Материалдар / Ғылыми мақала Ньютон заңдарын оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми мақала Ньютон заңдарын оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ньютон заңдарын оқытуда Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев ұсынған деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігін көрсету, мектеп мұғалімдеріне сабақ өту барысында материалды еркін түсіндіруге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Мақала авторы: Нұржан Гүлнұр Сейтжанқызы
Оқу орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті , 7М01502-физика
мамандығының 1 курс магистранты
Жұмыс орны: Қаскелең қаласы, «Dana» жекеменшік жалпы білім беретін орта мектеп
Мақала тақырыбы: «Ньютон заңдарын оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын
қолданудың тиімділігі»
Динамика бөлімінің «Күш. Күштерді қосу. Ньютон заңдары» тақырыбы бойынша,
10.2.2.1. Бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың
алгоритмдерін құру бұл сабақтың оқу мақсаттары, яғни оқу бағдарламасына сілтеме.
Сабақтың мақсаты: Ньютонның заңы бойынша дененің қозғалысына есеп шығарудың
алгоритмдерін құру; Ньютонның заңына түзу сызықты қозғалыс үшін алгоритм құру; Тең
әсерлі күштің қозғалысының алгоритмдерін құрып, есеп шығару.
Бағалау критерийі:
Барлық оқушылар орындай алады: Күштердің бағытын ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ньютон заңдарына байланысты есептер
шығарады, формулалармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: Бірнеше күш әрекетінен болатын дененің
қозғалысына алгоритмін құрады. Құрылған алгоритм бойынша Ньютонның заңдарына
ептер шығарады.
Тілдік мақсаттар: Берілген тақырыптар бойынша үш тілді лексикалық терминалогиялық
сөздік беріледі. Оқушы осы кілт сөздер арқылы оқу мақсатына бір шама жақындай түседі,
және әрбір сөздердің қазақша, орысша, ағылшынша аудармасын біледі және сабақ
барысында қолдана алады.
Тақырып бойынша үш тілді сөздік:
Үдеу-ускорение-acceleration
Күш-сила-force
Ньютонның үшінші заңы-третий закон Ньютона- Newton is third Law
Масса-масса-mass
Бұдан бөлек оқушыларға диалогқа және жазуға қатысты сөз тіркестері ұсынылады:
Динамика физиканың қандай бөлімі?
Ньютонның бірінші заңы барлық санақ жүйесінде орындала ма?
Қай кезде жылдамдық пен үдеу мәндері максимал болады?
Табиғаттың іргелі заңдарының бірі деп нені түсінесіңдер?
Ньютон заңдарын пайдаланып естер шығару кезінде нені назарда ұстаған жөн?
Құндылықтарға баулу: Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу,
ынтымақтастыққа баулу.


Page 2

Пәнаралық байланыстар: Есептерді шығаруда, амалдарды қолдану мен орындауда
математикадан алған білімдерін пайдаланады. Мысалдарды түсіну үшін әдебиет пәнінен
А.Байтұрсынов аударған «Аққу, шортан һәм шаян» мысалына хабардар болуы тиіс.
Алдыңғы білім: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.
Сабақ барысы бірнеше кезеңдерден тұрады. Сабақтың басында ұйымдастыру кезеңі;
ортасында жаңа сабақты түсіндіру, амалдар қолдану, мысалдар мен есептер шығару;
соңында кері байланыс, рефлексия, қорытындыдан тұрады.
Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты үш топқа күштердің түрлері бойынша бөлу. Оқушылар үстел үстіндегі түрлі–
түсті үлестірме қағаздарды алу арқылы бөлінеді: «Ауырлық күші», «Үйкеліс күші», «Тең
әрекетті күштер». Және бұл сыныпта жағымды ахуал туғызады.
Оқушылардың назарын аударту, сабаққа ден қою үшін үй жұмысын сұрау арқылы
«Белсенді оқыту» әдісі бойынша ширату жаттығулары жасалады. Оқушылар берілген
сұрақтарға топ бойынша ақылдаса отырып жылдам жауап беруі қажет. Бұл әдіс
оқушылардың белсенділік және ұйымдастырушылық дағдылары қалыптастырады. Ширату
жаттығу бойынша үш топқа берілетін сұрақтар:
1. Кинематика дегеніміз не?
2. Қандай қозғалыс айналмалы деп аталады?
3. Бұрыштық деп қандай жылдамдықты айтады?
Сабақтың ортасы.
1-тапсырма: «Топпен жұмыс», ротация.
Білім дағдысы: түсіну
№1. Оқушылар А. Байтұрсынов аударған И. А. Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян»
мысалын тыңдайды. Осы мысалға байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

Сурет 10. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы
Сұрақ:
Кімнің мысалы?


Page 3

Арба орнынан қозғалады ма?
Ньютонның екінші заңы бойынша қалай түсіндіруге болады?
Мысалды тыңдап болған соң әр топқа жоғарыдағы сурет таратылады және сол бойынша әр
топ күштердің суретін салады.
Оқушылардың берген жауаптары мынаған саяды: Күш әсерінен дене үдеу алады. Жүк
тыныштықта тұр. Қозғалмайды, Ғ=0 болғандықтан a=0. Ньютонның І заңы.
№2. Төменде берілген массасы m білеуге әсер ететін екі күштің шамалары мен бағыттары
бойынша тең әрекетті күшін анықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?

Жауаптар «Бір сөйлемді қорытынды» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл оқушыларды
нақтылыққа, ойын анық жеткізуге үйретеді.
2-тапсырма: «Топпен жұмыс»
Білім дағдысы: Қолдану
Белсенді оқыту: «Ең ұтымды алгоритм»
1.Арқан массасы 110кг жүкті қайсыбір үдеумен тік жоғары көтергенге және 690кг жүкті тік
төмен, модулі жағынан сол үдеуге тең үдеумен түсіргенге шыдайды. Осы арқанмен
бірқалыпты тік жоғары қандай ең үлкен массалы жүкті көтеруге болады?
2.Массасы 70 кг денеге екі күш әсер етеді: бірінші күштің шамасы 70 Н, бағыты орын
ауыстыру бағытына қарама-қарсы, екініші күштің шамасы 150 Н, қозғалыс бағытымен
бағыттас. Дененің ұандай үдеумен қозғалатынын анықтаңдар
Критерий Дескриптор
1. Ең үлкен массалы
жүкті қалай көтеруге
болады?
2. Күштер қозғалыс
бағытына қалай әсер
етеді?
Ньютонның IIзаңының формуласын
қолданады.

2.Формулаларды түрлендіреді

Оқушылар критерийлерге жауап беру, дискрипторларды қолдану арқылы есептердің
шешімдерін табады.
Кері байланыс «Маған көрсет» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдісте оқушы мұғалімнің
алдында өзің еркін ұстауды, ойын ашық жеткізуді, себеп пен салдарды түсіндіруді үйренеді.
Эксперимент арқылы тексеру. Топпен жұмыс.


Page 4


Page 5


Page 6

2. Жерден қандай биіктікте ауырлық күші Жер бетіндегі мәнінің 36%-ын құрайды.
(Жер радиусы 6400 км деп алыңыз) (1600 км)
3. Ұзындығы l, көлбеулік бұрышы α, ал үйкеліс коэффициенті μ көлбеу жазықтықтың
соңғы нүктесіндегі жылдамдығын табыңыз.
Сақталу заңдары:
1. Массасы 2 кг денеге 150 Н күш 3 секунд бойы әсер етеді. Дененің бастапқы
жылдамдығын 5 м/с деп есептеп, күш әсер еткеннен кейінгі дененің импульсін
табыңыз. (460 Н*с)
2. Массасы 150 г доп беті тегіс қабырғаға тұрғызылған нормальға 60
0
бұрыш жасай
соғылады да, жылдамдығын жоғалтпастан кері қарай ұшады. Доптың жылдамдығы
10 м/с, ал соқтығысу мерзімі 0,1 с. Қабырға тарапынан допқа әсер етуші күштің
мәнін табыңыз. (15 Н)
3. Импульстің модулі 40 кг*м/с бөлшек қабырғаға тұрғызылған нормальға 30
0
бұрыш
жасай, абсолют серпімді соғылса, импульстің өзгерісін табыңыз. (40√3 кг*м/с)
Жоғарыда келтірілген есептерді оқушылар жеке орындайды кем дегенде әр тарау бойынша
бір есептен шығаруы қажет.
Топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру.
Бұл тапсырмада «Қар кесегі» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар беріледі, топпен
ақылдаса отырып жауап береді.
1-топ: Ұлы палуан атамыз Қажымұқан екі қолына екі арқанның ұшын ұстап тұрып,
арқанның екінші ұштарын екі түйемен екі жаққа қарай керіп тартқызған. Сонда екі түйе
Қажымұқанның екі қолын жаза алмапты. Халық Қажымұқан екі түйенің күшіне тең күшпен
арқанды керіп ұстап тұр деп есептеген. Осы пікір дұрыс па? (жоқ, күші бір түйеге тең)
2-топ: Көлде екі қайықпен жүзіп жүрген ағайынды екі бала қайықтарынан жағаға секірді.
Інісінің массасы 40 кг, ал ағасының массасы 60 кг болса, қайсысының қайығы көлдің
ортасына қарай көбірек ығысып кетеді?
(ағасының)
3-топ: Қайықты өзен ағысына қарсы жүргізем деп ескекші тырысқанымен, оған шамасы
келмеді, қайық жағаға қатысты тыныштықта қала берді. Сонда қандай денелердің әсері
теңгеріледі?
(қайықшының күші мен өзен ағысының күші)
Алгоритм құру.
Білім дағдысы: қолдану
Белсенді оқыту: «Құрылған алгоритм»
1. Есептін берілгендерін жазу
2. Анықтайтын шаманы белгілеу
3. ХБЖ-ға келтіру
4. Қолданылатын формулаларды анықтау


Page 7


Page 8

оқушы ұлы ғалымға айналды. Сондықтан сендердің де араларыңда ғалым, инженер де
отырған шығар. Кім біледі?
Жоғарыдағы қорытынды сөз оқушыларға түрткі қалыптастырады. Олардың сабаққа деген
ынтасы мен қызығушылығын, өзіне деген сенімділіктерін арттырады.
Ньютон заңдарын оқытуды ұйымдастыру барысында Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев
ұсынған, американдық ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері қолданылды.
Оқудағы белсенділік пен білім сапасы арасындағы байланыс төмендегідей топтастыруға
болады:
1.Білу-Ньютон заңдарын тұжырымдау, формулаларды жаза білу.
2.Түсіну-алған білімдерді қолдана алу. Мысалы Ньютонның заңдарын қарапайым тұрмыста
кездесетін жағдаяттар кезінде түсіндіре алу.
3.Қолдану- есептеді шығару барысында формулаларды пайдалана алау және түрлендіру.
4.Жалпылау-алған білімдерді бір-бірімен байланыстыру.
Сабақты ұйымдастыру «Деңгейлеп оқыту» бойынша жүзеге асады. Тақырып бойынша
берілетін тапсырмалар олардың ойлануына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала
жауапты өзі іздестіреді. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, жаттығу
есептері, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар, тренингтер жүйесі қамтылады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!