Материалдар / Ғылыми жұмыс "Махамбет пен жыраулар поэзиясындағы үндестік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс "Махамбет пен жыраулар поэзиясындағы үндестік

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет пен жыраулар поэзиясындағы ұқсастықтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2024
114
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Cұраныс.





Оқушы: Сатыбалды Даулет. 10-сынып оқушысы.

Жетекшісі. Смагул Асем Жарылгапкызы.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Қарағанды облысы, Шет ауданы,Өспен ауылы.

Сәкен жалпы орта білім беру мектебі. КММ.

Ғылыми жұмыс. «Жылдың жүз үздік ғылыми жұмысы»

Қазақ әдебиеті секциясы.

Тел: 87759222031, asem.1976smagul@mail.ru





























Тақырыбы: «Махамбет пен Жыраулар поэзиясындағы

ұқсастықтардың көптігі»





Орындаушы: Сәкен жалпы орта білім беру мектебінің

10-сынып оқушысы Сатыбалды Даулет

Ғылыми жетекші: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Смагул Асем Жарылгапкызы

Сәкен жалпы орта білім беру мектебі







Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында Махамбет ақын мен Жыраулар поэзиясының өлеңдеріндегі үндестік туралы сөз қозғалады. Оқушы екі кезеңнің ақындарының өлеңдерінен рухани ұқсастық табады. Өлеңдерінің поэтикалық тіліне, композициялық құрылымына, көркемдік ерекшелігіне басты назар аударылады.

















Жұмыстың мақсаты:

1.Көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту,зерттеу жұмысына машықтану.

2.Өнерге, жаңалыққа деген құштарды ояту, талабына жол сілтеу.

3. Өзіндік талғамын дамыту,ойлау дағдысын жетілдіру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Өлең немесе көркем туындыдағы негізгі ойды түсінуге, ой қорытуға, еркін ойлауға, туынды арқылы өзін тануға жетелеу.

  2. Өркениетті қоғамның өнегелі тұлғасын тәрбиелеуге бағыттау.



Күтілетін нәтиже:

Көркем шығармаларды терең талдай білер әдеби сауаттылық; шығармалардың ерекшелігін, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми ізденімпаздық; эстетикалық талғамы жоғары құзіретті тұлға; зерттеушілік қабілетін ояту; ғылыми жұмысқа баулу.





























Жоспар.



І. Кіріспе

« От ауызды, орақ тілді ақын»



ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жаныма жақын жырлары

  2. Күмбір, күмбі кісінетіп......

  3. Өлең құрылысының ұқсастығы.

  4. Жырау мен ақын ерекшелігі.

ІІІ. Қорытынды

« Жақсының аты өлсе де, хаты өлмейді.»























Жалпы , әдебиет сабағы қай оқушының болмасын асыға күтетін сабағы.Бүгінгі сабақта қай ақынның ,жазушының көркем шығармасын немесе отты жырларын өтеді екенбіз деп асыға күтетін едім.Әр адамның жанына жақын, өзі жақсы көретін ақыны немесе жазушысы болады. Бала кезімнен менің сүйіп жаттаған өлеңдерім-Махамбет жырлары еді, оның жүрекке намыс, бойға сенім беретін рухты жырлары менің жаныма жақын болды. Махамбет десе менің көз алдыма нағыз ержүрек қазақ батырының бейнесі келуші еді. Оның қай өлеңін оқысам да ердің намысын қайрайтын өткірлікті сезетінмін. Сондықтан болар ақынның біраз өлеңдерін жатқа жаттап алдым. Тіпті, аудандық «Махамбет оқуларына» қатысып жүлделі орынға ие болдым. Бір қызығы, «Жыраулар поэзисын» өткен кезде Махамбет жырларымен көп ұқсастығын аңғардым. Өзім сүйіп оқитын, жаныма жырларымен жақын ақынның әр өлеңінің сөзі менің жадымда сақталған. Сондықтан болар әр жырауды өткен кезде , олардың жырларымен танысқан кезде мені қайран қалдырған жерлері көп болды. Осы ойымды ұстазыма айтып едім, ол кісі ендеше екеуміз осы үндестіктерді салыстырып біраз жұмыс жасасақ қайтеді деп ұсыныс білдірді. Бүгінгі менің жұмысымның тақырыбы да сол зерттеуден шыққан нәтиже. Осы тақырыпқа асқан қызығушылықпен қарадым. Санамда қалықтап бірнеше сауалдар тұра қалды.

1.Неге Махамбет ақынға қазақ әдебитіндегі «Жыраулар поэзиясы» деген кезеңнен ойып тұрып орын бермеске? (менің пікірім)

2. Махамбет ақын мен жыраулар жырларындағы үндестік неге көп?

3. Бұл тарих қателігі ме , әлде заман ағымының суреттері ме?

Міне, осы сауалдарға мен өзімнің дәлелдерім арқылы жеткім келді.

Қызық, осы бір ұқсастықтардың өзі біздің санамызда екі ұшты ойларды туындататын мәселе болып тұрған сияқты. Қазір жаңартылған оқу бағдарламасы аясында интербелсенді әдістер арқылы жұмыс барысында осындай олқылықтарды көп кездестіріп жатамыз .Үйге тапсырма берілгенде венндиаграмма әдісіне салғанда өзге ақындар өлеңімен салыстырған кезде осындай мәселелер шығып жатады. Тіпті таң қалдырарлық жайт. Кейде осындай сұрақтардың жаубын алу үшін ұстазымнан көмек сұрағанда ол кісі көңіл жұбатарлықтай жауап бере алмай жатады. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айқындайтын бұл заманда осындай олқылықтар жіберіп жатсақ өзімізге де үлкен сын болар еді.

Енді осы ойларымның дәлелі ретінде мен сіздерге бірнеше мысалдар келтіре кетейін.

Алдымен, Махамбет пен жыраулардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталып өтсем. Мысалға, Қазтуған жыраудың «Белгілі биік көк сеңгір» жырында:




Қазтуған жырау «Белгілі биік көк сеңгір» жыры


Махамбет ақын «Арғымақтың баласы»

Арғымақтың баласы,

Арыған сайын тың жортар.

Арқамнан қосым қалар деп,

Құйрығын күн шалмаған

балығым,

Ортамнан ойран салар деп,

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп.



Арғымақтың баласы,

Арығанын білдірмес,

Арқамнан қосым қалар деп,

Ағыны күшті ақ дария

Қаһарланып толқиды,

Қанатын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп.

Балағы түкті қоңыр қаз

Баттауыққа тоя оттамас,

Сұңқарлар үлгі алар деп.




Асты сызылған сөздерге назар аударып қарасаңыздар тіпті екі ақынның сөздері қайталанып жатқан сияқты. Қазақтың «Бес ғасыр жырлайды» кітабын оқысаңыз бұндай қателіктер көп кездеседі.



Немесе, Доспамбет жыраудың «Айдаметке оқ тиді» жырында:

Арғымаққа оқ тиді

Қыл майқанның түбінен,

Айдаметке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан,

Зырлап аққан қара қан,

Тыйылмайды жонның уақ тамырдан,

Жағдайсыз жаман қалып барамын,

Жанымда бір туғанның жоғынан.



Ал, Махамбет ақында:

Арғымаққа оқ тиді,

Қыл мықынның түбінен.

Ер жігітке оқ тиді,

Ауыз омыртқаның түбінен,

Жантайып жатып көп іштім,

Жаздықтың шалшық көлінен.

Қайтейін енді, дүние –ай,

Жағдайсыз кетіп барамын

Қасымда көмектің кемінен.

Екі жыраудың өлеңдеріндегі айтылған ой , мазмұн Махамбеттің өлеңдерімен бір, тіпті сөздерінде де ұқсастық көп.





Ақтамберді жырау «Күлдір де, күлдір кісінетіп»

Махамбет «Күн қайда?»

Күлдір де күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз?!

Шығыршағы торғай көз,

Сауыт киер ме екеміз?!

Қоңыраулы найза қолға алып,

Қол төңкерер ме екеміз?!

Тобылғы түбі құралай,

Бытыратып атар ма екеміз?!

Ел жазылып жайлауда,

Жақсылар кеңес құрғанда,

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екеміз?!


Күмбір-күмбір кісінетіп,

Күреңді мінер күн қайда?

Күдеріден бау тағып,

Сауыт киер күн қайда?

Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда?

Толғамалы ақ мылтық,

Толғап ұстар күн қайда?

Еділдің бойын ен жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Қымыз ішер күн қайда?






Қызық екі ақын да да айтылған ой біреу. Тіпті ауданнан олимпиада тапсырмасы келгенде мен шатасып Махамбеттің өлеңі деп жазып едім. Бірақ Ақтамберді жыраудың толғауы дұрыс жауап болып келді. Ақтамбердінің осы өлеңінің 2- бөлімінде:

Өзенге бие байлатып,

Төскейге орда орнатып,

Төрткілдеп ошақ қаздырып,

Сауық құрар ма екеміз

Түйедегі наршасын,

Әлпештеген ханшасын

Ат артына мінгізіп,

Тегін бір олжа қылар ма екеміз.

Асқар тауды жайласам,

Желілеп бие байласам.

Ал, Махамбеттің «Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі» деген өлеңінде:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

мал толтырсам деп едім,

Тақта отырған хандардың,

Төрде отырған ханшасын,

Қатын етсем деп едім.

Осы екі өлеңнің сөздері ұқсас болмаса да, тақырыбы , идеясы жағынан үндестік байқалады.





Немесе, Махамбеттің «Желп-желп еткен ала ту» өлеңінде:

Арғымақ туған асылды,

Баптап мінер күн қайда?

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?

Ал, Ақтамберді жырауда:

Арғымақтай шұбарды,

Таңдап мінер ме екеміз,

Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екеміз?

Мен бұл ұқсастықтардан жырауларды немесе Махамбает ақынды даттаудан аулақпын. Оған менің өрем де жетпейді. Тек қана көкейімде, жүрегімнің бір түкпірінде «неге бұлай?» деген сауалдар мазалап қалып қойды. Бәлкім, сол кездегі заман ағымы бір болғандықтан шығар деген ойға қалдым.

Жалпы әдебиетте ақын-жазушылар шығармаларында ұқсастықтар өте көп. Мысалға, 5-сыныптың әдебиетінде «Дүниеде не өлмейді» деген нақыл өлең Жиренше шешендікі деп берілсе, 9-сыныптың қазақ әдебиетінде Бұқар жыраудікі деп берілген.

Жыраулық дәстүрдің бір белгісі –толғау. А.Байтұрсынұлы: «Толғау-қысқасын айтқанда,іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі».-деп көрсеткен. Жырау толғау айта отырып, хақының келешек тағдыры,заман,жер, рухани байлық туралы ой толғаған. М.О.Әуезов: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан бөлек өз жанры бар. Оның сөз үлгісі-толғау. Жыраудың мақсаты-«не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады»,-деген еді. Ендеше Махамбеттің де өлеңдерінің көбі толғау түрінде жазылған. Оның жырлаған тақырыбы да біреу-заман, жорық жырлары. Жыраулар сияқты көп өлеңдері де ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздерден тұрады. Мысалы: «Атадан туған аруақты ер», «Айдан ару нәрсе жоқ» т.б. Міне, осы жағынан да үндесіп жатқан жоқ па? Тіпті, жыраулар бір ханның тұсында өмір сүріп, толғауларының көбін соларға арнаса, Махамбеттің де көп жырлары Жәңгір ханға арналмап па еді. Өлеңдерінің көркемдік ерекшелігіне де келетін болсақ, бұл жағынан да үндестік бар. Мысалы:

Махамбетте: Қазтуған жырауда:

Тағыдай таңдап су ішкен, Жабағылы жас тайлақ,

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген, Жардай атан болған жер

Тағы сынды мырза едік, Жатып қалған бір тоқты

Тағы да келдік тар жерге Жайылып мың қой болған жер

Таңдансақ тағы болар ма Жарлысы мен байы тең

Тәңірің салған бұл іске?! Жары менен сайы тең.

Жырларының сарыны да ұқсас. Жырауларда да, Махамбетте де бір дыбыстан басталатын толғаулар өте көп. Яғни, асонанс, аллитерация көп өлеңдерінде кездеседі. Ендеше Махамбеттей асыл ер, ардақты азаматты неге «жырау» деп айтпасқа?! Ғасырлары да келеді.

Қазақ әдебиетінде «Жыраулар поэзиясы» деген үлкен бір кезеңді алып отырған асыл мұрасына неге Махамбает ақынды қоспасқа? Осы кезеңнен Махамбет ақынға ойып тұрып орын бермеске?! Жыршы болу үшін шешендік, күйшілік, ақындық шебеліктердің барлығы бір адам бойында тоғысуы керек. Махамбетте осы қасиеттердің барлығы бар. Өзі жазған бірнеше күйлері де бар. Ендеше Махамбетті толықтай жыршы деп атауға болады.

Жалпы, «Айтылмаса сөздің атасы өледі» дегендей көптен бері ойымды мазалап жүрген осы сауалдарды сіздермен бөліскім келді Бәлкім, болашақта журналист немесе өнер саласының маманы болармын. Бұл жұмыстың әлі де зерттеп,нәтижесіне жетермін.

Негізі, Махамбет ағамыз осы заманда өмір сүрсе өз өлеңдерінің басқа бір ақындар өлеңінде қайталануына жол бермес еді. Өйткені бұл заманда өзгенің дүниесін қолданғаны үшін айып пұл төленетіні хақ. Болашақта баспасөз беттерімен жұмыс жасайтын ағаларымыз осындай олқылықтарды ескерер деген ниет қана менікі.









Бұл заманның азат азаматы ретінде мен Махамбет ақынның өзінің өлеңінің сарынымен жауап жазып, ақын рухымен сырласқан өлеңімді айтып берсем:



Мен, мен едім, мен едім,

Қазақстан жерінде,

Азат елдің төрінде,

Еркін өсіп келемін.

Ұшқан құстай қалықтап,

Шапқан аттай желемін,

Қай халықтан кем едім,

Бар халықпен бұл күнде

Терезесі тең елмін,

Керегесі кең елмін.

Астана-жердің жаннаты,

Елімнің Ақ Ордасы,

Кемелін елдің ойлаған ,

Кемеңгер ұлы –Елбасы.

Қазақ халқы өркендеп

Ашылды бүгін жол басы

Мен, Мен едім, мен едім,

Бүршік атқан ағаштай,

Жайқалып өсіп келемін,

Кешегінің ізі жоқ,

Мен азатпын, өренмін,

Қазақстан-дамыған,

Бар әлеммен теңелдім.

Елімнің өркендеуіне,

Үлесімді қосармын,

Менің елім-ғажап ел,

Мен кімдерден осалмын,

Отанымның алдында,

Еңбек қылам тынбаймын,

Мен Тәуелсіз ұрпақпын деп ,

Жар саламын, жырлаймын































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1.Махамбет «Жорық жырлары» Алматы 2007

2. «Қазақ әдебиеті» оқулығы 9-сынып Арман ПВ-2013

3. Хрестоматия 9-сынып Арман ПВ-2013







































Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында Махамбет ақын мен Жыраулар поэзиясының өлеңдеріндегі үндестік туралы сөз қозғалады. Оқушы екі кезеңнің ақындарының өлеңдерінен рухани ұқсастық табады. Өлеңдерінің поэтикалық тіліне, композициялық құрылымына, көркемдік ерекшелігіне басты назар аударылады.

Өлең құрылымына зерттеу жасап, оқушы өз ой пікірін іс жүзінде білдіреді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!