Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышын» өлеңіндегі тәрбиелік мәні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 орта мектебі»
« Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі»
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышын» өлеңіндегі тәрбиелік мәні
Секциясы: қазақ тілі мен әдебиет
Орындаған:Қостанай қаласы №11 орта мектебінің 6 орыс сынып оқушысы Қаупыш Балайым Сүйіндікқызы
Жетекшісі:қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Алпысбаева Гүлшат Мұхамбетсалыковна
Қостанай қаласы
2018-2019 оқу жылы
Сын - пікір
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаянын , Шәкәрімнің адалдық , жақсы қасиеттер туралы Л.Н. Толстоймен хаттарын , шығармаларын оқи отырып , көрнекті ақынның , философтың соңында қалған мұрасымен туған халқы жақсы қылықтарға әлі де тәрбиеленуде . Шәкәрім Абайдың қайталанбас дәстүрін жалғастырып қана қоймай, оны ары қарай дамытқан тума талант иесі.
Ш .Құдайбердіұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Адамдық борышын» өлеңінде талапты жастарды үлгі-өнеге алуға, боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырады.
Облыстық педагогикалық бастамаларының сараптама мен лицензирования кеңесіне ұсынысқа беріледі.
Мектеп лицензия кеңесінің
төрайымы: Топаева Г.Ф.
Лицензия кеңесінің мүшесі: Алпысбаева Г.М.
қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Бекбергенова С.Ж.
Мазмұны:
Жоспар:
I.Аннотация. 2
Зерттеу
кезеңдері:
3
II. Кіріспе. 4
III. Негізгі бөлім. 5
1. Тарау .
1.Шәкәрімнің өмірбаяны 5-4
2 Адамның жаман қаситтері туралы Толстойдың
Ш Кұдайбердіұлының хатына берген жауаптары арқылы жақсы қаситтер туралы айту. 7-10
3.Шәкәрім Құдайберді “Адамдық борышын” өлеңін талдап, тәрбиелік мәнін ашу . 10-13
IV. Қорытынды 13-14
Зерттеу жұмысының журналы 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 16
Аннотация
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаянын , Шәкәрімнің адалдық , жақсы қасиеттер туралы Л.Н. Толстоймен хаттарын , шығармаларын оқи отырып , көрнекті ақынның , философтың соңында қалған мұрасымен туған халқы жақсы қылықтарға әлі де тәрбиеленуде . Шәкәрім Абайдың қайталанбас дәстүрін жалғастырып қана қоймай, оны ары қарай дамытқан тума талант иесі.
Ш .Құдайбердіұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Адамдық борышын» өлеңінде талапты жастарды үлгі-өнеге алуға, боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықтардан аулақ болуға шақырады.
Зерттеу
кезеңдері:
І. Даярлық
кезеңі:
А) Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәліметтерді
баспасөз беттерінен іздеу,кітаптар
оқу,танысу.
Ә) Ақынның «Адамдық борышын» өлеңі туралы
шығармаларына шолу жасау.
II. Тақырыпты
зерттеу:
А) Шәкәрімнің өмірімен
танысу.
Ә) . Ақынның «Адамдық борышын» өлеңі туралы
шығармаларына шолу жасау. .
Б) Жұмысты жинақтау,зерттеу нәтижесімен
өзіндік ой-пікір,ұсыныстар
айту.
III. Жұмысты қорғауға әзірлік
кезеңі:
А) Қосымша материалдар,презентация
әзірлеу.
Ә) Жұмыс негізіне баяндама жұмысын
дайындау.
І.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының
өзектілігі .
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі екенін анық білеміз. Қазіргі танда Шәкәрім жырлары кеңінен насихатталуда. Мектеп бағдарламасынан да білеміз. Өзі еңбек сүйгішақын, адал еңбек адамын шығармаларында мадақтаған, мақтаған. Арамтамақ бай жуандарды, екі жүзді, арсыз атқамінер қуларды өткір тілмен түйреп,әшкерелеген.Шәкәрімнің “Адамдық борышын” атты өлеңінде қазақ баласының мінезінде нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып, өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін , біздің казіргі заманымызға жетіспейтін адалдық, адамшылдық туралы айтуды жан көрдім.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Шәкәрімнің “Адамдық
борышын” өлеңі арқылы қазақ халқының көнеден келе жатқан адалдық,
имандылық,еңбекшілдік,білімдік адамға керек қасиет екенін
дәлелдеу; . «Борыш» ұғымына
талдау жасау арқылы осы адамдық қасиеттері тәрбиенің жоғары
деңгейі екенін дәлелдеу .
Зерттеу жұмысының
міндеттері:
O Шәкәрімнің өмірбаянымен
танысу.
o Адамның жаман қаситтері туралы Толстойдың Ш Кұдайбердиевтің
хатына берген жауаптары арқылы жақсы қаситтер туралы
айту.
o Шәкәрім Құдайберді
“Адамдық борышын” өлеңін оқып талдау,
тәрбиелік жолына тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
o Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру.
1.Қазіргі заманымызда адамдар
адалдық , адамшылық, білімділік, өнерлік, еңбексүгіштік туралы көп
айтады. Ал мен өзім Шәкәрім ақын жырлап өткен «Адамдық борышын»
ұнатамын. Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім
келеді.
Қазақтың өлеңінің пірі
болған,
Халқының сөзін айтар ұлы болған.
Абайдың аманат қып беріп кеткен.
Шәкәрім түсірмеген туын қолдан
(С. Мәуленов)
ШәкәрімҚұдайбердіұлы ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.
Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,
Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы
Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. Өзінің
«Мұталғанның өмірі» атты ұзақ өлеңінде бес жасынан ауыл молдасынан
сабақ алып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Сөйтіп, өз бетімен орысша үйренеді, ғылым-білім жолына
түседі.
Шәкәрім Гетені де, Пушкинді де өзіне жақын
тартқан. Ол Абайдан көп үлгі-өнеге алған, оны ұстаз тұтқан. Ойшыл
ақын Аллаһты тануға шақырады.
Ол Абай дәуірінен бастау
алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық
идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника
жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса
көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік
идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы,
зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл
қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және
халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны
анық. Ақын елді өнер-білім мен ғылымға жұмылдыруға кедергі болып
отырған араздық, берекесіз талас-тартысты, керенаулықты сынға
алады. Өнеріңді, ғылымды елге жай,«пайдалансын өзгелер»,
«сусағанның сусыны бол», өнер, білім, ғылымның жетістіктерін ел
игілігіне жүмсауды талап етеді.
Шәкәрім - ұлы Абайдың немере
інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған
Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда,
Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу»
дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған
Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып
тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі
үлес қосқады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді
де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай
орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің
туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. – М.Ж.) үйренсе әкесі
Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын,
жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі.
Осындай тәрбие көріп өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының
оянуына осы үлгі қолайлы жағдай
жасайды.
Осындай арналы
бағыт беретін өлең жолдары ақын оқу, білімсіз надандық пен
қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып,
оның
мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай
ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың
тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға
үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын
ескертеді:
Шәкәрім өзі жемісті кезең деп атаған жылдарында да ұлы Абай
бастаған игі дәстүрді жалғастыруға, ел өмірінің шындық көріністерін
көркем бейнелеуге айтарлықтай үлес қосты, әдебиетімізге сан алуан
поэзиялық туындылармен қатар проза мен аударма саласында да мәні
зор еңбектер қалдырды, ұлы Абайдың лайықты шәкірті бола білді.
Осыған орай ұлы жазушымыз М. Әуезовтың Шәкәрім жөнінде айтқан мына
бір салиқалы пікірі ойға оралады: «Абайдың дәл өз тұсында, өз
дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия –
Абайдың балалары. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын
Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық,
ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз
жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін
сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Дәлін айтқанда,
мыналар Абайдың ақын-шәкірттері есепті де, Абай алды оларға
жазушының мектебі сияқты болады» (М. Әуезов. Абай Құнанбаев.
Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, 1967. 244-б.), - деп
көрсетеді..
2. Шәкәрімнің өзіне үлгі тұтып
өскен ұлы Абайдан тыс үш бұлақ бастауы бар десек, солардың
алғашқысы қазақтың төл әдебиетінің ықпал әсері еді дей аламыз.
Екіншісі Шығыс әдебиетінің туындылары деген жөн. Осы бағытта ол
әйгілі Қожа Хафиз лирикаларының Физулидің «Ләйлі Мәжнүн» дастанын
қазақшаға аударды. Үшіншісі, орыс ақын жазушыларынан
М.Е.Салтиков–Щедрин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, А.С.Пушкин,
Л.Н.Толстой шығармаларының игі әсері еді. Шәкәрім бұлардан
А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесімен «Боранын» қазақ тіліне өлеңмен
аударса, Л.Н.Толстойдың бір топ әңгімелерін қазақша
сөйлетті.
Өмірге,
әдебиетке көзқарас, танымы мен түсінігі жағынан Шәкәрімге ең жақын
тұрғаны орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой болғаны мәлім. Ол өзін
Л.Н.Толстойдың шәкіртімін деп санап, оны мақтан тұтты. «Әйел,
бала-шағасынан безіп, елсіз қорада Л.Толстойша бөлініп тұрып жатыр»
деп қанқу сөз таратқан қайсыбір кісілерге жауап ретінде
ақын:
«Кейбіреу
безді дейді қатынынан,
Туысқан, бауыр
бала жақынан.
Қаңғырып,
Толстойша өлер дейді,
Шатасып
қартайған соң ақылынан,
Мен болсам
Толстойдай арманым жоқ,
Шатасып
ақылымнан қалғаным жоқ.
Сырымды
білетұғын сендер емес,
Өлейін деп
елсізге барғаным жоқ», - дей келіп, осыған орай өз басының
арман-мұңын да ортаға жайып
салады:
«Таза ой ойлай
алмас үйде басым,
Ойсыз сіңбес
бойыма ішкен асым
Ой жемісін
теремін өлгенімше,
Өсектесін,
күндесін мейлі қасым!» -
дейді.
Ақын
Л.Н.Толстой туралы ойларын тек мұнымен шектеп қалмай, ұлы ойшылдың
өз өмірінен алатын орнын да ашып санамалай келіп, өзінің «Жасымнан
жетік білдім» деген өлеңінде оның туындыларын жоғары санап, әділ
бағалайды.
«Оятқан мені
ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын
болды әлем сыры.
Талпынып орыс
тілін үйренумен,
Надандықтың
тазарып кетті кірі.
Танбаймын,
шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам
сопы кәпір қойдың.
Жанымен сүйді
әділет ардың жолын,
Сондықтан ол
иесі терең ойдың...
Көнбеймін
дінді теріс бұрғаныңа,
Сопының бара
қойман құрбанына.
Хақиқат
сырымды айтсам, Толстойдың
Мың сопыны
алмаймын тырнағына!» - деп ағынан
жарылады.
Шәкәрімнің ұлы
Ахат ағайдың жұмыс барысында айтқан әңгімелерінің бірінен
Шәкәрімнің Л.Н.Толстойдға хат жазып, көкейінде жүрген сауалдарға
жауап алғанын әлденеше рет естігенім бар, алайда ол хаттың
сақталмауы себепті оған кезінде мән бере қоймаған едік. Ал енді
Ахаңның әкесі жөнінде естелігін қайта бір оқи отырып, бұл мәселенің
растығына көз жетзізгендей болдым. Расында, кең сахарада жатқан
қазақтың орыс ойшылына сол тұста сұрақ қойып, одан лайықты жауап
алыпты деген сөзге сенуде алғаш қиын болды. Ахат ағай келтірген
сұрақ-жауаптың күрделілігімен мазмұн-сипаты оның Шәкәрімге тән
екендігі күдік туғызбайтын секілді. Сол мәні аса зор сұрақтар мен
жауаптарды тағы бір рет оқып көрелік. «Марқұм әкеммен болған бір
әңгімесінде: «Сіз Толстой туралы жай әңгімеңізде де, Толстой туралы
жазған өлеңіңізде де оны өте жоғары бағалайсыз», - дедім. Сонда
әкей айтты: «Мен Толстойды бұрында да бағалайтынмын. Әсіресе, мен
Толстойдан үш сұрақ сұрадым. Сол сұрақтарыма Толстой маған өте
қымбатты жауап қайтарды. Сол жауаптары мені толғандырып, ғибадат
алатын сабақ болып, көңіліме орнап қалды. «Адамның арына тиетін
жағымсыз қылықтардың ішінде және Сіз білетін арға ең ауыр тиетіні
не?» - дедім. Толстой бұған: «Осы тізіп тұрғандарыңның барлығы да
адамшылық арға тиетін нәрселер. Меніңше, арға ең ауыр тиетін бір іс
бар. Ол адам көпшілікке не қоғамға зиян келетін хақиқат істі біліп,
соны бір нәрседен қорғанып, сол хақиқатты айтпай қалса, сол арға
өте ауыр тиеді. Бірінші: сен өте бай болып, сол хақиқатты айтсаң,
малыңа зиян тисе, екінші: сен мансап иесі болып, сол хақиқатты
айтсаң, мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші: сол хақиқатты айтсаң,
басың жазаланатын болса, міне осы үш түрлі зардаптардан қорғанып,
көпке зиян келетін хақиқатты айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетіні
осы», - деді. Екінші: «Ірі шығармалар жазуға бет алдым. Бұған
қандай кеңес бересіз?» - дедім. Бұған ол кісі: «Көп адамдар
қатысатын шығарма болсын, не әңгіме болсын, алдымен, сол әңгіменің
уақиғасына, іс-әрекетіне жазушы өзі араласқандай жетік болуы керек.
Сол уақиғаның жайы жазушыға айнадай айқындай айқындалып, сезініп
тұрғандай болуы керек. Олай болмаған күнде әңгіме дәл, қызықты
болып шықпайды. «Көлеңкеге пішкен тон бойға шақ келмейді» деген
мәтелді жазушы ойдан шығармауы керек. Ішіне араласпай, сырттай
ой–жотамен жазылған шығарма шындыққа жанаспай, қызықты болып
шықпайды», - деді. Үшінші: «Өз жазғанымның дұрыс, терісін сынау
қиын, өз шығармамның қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзеуге
болады?» - деген сұрағыма ұлы жазушы: «Жазушының артық қасиеті - өз
қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді.
«Біреудің қатесін біреу көреді», - деген де бар. Бәрінен адам өз
қатесін өзі көріп, өзі түзеген артық, өз қатесін түзей алатын қажет
адамның өз бойында бар. Ол – адамға біткен ақ жүрек. Егер адам
істеген өз ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің
сезімі оны ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қорытындыны жүрек
елегінен өткізу керек. Жүрек ымбалына беріліп дағдыланған адам өз
мінін де біреудің мінін де көре алады, сондықтан әділ сыншы – ақ
жүрек», - деді» (Ахат Құдайбердіұлы. Шәкәрім жайындағы естелік.
64-б.).
Енді бір–екі ауыз сөз
Қазақстан Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институты дайындап, 1988 жылы жариялаған Шәкәрімнің шығармалар
жинағы туралы дер едік. «Бұған енген кейбір өлеңдер неге бұрмаланып
басылған» деген пікірлер әлі күнге дейін әр жерден естіліп қалып
жүр. Сол қайсыбір өзгеріс, өңдеулер туралы кезінде баспа бетінде
белгілі әдебиетші Қайым Мұхамедхановтың «құдай деген сөзден құдай
сақтасын» деген сын мақаласы да басылған болатын. Шынына келгенде,
«Жазушы» баспасы қызметкерлері тарапынан болған өзгертулердің сол
тұстағы саяси талаптар тұрғысынан амалсыз жасалғанын ашып айтуға
тиіспіз. Бұл жинақ мұндай өзгеріс, бұрмалаулардан, құдайға шүкір,
таза, осы жолғы құрастырушылар бұрынғы жинақ секілді Шәкәрімнің
баласы Ахат дайындаған қолжазба-түпнұсқаны негізге
алды.
Шәкәрім
өмірінің соңғы жылдары заман қыспағы мен әртүрлі қудалау-түрткіні
көп көріп, өзінің алдағы болашағына да күдікпен қарауға мәжбүр
болды. Сол себепті ол өзін азан айтып қойған есімінде өзгертіп
«Мұтылған» деп ат қойды. Алайда ақын алдағы Әділдік пен Шындықтың,
Ақыл мен Ардың жеңісіне зор сенім білдіріп, кейінгі келер жаңа
буынға:
«Көрмесе де
көзімді,
Білмесе де
өзімді,
Кейінгі жастар
қабылдар
Айтылған түзу
сөзімді...
Қиналған тәнім
азапқа,
Жанған жаным
дозаққа.
Әділ жандар
алдында
Ақталып шықса
ғажап па?» - деп үлкен үміт артады, туған елінің болашағы үшін
жанын сала күрескен кемеңгер ақын өз туындылары арқылы туған
халқымен қайтадан қауышқалы отыр, осының бәрі де сәтті
болғай!
Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген
ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның
бұл бағыттағы еңбегі
1879ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған.
Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады.
Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің
«Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен
ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік
ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық
идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға
жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады.
Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі
өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды
қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы
белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды
босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала
білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын
өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң
тұспеді уысыма» деп өткініште
қалдырмау.
3. Шәкәрім лирик ақын ретінде адамгершілік, өнер – білім, болашақ өмір, жастық пен махаббат туралы жазған өлеңдерімен әдебиет әлемінде өшпестей із қалдырды. Ақын қалдырған асыл қазынаның тақырыптық ауқымын, жанрлық кеңдігін көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік тілдік шеберлігін ғалымдарымыз жан – жақты зерттеп, дәйекті тұжырымдап, бүгінгі рухани азығына айналдырып отыр. Жас ұрпақты рухани – адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата – бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім – тәжірибесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз. Рухани – адамгершілік байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай алдына жарық салар шырағданы болды. Абай ізін жалғастырушы адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып – рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол адамгергершілік ар-ұяттты жоғары қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қаситтерімен сусындауға тұту, бауырыңа тарту бұл да адамгершіліктің жоғары түрі. Осы Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?
Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз: «Ойлансаң, барша адамзат – туған бауыр»- дейді. Ол өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртын бүйрегіне бұрса, барша адамзатты бауыр тұтады
Оның өзі де «Жолама қулар маңайға» өлеңінде:
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адазат қамы үшін
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін – деп өз өмірінің бүкіл мәнісі еңбекте жатқанын айтады. Ал, «Адамдық борышың» өлеңінде бұл идеяны тиянақтай түседі.
Шәкәрім өлеңдерінің негізгі объектісі – адам.Ол
адамды жақсылыққа жетелеп, жақсы қасиеттерді
қалыптастыруға ұмтылды. Адам мінез – құлқындағы
салақтық, еріншектік, бойкүйездікті сынады. Бұл тұста оның
«Сәнқойлар», «Қылжақпас», «Еріншек» деген өлеңдерін
жазды.
"Адамдық борышын" өлеңінде өнер –білім үйрену мәселесін ойшыл ақын
халықтың мүддесімен,биік адамгершілік,әділеттік,махаббат,адал еңбек
ете білу,талаптылық,жігерлілік секілді қасиеттерді үлгі тұтады.Бұл
қасиеттер мейірімділік, имандылық арқылы толысып,жетілетінін атап
айтады. Соған тоқталып өтейік.
«Адамдық
борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл
Өлгеніңше,
Жоба тап ,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Адамдық
борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге
көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің
білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке
басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы
қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету
азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді.
Ал, Шәкәрім
қажы адамдық борыш турасында:
«Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен,
адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар
өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп
есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып
отыр.
Борыш — ар өлшемі, адамгершіліктің жоғарғы талабы. Оған мағынасы жақын ұғым — парыз. Борыш ұғымы кісілік қасиеттер мен адамгершіліктің жалпы ережелерін орындаумен тікелей байланысты ізгілікті жамандықтан айыру қажеттілігінен туындайды. Борыш — кәсіби этиканың негізгі категориясы (жауынгерлік, дәрігерлік, ұстаздық, құқық қорғ
Қорытынды бөлімімде Шәкәрімнің шығармасын зерттей келе , оның қазір қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі ақын, жазушыларымызды еске аалғанда, ең алдымен Шәкәрімді атаымыз орынды деп білемін. Өйткені ол-Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда – бірегейі.Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны дағ көп жазғаны да-Шәкәрім. Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз-Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң , халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып , ерекше құрметтеген. Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат- мақсатын айқындап ашып айтып, халқының алдында серт беріп, былай дейді
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт қылған еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Ақын осы айтқан сертінен өл-өлгенше танған емес. Ақынның бір айтқан сертінен айнымайтын адалдығына, оның адамгершілік қасиетіне көзі жетіп, көңілі сенген туған халқы ардагер азамат ақынын ардақтаған.
Осы қазіргі заманда «Адамдық борышын» т.б. шығармаларын оқушылар сүйсіне оқып, өздерінің ақ жолдарын тауып, жақсы қасиеттер бойларына сіңіреді.
o Адамдық борыш әр адамның ол парызы;
o Адалдық ,
адамшылдық,білімділік,өнерлік,еңбексүйгіштік арқылы жақсы өмір
сүріп ,харам жолдан сақтайды;
o «Адамдық борышын» өлеңінде
адал еңбек, ақ пейіл, мейірім
бар жерде ғана таза ақыл болады яғни адал ниетпен ақылға билетіп,
ешкімге қиянат қылмай істелген іс адамды мұратқа және бақытқа
жеткізеді.
Ал менiң борышым - ата-анамның сүтiн ақтау, елiмнiң үлкен азаматы болу, халқыма еңбекқылу. Мен борышымды орындау үшiн ақ жолдан айнымай, бар күшiмдi аямай, тек алға ұмтылу керекпiн.Мен келешек қамы үшiн өмiрiмдi сарп етемiн. Сабағымды жақсы оқып, өскенде жаксы мамандыктың иесi болғым келедi. Менің Шәкәрімнен өзімнің бойыма алған қасиет-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Мен борышымды ақтаймын.
Егер біз Шәкәрім Құдайбердиев
“Адамдық борышын” атты өлеңін кеңінен насихаттасақ, бұл біздің
оқушылар арасында адамшылдық, адалдық, имандылық, еңбексүгіштік
қасиеттері дамып , жан жақты тәрбиелі болуға жол ашар
едік.
Ұсыныс: тақырып негізінде жинақталған
материалдар қазақ тілі, әдебиет пәндерінде қосымша ретінде
қолдануға болады. Тәрбие сағаттарында пайдалануға
болады
Зерттеу жұмысының журналы
№ |
Жұмыстың кезеңі |
мезгілі |
Іс-әрекеті |
1 |
Дайындық кезеңі |
10 қыркүек-25 желтоқсан 2015жылы |
Әдебиет пен мәліметтерді жинақтау |
2 |
Негізгі кезең |
25 желтоқсан- 15 ақпан2016 жыл |
1.Әдебиетпен мәліметтерді сараптау 2.Зерттеу жұмысының Дайындығы |
3 |
Түзету кезеңі |
10 қыркүйек-15 қазан 2016 жыл |
Жоба жетекшісімен түзету жқмыстары |
Пайдаланған әдебиеттер тізім:
1.Дидахмет Әшімханов. Бес арыс. – Алматы «Жалын» 1992ж
2. К. Ісләмжанұлы, Б.Әрінова, Р.Баттал, Е.Арын-Алматы «Атамұра»2015ж
3.Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Астана,2006ж
Қостанай қаласындағы
№11 орта мектебінің
6а сынып оқушысы
Жұман Махаббат
Шәкәрім Құдайбердіұлы
"Адамдық борышын" өлеңіндегі тәрбиелік мәні
ғылыми жұмысына
пікір
Жұман Махаббат 5 А сынып оқушысы «Шәкәрім Құдайбердіұлы
"Адамдық борышын" өлеңіндегі тәрбиелік мәні» деген тақырыпқа ғылыми жұмыс жазған. Жұмыста өзектілік дұрыс қойылған. Оқушы ақынның шығармасын оқи отырып, ондағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата біліп , оларды талдауға тырысты. Жұмысты жазу барысында оқушы ізденістер жасағаны көрінеді.
Жұмысты жазу барысында алдына мақсат қою арқылы , міндеттерді орындау арқылы жұмысты өз дәрежесінде жаза білген. Бұл мектеп оқушысы үшін өте қиын жұмыс, бірақ ол жұмысты жақсы меңгергенін көрсетіп отыр. Жұмыс қорғауға дайын.
Пікір жазған: пән мұғалімі Алпысбаева Г.М.
11