Алматы сән және дизайн колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
аға оқытушысы Айнур Калдарбекова
Әлихан Бөкейхан-Алаш қайраткері
Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды. 1893 жылы Ә. Бөкейханның саяси, экономикалық және әдеби үйірмелердегі белсенді қызметі басталды. Осы кезде 27 жастағы белсенді Бөкейханның есімі «саяси сенімсіз» деген қара тізімге енеді. Осы уақытта Әлихан Нұрмұхамедұлы бүкіл дала өлкесінің ұлттық қозғалысының көшбасшысы болады. Ә. Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналы, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырады.
Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының №7 ауылында дүниеге келген. Қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қаратал ауылы Ә.Н.Бөкейхан есімімен аталады. 1890 жылы Омбы техникалық училищесін бітірген. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербордағы Орман институтының экономикалық факультетінде оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін Омбы қаласындағы ауылшаруашылық училищесінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 20 жасында Санкт-Петерборға келген Ә.Бөкейхан студенттік өмірді еш өткізбеген. Англияның Оксфорд университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917жылға дейінгі орыстар туралы» атты кітабында «Ә.Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер, социалист болды және «Зар заман» атты орыстарға қарсы әдеби топтың мүшесі болды», - деп жазылған(2:10).
Қазақтың тағдыры, білім мен мәдениет қажеттілігі, елі үшін қызмет ету сияқты Ә.Бөкейханның басты ойы студент кезінде басталды.
Бүгінгі Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызды объективті түрде зерттеуге мүмкіндік туды. Тарихы жоқ халық болмайды, біздің халқымыздың тарихы тереңде жатыр. Ұлы Дала елінің тарихы ұрпақтан-ұрпаққа құйма құлақ қариялар арқылы жеткізіліп, шежіре тарқату арқылы бүгінге жетті. Сондықтан да қазіргі заманды түсіну үшін және болашақты болжауда өткен тарихымызды білудің маңызы зор.
Қоғам қайраткері, қазақ халқының тұңғыш саяси «Алаш» партиясының ұйымдастырушысы, ұлттық Алашорда үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым-ормантаушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, саясаткер, көсем сөз шебері, ХХ ғасыр басындағы қазақтың зиялы ортасын жарып шыққан мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың серкесі, әдебиетші Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-Алаштың саяси элитасының қалыптасуына тікелей әсер еткен тарихи тұлға. Саяси репрессияға ұшыраған ғалымның шығармашылық мұрасына 1988 жылға дейін тыйым салынған.
Ә.Бөкейханның мұрасы – орыс пен қазақ тілінде жазылған зерттеулік еңбектер. Ғалымның негізгі, басты еңбектері қазақ халқының мемлекеттігіне, ішкі – сыртқы саясатына, тарихына, экономикасына, мәдениетіне, әдебиетіне, тұрмыс-салтына, ру-тайпалар шежіресіне, қазақ жерінің отарлауына арналған. Бұл ұшан-теңіз энциклопедиялық мағұлматы мол ғылыми мұра.
Осы ретте «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және мәдени өркені» («Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи», 1903) атты зерттеуінің орны ерекше. Мұнда қазақ жерінің мыңжылдық тарихы мекендеген рулардың, асыл ерлердің қалдырған заттық, рухани ескерткіштері, сәулет өнері зерттелген. Ә.Бөкейхан-қазақ сөзінің қалай шыққандығы жөніндегі аңызды келтіріп, «қырғыз» деп орыстар таңған атаудың қате екенін дәлелдеп берген тұңғыш тарихшы.
Әдебиетшінің басты ұстанымы: «Қазақтың ұлт боолып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады». Сондықтан Ә.Бөкейхан қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинау, оларды бастыру және әдебиеттану мен көркем аудармаға саналы түрде еңбек еткен. Қазақ зиялыларына осы тұрғыдан да көшбасшы бола білген тұлға Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Ғұмар, Көкбай, Жүсіпбек, Халел, Жаһанша, Мұхаметжан, т.б. зиялылардың басын қосқан.
Әдебиетші Ә.Бөкейхан-халық мұрасын жинаумен шектелмей, оны зерттеген ғалым. Ә.Бөкейханның ең тұңғыш әдеби зерттеуі - «Женшина по киргизской былине «Қобыланды» «Түркістан уәлаятында» шыққан (1899,9,10 мамыр). Бұл зерттеуде негізгі ғылыми түсінік берілген: «Памятники народного творчества киргиз разнообразны по содержанию и форме и значительны по количеству. Они частью собраны, частью остаются незаписанными. Во главе их стоят эпические и лирические песни. Эта богатая народная поэзия киргизов сохраняется устно, передаваясь от предков к потомкам через певцов-баянов, называемых «жыршы», «өлеңші», «ақын». Отличительную черту киргизской поэзии составляет лиризм» (2:319). Жырдағы тарихи оқиғалардың, тұлғалардың тектілігі, олардың ғасырлар бойы ауыздан-ауызға көшіп сақталуы, әрбір ақын-жыраудың өз заманының ерекшеліктерін – өзіндік тіл, көркемдік айшықтарын, өзінің көзқарасын сақтану сипаттары болғанын да зерттеуші атап өтеді.
Ә.Бөкейхан 1927 жылдың бірінші қазан күнінен бастап, он жыл бойы, 1937 жылдың тамызына дейін, пәтерінде қамауда ұсталынған. 1937 жылы тамызда Ә.Бөкейхан тұтқындалып, Бутыр түрмесіне жабылады, қолындағы мол әдеби, көсемсөздік мұрасы кәмпескеленеді, жоғалады. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, әдебиетші Ә.Бөкейхан Мәскеуде өлім жазасына кесіледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. А.Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алаш, 2003
2. Ә.Бөкейхан. Таңдамалы Қазақ энциклопедиясы. 1995.
3. Д.Қамзабекұлы. Руханият. Алматы. Білім, 1997ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми мақала. Әлихан Бөкейхан-Алаш қайраткері

шағым қалдыра аласыз