Материалдар / Ғылыми мақала: «Мектеп физикасында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану әдістемесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми мақала: «Мектеп физикасында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану әдістемесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев, американдық ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мативтің, белсенділіктің және білім сапасы арасындағы байланысты ашады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Мақала авторы: Нұржан Гүлнұр Сейтжанқызы
Ғылыми жетекші: тех.ғ.к.,қауым.профессор м.а. Н.Д. Заурбекова
Оқу орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті , 7М01502-физика
мамандығының 1 курс магистранты
Жұмыс орны: Қаскелең қаласы, «Dana» жекеменшік жалпы білім беретін орта мектеп
Мақала тақырыбы: «Мектеп физикасында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын
қолдану әдістемесі»
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті-білім берудің ұлттық
модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. «Келер
ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп,
өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық
тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін
қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру
мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.
Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық
сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген
мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударылды. Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев, американдық
ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мативтің, белсенділіктің және
білім сапасы арасындағы байланысты ашады.


Page 2

1-сурет. Ж.А.Қараев, американдық ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері
мен мативтің, белсенділіктің және білім сапасы арасындағы байланыс
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының негізгі аспектілері мен ерекшеліктері:
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
 Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
 Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
 Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
 Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
 Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
 Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына
жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалы, күрделенген
деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен
қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
Физика сабағында негізінен 4 деңгейлі тапсырмалар берген ұтымды.
Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады:
1-талап:
 Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
 Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап,
пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
 Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
2-талап:
Өтіп кеткен материялдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар
өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды
орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет
болады.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Ребустар мен
сөзжұмбақтар.
3-талап:
Өздігімен мысалдар, тапсырмалар құрастыру және оны өздігінен шешімін табу.
4-талап:
Оқушыларың жинаған өмірлік тәжірибесі мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша,
бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын
дүние жасап шығуына негізделген. Олимпиадалық тапсырмалар. Берілген тақырыптарға өз
бетінше реферат, баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау. [1]
Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі.


Page 3

Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр
сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау
жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
• жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын
жұмыстар.
• оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
• дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
• әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды
толық меңгереді.
• жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
• тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
• өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
• бақылау жұмысы алынады.
• бақылау парағы жасалады.

Қорытынды
Физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра
қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде
кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы, жаңа педагогикалық
технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген оқу -
танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін
тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайты
2.Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. «Мектепте физика курсын
оқытудың теориясы мен әдістемесі», Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық
баспа орталығы, 2012. – 195 б.
3.https://melimde.com/i-tarau-innovaciyali-pedagogikali-tehnologiyani-teoriyali-
negi.html?page=2
4.Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».
5.Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан
мектебі №8, 2004 ж.
6.Қ.Р. «Білім туралы» Заңы. 2007ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!