жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс "Мәңгілік Ел идеясы: тарих пен тағылым"
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ
№7 орта мектеп КММ
Мәңгілік Ел идеясы: тарих пен тағылым
(ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы негізінде)
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциясы: этномәдениеттану
Ғылыми жұмыс иесі: Б.Е.Бекматова
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Петропавл, 2018 жыл.
Мазмұны
КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------3
1.ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК МҰРАТ
1.1. Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел-------------------------------------4
2. РУХАНИЯТ ҚАЙНАРЛАРЫ
2.1 Ата-баба ерлігі- мәңгі ел болудың тілегі--------------------------------------6
2.2 Ұлы тұлғалар мәңгі жасайды------------------------------------------------------9
3. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ОҚУШЫ КӨЗІМЕН
3.1 Мектепте Елбасы Жолдауының іске асуына эксперименттік зерттеу-----11
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі: Елбасы Мәңгілік Елді отандық тарихтың атымен жаңа тұжырымдамасын негіздеп берді. Іс жүзінде бұл-Қазақстанның ұлттық идеясы және мемлекеттік идеологиясы. Мәңгілік Ел ұлы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған барлық қазақстандықтардың бірегей тарихи миссиясы болып табылады, сондықтан қазақстандық жастар Мәңгілік Ел идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ғана емес, Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы дамуының нақты нәтижелері екендігіне көздерін жеткізу ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Зерттеудің мақсаты:
-
жастардың бойында ұлттық қазақстандық патриоттық сезімдерді қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу және оның іске асуын тексеру.
Зерттеу міндеттері:
-
руханияттың қайнар көзі- ата-баба ерлігін, көне тарихын, шежіресін дәріптеп, ұлы тұлғалардың мәңгі жасайтындығы оқушыларға ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың маңызы анықталады.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні:
-
жаһандану жағдайында оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беруде ата-бабалар шежіресі анықталып, ғылыми-әдістемелік негіздері ашылып көрсетілді.
-
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық екендігі дәлелденді.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
-
егер халқымыздың ерлік, елжандылық тәрбиесі негіздерін игерер болсақ, оның тұтас ғылыми жүйесін жасауға болады.
-
Сол мұраларды саралап бүгінгі талап тұрғысынан пайдаланғанда ғана жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың мәңгілік жасайтындығын түсінетін дүниетанымы мол ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің мүмкіндігі туады.
Зерттеу әдістері: зерттеу, сұрыптау, сауалнама, қорытындылау.
Практикалық маңызы:
-
жастар елімізді қазір көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш, сондықтан олардың Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріне, жаңа дәуірге жол ашуына көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
-
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
-
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
-
«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол
Абстракт
Актуальность исследования:
Президент Республики остановившись на истории нашей страны обосновал и доказал, что наша Республика является « Мәңгілік Ел» . Это национальная идея и идеология Республики. « Мәңгілік Ел» во главе Президентом Н.А. Назарбаевым и казахстанцами является исторической миссией, поэтому молодёжь Казахстана должна знать, что « Мәңгілік Ел» не только воплощение мечты нашего народа и наших предков, но главные ценности, которые были созданы за годы суверенного развития и объединяющие всех казахстанцев и составляющие фундамент будущего нашей страны - важная
актуальная проблема на сегодняшний день.
Цель исследования:
-
формирование патриотических чувств молодёжи;
-
исследование и рассмотрение путей осуществления возможности педагогических исследований
Задачи исследования:
-
источником воспитания является подвиги наших предков , древняя история и уважение к нашей родословнье и наша задача на примере великих людей и их подвигов показать школьникам , что подвиги великих людей вечны в нашей памяти ;
-
формировать у школьников патриотические и героические чувства в процессе их воспитания.
Объект исследования:
-
учебно-воспитательный процессс общеобразовательной школы
Новизна исследования и степень самостоятельности:
-
привитие у школьников в период глобализации патриотического воспитаниия;
-
определены родословня предков и показаны их научно-методологические обоснования
-
доказано, что народ Казахстана по праву считается хозяином великой истории
Исследование:
-
если мы знаем подвиги нашего народа и основы их патриотического воспитания, то сможем построить научную систему;
-
изучение великого наследия народа и правильное использование их на сегодняшний день ещё раз подчёркивает общегражданские и национальные ценности живут вечно, передаваясь от одного поколения к другому и мы можем добиться, чтобы воспитать патриотичное поколение.
Методы исследования:
-
исследование, анализ, анкетирование, вывод;
Практическая значимость:
-
молодёжь нашей Республики является главной силой, которая для развития
« Мәңгілік Ел» будет добиваться намеченных целей и осуществления поставленных задач перед страной;
Ожидаемый результат:
-
Мы можем стать « Мәңгілік Ел» и это в наших руках. Для этого нужно идти всё время вперёд.
-
Стратегия «Казахстан - 2050» - это единственный и правильный путь, который приведёт нас к « Мәңгілік Ел».
Аbstract
Relevance of the research: President of stories focusing on the proved and proved that our Republic is "Mangіlіk El" - the national idea and ideology of the Republic. Kazakh youth should know that it is not only a dream come true of our people, but the core values that have been created over the years of independent development and uniting all Kazakhs and forming a foundation of the future of our country - an important topical issue today.
Objective:
formation of patriotic feelings of youth;
consider ways to implement the possibility of educational research
Research objectives:
bring up the example of great men and their deeds show schoolchildren that exploits greats forever in our memory;
form schoolchildren and heroic patriotic education
Object of research: the educational comprehensive school protease
The novelty of the research and the degree of independence:
instilling in students in the age of globalization patriotic education;
defined pedigree showing their ancestors and scientific-methodological study proved that the people of Kazakhstan is considered the master of the great stories;
Hypothesis: if we know the exploits of our people and their patriotic education bases, we can build a scientific system; the study of the great heritage of the people and the proper use of them to date again emphasizes general civil and national values live forever, handed down from generation to generation;
Methods: research, analysis, survey, concluded;
Practical significance:
the youth of our Republic is the main force for the development of which "Mangіlіk El" will achieve the objectives and implementation of the tasks facing the country;
Expected result:
we can become "Mangіlіk El" and it is in our hands.To do this you need to go forward all the time. Independence of the Republic - is our wealth, our happiness, and we should cherish it as the apple of an eye. Strategy "Kazakhstan - 2050" - and this is the only right path that will lead us to " Mangіlіk El ".
Кіріспе
Тарихи тұрғыдан қарап, «Мәңгілік ел» сөздерінің мағынасына үңілсек, сонау XII–XIII ғасырларға шолу жасап, тарихтағы Шыңғысханның 25 жыл көлемінде-ақ Рим империясынан екі есе үлкен мемлекет құрып, мәңгі ел құру арманы мен идеологиясын іске асыруды мақсат тұтқандығын көре аламыз. «Моңғол» сөзін талқылай отырып, қытай шежірелерінде кездесетін тұңғыш дерек саналып жүрген VIII ғасырдағы «Тан шу» кітабындағы «менъу» (мен гу) сөзіне тоқталмауға болмайды. Осы дерекке сүйенген әлем тарихшылары моңғолдың бұрыннан бар этнос екенін айтуда. Бұл сөзді (мен гу) қытайлар «ежелгілер, ежелгіні сақтаушылар» деген мағынадағы иероглифтермен белгілепті. Ал, сайып келгенде, «сақталынған, ежелгі» дегеннің мағынасы бәрібір «мәңгі,мәңгілік» екені сөзсіз. Шыңғысхан мемлекетінің тарихын зерттеген орыс аудармашылары бойынша «Мёнкэ-Кёкё-Тенгрин» сөзі «Вечное Синее Небо», яғни «Мәңгі Көк Тәңірі» деген мағынаны білдіріп, Тәңірі, Құдай, Алла сөздерінің синонимі екендігін ұғындырады.[1].
Елу жыл ішінде екі ұрпақ ауысады. Ал этномәдени және саяси кемелденбеген халықтардың жарты ғасыр ішінде басқа өркениетке сіңісіп кете баратынын кешегі кеңестік-большевиктік эксперименттер дәлелдеп берген жоқ па! Ескерткіш мәтініне сүйеніп санасақ, алыс-жақын сегіз мемлекет пен ұлыстан белгілі адамдар келген екен. «Тарихи сананың кемелдігіне көрсеткіштей өлшемдердің бастысы әрі маңыздысы елінің, халқының, ұрпақтарының болашағына қатысты ой-түйіндер, ұғымдар мен түсініктер екені сөзсіз. Өйткені тарихтың өзі өткенді білу үшін зерделенгенмен, бүгінгі және болашақтағы міндеттерді дұрыс шешуге қызмет істеумен ғана бағалы. Онсыз ойын баласын ертегімен алдаусыратқан деңгейден аспай қалады. Міне, осы тұрғыдан келгенде Күлтегін жазуын байырғы түркілердің тарихи фактілерге, салыстыруға, талдауға сүйенген ағартушысы, тәрбиешісі, үгітшісі, болашаққа жетелеушісі дерсіз. Ол тастағы жазудың ғұмыры қаншаға созылатынын болжаудан да байқалады. Кіші жазуда ғана Күлтегін ескерткіші төрт рет «мәңгі тас» атымен аталып, таста айтылғандарды «он оқ, ұлыңа дейін, татыңа дейін» көре беруге, оны көріп, солай білуге аманатталады. Осылайша, Күлтегін жазуының басым бөлігі ҮІІ ғасырдың аяғы мен ҮІІІ ғасырдың басындағы жарты ғасырлық тарих тағылымын саралай отырып, жасампаздықты, гуманизм мен оптимизмді ұлықтайды, ата-баба құндылықтары мен ұстанымдарынан айрылып қалмауға шақырып, болашақтың тұтқасы бүгінгілердің қолында екенін еске салады. [2].
1.ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК МҰРАТ
1.1 Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел!
«Тәуелсіздік - бұл сан
ғасырлар арман еткен батыр бабаларымыздың төккен қаны мен терінің
өтеуіне берілген сый»,-деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай,
тәуелсіздік бұл күнде орындалған арман, мемлекеттің ең басты
құндылығы және мәңгілік мұраты. Жаһандағы екі мың бес жүздей елдің
тек қана екі жүз жиырмадайының ғана өз тәуелсіздігі бар. Яғни, он
пайыздайының ғана өз мемлекеті бар. Біздің Қазақстан өз
тәуелсіздігі мен мемлекеті бар сол он пайыздың қатарына кіреді,
сонымен бірге еліміз аумағы бойынша да, әлемде алғашқы ондықтың
қатарында. Бұл- біз үшін үлкен бақыт. Өйткені халқының саны бізден
әлдеқайда көп халықтар әлі күнге дейін өз мемлекетін құра алмауда.
Сондықтан да тәуелсіздіктің бағасын түсініп, қастерлей білуіміз
керек. Қазіргі жаһандану заманында тәуелсіздікті ұстап тұру қиындай
түсуде. Әлемде көптеген елдер саяси тәуелсіздіктерінен айырылып
қалуда. Саяси тәуелсіздікті экономикалық тәуелсіздікпен
ұштастырмайынша толыққанды тәуелсіздікке жету мүмкін емес. Осы
орайда Елбасымыздың әуелі экономика, сонан соң саясат Қазақстан
үшін керегі революциялық емес эволюциялық даму деген қағидасы
қазіргі кезде өз жемісін беруде. ХV ғасырдың ортасында өз
билеушілерінің әділетсіздігіне қарсы шыққан Керей мен Жәнібек
бабаларымыз өздеріне қарасты адамдармен бірге «Қазақ» деген
қасиетті атты иеленіп, Орта Азиядағы тұңғыш тәуелсіз мемлекет-Қазақ
хандығын құрды. Қазақ халқының дана да, дара тұлғаларының бірі -
Әйтеке би «Өлімім ғана өзімдікі, ал өмірім халықтікі» деп сонау
қилы кезеңде отаншылдықтың айнасы бола білді. Қазақ халқының
бірлігі мен тәуелсіздігі таразыға түскен атақты «Қарақұм
құрылтайындағы» сын сәтте Бөкенбай батыр-«Ұлдарымыздың-құл,
қыздарымыздың-тұл болғанын, жайлауымызды жатқа беріп, мал-жанымызға
дінсіздердің ие болғанын көргенімізше, шыққыр көзіміз неге
алдымызға ағып түспейді. Желкілдеген ту көтеріп, желекті найза
ұстаған батыр бабаларымыздың әруағына сыйынып, ата жауға қарсы неге
шаппаймыз! Қазаққа қазақтан басқа ешкім де қорған бола алмайды.
Қылыштарыңды қара тасқа қайраңдар, ағайын! Қасық қаным қалғанша
қасиетті жерімізді жауға таптатпаймын!»-деп ұран салып, халықты
біріктіріп, тәуелсіздікті сақтап қалды. Осы жиындағы халықты
біріктірген қасиетті күш ұлтшылдық болатын.[3].
Хакім Абай: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі
бос»,-деген. Яғни, қазақтың бірін-бірі жақсы көруі бұл да
отаншылдықты көрсетеді. Егер ұлтшыл болмасаң онда істің бәрі бос.
Ал қазақ халқының бет-бейнесі болған батыр бабамыз Б. Момышұлы
«Бұрындары жасаған ерліктерді сыйламай, қадірлемей тұрып, жаңа
ерлікке шақыру бекершілік» деген. Яғни, ата-баба тарихын білмей,
ерліктерін үлгі тұтпай ұлтшыл болам деу бекер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Еуропаға барған сапарында
«Қазақстан деген бұрын біз естімеген қандай ел, әлемдік өркениетке
қосқан қандай үлесі бар?» деген мысқылды сауалдарға қарсы «Біз
қазақтар бүкіл Еуропаны құлдықтан құтқарған Аттиланың ұрпағы
боламыз» деп ел намысын батылдықпен қорғай білген Н. Ә. Назарбаев
«Патриот болу-Қазақстан мемлекетін өз жүрегіңде сақтау»-дейді. Иә,
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген Елбасымыз Қазақстан
халқына «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды. Бұл идея Елбасымыздың еліміз
«Қазақ елі» деген атпен мәңгі өмір сүрсін деген арман, тілегінен
туындаған болатын. Ендеше, Елбасымыздың тілегі қабыл болып, еліміз
«Қазақ елі» деген атпен мәңгі жасай
берсін!
Елбасымыздың биылғы Жолдауы да елдің еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы бірегей стратегиялық тарихи құжат болды. Егер де Елбасы 2013 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясын-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғысында жарияласа, жаңа Жолдауда дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын нақтылы шегелей ұсынды. Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды. Дамыған ел- белсенді де білімді, денсаулығы мықты тұлғалары бар мемлекет. Бізге мәлімі, күллі дамыған елдердің сапалы да қалыптасқан бірегей білім беру жүйесінің толымдылығы. Демек, ұлттық білім берудің барша буынының сапасын жақсартуда бізге ауқымды да кешенді істерге бел шеше кірісу қажет. Мәселен, бұл орайда мектепке дейінгі білім беру саласына заманауи бағдарламаларды, ұлттық негізде оқытудың тиімді әдістемелерін даярлаудың қажеттігі, сәйкесінше бұған білікті мамандардың керектігі, ал орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізудің басты назарда ұсталуы. Бұған қоса Елбасы Назарбаев:«Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі болуға тиіс», - деп атап көрсетеді. Демек, бұл тұжырымдар ағарту, білім беру саласы мамандарына еселенген зор жауапкершілік жүктері даусыз.
Халықтың жаны-ана тілінде. Ана тіліміз-рухани тірегіміз. Ел Президенті Жолдауда қазақ тілінің бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналғанын, тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айта келе: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-деуі қазақ елінің әр ұланының кеудесін қуанышқа толтырады. Елбасымыз-қазақ елінің көшбасшы тұлпары. Демек, тұлпары озған елдің тайы да озарына сенсек, бұл бағыттағы түйінді тұжырым-ұлт ұрпағына зор қуат берер қағида.Қашанда ел дамуының әр қадамы ғылыми негізді болғанға не жетсін.[4].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жарияланып отыр.[5].
2. РУХАНИЯТ ҚАЙНАРЛАРЫ
2.1 Ата-баба ерлігі- мәңгі ел болудың тілегі
Әулие тұлғаларымыздың
рухы-елдің құты. Тұлғалық тағылымдарын негіздеп отыратын елдің
мүддесіне, ұрпақтың игілігіне, ұлттың тәуелсіздігіне негізделген
қазақ жырауларының идеялары-елдің ырысы мен берекетін сақтап,
қалпына келтіріп отыратын дүние. Олардың тұлғалық қасиеттерінің
негізінде кісіліктің қадір-қасиеті орын алып ұрпақтың мағыналы өмір
сүруіне көмектесетін құндылықтар түсіндіріліп, халыққа жеткізіліп
отырған. Мәселен, қазақ хандығы құрылған дәуірде өмір сүрген рухани
тұлғаларымыздың бүгінгі бізге жетіп отырған жырларына сүйенсек,
олардың білім мен ғылым туралы көзқарастары биік, танымы терең
еді. Асан қайғының артқы топ деп отырғаны халық, яғни, бұл
ойшылдың қазақ зиялыларына айтып кеткен өсиеті. Халықты құрметтеп,
оның мүддесіне адал қызмет ету, келешек ұрпақтың игілігіне пайдасы
мол қызмет ету, жеке адамды да халықты да ізгілікке бастайтын
түсінік. «Адамға өмір не үшін беріледі?» – деген сауал
жырауларымыздың даналығында ғасырлар бойы талқыланып отырды. Тұлға
да, жеке адамда халықтың өкілі.
Жаңа дәуірдің табалдырығында өзінің озық үлгідегі даму күшімен ие
болған білімнің жаңа түрі де, ғылым да сол елдің мүддесіне толықтай
қызмет етіп отыруы тиіс. Елдің тарихи өміріне оралып, зиялылар
кеңесімен ой бөлісіп, қоғамға адал қызмет ету ісі ислам дінінде де
айтылған. Асанқайғы идеясының уақыт талабымен бірге жүріп отыруының
басты себебі сол. «Ғылым не үшін қажет?» «Адамның білімділігі
несімен ерекшеленеді?» – деген сауалды бүгінгі күн тұрғысынан
зерделейтін болсақ, әрине, бұған қатысты нақты жауапты тарихта
қазақ жыраулары айтып кеткен.
Нағыз ғалым болу нағыз білімді талап етеді. Нағыз білім тарихтың
тағылымын, даналар ұғымын дұрыс зерделеп, дұрыс ұғынумен келген.
Осы дәстүрдің арқасында ғасырлар бойы ұлт мүддесіне қызмет етудегі
ұлт зиялыларының рухани деңгейлері қалыптасып тарихта өшпес
мұраларды қалдырып отырған. Әр заманның өз нышаны, өз рәсімі
бар. Бірақ ол рәсім ұлттың болмысына бағынуы тиіс. Ұлттың рухының
сақталуы әр ұрпақтан елдік пен жауапкершілікті қатар талап етіп
отырса, адамға жауапкершілік ұғымы ұлттық тәрбиемен беріледі.
Жыраулар даналығы-ұрпақты елдікке тәрбиелеп, игілікке бағыттап
отыратын дүние. Тұлға өсиетінің шындығымен айқындалып, көрсетіліп
отыратын өмір шындығы даналықтың білімі арқылы халық түсінігіне
жетеді, елді дұрыс жолға бағыттайды. Қазақтың ұлы жолы оның
тұлғаларының зердесінде.
Жырау әрі би, батыр қазақ тұлғаларының зердесі ойдың елегінен барлық қоғам шындығын, уақыт құбылыстарының болмысын өткізіп отырады. Қазақ ойшылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазып кеткендей, қазақ ойшылдарының табиғатына тән сезімталдық, Майқы би тағылымынан бастап қазақ даналығының бойында орын алып отырған. Әулие ойшылдардың ой толғаулары ғасырлар бойы қазақ болмысының өрісін, тағдырын қамтиды. Майқы би, Бұқар жырау, Мөңке би сынды әулие ойшылдарымыздың тағылымы, тұлғалық сезімталдықтың адамның жаратылысынан табиғатына берілетін дара қасиет екендігінің куәсі. Бұлар әр ғасырда, тіпті, араларына бірнеше ғасырды тастап дүниеге келетін адамдар. Олардың ерекше қасиеті елдің болашақ уақытын көзбен көріп, сол уақытта не іс атқару керек екендігін айтып кетуінде. Рухы әлсіз адам қандай нәрсеге де жеңіл қарайды, барлығында жеңіл қабылдайды. Алғыр ой ұшқырлыққа, мінездің кеңдігі жеңілтектікке айналса бұл рух әлсіздігі. Рух беріктігі таза ақылмен келеді, бұны Шәкәрім данамыз айтып кеткен. Рухтың әлсіздігі адам ісінің мәнсіздігін, мағынасыздығын туғызады. «Мәңгілік ел» болудың мәні неде?
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Осыдан ІІІ ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.[6].
«Қазақстан-2050» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз. Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді. Ал Шыңғыс хан баяғыдан келе жатқан «мәңгі ел» арман-идеологиясының атымен мемлекетін «Мәңгі ел» деп жариялады» деген ойында қисын бар сияқты. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды деп санаймын. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел»қағидаттары болып саналған. Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Демек, «Мәңгі ел» идеясы – ұлттық кодымыздың кілті.[7].
2.2 Ұлы тұлғалар мәңгі жасайды
Ұлтты ұлтпен, халықты халықпен, мемлекетті мемлекетпен теңестіретін – әр елдің озық ойлы, данышпан, әлемдік хакім дәрежесіне көтерілген ұлы тұлғалары болып табылады. Біздің Тәуелсіз Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін жеке дара туған ойшыл тұлға – ұлы Абай.
«Абай-әрқашан біздің
ұлттық ұранымыз болуы тиіс, - дей келе Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ
халқын танытамыз»,-деп ерекше атап көрсетті. Ал Шыңғыс Айтматов
«Абай- Шекспир, Гете, Пушкин, Лермонтов, Навои, Тарас, Шота
Руставели сияқты аңызға айналған тұлға»,-деді.Ұлт болашағына өмірін
арнаған, бірегей ақын Мағжан Жұмабаев «Абай деген сөз-қазақ деген
сөз»,-десе, ұлы Мұхтар Әуезов «Абайды аласартқанымыз-қазақты
аласартқанымыз»,-деп ескертті.Сондықтан да заманымыз өзгеріп, өз
қолымыз өз аузымызға жеткен кезде азат елдің азат ойымен, азат
жүрегімен, азат зердесімен ұлтымыздың Абайдай дара да дана рухани
көсемін ұлықтау, оның әлемдік, жалпыхалықтық ұлы туындыларын мұра
ретінде қайта оқып, қайта тану, ұлағатты ой-пікірлерінен тағылым
алу өзін қазақпын, қазақстандықпын деген әр азаматтың абзал борышы
болуы тиіс.Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай койып, тек
әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін алсақ та жетеді. Оның
үстіне Абайдың ірі ақын болғанын, оның өлеңі болсын, қарасөзі
болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындардан
да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек, Абайдай бейнелі ақын сол
кезде қазақта ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру
қиын емес.Абайдың әр өлеңі, қарасөздері–қазіргі таңда ұлттық
идеологиямыздың темірқазығы. Ал идеология – мемлекетіміздің қан
тамыры емес пе? Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш
зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің
тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш
зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де
қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады,
жетілдірді деуге болады.Алаш қозғалысының қазақтың Жаңғыру дәуірі
болғандығын, оның елім деген, жұртым деген азаматтардың басын
қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы жаудың
қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ,
Кенесары, Махамбет, Абай
дәуірінде «Бас-басына би
болған» қазақ Алаш тұсында бас
біріктірді, ой біріктірді, қимыл
біріктірді.
Оның негізінде Отанына, сол Отанының ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты.Қозғалыстың өрістеуіне ақын-жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те үлестері айрықша болды. Біздің ойымызша, Алаш қозғалысы дәуірі - ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары - баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті.
Алаштың мәңгілік сипаты
Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана туғыза алатын
Әлихан, Ахмет, Міржақып,
Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел,
Әлімхан т.б.
қайраткерлерді, Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар
сияқты алып талант иелерін
қалыптастырды. Бұл ұлтшылдық, адамсүйгіштік,
отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске
айналған табиғи талпыныс болатын.
Яғни, Алаш қайраткерлерінің
ұлтшылдығы өз дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің
өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген
жауабы еді.
Алаш қозғалысы кеңес өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал»-деп көрсеткен болатын. Абай шығармаларының тұңғыш жинағының жарық көруі-жазба әдебиеттің қалыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам қайраткерлері қазақтың тұңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жанрлық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды.[8].
Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары-бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайык еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Алаш идеясы-ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт- дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау-алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жолы. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.
3. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ОҚУШЫ КӨЗІМЕН
3.1 Мектепте Елбасы Жолдауының іске асуына
эксперименттік зерттеу
Биылғы Жолдаудың ерекше құнды арнасы-Мәңгілік Ел идеясына басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндейді. Иә, Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың ықылым ғасырлардан бергі асыл арманы екені белгілі. Болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық.Астанада «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бар. Ол композиция дизайнер Сағындық Жанболатов пен жас сәулетші Қанат Қорғанов ұсынған жоба бойынша салынды. Ал Қазақстан тәуелсіздігінің торқалы тойының құрметіне айшықты сәулет нысанын салу идеясы Ұлт көшбасшысы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі екені баршаға мәлім. Дизайнер Сағындық Жанболатовтың пікірінше, «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді» дейді ол. Біз осылай болашаққа көз тігіп, «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп отырмыз. Әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз қажет. Мұның мәні де – осы.
"Мәңгілік ел" қақпасы
Б ірнеше күн бұрын Әлемтану оқырмандарына әлемдік
сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы
- "Хан шатыр"
ойын-сауық орталығы туралы әңгімелеген болсақ,
бүгін елордамыз Астана қаласындағы
асқақ рухымыздың тағы да бір нышанына айналған "Мәңгілік ел"
қақпасы туралы баяндайтын боламыз.
" Мәңгілік ел" қақпасы-әлемдегі санаулы қалаларға тән
ерекше сәулеттік-монументалды
туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс
рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың
кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады.Астанадағы салтанат
қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.Бұл сәулет
нысаны Астананың сол жағалауындағы аспанмен таласқан зәулім
ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы
Астананың жаңа әкімшілік орталығы, қайталанбас дара бейнесі
бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елбасының ақ
сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік
және келісім сарайына, «Қазақ елі» монументіне, Тәуелсіздік
сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл
желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға
бағыт алып тұр.Сәулет нысанының биіктігі – 20
метр. Бұл-ел Тәуелсіздігінің 20
жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа
Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылғанын айта
кетейік. Әрбір қабырғаның төменгі табанында
биіктігі 4,4 метр
болатын көлемді мүсіндер бар.
Композициялық тұрғыда бұл барельефтер нысанның төменгі жағында
орналасқан.
Қақпаның сол жақ
қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл–
халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы.
Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан»,
«ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның
қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. Қақпаның
сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті
мүсіні орнатылған.Ана бейнесі қазақ ұлты үшін
«Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына
ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі,
туған жер мен Отан туралы идеология айқын көрініс
табады.
М үсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік»
дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба
орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы
жағында «Мәңгілік ел» жазуы
бар. Ол – мемлекет пен ұлттың
уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны. Сондай-ақ қабырғалары қазақтың
күрделі ұлттық өрнектерімен безендіріліп, ортасына қазақ
жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан
орналасқан. Қалқан-қауіп-қатердің қорғаны,
сенімділік, тұрақтылық, жеңістің белгісі. Нысанның екі
жағындағы «Тай
қазан» мүсіні өзіндік орындармен
ерекшеленеді. «Тай
қазан» тыныштық пен тоқшылықтың,
бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын
білдіреді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қақпаның ашылу салтанатында: «Біз бұл тамаша Жасампаздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыстарымыздың белгісі ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз-Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізеді,-деген.
«Стратегия-күннен күнге,
жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін
нақты практикалық істер бағдарламасы» деп Елбасымыз атап өткендей,
аталмыш Жолдауда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы алға тартылды. Бұл
бастаманы жүзеге асыру үшін елдігіміз бен бірлігіміз берік болып,
қажырлы еңбек пен асқақ мақсаттарымыз қатар жүру керек. Стратегияда
белгіленген міндеттерді орындау–ортақ парызымыз. Жолдау әрбір
тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді.
Мектебімізде мұғалімдер мен оқушылар Елбасының халыққа Жолдауын
жан-жақты талдап, өз пікірлерін ортаға
салды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарған мемлекетіміз болашақта сенімді, азаматтық мақсаты анық толыққанды мемлекет құрылатынына өз сенімдерін білдірді. Ол үшін өз бойымызда және өскелең ұрпақ бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу өзекті мәселе екенін алға тартты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу-тәрбие үрдісіндегі «Шаңырақ» жобасы негізінде мектебімізде оқушылар қауымдастығын құрылды. Мақсаты-бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Алдағы уақытта «Туған елге тағзым», «Патриоттық әндер», «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» сияқты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазақстанның болашағы біз, жастар, болғандықтан Елбасы тапсырмасын назарға ала отырып, сапалы терең білім алуымыз керек. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Бүгінгі күні мектебіміздің 29 мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған деңгейлік курс бағдарламасын аяқтап, өз іс-әрекеттеріне жаңашылдық енгізуде.
Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдарды біз қолдаймыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев үштілділікті, көптілділікті мемлекеттік деңгейде ынталандыру қажеттілігін айтады. Көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында мектебімізде көптілді зертхана жұмыс істейді. Зертхана аясында үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, кіріктірілген сабақтар өткізу, ағылшын тілімен пәнаралық байланысты дамыту сияқты жұмыстар ұйымдастырылуда. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз»,-деп Президент ел бірлігінің басты белгісі–қазақ тілі екенін баса атап өтті. Жолдауда «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!»-деген Президент сөзі
к
өңілімізге қуаныш ұялатты. Мәңгілік Ел
идеясын оқушылар шығармашылықпен өз жұмыстары арқылы
көрсетуде.
« Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде
мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ
мемлекеті деп айтатын боламыз»,-деп Президент ел бірлігінің басты
белгісі–қазақ тілі екенін баса атап өтті. Жолдауда «Ана тіліміз
Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! » деген Президент сөзі
көңілімізге қуаныш ұялатты. 2050-ге дейінгі жолды жеті бесжылдыққа
бөлген ұлт көшбасшысы олардың әрқайсысы бір мақсат–дамыған 30 елдің
қатарына кіруді көздейтінін баса айтты.Назарбаев Зияткерлік
мектептеріндегі жақсы дамыған Робототехника жұмысы біздің
мектебімізде де дамып келеді.
Аталмыш үйірме мүшелері 9-сынып оқушылары Темірлан Гайнуллин, Сұлтанбек Тагишев Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Ғылым және техника» атты облыстық ғылыми практикалық форумына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болды. Ал 11-сынып оқушысы Найман Аманболдың Москвада өткен Халықаралық байқауда «Компьютерлік физика» тақырыбында ғылыми жұмысы І орын, Нұрпейісов Батыржан ғарыштық зерттеу бойынша Х Халықаралық ғылыми жарыста І орын, Көшімбаева Мөлдір Республикалық ІІ Ғылым фестивалінде
І орын, Ермек Саяттың ғылыми жұмысы ІІІ орын алды.
Жоғарыда аталған жұмыстар нәтижесі оқушылардың болашақта өз мамандықтарын таңдауына игі әсерін тигізеді. Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Біздің мақсатымыз–Елбасы Жолдауында алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін. Оқушылардың бойында ұлттық құндылықты қалыптастыру үшін оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістемелік бағытын белгілеу қажет. Оқушылардың Мәңгі Ел идеясын білу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргіздім. Ол үшін 8-11 сыныптар арасында 60 оқушымен сауалнама жүргізілдім.
Сауалнама негізінен төмендегі сұрақтарды қамтиды:
-
ҚР Елбасыныңхалыққа Жолдауының маңызын қалай түсінесіз?
-
Жолдаудың маңызын түсіну үшін қандай шаралар
өткізу керек деп ойлайсыз?
-
Мәңгілік Ел идеясын түсіну үшін ұлттық тарихты жақсы білу
керек деген тұжырымға не айтар едіңіз?
-
Қазіргі жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімінің
жоғары дамыған болуы тиіс дегенге келісесіз бе?
-
Әрбір қазақ азаматы туған елінің шежіресін, тарихын, тілін жоғары
дәрежеде меңгеруі керек деп ойлайсыз ба?
-
Мәңгілік Ел идеясының мақсаты не?
-
Ұлттық санаға кереғар құбылыстар деп қандай құбылыстарды атай
алар едіңіз?
-
Мәңгілік Ел идеясы арқылы қазақ ұлтының болашағын қалай
елестетесіз?
Анықтаушы эксперимент жұмыстары бойынша оқушылар бойындағы түсініктерін төмен, орташа, жоғары деп үш деңгейге бөлдім. Сауалнама, тест нәтижелері оқушылардың Мәңгілік Ел идеясының ұлттық сана ұғымының қалыптасуында, Қазақстанның болашағында маңызды екендігіне аса мән бермейтіндігін байқадым.
Арнайы бағытталған тәрбие жұмысының және оқу курсынан кейін оқушылардың Мәңгілік Ел идеясы туралы білімдері, ой-тұжырымдары тереңдеп, ұлттық көзқарасқа ие болды. Экспериментіміздің бақылаушы кезеңінде жоғары сынып оқушыларымен оқу-тәрбие үрдісіне ұлтжандылық, қазақстандық патриотизм сезімдер Мәңгілік Ел идеясымен тығыз байланысты екендігіне сенімдері пайда болғандығын байқадым.
1-кесте. Оқушылардың бойында Мәңгілік Ел идеясының қалыптасуының деңгейлері
№ |
Деңгейлер |
Бақылау топтары |
Эксперименттік топтар |
|
Арнайы оқу курсынан кейін % |
Тәрбиелік жұмыстар кешенінен кейін % |
|||
1 |
Төмен |
34,5% |
18,1% |
15,2% |
2 |
Орташа |
50,4% |
51,3% |
49% |
3 |
Жоғары |
15,1% |
30,6% |
35,8% |
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері 1-суретте бақылау топтарында төмен деңгей 34,5% көрсете, эксперименттік топтардағы жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2-суретте төменгі деңгейді 18,1%-ға тең болды, ал жоғары деңгей бақылау тобында 15,1% көрсете, арнайы курстан кейінгі нәтиже 30,6% көрсетіп отыр. Оқу курсынан кейін жүргізілген тәрбиелік жұмыстар кешенінен соң төменгі деңгей 15,2% төмендесе, ал жоғары деңгейдегі нәтиже 35,8% көрсетіп отыр. Мұнан шығатын қорытынды: оқушылардың бойында Мәңгілік Ел идеясын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар оң нәтижеге жеткізеді.
Сонымен зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар нәтижесінде алынған тұжырымдар мен қағидалар оқушыларда ұлттық сана қалыптастыру үлгісі мен әдістемесі тиімділігінің жоғары екендігін көрсетті.Сонымен қатар, экспериментке дейін жүргізілген пікіртерім нәтижесі мен арнаулы курстан кейінгі пікіртерім нәтижесінің қорытындысын ұсынып отырмыз. Ұлттық сананың қомпоненті болып табылатын ұлттық патриотизм сезімдерінің қаншалықты деңгейде екендігін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім. Оның нәтижесін 1-суреттен көруге болады.
2-сурет. Қазіргі заманғы оқушылардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімдері көрсеткіші.
Сонымен, Мәңгілік Ел идеясын дамытуға мектепте жағдай жасалынып жатыр дейтіндер 70%-дан 92%-ға жоғарылаған, ал 2-кезең бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелерінде мектепте жағдай
жасалынып жатқан жоқ дейтіндер кездеспейді.
Оқушылардың ұлттық патриотизм сезімдерінің қаншалықты деңгейде екендігін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерінде 58%- дан 92%-ға жоғарылаған .Мәңгілік Ел идеясын дамытуға мектепте жағдай жасалынып жатыр дейтіндер 70%-дан 92%-ға жоғарылаған, ал 2-кезең бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелерінде мектепте жағдай жасалынып жатқан жоқ дейтіндер кездеспейді.
Жолдаудың маңызын түсіну үшін қандай шаралар өткізу керек?- деген сауалнама жұмысындағы нәтиже 3 –суретте көрсетілген.Нәтижесінде ауызша кездесулер ұйымдастыру керек дейтіндер саны өте көп.
Әрбір қазақ азаматы туған елінің шежіресін, тарихын,тілін жоғары дәрежеде меңгеру керек деп ойлайсыз ба?- деген сауалнама жұмысындағы нәтиже 4 –суретте көрсетілген.Келісетіндер 70% -дан 90 % -ға жоғарылаған.Жауап беруге қиналатындар 15% -дан 10 %- ға төмендеген.
Оқушылардан Мәңгілік Ел идеясы арқылы қазақ ұлтының болашағын қалай елестететіндері жайлы сауалнама жүргізілді .Сауалнамаға 1-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты.1-4 сыныпта 15,9% Қазақстанның болашағының барын елестетеді,ал 5-7 сыныптар 19,1%,8-11 сыныптар 65% Қазақстанның болашағының барын елестетеді.
Сауалнама нәтижесінде 8-11 сыныптар Мәңгілік Елдің Қазақстан болашағына үлесі көп екеніне келісетіндерін аңғардым.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясының» қабылдауына байланысты еліміз өз дамуының мүлдем жаңа сатысына қадам басты.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасы ««Мәңгілік Ел» - ұлттық идея, ата-бабаларымыздың арманы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жоспары, халықтың жоғары тұрмыс деңгейі, бірлік пен тұтастық, жаңа қазақстандық патриотизмның өзегі болып табылады», - дейді.
Сонымен, меңінше, «Мәңгілік Ел» бүкіл Қазақстан халқын біріктіруші әрі ұйыстырушы ұлттық идеясы және рухани күш. Ғылыми жұмыс барысында жинақталған ғылыми-теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.
Ұсыныстар:
-
Елбасының халыққа Жолдауындағы «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған мақсаттар мен міндеттерді белсенді түрде жүзеге асыруға өз замандастарымызды тарту.
-
Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау және ұлтаралық татулықты нығайту.
-
Жастардың ғылым мен білімнің жаңа әлемдік деңгейдегі жетістіктерін меңгеруі арқылы бар ақыл-ойы мен күш-қуатын Мәңгілік Елұлттық идеясына сүйене отырып, Тәуелсіздігімізді нығайту.
-
Ата-баба аманатына адал, ел мен жеріне ие бола алатын жаңа келбетті ұрпақ болып өсіп ержету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
. Акишев А. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: Наука, 1984.
-
. Оғыз-нама. – Алматы: Ғалым, 1986. – 207 б.
3. Гумилев Л. Древние трюки. – М.: АН СССР. Институт народов Азии,
1967. – 504 с.
4. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. Астана, 2014.
5. Назарбаев Н. Ә.Тарих толқынында.–А.: Атамұра, 1999. 16 б.
6. Бичурин Н. Собрание сведений о народах? Обитавших в Средней
Азии в древние времена. – Алматы: Ғалым, 1986. - Т.1. – 207 б.
7. Есім Ғ. Ұлттық ойлау және исламдық өркениет. – Алматы, 2007. – 28
8. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: бір халық бір ел-бір тағдыр» атты тақырыппен өткен
Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзі –
Астана,2013.
9. Интернет материалдарынан. // http://abai.kz/
17

