Ғылыми жұмыс Менің болашақ мамандығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жұмыс Менің болашақ мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқушылардан бастап студенттер, оқытушыларға сабақ барысында көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі уақытта бізге қызықты да қажетті мамандықтар көп. Күннен күнге жоғарғы білім беру орындары: институттар, университеттер және де академиялар түрлі мамандықтағы жоғары білімді мамандарды дайындап шығаруда. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.



Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.



Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.



Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғым келеді. 1 – ші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған жас бүлдіршіндерді өз қамқорлығыңа алып, оқытудың өзі қандай керемет. Мектепке алғаш келген кезден 1, 2, 3, 4 сыныптты бітіргенге дейін оқушылардың білім деңгейлері едәуір толығады.



Мұғалім оқушыны оны қоршаған ортамен таныстырады. Оқушы табиғат жайында, яғни, жануарлар мен өсімдіктерді, адамдар мен заттарды жақын танып біледі. Мұғалім деген дәрежеге лайық болу үшін мектептің білімімен шектеліп қана қоймай, колледж немесе жоғарғы оқу орнын оқуы қажет. Мекепте білім беру үшін көптеген пәндерді жетік меңгеру басты міндеттердің бірі болып табылады.



Мұғалімде балаға деген сүйіспеншілік пен махаббат және жылулық болуы қажет. Балаларды шын жақсы көріп түсіне алатын адам ғана нағыз мұғалім бола алады. Себебі, балалардың мінезі әртүрлі болып келеді: ұшқалақ, ұқыпты, сабырлы, тұйық және де ұялшақ. Бірақ, бұған қарамастан мұғалім барлығына бірдей қарауы қажет және де қиын мінезді балалармен жұмыс істеу барысында мұғалім көп күш жұмсауына тура келеді өйткені жақсы нәтижеге қол жеткізу қажет.Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жан дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.



Мұғалім жақсы психолог бола білуі қажет.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.



Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз болашақ мұғалімдердің еншісінде.



Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.



Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,



Ұстаз болу – жүректің батырлығы.



Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,



Азбайтұғын адамның асылдығы.



Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.



Оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеу өте қиын болып келеді, өйткені ата – ана үшін өз баласы ең ақылды, ең ұқыпты және ең жақсы бала болып саналады. Әрине, бұл шындық және де мұғалімоқушының ата – анасына оны одан да жақсы қылып тәрбиелеуге жол көрсетіп бағыт беріп отыруы қажет.



Мұғалім мамандығы оңай жұмыс емес. Ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұғалімнің жұмысы соңғы сабақтың қоңырауымен аяқтала салмайды. Күніне кем дегенде 20 даптер тексерілуі қажет қазақ тілі және математика пәні бойынша, өйткені бұл пәндер бастауыш сыныпта ең маңызды және күнделікті болып тұрады.



Мен болашақта жақсы мұғалім бола аламын деп ойлаймын. Маған мұғалім мамандығының психологиялық тұрғысынан жұмыс істеген ұнайды. Бірде газет оқып отырып вьетнам халқының «Мұғалімді сыйлай отырып, өзің де мұғалім бола аласың» деген нақыл сөзі менің мұғалімдерге деген көз қарасымды түбегейлі өзгертті. Бір қызығы мен өз мұғалімдерімді бақылай отырып олардан көп нәрсе үйрендім. Бізге білім беру үшін мұғалімдер физикалық және психикалық жағынан көп күш жұмсайды. Бұл шынымен де құрметтеуге, бағалауға тұрарлық іс.



Орыс жазушысы Лев Николаевич Толстой былай депті «Егер мұғалім тек жұмысын жақсы көретін болса, ол жақсы мұғалім болады. Ал егер мұғалім тек оқушыны ата – ана ретінде жақсы көретін болса, онда ол барлық кітапты оқып шыққан мұғалімнен асып түседі. Ал егер мұғалім өз бойына жұмыс пен оқушыға деген махаббатын ұштастырса ғана, ол нағыз маман бола алады.» Мен болашақта осындай мұғалім болғым келеді. Қандай жағдай болса да мен қолымнан келгенінше мақсатыма жетуге тырысамын.



Алғашқы мұғалім



Алғашқы мұғалім ғана оқушының бойында оқуға деген қызығушылын немесе жеккөрінішін оята алады. Менің алғашқы ұстазым – Райкүл Құлжабайқызы – жоғары білімді, өз мамандығын жақсы көретін білікті ұстаз.



Оның жылы аналық махаббаты оқушылардың жүрегінен орын алып, сабақты жақсы оқуға талпындыратын. Балаларға деген махаббат мамандықтағы ең маңызды сапалардың бірі болып табылады және де Райкүл Құлжабайқызының осы қасиеті оқушылардың көңілінен шығуға септігін тигізеді.



Мен де болашақ мамандығымда Райкүл Құлжабайқызы сияқты үлкен жетістіктерге қол жеткізуге тырысамын.



Мұғалім мамандығының қоғамға пайдасы.



Менің ойымша тек мұғалім ғана қоғамның дамуына оқушыларды тәрбиелеп оқыту арқылы үлкен үлес қосады. Ол олардың тәртібін қадағалай отырып өмірде өз жолдарын табуға көмектеседі.Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.



Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.



Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.





Ұстаз – Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.



Ғалым да, шахтер де бас иетін,

Ұстазым, бар сенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынантәрбие алмайтынжан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.



Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.



Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұлмамандық соданда киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.



Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, Өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзіненозған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман қстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.



Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.



«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.



«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.



Ұстаздық еткен жалықпас,



Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.



Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.



Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.



Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.



Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық — коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.



Сапалы білім негізі – жан — жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жо деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.



Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.



Мен өз мұғалімдерімді мақтан тұтамын! Олар өз жұмыстарын үлкен сүйіспеншілікпен атқарады. Мұғалім болу оңай жұмыс деп ойлайтынмын. Бірақ тәжірибелік сабақтардың арқасында мен осы «оңай» жұмыстың қыр – сырын үйренудемін. Мен мұғалім болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс екеніне және бұл қиын жұмыс екендігіне көз жеткіздім. Әрбір оқушының оқуға деген ынтасын арттырудың өз жолын таба білу қажет. Балаларда оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін сабақты күннен күнге қызықты өткізу басты міндет. Кейбір адамдарға күн сайын сабақ жүргізу – қызықсыз, бірқалыпты болып көрінеді. Ал маған бұл өте қызықты әрі баурап алатындай көрінеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:



1.«Бастауыш мектеп» № 2. 2007 ж



2.Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері. – Алматы 1991ж



3.Білім порталы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2020
1178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі