazakh alphabet, and provides effective ways to separate them. One of the urgent problems touched on in our society is the implementation of the idea of ​​transition to the Latin alphabet, integration with the Turkic and global world and the study of ways leading to the spiritual revival of national consciousness.

Therefore, it was noted that very soon the Kazakhstani country switches to the Latin alphabet. And what should be done to achieve this goal unhindered? What are the effective sides of the introduction of the Latin alphabet today? What is your opinion in society? This allowed the reader to get answers to all questions of interest. The student scientifically studied the topic requiring research, focused on relevance and relevance. Given the relevance of scientific work, the results will be achieved.




























Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................................

1. Қазақ жазуының тарихы мен латын әліппесі .........................................................

1.1 Қазақ жазуының тарихи даму жолы мен латын қарпінің қолданылуы…………

1.2 А.Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі...................................

2. Латын әліппесіндегі ерекшеліктер…………………………………………………

2.1 Дыбыстардың жазылу тарихнамасы, принциптері................................................

2.2 Латын әліпбиін енгізудің маңыздылығы................................................................

3. Латын әліпбиі жайындағы қоғамдық ой-пікірлер.................................................

Қорытынды .....................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................

Қосымшалар ...................................................................................................................
































Кіріспе

Кез-келген халықтың жеке өзіндік ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады.Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әліпбиіндегі өзгеріс «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбы болып отыр.

Баршамызға белгілі, Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. «Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын қарпін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза қалпының сақталуына мүмкіндік береді,балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын. Олар: қазіргі технологиялық ор­та­ның, қазіргі дүниежүзіндегі коммуника­ция­ның, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің ерек­шеліктері деп жазды. Айтқандай, латын гра­фикасының технологиялық аспектіде, бі­лім мен ғылым саласында, мәдени индуст­рия­да жаппай басымдығына қазіргі таңда еш­кім күмән келтірмейді. Қазір латын жазуы жал­ғыз христиан дінінің католиктік дәс­түрі­мен, жалпы Батыс өркениетімен ғана бай­ла­нысты емес, әлем елдері оны прогресс пен іл­гері дамудың шарты деп бағалайды. Қазіргі таңдағы латын қарпіне көшу ол заман талабы болғандықтан, ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Латын қарпі мен қазақ әліпбиіндегі ұқсас дыбыстардың фонетикалық және лексикалық ерекшеліктерін анықтау, оларды ажыратудың тиімді жолдарын үйрету. Латын әліпбиіне көшу идеясының жүзеге асуына, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың рухани жаңғыруына апаратын жолдарды зерттеу.

Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

-қазақ жазуының тарихы мен латын қарпінің қолданылуын зерттеу;

-ұқсас дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктерін анықтау,

-А.Байтұрсыновтың еңбектерін қарастырып, пікірлерін зерттеу,

-латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын анықтау;

-латын қарпіне көшудегі қоғамдық пікірді саралау.

Зерттеудің өзектілігі:кез-келген халықтың ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында жазу мен емленің айрықша орын алатыны белгілі. Жазу таңбаларының өзгеру тарихы , яғни қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі рухани жаңғыруда өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.

ХХ ғасырдың 1924-1928 жылдар аралығында араб әріпінің ауысуына ықпал еткен кеңес өкіметінің саясатына қарсы Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылар тобы арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.


1940 жылы кириллицаға ауысу ісі ешқандай халық ішінде талқыланбастан кеңес өкіметінің бұйрығымен болған. Бұл шешімнің «орыстандыру» саясаты негізінде жасалғанына көз жеткізу.

1940 жылғы кириллица әрпіне ауысудағы кеңес өкіметінің шешімдеріндегі саясатының мақсатын және қазіргі уақыттағы туындап отырған мәселелерін анықтау.Латын қарпіне көшудің баспалар мен ақпарат құралдарына әсері.

Зерттеудің жаңашылдығы: А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларының пікірлері мен дәлелдерін, төл әліпбиді сақтап қалу барысында жүзеге асырған іс-шаралары туралы әлі күнге дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақ зиялыларының екі түрлі позиция ұстануы, латын әрпін ендіру саясатының бастау алуы және Алаш зиялыларының араб әліпбиінің артықшылықтарын дәлелдеу себептері, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен латын алфавитінің қажеттілігі дәрежесін айқындау мәселелері толық зерттелмеген. Осы мәселенің көлеңке тұстарын анықтау және идеологиялық ұстанымдарды зерттеу мәселенің өзектілігі.

Араб әрпінен латын әрпіне көшуде Ахмет Байтұрсыновтың алфавитті өзгертуге қарсы пікірлерін қарастырып және кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл жүйенің «орыстандыру» саясаты екенін дәлелдеу.Латын қарпіне көшудің қазіргі заман талабы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің нысаны:Зерттеу барысында Қостанай қаласының орталығындағы кітапханалардан мұрағаттық материалдар, кітапхананың қорындағы басқа да мерзімді басылымдардың тігінділері қаралып, А.Байтұрсыновтың ғылыми-зерттеу еңбектері, қазақ қаламгерлерінің шығармалары кеңінен пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық мәні: Латын білім, ғылым және өндірісті ұштастырған тіл. Латын қарпіне көшу - заман талабы. Кез-келген инновациялық технология, компьютер, смартфон мен гаджеттердің бастапқы программалары латын қарпімен жазылатынын дәлел ете отырып латын қарпіне көшудің тиімділігін айқындау.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Жалпы жұмыс үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың мақсаттары мен міндеттері, зерттеу жұмысының жаңалығы мен өзектілігі туралы айтылады.

Динара зерттеу жұмысының 1-бөлімінде қазақ әліпбиінің даму, қалыптасу кезеңдерін анықтайды. Дыбыстардың жазылу тарихнамасы мен принциптеріне тоқталады. А.Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесін айғақтайды.

2-бөлімінде латын әліпбиін енгізудің маңыздылығықарастырылып, тиімді жақтарын ашып көрсеткен.

Қорытынды бөлімінде жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша латын әліпбиі жайындағы қоғамдық ой-пікірлер сараланады.

1.Қазақ жазуыныңтарихы мен латын әліппесі.

1.1 Қазақ жазуының тарихи даму жолы мен латын қарпінің қолданылуы.

Қазақ жазуы өз тарихында 5түрлі әліпбиді басынан өткерген:
1. Көне түркі әліпбиі. (V – VIII ғғ) Орхон, Енисей, Талас өзендерінің бойынан, Есік қаласының маңынан табылған ескерткіштердің тілі
2. Ескі араб жазуы (VIII – ХХ ғғ)
3. Араб графикасына негізделген реформаланған қазақ жазуы

(1912 -1929жж)
4. Латын әліпбиі (1929 - 1940жж)
5. Орыс әліпбиі (кириллица. 1940ж. бастап осы күнге дейін)

Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7 - 9 ғасырлар аралығында таралған. Әл – Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып - өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. “Қадым” деп аталған бұл жазу арқылы қазақ тіл дыбыстарын толық жеткізу мүмкін болмады.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.[6;205]

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. [4;1]

Қазақ халқы сонау XVIII ғасырдың басынан бері Ресей патшалығы қол астына кіргеннен бастап білім беру , ағарту саласында үздіксіз өзгерістерді «орыстандыру» саясатының барысында толып жатқан қиыншылықтарды бастан кешті. Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылы араб жазуының латын жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған шешімі еді.Осының негізінде латын әліпбиі жасалды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған.

1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде бекітілген араб жазуының тағдырын кеңестіктер шешіп те қойған еді. Бірақ жаңа құрылған кеңес өкіметі түркі халқының жазуын бірден орыс жазуына ауыстыруға сақтықпен қарады. Сөйтіп алдымен латын әліпбиінің қажеттігін дәлелдейтін желеулер ойлап тапты.

Араб жазуына «дінге жақын» деген айдар тағылып, күшпен өзгертілді. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында Бүкілодақтық І түріктанушылардың Съезі шақырылып, күн тәртібіндегі негізгі мәселе – түркі тілдес халықтардың жазуы және оның латын әліпбиіне көшірілуі болды. Съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұлов сынды мемлекет қайраткерлері қатысты. [1-164] Бұл жиын ғалымдардың екіге бөлінген таласымен өтті.Осыған байланысты сол жиынға қатысып сол уақыттың ағымына қарай латын тіліне ауысудың қиындықтары туралы Ахмет Байтұрсынов өз пікірін ашық айтқан. Оны қолдаған адамдарға «дін таратушы» деген айыптар тағылған.

«Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жиынтығы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы» [3-325]

Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу біраз уақыт талқыланған, бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған.

Араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу барысында А.Байтұрсыновтың пікірі қандай болды?Әріп ауыстыру деген жеңіл мәселе емес. Бұл ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мәселе екендігін еске алып отырып шешетін нәрсе. Үстін қарап, ат үстінен айтқандай сөзбен жеңіл шеше қоятын мәселе емес. Салақ қарауға болмайтын салмақты мәселе.

Араб әріпін латын әрпіне алмастыру мәселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Сол терең тексеру арқасында екі әріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаты көзге түсті.

Екі әріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері мыналар болуға тиіс:

1 – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?

2 – қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?

3 – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?

4 – қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы да сонда)?

5 – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?

6 – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? [3-327]

Осы талаптарды алға тарта отырып Ахмет Байтұрыновұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Өйткені мұнда халқымыздың тіліне орыстану саясатының қаупі төніп тұрды. Сол кезде түркі жұртының 90% араб әрпін пайдаланған. Қалыптасып қалған жазу арқылы мәдениеті дамып хат танып отырған халыққа бір дегеннен әріп ауыстыру оңай мәселе емес еді. Латын әліпбиінде әріп ұлылы1-кішіліболып, екі-екіден келеді. Латын жүйелі әріптер баспаға әбден икемделген, ол икемделуі Европа жұрттарының өздеріне даяр болғанымен, бізге даяр емес. Түрік жұрттары олардың даяр тұрғандарын сол күйінде алып пайдалана алмайды. Ең кем болғанда 25-30% өзгертіліп алынады. [3-333]

Сол жылдардағы латын әрпіне көшудің қиындықтары туралы пікірін айтқанда Ахмет Байтұрсынов бірінші болып латынша әріпке ауысқан әзербайжандықтардың жағдайына тоқталған. Әзербайжандарда латын әріпін жазатын жазу машинасының болмағандығы, оны 5-6 айдан соң жасатып алдыртқанда онымен жұмыс істейтін адамның болмағаны туралы айтады. «Көптен келе жатқан латыншылары бар, жетілген кент мәдениеті бар, өнерлі кәсібі бар әзербайжандар әліпби бастыруға сонша әурешілік шексе, басқа түріктер, әсіресе біздің қазақ сияқтылары оп-оңай дайын қып ала алмас» деген. [3-333] Иә, бұл сонау ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің экономикасы да, әлеуметтік жағдайы да көтере алмайтын еді.

Бірақ соған қарамастан кеңес өкіметі латын жазуына күшпен ауыстырған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.

1940 жылы латын жазуының кириллицаға ауысуы кеңес өкіметінің негізгі саясатының көрінісі болды.

1940 жылы Кеңес үкіметі Балтық жағалауындағы елдер мен грузин, армян жазуларынан басқа халықтардың барлығының жазуын кириллицамен алмастыру шешімін қабылдады.

1940 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің V сессиясы «Қазақ жазуын латындықтан орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке ауыстыру туралы» заң қабылдады. Қазақ тілінің жаңа алфавиті кириллица негізінде құрылды, ол үшін орыс алфавитінің 32 әрпіне 9 ерекше әріптер қосылды (ә, ө, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, һ).

Бұл саясат – біріншіден, түбі бір түркі тектес халықтарды бір-бірінен алшақтау, тарихынан қол үздіру болса, екіншіден, олардың өскелең ұрпақтарын «орыстандыру» пиғылында жатты. Осылайша қайта-қайта өзгерген жазу үлгісі аз уақыт ішінде халқымыздың сауат ашуы тілдің дамуына, әдебиетіміздің көркеюіне кері ықпал етті. Әсіресе, орыс графикасына көшу барысында жасалған қысым қазақ тілінің үндестік заңы арқылы тіл бұзылуына, дұрыс сөйлеу мен жазу емлесіндегі қайшылықтарға әкеп тіреді. Біздің ана тіліміз өзге туыстас тілдерге ұқсамайтын үндестік заңына бағынады. Амал не, тіліміздің де, грамматикамыздың да орыстануына шеттен келген кірме сөздер, әсіресе орыс тілі және сол арқылы үндіевропа тілдерінен енген сөздер үндестік заңына бағынбасын деген солақай саясаттың ықпалы әсер етті. [2-164]

Араб графикасынан латынға одан кириллицаға ауыстыру нәтижесінде халқымыз ғасырлар бойы ұлттық рухани мәдениетті қалыптастырған журнал, газет ғылыми еңбектер шығарған, тарихи материалдар байлығын жинаған өз жазуларынан кішкене уақыт аралығында айырылып қалды.

Бұл жағдай жер-жерде ұлттық мектептердің жабылуы, жаппай орыс тіліндегі мектептердің көбеюі, жоғары оқу орындары мен мектептерден қазақ тілін алып тастауға дейін әкелді. Оған дәлел ай аттарын орыс тілінде айтып, орыс тілінде жаздық, қаңтар айын январь, кеңес сөзін совет, т.б. сонымен бірге жер-су аттарыда өз ұлттық атауын жоғалтқан еді Алматы – Алма-Ата, Семей – Семипалатинск деген сияқты атаулармен аталды.

Осы кезде ана тіліне араша түсер азаматтар да табылды. 1944 жылы наурыз айында жазушы Ғ.Мүсірепов үкімет басшыларына хат жазып, оқулықтар мен қазақ тіліндегі кітаптардың тіліне сын айта келіп, былай деп жазды:

1) Газет тілі аударма тілге айналып кетті; қазақ сөзінен құрылған сөйлемдердің өзі орысша құралады. Термин емес сөздер де орысша алынады.

2) Қазақ тіліне орыс тілінің заңын бұлжытпай ала саламыз: шетел (шет ел)

3) Мектептерде қазақ тілі – мемлекет тілі есебінде қатты жолға қойылғаны жөн;

4) Республикалық наркоматтар елмен қазақ тілінде сөйлеспейді; егін сал, мал өсір дегенді қазақ тілінде айтуға болмай ма? [2-166]

Ол кезде мұндай ұсыныстар жазған адамдардың талап тілектері Компартияның саясатын қарсы деп көрсетіліп, жауапсыз қалдырылған. Тіпті қуғын-сүргінге ұшыратып, партия мүшелеріне қатаң сөгістер берілген.

Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі– тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.

Ал атақты авар Расул Ғамзатов «Тілің ертең жоғалады десе, бүгін мен өлуге әзірмін», деп ана тілінің ұлт өмірінің тұтқасы екенін көрсетеді. Ұлттың ұлт екенін көрсететін 3 нәрсесі – ол тілі, жері, халқы. Халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын, тіліміздің тазалығын сақтау үшін күресіп келе жатқан халықпыз одан айырылсақ ұлт болудан қаламыз. «Тілінен айырылған ұлт – ұлт болып мәңгі жасай алмайды» деген М. Жұмабаев.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!