Түркістан облысы Жетісай ауданы №71 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пән мұғалімі Андасов Нуржан Бакытович

Орындаған:
5 “А”сынып оқушысы: Абдыш Нұрдәулет Нурболатұлы
Секция: дене шынықтыру Бағыты: Туризм және спорт
Ғылыми жұмыс тақырыбы:“Құнын жоғалтпаған ұлттық ойын-Ләңгі”
Қазақ халық ойындарының тарихы.
Қазіргі кезде біздің Республикамыз тәуелсізді болғандықтан ежелгі мәдениеттің қайта өрленуі жүріп жатыр, сонымен қатар өздерінің құрамына кіретін бай пласттер, өнер мен әдебиеттегі ұлттық дәстүрлер дамып келеді, қайсыларына халық ойындары да кіреді. Бұлар, ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді.
Ойын адамға сәйкес, тарихи жасалынған қоғамдық туындама және өзара іс-әрекет түрі.
Ойын демалыстың, өзара танудың, денелік және жалпы әлеуметтік тәрбиенің, спорттың құралы бола алады.
Ойын, мәдени элементі сияқты бүкіл мәдени қоғамымен дамиды, сонымен қатар адамдардың демалыстағы, рухани және денелік күштерінің дамуындағы әрбір сұраныстарына сәйкес келеді. Ойын іс-әрекеті мәдени элементі ғана болып келмейді, сонымен қатар мақсатты бағытталған, мақсатты қойылымдармен мотивацияланған іс-әрекеттердің әр түрлілігімен міңезделген және де тәрбиелеудің сауапты құралы болып келеді. Ойындар адамның мәдени мұрасы болып табылады. Бұлардың әр түрлілігі көп. Бұлар, адамның материалдық және рухани қоғамның бүкіл аймақтарын көрсетеді. Әрине ойындарды білімнің көптеген салалары: тарих, этнография, антропология, педагогика, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және т.б. зерттеген және зерттеп жатыр.
Ойын әрекетінде екі ең маңызды фактор объективті сәйкес келеді: бір жағынан, тәжірибелік әрекетке қосылу, денелік даму, өзара іс-әрекеттеуге ыңталандыру, екінші жағынан, бұл іс-әрекеттен өнегелік және эстетикалық қанағаттандыруды алады, бұларды қоршаған ортаның білімділіктерін тереңдетеді. Бұның бәрі аяқ шеніңде жеке басты тәрбиелеуге әсер етеді. Сонымен қатар, ойын – комплексті тәрбиелеудің бір құралы: бұл (ұжымдық іс-әрекеттіліктегі өзгермелі жағдайлардағы қиын іс-әрекеттердің және іс-әрекеттердің негіздерін меңгеру арқылы) әр жақты дене дайындығына, ағзаның функцияларын жетілдіруіне, ойнаушылардың міңез-құлықтарына бағытталған.
Көп ойындардың негізгі ерекше белгісі болып келетін бұлардың сезіну міңезі. Ойнаушылардың алдарына әрқашан мақсат қойылады – бұл ойынның әрбір аяқтайтын тапсырмасын жасау, яғни нәтижеге жету, қайта бұған жетуге анықталған шектеулі әдістері болса да, бірақ бұндайларды, қайсысы тұрақты әр түрлі ауысатын жағдайларға байланысты өздік мүмкіншіліктеріне бейнелі жаңа шешілімдер табуға, ойнаушылардың өзіне жол таңдауға рұқсат береді.
Ойын - өте эмоционалды әрекеттілік, сондықтан, бұл жастармен және балалармен тәрбие жұмысында үлкен бағалы болып келеді. Балалар мен жасөспірімдерде көп әр-түрлілік ойындар арасында ырықты ойындар кең тараған. Ырықты ойындардың міңездік ерекшелігі боп, ойын мазмұнында әрекеттердің көрнекті рөлі болып табылады. Бұл әрекеттер ойын сюжетімен (тақырыбымен, ойымен) мотивацияланған. Бұлар ойын мақсатына жету жолында қойылған
әр-түрлі қиыншылықтарды, бөгеттерді өтуіне бағытталған.
Ырықты ойындар жастардың, балалардың жалпы дене тәрбиесінде құралы ретінде, сонымен қатар спорттық ойындарға және басқа спорт түрлеріне дайындық құралы ретінде қолданады.
Халық педагогикасында ойын әрекеттіліктің бір түрі ретінде ерекше маңызды, үлкендермен оқыту, тәрбиелеу мақсатында қолданады. Сонымен қатар, бұл қатынасу құралы. Қазақтың халық ойындарының көбі, жалпы білімдік мектептердің тәрбие құралы ретінде оқу-тәрбиелеу үрдісіне сәтті еңгізілген.
Бұл халық ойындары, мазмұны бойынша көрнекті және қолайлы. Бұлар, ойлаудың қарқынды жұмысын атқарады, айнала-білімін кеңейтуге, айналадүние туралы ойлауларды нақтылауға, бүкіл психикалық үрдістерді жетілдіруге, балалық ағзаны жоғары деңгейге дамуына ауысуына әсер етеді.
Халық ойыны, балалардың ой дамуының тапсырмаларын жүзеге асыру әсер ететін, халық ақылдығының бөлшегі ретінде шығарылады. Е.Сағындықовтың эксперименталды көрсеткіштерінің көрсетуі бойынша, қазақтың халық ойыны логикалық ойлаудың тереңдетуіне әсер етеді және ойдың іздеу міңезін жоғарлатады.
2.Қазақ халқының ойындары және олардың тәрбиелік мәні.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа да, мазмұнға да өте бай.
Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн
адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр
нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану,
қанағаттану – өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың
нышаны.
Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу
кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан,
өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң
мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген.
Бүгiнгі күні қазақтың 100-ден аса ойын түрлерi бар. Қазақ “баланы
жастан” дегенде ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты
ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз
ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын
түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын
ықпал еткен.
Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан «Таяқ жүгiрту», «Асық», «Ақсүйек»;
темiр дәуiрiнен келген «Садақ»; бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни, үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi «Ақ байпақ», «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Белбеу тастау», «Жасырынбақ», «Көршi бұғынай», «Айдапсал» т.б. ойындарын бүгiн кең тараған. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалған қозғалыстар да біртіндеп келе ойын бидiң арқауына айналған. «Аң аулау» билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен, олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.
Қыпшақтардың тайпалық одақтары Түрiк қағанатына қосылғанда «Хан
жақсы ма?», «Ханды қара басты», «Шалма», «Қара мырза», «Сайыс», «Ат
үстiндегi тартыс», «Аударыспақ», «Балтаны тап», «Көк бөрi тарту» сияқты
ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин,
Низами әл-Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн
қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу
жерiндегi үлкен жиында «Қыз қуу» ойыны мен «Қыз бөрi» ойынын көргенiн
естелiктерiнде тамашалап баяндайды.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-
сауық – жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу
немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi.
Ойын – адам ойлану мен дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық
жарыс. Оның мақсаты – жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң
үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.
Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу
мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн
тигiзген. Мысалы, «Ақсүйек» ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде «Орда»,
«Тоқтышақ» сияқты атауы да бар немесе «Лек жалау» ойынының «Шiлiк»,
«Қарыс ағаш», «Шөлдiк» және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды алдымен
балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы
жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған.
Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң
құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң
ортақ сауығына айналды. Кез келген жиын-той күрессiз, ат пен жаяу
жарысысыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi
халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын
ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де
сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi «Ақсүйек», «Алтыбақан»,
«Айгөлек», «Арқан тарту», «Көк сиыр», «Соқыр теке», «Түйе-түйе», «Белбеу
тастау», «Қасқұлақ», «Моңданақ», «Ақ байпақ», «Түйiлген шыт», «Тиын салу», «Ақ шамшық», «Ақсерек-көксерек», «Көршi», «Шалма», «Шымбике», «Инемдi тап», «Айдапсал», «Қара мырза», «Қарт-қарт», т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған.
Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де
қатыса алған. Өйткенi, көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер аталған
түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi
күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын
адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ
таңдауды үйреттi.
Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға
қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу
керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын
тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн
арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт
салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты.
Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына
бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан
ойын өнерi ұлттық әдеп-ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы
болды, ықпал еттi.
Дала ойындары ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге
болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей
мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел
ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе
жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ұлттық ойындар бiртiндеп
дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды,
жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.
Қазақтың әдет-ғұрып ұлттық ойындары халықтың бастан кешкен
оқиғаларын бейнелеп, баяндап бередi. Оған Наурыз мерекесiндегi ойын-сауық
түрлерi дәлел болмақ. Наурыз – ойын-сауық, спорт пен өнер тоғысқан
халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз үлкен мен кiшiнiң, еркек пен
әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың спорт пен өнер
саласындағы ашық жарысы. Жарыста күштiлердiң күштiсi, жүйрiктердiң
жүйірiгi «жүгiрiп озады, қуып жетедi», бiлектесiп жеңедi, сол өнерiмен ел
құрметiне бөленедi.
Ойын – дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi де, көңiл көтеру,
дем алу да, бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу де.
Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады.
Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жаттыққа жiбермейдi, тұтастыққа,
бiрлiкке тартады.
Ойын-сауықта адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды,
ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызығу, оны тамашалау
көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет.
Ойын – ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген
сауық түрi. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз
ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен
ортаға деген әуесқойлық күшейедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен
жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады.
Бұдан ашық мiнездiң, жарқын жүздiлiктiң лебi естiліп, ән-күйдiң тоғысы
жаңарып жатады.
Ойыншылар – көптiң көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн
көтермелейтiн өнегелiлер. Ойын үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар
елдiң көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты.
Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң
басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың
айғағы. Ойын-сауықта жалғыздық сезiм, арам ниет адамды билей алмады,
ойыншы үнемi iзденiсте болады. Ондағы құдiрет – өнерпаздық, өзара түсiнiстiк
және келiсiмге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдiретке тәнтi
болған, сол құндылыққа жетудiң мүмкiндiгiн арнайы және үнемi iздестiрумен
әуреленген.
Қазақтар әдемiлiкке әуес халық болғандықтан, оны әшекейлеудi дәстүрге
айналдырған. Сол рәсiм қыз-келiншектер мен тұяғы жерге тимес тұлпарлардан
басталған.
Әйелдер гауһар тастан жасалған әшекей бұйымдарды, жылтыр зергерлiк
бұйымдарды жақсы көрген. Өздерi жiбектен, матадан, жүннен әшекейлеп
тiгiлген алуан түстi өрнектi киiмдер киген. Әйелдер үшiн әсемдiкке, әдемiлiкке,
әшекейлiкке әуестiк олардың қанына туа бiткен қасиет.
Әсемдiк пен әдемiлiк еңбекпен келдi, оны жақсы көргендер ойын-сауыққа
үйiр болады. Сондықтан әйелдердiң ұқыптылары, шыдамдылары,
еңбекқорлары ойын үстiнде әсемдiкке деген тәнтiлiгiмен, сезiмталдығымен,
ықшамдылығымен еркектерден асып түседi. Көшi-қонның барлық шаруасы мен
жұмыстарын ештемеден ерiнбейтiн әйелдер мiнсiз атқарады. Әйелдер өз
байлығын, әшекейiн көрсету үшiн көңiл көтеруге, әдемi мiнезiмен сүйiктi
болуға тырысады, өнеге көрсетедi. Сондай сүйкiмдiлiк пен сүйiспеншiлiктi
ортадан, жақын жандардан да күттi. Әдемiлiктi әнмен, шешендiкпен жеткiздi.
Отбасындағы тұрмыс та, көңiл-күй базары да, негiзiнен, әйелдiң еңбегiне
байланысты.
Қазақ халқымыздың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты.
Ойын шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған, сондықтан
оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Сонымен бірге ойындар әділдік
пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
2.Қазақ халық ойындарының түрлері.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Этнограф – ғалымдардың
пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың
тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.
Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде
тайпалық одақ- тар мен алғашқы мемлекет- терде кеңінен тарады.
Біз-дің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың
көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау
алады.
Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке
негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы:
«Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да ертеден
қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық
ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар
қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз
байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге,
оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке
т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал
енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық
ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не-
гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз
азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі
бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды
орайластырған.
-
Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
-
Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын
ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік,
алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан,
асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық,
белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу
көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу,
қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ,
орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы,
таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал,
шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар:
айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап,
бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер...,
жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба,
доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап,
тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй
үстіндегі кім?, шымбике.
5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада,
мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу.
Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып
саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш»
тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың
ұлттық ойындарының негізгілерін талдап,
тарқатсақ
.
А
қсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы
айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол
болмаса қой- дың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып,
ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі
топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай
топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген
болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден
ағарған болуға тиісті.
Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік
бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып
айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір
де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай
тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен
қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша
тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып
болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан
байланады.
Арқан
тартпақ. Оны арқан тартыс деп те
атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде,
екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10
баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10
метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі
ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар
өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі
берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала
тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының
көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала
үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін
тартады.
«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз
халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт
жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он
сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ
ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш
топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты,
батылдықты талап ететін спорттық
ойын.
Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа
бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды.
Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі
дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын
бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге
Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты
аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін
үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын
алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың
бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер
сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге
тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып
өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен
сы-рық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты,
басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға
дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ
тарту.
Ат сайысы. Спорттық
ойын. Оның түрлері: ат
омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу,
қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда
ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат
сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына
енгізілген.

Аламан
бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар
25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл,
сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті.
Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор
мерекелерде жарияланады.
Ақшамшық (сақина
са-лу). Бұл – қазақ халқының ерте
заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау
деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті
немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі
бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын
бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің
ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың
алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп,
немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған
адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі
ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір
кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып
жүр.
Т
еңге
алу. Жерде жатқан теңгені атпен
шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын
шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға
бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып
қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып
жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз
қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі
жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы
спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік
бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт
айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды
қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып
жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына
алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны.
Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан.
Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда
өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам
болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия
халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода
тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының
жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер
әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр,
ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса
700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген
серке тартылады.

«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін
тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша
ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар
ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді.
Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға
орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер
бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол
кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің»
тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған
ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса
береді.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды.Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
Құнын жоғалтпаған ұлттық ойын-Ләңгі
Л
әңгі – көшпенді қазақтың балалары
ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі
құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны.Ауыл
баласының бір кездері шын беріліп ойнайтын ұлттық ойындарының бірі
– асық болса, екіншісі – осы ләңгі еді. Бірақ кейінгі жылдары
ұмытыла бастаған бұл ойынды елордада өткен жарыс жаңа қырынан
танытты десек, асыра айтқанымыз
емес.
Ұлттық сипаттағы нәрсенің бәріне үркіп қарап, ұлттық санадан өшіруге тырысқан Кеңес Одағы кезінде оны «бала денсаулығына зиян» деген желеумен мұғалімдер арқылы тыйым салып қудалап, мүлдем ұмыттыруға тырысқан болатын.
Бұл қудалау солтүстік өңірлерде ойынды ұмыттырғанымен, қазағы қалың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлердің қара домалақтары күздің қара суығына дейін асық атуын, күн суытқан соң осы ләңгі тебуін тоқтатқан еместі.
Кей жақтарда оны жоғарыда айтқандай тулақтан жасаса, Алматы облысының балалары шүберектен жасап тебе беретін. Айырма осы болғанымен, ойын түрі барлық жақта бірдей екен.
Бүгінгінің компьютер құмар баласы асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «ләңгі» деп аталатын ойын бар екенін біле ме екен? Балалық шақтары өткен ғасырдың 70 – 80-ші жылдарында өткен аға буын өкілдерінен бұл ойын жайында сұрай қалсаң, аузының суы құрып айтып беруге дайын. Бертін, 90 - жылдардың аяғына дейін ауылдық жерлерде ойналып, кейін халық қалаға қарай үдере көш кенде ләңгі ойынының да дәурені тарқай бастапты. Себебі, ләңгі ойыны асфальтта емес, топырақта өскен ойын баласына арналған болатын. Қазір ләңгі ойнамақ түгілі, шыбықты ат қылып мінбейтін қала баласын тек «counter strike» қызықтырады.
Қазақ жерінде көктем туғанда ләңгі ойынының асқынып кететіні сондай, тіпті ол балалардың оқу үлгеріміне әсер етіпті кезінде. Совет үкіметінің білім жүйесі мұны жылдам байқап, мұғалімдерге ләңгіден шап жарығының (грыжа) пайда болатыны туралы қауесетті сіңіруге тырысқан. Бірақ оны тыңдайтын ойын баласы ма? Күн жылынып, жер кебе салысымен ләңгі науқаны қызу күшіне енген. Ол кезде ұлдарды қойып қыздардың өзі білек сыбана кірісіп кетеді екен бұл ойынға.
Енді «Ләңгі қайдан шықты?» деген сұраққа келейік. Білгіш Уйкипедиа ләңгінің Орта Азия елдері балаларының арасында кеңінен таралған ойын екенін айтады және ойынның Қазақстандағы ойналу тәртібі, ережелері жайында жазады. Ғаламтор кеңістігін шарлағанымыз да ләңгі ойыны туралы аздаған деректерге жолықтық. Бұл ойын ежелгі Орта Азия жеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болыпты. Ат құлағында ойнаған дала баһадүрлері үшін аяқ пен қолдан асқан қару жоқ. Тақым мен тізе мықтылығын шынықтыруға арналған арнайы жаттығу ретінде пайда болған ләңгі кейін балалар ойынына айналған.Ләңгінің қысқаша тарихы осындай. Ол қалай болғанда да, қазаққа етене жақын ежелгі ойын. Көкпар, асық сынды ұлттық ойындарымыздың қатарында.
– Ләңгіні де сол қатарға алып, қазақ баласына қайта ұсынсақ, ұлттық мәдениетіміз байи түспесе, кедейленіп қалмас. Онсыз да қымызыңа неміс, айтысыңа армян жиендік етіп жатқан уақытта өз ұлттық құндылықтарымызға аса сақ және құрметпен қараған жөн.
Ләңгі тебу барысын көрсетіп беру:
1.«Аяқ ұшы»,
2.«Қосаяқ»
3. «Қайыру»
4.«Шанжыр»
5. Теуіп беру» ойын түрлерін көрсету
сондай ақ аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу
Жарыс оқушыларға көрсетіп берген соң басталып кетті
ұпай жинау амалын қамтығандықтан, жарыс көрігі бірден қызды.
Ләңгі: қорғасынды теріге тігіп немесе жапсырып, аяқпен теуіп ойнайтын балалар ойыны.[1] Үш немесе бес тиындық қара бақырды ортасынан дөңгелек етіп тесіп, оған бір тұтам ат қылынан, не қылшық жүннен жасалған шашақты өткізіп істелген «ләңгі» деп аталатын затты аяқпен теуіп ойнайтын балалардың (кейде үлкендердің де) ойыны.[2] Орта Азияда ертеден келе жатқан ойынның түрі. Қой, ешкінің қырқылатын шағы – ойынның қызатын кезі. Сөйте жүріп көктемде колышка, ләңгі, жаз болса футбол мен волейбол, лапта мен ақсүйек, қыстың күні шанамен коньки теуіп, допты хоккей ойындарынан да тыс қалған емеспіз (Жақыпжан Нұрғожаев, «Парасат Жолы»).
Ойынға қажет:
Ойынға тиын алынады. Немесе тиынның орнына кез келген қорғасын, металл, пластинкалар алуға болады, содан кейін ұзындығы 6-7см бір уыс жүн алынады. Негізінен ешкінің жүнінен алады, бірақ кез-келген жануардың жүнін де алуға болады. Содан кейін алынған жүн ойыққа кигізіліп, арғы жағынан желімделіп, немесе басқа жолдармен бекітіледі. Сондай-ақ қой,сиыр т.б. хайуанаттардың жүні қырқылмаған терісін 6-7см диаметрде дөңгелектеп кесіп алып, тиынға, қорғасынға немесе металл пластинкаға бекітуге болады. Жоғары жағы таралған «ләңгі» ойнауға дайын деген сөз. Жергілікті аймақтарда, Қытайдағы қазақтар тілінде ләңгіні жармақ деп те атайды. Жармақ зат е. жерг. ләңгі. Күндіз әр түрлі ойын: қашпа доп, асық, жармақ тебу, бәлди ойнап, сілеміз қатып ұйықтап қалатын едік (Қ.Ахметұлы, «Жетісу»)
Ойын ережесі:
1.Егер ойыншы саны 2ден көп болса, бірінші жүріске жеребе тасталып, ойыншылардың кезегі анықталады.
2. Ойынның жай түрлерінен бастайды және бірінші ойыншы «ойын иесі» деп аталады. Жай жаттығуларды орындап болған соң, басқа ойыншылардан осынша түрлерін ойнауды талап етеді.
3. Егер кімде-кім бұл талаптарды орындай алмаса, оны «малай» деп атайды және ол ойын иесіне қызмет етуі тиіс. Басқа ойыншылар ойын барысында малайдан ләңгіні алып кетуі керек.
4. Малай ләңгіні тапсырыс берушінің аяғына тастайды. Ал ол аяғымен алысырақ тебеді. Ал малай ләңгінің артынан жүгіріп, қағып алып, ойын иесінің аяғына тастайды.
5. Қағыс саны тапсырыспен орындалған қағыстардың айырмасына тең болады.
6. Егер айыпталған ойыншы тапсырушының аяғынан ләңгіні қағып алса немесе айыпталған санға тең қағыс орындаса немесе ойын иесі тасталған ләңгіден мүлт кетсе малайшылық тоқтатылады.
7. Егер малай ойыншы ләңгіні аяғымен (қолын тигізбей) қағып алса, онда ләңгіге аяғы ең соңғы болып тиген ойыншы малайға айналады және алдыңғы малай оның ләңгісін қанша рет қағып алған болса, сонша рет қызмет етуі керек.
8. Егер малай басқа ойыншының аяғынан ләңгіні қағып алса, онда ол ойыншы оның орнын басады, яғни малай болады, ал бұрынғы малай ойын иесі болады және оның аяғына жаңа малай ләңгі тастайды.
9. Бірінші айыпталушы малайшылығын аяқтаған кезде келесінің кезегі келіп тұрады және т.с.с.
10. Жүріс келесі ойыншыға беріледі.
11. Бірінші айналымда ойыншылар тапсырушының міндетін атқарып болған кезде, ойынның келесі сатысына көшеміз.
Ойын түрлерінің ойналу тәртібі:
оң аяқпен «жай қағыс» қағу;2. сол аяқпен «жай қағыс» қағу; 3. оң аяқпен «жанама» қағу; 4. сол аяқпен «жанама» қағу; 5. оң аяқтың «ұшымен» қағу; 6. сол аяқтың «ұшымен» қағу; 7. «жас + жанама» қағу (оң және сол аяқпен); 8. «жас + ұшымен» қағу (оң және сол аяқпен); 9. «жас + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 10. «секіріп + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 11. «тізенің астынан + жай» қағу (оң және сол аяқпен).[3]
Практикалық бөлім.
Барлық ұлттық ойындарында адамға деген сүйіспеншілік және мейірімділік көрінген.Әр кезде ойын үлкен адамдардан балаларға ауысып отырған. Ол ептілікті, мергендікті, күш-жылдамдығын дамытуға, өмірдің даналығына, шынайлыққа, жинақылыққа үйретеді.Ұлттық ойындардың балаларға әсері қанша ма!
Зерттеу жүргізу кезінде менің сыныптастарыма осы қазақтың ұлттық ойындары қаншалықты таныс және қызықты екенін білгім келді.Осы болжамды дәлелдеу үшін жазбаша сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 10-11 жас аралығындағы 19 бала қатысты.
Сауалнамада қойылған сұрақтар-
«Сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер ме?
Иә деген жауап-97 пайыз
«Қазақтың ұлттық ойындарына қатысып көрдің бе?
«Жоқ»
«Қазақтың ұлттық ойындарын үйренгілерін келе ме?
Сауалнаманы нәтижелей келе балалар қазақтың ойындарын біледі, бірақ ойындарға қатысып көрмегендіктері анықталды.
Жобамның келесі кезеңі-сыныптастарымды қазақтың ойындарымен таныстырып,үйрету болып табылады.Балаларды қазақтың ойындарымен таныстырмас бұрын мен өзіме ұнайтын ойын түрлерін жинақтап, кітапша ретінде жасадым.Осы кітапшаны өз сыныптастарыма таныстыру үшін бердім. Содан кейін үлкен үзіліс кезінде балаларды жинап алып, ойын түрлерімен таныстырдым. Әр ойынды талқылай отырып біз өзімізге жаңа ашылулар таптық.Мысалы: қазақ ойындарының бірі «Ақсерек-көксерек» , «Кондалы» деген орыс халқының ойынына ұқсас екенін білдік.Екі ойынның мақсаты бірдей – ойыншылар қарсылас топтардан өз тобына көбірек ойыншыларды тартып алулары керек.Ойынды ойнау кезінде, достарымның ойынға деген қызығушылықтары жоғары болды, оны көңілді жүздерінен байқадым. Белгіленген уақыт ағымында балаларды бақылау кезінде қандай ойындар түрлеріне қызығушылықтарын арта түскенін анықтадым.Жүргізілген сауалнама бойынша диаграмма құрастырдым, осы диаграммаға көңіл аударсаңыздар, менің құрбыларыма қазақ халқының ойындарыныңың ішінен қозғалыс ойындары ұнайтыны анықталды(80 пайызы –қозғалыс ойындарын тандады), себебі осы жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп ойлаймын.Өйткені менің жасымдағы балалар көп қозғалғандықтан қозғалыс ойындарын ұнатады. Зерттеудің сонында сауалнаманы қайта жүргіздім, екінші сауалнаманың нәтижесі (бірінші сауаланмада бірінші сұрағы бойынша – 3 пайыз болса, екінші 97 пайызға өскендігін көріп тұрмыз.Қорыта келгенде қазақ халқының ойындарымен танысып, құрбы-құрдастарымды ойындарға үйреттім.Зерттей келе әр халықтың ұлттық ойындары ұрпақтан - ұрпаққа беріледі.Ойынның шарттары сақталғанымен бірақ оның аттары өзгертілген.Сонымен қатар, басқа халықтардың ойындарымен ұқсастығын көруге болады.Қазақтың ұлттық ойындары денсаулық үшін ғана емес, сонымен қатар мықтылыққа, ептілікке, мақсатына жетуге, табандылыққа яғни, адамның мінез – құлқының қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Қорытынды
Ләңгіні ата-бабамыз ойнаған. Біз де ермек қылдық. Мен үшін ең қызық ойындардың бірі. Оны қазір көпшілік біле бермейді. Ләңгі – доптың орынына пайдаланылады. Доп сияқты тепкілеп ойналады. Оны жасау үшін ертедегі әр қазақтың үйінде кездесетін заттар жеткілікті. Сойылып, жақсылап иленген қой терісі қолдалынылады. Жүні ұзындау болғаны абзал. Сонда ол ауада қалықтап, жерге парашют сияқты жеңіл түседі. Теріні дөңгілете қиып алып, ортасына күміс ақша пішінді қорғасын құймасы бекітіледі. Кәдімгі түйме сияқты. Оның өз стандарды бар – қорғасын қалың болса, тепкенде ұшпайды, жұқа болса – морт сынып кетуі мүмкін. Балалар ләңгіні қызыға ойнайды. Ең бастысы ойыншық таза табиғи материалдардан әзірленеді. Қазіргідей балалардың ұялы телефонына телміргенінен ләңгі әлдеқайда пайдалы»,
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Фәниден бақиға дейін»А.Жүнісов.Алматы «Қайнар»баспасы 1994 ж
2.Қазақтың ұлттық ойындары – Базарбек Тотентаев, 1992ж
3.Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Алматы , 2007.
4.↑ Қайдар Ә. Қазақтар Ана тілі Әлемінде II том, Алматы, ғылыми басылым, 2009.
5.↑ Әлемдік және ұлттық спорт ойындары, Алматы,Мереке, Танымдық басылым,2014.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз