Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жұмыс "Құмның сәні - сексеуілдің экологиялық жағдайы мен агротехникасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

101
ISSN 1563-0366 KazNU Bulletin. Ecology series. №1 (37). 2013
Б.Е. Шимшиков, Н.Е. Калибаев
ƏОЖ 599: 504. 54.05
Б.Е. Шимшиков, Н.Е. Калибаев
*
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
*
E-mail: Dani_kazakh89@mail.ru
Сарыесік-Атырау құмдары жəне олардың экологиялық жағдайлары
Cоңғы жылдары Балқаш ауданының Сарыесік-Атырау шөлді экожүйелерінің экологиялық
жағдайының нашарлануы байқалды. Оның себептері болып, біріншіден, қуаңдану процесінің ұлғаю
əсері; екіншіден – антропогендік фактордан территорияның ылғалдануының төмендеуіне байла-
нысты сексеуіл ормандарының өнімділігінің азаюы анықталды. Сарыесік-Атырау шөлді экожүйелерін
қорғау жəне қалпына келтіру үшін сексеуілді қырқуға қарсы жарияланған мораторийді аз дегенде 10-
15 жыл
мұқият сақтап, оны орындап, мерзімін ұзарту қажет.
Түйін сөздер: экожүйе, эрозия, деградация, транссекта.
B. E. Shimshikov, N. E. Kalibayev
Saryesik-atyrau’s sand and their ecological condition
In recent years deterioration of an ecological condition of desert ecosystems of Saryesik-atyrau of the
Balkhash area is observed. The reasons of it are first strengthening of process of desertification; secondly
– the anthropogenous factor connected with decrease in moisture content of the territory owing to cutting
down of the saksaulovy woods. For protection and restoration of desert ecosystems of sand of Saryesik-
atyrau it is necessary to prolong the moratorium on saxaul cutting down at least for 10-15 years and strictly
to observe it.
Keywords: ecosystem, erosion, degradation, transect, saxaul.
Б.Е. Шимшиков, Н.Е. Калибаев
Пески Сарыесик-атырау и их экологическое состояние
В последние годы наблюдается ухудшение экологического состояния пустынных экосистем Сары-
есик-атырау Балхашского района. Причинами этого являются, во-первых, усиление
процесса опу-
стынивания; во-вторых, антропогенный фактор, связанный со снижением увлажненности террито-
рии вследствие вырубки саксауловых лесов. Для охраны и восстановления пустынных экосистем
песков Сарыесик-атырау необходимо продлить мораторий на вырубку саксаула по меньшей мере на
10-15 лет и строго его соблюдать.
Ключевые слова: экосистема, эрозия, деградация, трансекта, саксаул.
Сарыесік-Атырау құмдары Балқаш көлінің
оңтүстігінде орналасқан. Іле өзенімен Қаратал
өзенінің аралығын алып жатыр. Бұл территорияға
Іле өзенінің төменгі сағасы да кіреді. Үйілген
құмдар арасында тақырлар, тақыр тəрізді
топырақтар кездеседі.
Қазақстан Республикасының территория-
сының 60%-дан астамы шөлді аймақтарға жата-
ды. Елімізде 5 миллионнан астам халық осы
аймақта тұрады жəне шөлді зонаның биологиялық

ресурстарын пайдаланады. Соңғы жылдары
климаттың өзгерісіне, шөлдену процестерінің
белcенді жүруіне байланысты, сонымен қатар
антропогендік ықпалдың əсерлерінен шөлді
зона экожүйелерінің жағдайлары нашарлап бара
жатқаны байқалады. Шөлді экожүйелердегі


Page 2

102
ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1 (37). 2013
Сарыесік-Атырау құмдары жəне олардың экологиялық жағдайлары
фитоценоздардың өнімділігі төмендеп,
биологиялық əртүрлілігі азайып барады. Осыған
орай шөлді экожүйелердің проблемаларын
зерттеуге арналған жұмыстардың өзектілігі өте
жоғары деп айтуға болады.
Алматы облысының Балқаш ауданында
бірнеше экологиялық ландшафтар орналасқан.
Зерттеу нысаны болып Сарыесік-Атырау кұмды
экожүйелері табылады. Оның алып жатқан
ауданы шамамен 2,83 млн.га, бұл ауданда 14
елді мекендер орналасқан. Жергілікті халық

осы шөлді экожүйенің табиғи ресурстарын
пайдаланып өмір сүреді. Негізгі айналысатын
саласы – мал шаруашылығы.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – Алматы облысының шөлді зона-
сында орналасқан Сарыесік-Атырау құмды
экожүйесінің биологиялық алуан түрлілігіне
қазіргі шөлдену процесінің əсерін көрсету.
Бұл региондағы шөлденудің негізгі себептері:
– өсімдік жамылғысының деградациясы
– су жəне жел топырақ эрозиясы
– топырақтың
сорлануы жəне дегуми-
фикациясы
– топырақтың химиялық ластануы
– жер асты жəне жер үсті суларының лас-
тануы
– жердің су режимінің жəне техногендік
өзгеріске ұшырауы.
Сарыесік – Атырау массивтерінің деграда-
цияға ұшырауы катастрофалық жағдай туғызуы
мүмкін.
Жұмыстың міндеттері:
Шөлді зонаның экожүйелеріне сипаттама
беру;
Əр экожүйенің фитоценоздарын сипаттап
өнімділігін анықтау;
Экожүйелердің биологиялық түрлілігінің
қазіргі
жағдайын көрсету;
Шөлді экожүйелерді қорғау жəне
өнімділігін арттыру, биоалуантүрлілігін сақтау
шараларын ұсыну.
Сарыесік-Атырау шөлді экожүйесінде жа-
нуарлар мен өсімдіктер биоалуантүрлілігінің
экологиялық жағдайының нашарлануы байқа-
лады. Оның себептері болып: біріншіден, қуаң-
дану процесінің ұлғаю əсері; екіншіден – антро-
погендік фактордан территорияның ылғал-
дануының төмендеуіне байланысты екені
анықталды. Фитоценоздар қауымдастықта-
рының
азаюы жүріп жатқаны байқалады.
Шөл өсімдіктері сирек болғанмен ауаның
ұдайы құрғақтығына жақсы бейімделген. Бұған
вегетативтік уақыты қысқа, өсімдіктер (эфемер-
лер) тəн келеді; олардың басым көпшілігінің та-
мыр жүйелері терең орналасады, ал жапырақтары
кішкене болғандықтан шөл өсімдіктері бой-
ына ылғал қорын жинайды Өзіне тəн өсімдік
жамылғысы алуан түрлі: 2500 2800 түрі бар.
Олардың ішінде
200-215 түрі – эндемиктер.
Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусан-
ды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы
(қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамы-
ған, жартылай бұталы (сұр жусанды, эфемерлі),
ал дөң жəне тізбектелген аллювийлі-эолды
құмдарда бұталы-сексеуілді эфемеройдты
(сексеуіл-қоянжын-жүзімді) өсімдік жамылғы-
лары тəн. Аталған өсімдіктер қауымдастығының
жылдық жалпы өнімділігі 1995 мен 2010 жыл-
дар
аралығында зерттеулер бойынша 25-30 %
төмендегені байқалады.
Зерттеу нысаны, материалдары жəне
əдістері
Зерттеу нысаны болып Сарыесік-Атырау
кұмды экожүйелері табылады. Оның алып
жатқан ауданы шамамен 2,83 млн.га, бұл ауданда
14 елді мекендер орналасқан. Жергілікті халық
осы шөлді экожүйнің табиғи ресурстарын пайда-
ланып өмір сүреді. Негізгі айналысатын саласы
– мал шаруашылығы.
Алматы облысының Балқаш ауданында
бірнеше экологиялық ландшафтар орналасқан:
1) Шөлейтті – алса таулы қыратты жəне ұсақ
шоқылы, борпылдақ қалың шөгінді тау жыны-
старынан тұрады; өсімдік жамалғысы – далалы-
шөлді астық тұқымдас жусанды; топырағы
– ашық-құба жусанды-селеулі-бұталы тұзды,
сортаңдарда өсетін астық тұқымдас, көп жылдық
шөпті өсімдіктерден құралған.
2) Құмды шөлді – ірі қырқалы эолды
жазықтар, қырқалы-төбешікті
жəне толық
бекітілген, жартылай бекітілген құмдардан,
бос құмдарда өсетін шөлді бидайық, теріскен,
ақжусан жəне сексеуілді құмда өсетін
псаммофитті бұталы өсімдіктерден тұрады.
3) Далаланған шөл – ұсақ шоқылы жəне
көтерінкі жазықтар, шөгінді жыныстары қалың,
астық тұқымдас жусанды-боялышты өсімдігі
бар далалы шөл жəне сорлар.


Page 3

103
ISSN 1563-0366 KazNU Bulletin. Ecology series. №1 (37). 2013
Б.Е. Шимшиков, Н.Е. Калибаев
Зерттеу əдістері
1. Географиялық жəне картографиялық
əдістер.
Географиялық жəне картографиялық əдіс-
термен физикалық картаны, өсімдіктер жəне
топырақтар жамылғысының карталарын пай-
даланып шөлді биогеоценоздардың таралу
заңдылықтарын, ареалын, шөлдену процесіне
байланысты өзгерістерін картаға түсіріп зерттеу.
2. Өсімдіктер жамылғысының өнімділігін
транссекталық əдіспен анықтау
Транссекталық əдісімен шөлдің өсімдік-
терінің орналасу тығыздығы жəне өнімділігі
анықталады. Ол үшін зерттеу
территориясында
ұзындығы 500 м, көлденеңі 300м төрт бұрыш
ерекшеленеді. Соның ішінде əр 10-20м сайын
кездесетін өсімдіктер түрлері анықталады. Оның
айналасындағы 30м қашықтықтағы өсімдіктер
есепке алынады. Əр өсімдіктің биіктігі, 4 бағытта
көлденеңі. Сексеуілдің ағашының жуандығы,
жер үсті жəне жер асты биомассасы жəне бөлек
жасыл жапырақтарының биомассасы өлшенеді.
3. Өсімдіктерді ботаникалық əдістермен
зерттеу
Ботаникалық əдіс –
өсімдіктердің морфоло-
гиялық белгілеріне қарап түрлерін анықтау
(жапырағы,гүлі,сабағы,тамыры т.б.).
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау
Сексеуіл ормандарын трансекталық əдіс-
пен зерттеу нəтижелері. Сарыесік-Атырау
Қазақстанның орталық шөл даласын-
да орналасқан жер бетінде сексеуіл орманы
біріншілік өнімі ең жоғары формацияларға жа-
тады. Қазақстанда сексеуілдің үш түрі өседі:қар
сексеуіл
(Haloxylon aphyllum), ақ сексеуіл
(Haloxylon persicium), зайсан сексеуілі (Holoxylon
ammodendron).
Қазақстан мен Орта Азия өсімдіктер
картасындағы 36 фитохронологиялық бірліктерде
сексеуіл қоғамдастығы доминанттыққа ие,
олар шөлді зонаның 29,3% ауданы алып жатыр.
Сексеуіл орманының 1 гектарынан 40 тоннаға
дейін отын шығады. Сексеуіл тек отын ғана
емес құнды жайылым мал азығы. Сондықтан
сексеуілдің өнімділігі шөлді экожүйенің
биологиялық алуан түрлілігіне
зор ықпал
көрсетеді.
Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі 1959 жылы 5 мамырда құрылған.
Жер көлемі 1558997 га, оның ішінде орман алқабы 911159 га.
4 орманшылыққа бөлінген:
1. Ақкол 29092 гектар
2. Бақанас 379375 гектар
3. Көктал 395990 гектар
4. Қарой 754580 гектар


Page 4

104
ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1 (37). 2013
Сарыесік-Атырау құмдары жəне олардың экологиялық жағдайлары
Қара жəне ақ сексеуілмен бірге орман-
да жүзгін, жыңғыл,құмды қараған,тамариск
т.б.өседі. Шөлді зонаның мемлекеттік орман
қорының ауданы 12427,8 мың гектар құрайды.
Соңғы жылдары көп қырқылғандықтан сек-
сеуіл ормандары сиреп кетті əсіресе елді мекен-
дер мен жолдарға жақын орналасқан жерлерде.
Сарыесік-Атырау шөлінің орманының
негізгі өсімдігі қара сексеуіл. Оның
бойы 7 м-ге
дейін жетеді. Жапырағымен мал əсіресе түйелер
қоректенеді. Түйелер сексеуілдің бұталарымен
3м биіктікке дейін қоректенеді. Бір бұтадан
қоректік бірлікпен 12кг-ға дейін алады. Қойлар
жерге түскен жапырақтарын жеп бір бұтадан
1кг-ға жуық қорек алады.
Ақ сексеуіл Сарыесік-Атырау құмдарының
солтүстік жағында кездеседі. Олар үйінің
құмның жоғары
жағында өседі. Жылжымалы
құмдарда ақ сексеуіл жүгін жəне қарағанмен
бірге орман құрады.
1-кесте – Транссекта № 1 жусанды теріскенді-сексуілді қауымдасдық
Өсімдік
Биіктігі,
см
Түбінің диаметрі,
см
Көлденеңі,
см
Биомассасы,
кг
Тамырлар
биомассасы, кг
Жас сексеуіл (5- 7жыл) 141 13 80-127 1,45 0,78
Жас сексеуіл (5-жыл) 106 11 78-96 0,65 0,34
Орта жастағы сексеуіл (10-15 жыл) 175 22 181-215 4,78 2,58
Ірі сексеуіл (20 жыл) 294 36 155-184 16,04 8,85
Ірі сексеуіл (25-30 жыл) 310 65 255-305 33,75 19,1
Бірінші транссектаның өсімдік жамылғысы топырақ бетінің 50-60%-ға жуығын жауып жатыр. Өсімдіктер
ішінде сексеуілдің үлесі 30-40%, теріскендікі – 25-30%, жусан мен басқаларыныкі – 30%-ға жуық. Сексеуідердің
ішінде кəрілерінен жастары басым. Ірі сексеуілдердің қырқылған орындары көрініп түр.
2-кесте – Транссекта №2 кейреуікті-сексуілді қауымдастық
Ірі сексуіл (20 жыл) 300 58 275-320 62,93 32,20
Орташа сексуіл (16-17 жыл) 220 28 205-230 12,13 6,67
Орташа сексуіл (14-15 жас) 190 29 232-245 13,46 7,43
Жас сексуіл (≈10 жыл) 127 11 112-125 0,92 0,48
Жас сексуіл (≈10 жыл) 155 12 76-100 1,60 0,89
Екінші транссектаның өсімдік жамылғысы топырақ бетінің 40-50%-ға жуығын алып жатыр. Бұл жерде
өсімдіктер ішінді сексеуіл 40-30%, кейреуікт – 25-30%, басқалары – 30%-ға жуық құрайды. Сексеуілдердің
жартсынан көбі жас, əлі бой алмаған өсімдіктер.
3-кесте – Транссекта №3 сексеуіл тоғайы
Жас сексуіл (9-10жыл) 140 16 73-106 1,90 1,05
Орта жастағы сексуіл (13-15жыл) 280 22 146-150 3,53 1,95
Орта жастағы сексуіл (15-17жыл) 246 30 206-210 12,03 6,68
Ірі сексуіл (25-27жыл) 487 59 285-325 79,16 48,30
Өте ірі сексуіл(30жылдан аса) 608 69 320-380 94,20 58,44

Үшінші транссектаның өсімдік жамылғысы топырақ бетінің 30-40%-ға жуығын алып жатыр. Бұл жерде
өсімдіктер ішінді сексеуіл 50-60%, басқалары – 30-40%-ға жуық. Сексеуілдердің нормадан көп қырқылғаны
байқалады. Олардың орнын кейреук, теріскен, жас үсақ сексеуіл т.б. бұтақты өсімдіктер алып жатыр.


Page 5

105
ISSN 1563-0366 KazNU Bulletin. Ecology series. №1 (37). 2013
Б.Е. Шимшиков, Н.Е. Калибаев
Қорытынды
1. Балқаш ауданының Сарыесік-Атырау
шөлді экожүйелерінің экологиялық жағдайы-
ның бұзылуы жəне нашарлануы байқалады.
Оның себептері болып: біріншіден, қуаңдану
процесінің ұлғаю əсері; екіншіден- антропогендік
фактордан территорияның ылғалдануының
төмендеуіне байланысты сексеуіл ормандарының
өнімділігінің азаюы анықталды.
2. Құмды-шөлді экожүйенің экологиялық
жағдайы оның негізгі өсімдігі – сексеуілдің өсіп-
өнуіне тікелей байланысты екені көрсетілді.
3. Зерттелген
транссекталарда сексеуіл
түрлерінің ішінде, сексеуілдің ірі көпжылдық
түрлерінің сандарының азайғаны байқалады.
Қайта керісінше, олардың орнына жас сексеуіл,
теріскен, кейреуік т.б. түрлер тараған.
4. Сарыесік-Атырау шөлді экожүйелерін
қорғау жəне қалпына келтіру үшін сексеуілді
қырқуға қарсы жарияланған мораторийді аз
дегенде 10-15 жыл мұқият сақтап, оны орындап,
мерзімін ұзарту қажет.
Əдебиеттер
1 Бабаев А
.Г. Пустыни мира. – Москва, 1977.
2 Бабаев А.Г., Френкин З.Г. Пустыни СССР вчера, сегодня, завтра. – Москва, 1977. – 98-99 б.
3 Домрачев П.Ф. Балхаш и Прибалхашье. // Почвы Казахской ССР, выпуск 4 Алматинская область,
– Алма-Ата, 1962. – 157-158 б.
4 Уваров Л.А. Эколого-физиологическая характеристика саксаула черного в астраханской
полупустыне // Биологические ресурсы пустынь СССР, их
рациональное использование и
воспроизводство. – Ашхабад, 1984. – 37-43 б.
5 Илийская долина, ее природа и ресурсы. Изд-во АН КазССР. – Алма-Ата, 1963. – 334 б.
6 Никитин С.А. Древесная и кустарниковая растительность пустынь СССР. – М.: Изд-во «Наука»,
1966. – 254 б.
7 Терлецкий Б.К. Балхаш-Алакульская впадина // Алма-Ата: изд-во Академии наук Казахской ССР,
1963. – 233 б.
8 «Почвы Балхашского района Алматинской области». – Алматы: ГосНПЦзем. 1998.
9 Самакова А.Б. проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. – Алматы,
2008.
10 Почвенная карта Семиречья. – Алматы, 2008.
11 www.google.kz
12 www.ecologysite.ru
13 Карта растительности Казахстана и Средней Азии. – 1995, (гл.ред.Рачковская). – Москва. 3 л.
14 Гвоздева Л.Т. Растительность и кормовые ресурсы пустыни Сары-Ишик-Атрау. – Алма-Ата: изд-
во
АН КазССР. 1960. – 205 б.
15 Бедарева О.М. Экосистемы средних пустынь Казахстана и их инвентаризация методами дис-
танционного зондирования. Автореф.диссерт. на соиск. доктора биол.наук по спец. 03.00.16 – экология.
– Калининград, 2009.
Reference
1 Babaev A.G. Pustyni mira. – Moskva, 1977.
2 Babaev A.G., Frenkin Z.G. Pustyni sssr vchera, segodnya, zavtra. – Moskva, 1977. 98-99 b.
3 Domrachev P.F. Balxash i pribalxashe. // Pochvy Kazaxskoj Ssr, Vypusk 4 Almatinskaya Oblast. – Alma-
Ata, 1962. – 157-158 b.
4 Uvarov L.A. Ekologo-Fiziologicheskaya xarakteristika saksaula chernogo v astraxanskoj polupustyne.//
Biologicheskie resursy pustyn sssr, ix racionalnoe ispolzovanie i vosproizvodstvo. – Ashxabad, 1984. – 37-43 b.
5 Ilijskaya Dolina, Ee Priroda I Resursy. Izd-Vo An KazSSR. – Alma-Ata, 1963. – 334 b.
6 Nikitin S.A. Drevesnaya I Kustarnikovaya rastitelnost pustyn SSSR. –M., Izd-Vo «Nauka». 1966. – 254 b.


Page 6

106
ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы. №1 (37). 2013
Сарыесік-Атырау құмдары жəне олардың экологиялық жағдайлары
7 Terleckij B.K. Balxash-Alakulskaya vpadina.// – Alma-Ata: Izd-Vo Akademii Nauk Kazaxskoj Ssr.
1963. – 233 b.
8 «Pochvy Balxashskogo rajona Almatinskoj Oblasti». – Almaty, Gosnpczem. 1998.
9 Samakova A.B. Problemy Gidroekologicheskoj ustojchivosti v bassejne ozera Balxash. – Almaty, 2008.
10 Pochvennaya Karta Semirechya. – Almaty, 2008.
11 Www.Google.Kz
12 Www.Ecologysite.Ru
13 Karta Rastitelnosti Kazaxstana i Srednej Azii. 1995, (Gl.Red.Rachkovskaya). – Moskva, 3l.
14 Gvozdeva L.T. Rastitelnost i kormovye resursy pustyni Sary-Ishik-Atrau. – Alma-Ata: Izd-Vo An
KazSSR, 1960. – 205 b.
15 Bedareva O.M. Ekosistemy srednix pustyn Kazaxstana i ix inventarizaciya metodami distancionnogo
zondirovaniya. Avtorefүdissert. Na Soisk. Doktora Biol.Nauk Po Spec. 03.00.16 – Ekologiya. – Kaliningrad,
2009.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.08.2019
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12