Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориясы мен әдістері.
Адильбекова Замира Жаңабекқызы
Тараз
қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогикалық құбылыстар мен мәселелерді, оқыту-тәрбие процесін дамытудағы, жетістіктерге жету мақсатында ұйымдастырылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындығының теориясы педагогиканың жалпы теориясы негізінде оны қалыптастыруға ерекше көңіл бөліне бастады.
«Мәдениет» және «іс-әрекет» категориялары өзара бір-бірімен бірлесіп дамып келеді: мәдениет эволюциясы адамның іс-әрекеті тәсілдерінің нәтижесінде анықталады. «Мәдениет» түсінігін іс-әрекет тұрғысынан зерттегенде, ғалымдар, мәдениетті – іс-әрекет деп қарамайды, оны мәдениет сол іс-әрекеттің дамуымен, қолдануымен көркейеді деп түсіндіреді. Сондықтан да тұлғаның зерттеушілік мәдениеті оны іс-әрекет нәтижесінде көрінеді. Демек, зерттеушілік мәдениет ұғымын қарастырғанда «іс-әрекет тәсілі» деп қарастыру керек. Яғни мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, оның зерттеушілік іс-әрекеті тәсілдерінен, іс-әрекеті нәтижесінен көрінеді.
Философиялық әдебиеттерде кез-келген зерттеушілік іс-әрекет «мақсат» - «құрал» - «нәтиже» схемасы ретінде беріледі. Зерттеушілік мәдениет позициясында зерттеушілік мәдениет мақсат мұқтаждықты немесе ақиқатты танудың жеке зерттеулерін талап ете отырып (құрал), жаңа білім сол зерттеудің нәтижесін көрсетеді. Мақсатқа жетудегі құрал – бұл ғылыми-зерттеу іс-тәжірибесіндегі әдістер мен тәсілдері жүйесі, ол зерттеушіні таным объектісімен қамтамасыз етеді. Әдіс-тәсілдерді оптималды ұйымдасқан түрде ғылыми тәжірибеде белгілі бір іс-тәжірибеге, іс-әрекетке байланысты технологияны құрайды. Студенттердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіптік дайындығы арнайы зерттеу пәні болып келеді. К.М.Дурай-Новакованың пікірінше, кәсіптік даярлық студенттердің педагогикалық жоғары оқу орнында алған сапалы білім, білік, дағдыларын тез бейімдеу, мәселені көтеру, іске асыру болып табылады. Автор бұл мәселені ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ондаған жылдар бойы зерттеп келді. Педагогикалық қызметке кәсіптік және психикалық дайындық жүйесі бірнеше кезеңдер мен периодтардан өтті:
1-кезең. ХІХ ғасырдың аяғы, 1914жылға дейінгі (психикалық дайындықтың кейбір өңдемелері)
2-кезең. 1914-1940жж. ()
3-кезең. 40-60жылдар (адам іс-әрекет түрлеріне байланысты психикалық дайындық теориясының белгілі бір түрлерін қолдану). Адамның іс-әрекетке және белгілі бір кәсіпке дайындығының әр түрлі жолдары М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, Н.Д.Узнадзе бірнеше жылдардағы зерттеулерінің нәтижесі болды.
4-кезең. 1970 жылдардн бастап қазірге дейін. (психикалық дайындықтың теориялық негізі құрылып және оны педагогикалық іс-әрекет зерттеулерінде пайдалана бастады).
Осы ғылымдардың ішінде К.М.Дурай-Новакова ерекше орын алды. Ол болашақ мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінің байланысын түзді: педагогикалық іс-әрекеттің қажеттіліктерін және себептерін; мұғалімнің кәсіптік ролі және кәсіп түріне байланысты білім деңгейі; педагогикалық міндеттерді шеше білу деңгейі; кәсіптік-педагогикалық құндылықтарын сезіне білу және т.с.с. Соңғы 30 жыл ішінде ғалымдардың көпшілігі мұғалімнің кәсіптік даярлығына көңіл бөліп келеді. (М.А.Шербаков, Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Сластенин, Ю.Н.Кулюткин және тағы басқалар).
Дайындық дегеніміз, М.И. Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Понаморенко анықтамалары бойынша, бұл кез-келген кәсіпті, іс-әрекетті орындаудағы алғашқы баспалдақ. Осыған байланысты дайындық құрылымы келесі компоненттермен тұрады: Мотивациялық, бағыттылық, оперциялық, еріктік, бағалау. Авторлар дайындықтың құрылымын, қалыптасуының психикалық дайындықпен байланысын терең зерттеді.
Мұғалімнің тұтас педагогикалық процесті басқаруға дайындығын профессор Н.Д.Хмель және оның ғылыми мектеп зерттеушілерімен толық қарастырылған деп айта аламыз. Атап айтқанда оқушыларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуге мұғалімдерді даярлау мәселесі (З.Р.Ахметова және т.б.), кәсіптік педагогикалық қарым-қатынас (Г.М.Қасымова және т.б.), өзін кәсіптік тұрғыда негіздеу (М.Ш.Сагаутдинова және т.б.) және де жоғары сынып оқушыларының өзін−өзі дамытуға дайындығы (С.В.Феллер және т.б.), мектеп-лицейледің жоғары сынып оқушыларының өзіндік анықталу мәселесі (Г.С.Шыныбекова және т.б.).
Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындығы туралы 70-жылдардың аяғынан бастап терең зерттеулер жүргізіле бастады. Педагогикалық әдебиеттерде университеттер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша белсенді зерттеулер жүргізіліп келе жатқанын байқауға болады. (В.Н.Литовченко, В.Н.Намазов, Н.С.Амелина, П.Ф.Кравчук, Г.М.Храмова, П.Часакбай, Р.Ч.Бектурганова, С.П.Арсенова, Л.Ф.Авдеева, Г.В.Никитина және т.б.). Зерттеушілер студенттердің жоғары оқу орындары мен университеттердегі оқу мерзімінің көлеміне қарай 1-4 курс аралығындағы уақытты кезеңдерге бөліп, олардың жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарында сол кезеңдер негізінде қарастырады. Бірінші этап – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы алғашқы мағлұматтар, бағыт-бағдар алады. Кафедраның және оқытушының ғылыми тақырыптарымен танысады. Екінші кезеңде педагогика мәселесі бойынша оқу сабақтарында зерттеу жұмыстары жүргізіледі, топтар құрылады, алғашқы зерттеу біліктілігі мен дағдысына үйренеді. Үшінші кезеңде, ұжымдық, топтық, және жеке дара зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Педагогикалық жоғары оқу орындары мен университеттердің педагогикалық практикасында педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінен теориялық тапсырмалар мен зерттеу тапсырмалары эксперименттік сипатта жүруі және студенттік зерттеушілік қызметке (СҒЗЖ) әдіснама мен технологиялық білім, білік, дағдылары қалыптасады. [Таубаева 34-бет]
Бүгінгі күнде педгогикалық оқу орындары студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау арқылы болашақ мұғалімдер даярлау мәселесі белгілі бір өзіндік параметрлерді қамтиды.
Болашақ мұғалім қызметінің мақсат, мазмұн, форма және зерттеуге дайындығын қалыптастыру әдістерін өзінің логикалық деңгейімен «рефлексия – ғылыми зерттеу – практика - рефлексия» анықталады.
Көптеген ғалымдар осы мұғалімнің зерттеушілік іскерлігінің дамуына көп көңіл бөледі. Н.М.Яковлева «Педагогикалық зерттеушілік іскерлік – бұл педагогикалық құбылысты бақылау, талдау барысында оның педагогикалық міндеттерді құра отырып, шешу, болжам жасау, экспериментті ұйымдастыру және жүргізу, экспериментті өңдеу және тарату, материалды есеп-реферат ретінде беруге, баяндама жасауға, оқу-тәрбие кештерін ұйымдастыра білу барысында мұғалімнің диалектикалық-материалистік позициясының білгірлігі», - деп көрсетті
Ғалым зерттеушілер В.Б.Бондаревский, Л.Л.Горбунова, Г.С.Сухобская, Г.Б.Омарова, Л.Н.Маркина, А.И.Кочетов, М.И.Скаткин, А.С.Силенко, В.И.Зягвязинский, Н.В.Кухарев, Н.Л.Селиванова және тағы да басқа ғалым педагогтар мұғалімнің зерттеушілік қызметіне көмек ретінде әдістемелік құралдарын ұсынады. Мысалы, В.Б.Бондаревский мұғалім іс-әрекеті алгоритмін ұсынады, яғни тақырып таңдау, жоспар құру, міндеттерді анықтау, библиография құру, зерттеудің нақты әдістерін таңдау және т.с.с.
Г.С.Сухобская жән Л.Л.Горбунова мұғалімнің конструктивті-әдістемелік жұмысындағы зерттеушілік біліктердің мазмұнын ұсынады:
-
оқушылардың қиын жағдайларын анықтау және оны тапсырмалармен оны шешуге бағыттау;
-
оқыту әрекетін анықтау және бағалау;
а) оқушының шығармашылығына себеп болу;
ә) пәнге қызығушлығы бар оқушылармен жұмыс;
б) оқуға қиналатын оқушылармен жұмыс;
-
оқушы іс-әрекетінің критерилерін таңдау және негіздеу;
Педагогикалық тәжірибені талдау және жалпылау;
-
тақырыпқа байланысты әдебиеттерді таңдау;
-
әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың мақсат-міндеттерін анықтау;
-
тақырып бойынша жұмыстың кезеңдерін анықтау;
-
педагогикалық тәжірибені таңдау;
-
кішігірім зерттеу бойынша негізгі идеяны нақтылау;
-
нәтижені әдістемелік құрал, баяндама, мақала т.с.с. түрінде дайындау.
Авторлар мұғалімнің әдіскерлік-эксперттік тәжірибесінен конструкторлық-жоба роліне ауысуды ұсынады. Ол оқушыларға тапсырма беруде басқа мұғалімдердің тәжірибелеріне талдау жасай отырып, оның нәтижелерін өзінің зерттеушілік қызметінде пайдалануды қарастырады.
Мұғалімнің зерттеушілік дағдылары конструктивтік-әдіснамалық сфера бойынша педагогикалық қарым-қатынастағы оның іс-әрекетін негізгі мына этаптарды құрайды: педагогикалық міндеттің қалыптасуы мен оның шешіміне талдау; болжамның шығуы және шешім тәсілдерінің құрылғысы; ойдың жүзеге асуы; нәтиженің тиімділігі туралы бақылау және бағалау.
Бұл зерттеушілік біліктіліктер мұғалімді өзінің педагогикалық іс-әрекетінде оқу-тәрбие процесінде оның зерттеушілік шеберлігінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік жұмысы мектептің оқу-тәрбие процесін жақсарту деп қарастырылады. Г.Б.Омарова мектептің педагогикалық ұжымының ғылыми-зерттеушілік жұмысқа дайындығының теориялық моделін ұсынды. Мектептің педагогикалық ұжымының ғылыми-зерттеушілік жұмысқа дайындық критерийіне автор: ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке мотивация? Объект іс-әрекеті туралы теориялық білім деңгейі, ғылыми-зерттеудің әдістерін меңгеру деп көрсетті. /13/
Мұғалімнің тұтас педгогикалық қызметке басшылық жасауға дайындығы, оның ғылыми-зерттеу жұмысқа дайындығының негізі және құрылымдық мүмкіндіктері деп қарастыруымызға болады.
Біз өз зерттеулерімізде Н.Д.Хмель тұжырымдамасын басшылыққа аламыз. Ол кәсіптік іс-әрекетке дайындығының тұжырымын анықтады. Н.Д.Хмель анықтамасы бойынша мотивациялық, құрылымдық және процессуалдық моменттерді түсіндіреді. Кез-келген кәсіп иесі үшін аспектімен соқтығысады: психологиялық, ғылыми-теориялық, практикалық (технологиялық).
Біздің ойымызша кел-келген іс-әрекетке дайындық, соның ішінде ғылыми-зерттеу жұмысқа (ҒЗЖ) дайындық, осы компоненттерді міндетті түрде меңгеруді талап етеді. Сонымен мұғалімнің ҒЗЖ дайындығын біз барлық компоненттерді бойынан табылуы деп қарастырамыз; мотивациялық, құрылымдық, процессуалдық және бұл компоненттерді біз мұғалімнің кәсіптік-мағыналық сапалары деп қарастырамыз.
Мотивациялық компонент – мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетке деген құндылық бейімділігі, ҒЗЖ дұрыс қарауы, тұтас педагогикалық процестің нәтижелі қалыптасып дамуының маңыздылғын ұғынуы.
Құрылымдық компонент – педагогикалық зерттеудің әдістері және педагогикадағы әдіснамалық білімі (қолданбалы зерттеулер мен бастапқы зерттеулерді ұсыну), ҒЗЖ ерекшелігі туралы білім, оны нәтижелі ұымдастыру жағдайы, ҒЗЖ және өзінің іс-әрекетінің педагогикалық процесс объектісі екенін ұғыну.
Процессуалдық компонент – ҒЗЖ білу, тұтас педагогикалық процесті анықтау біліктілігі және педагогикалық іс-әрекетке нәтижелі тәжірибені меңгеру.
Педагогиканың методологиялық дамуы – ғылыми-зерттеудің үрдісі.
Педагогикалық зерттеулердегі негізгі бағыт − педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі ретінде қарастыру керек.
Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрылымдық мазмұнын анықтайтын болсақ, ол төмендегідей;
-
Педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеудің негізі В.М.Плонский, В.Г.Воробьев, В.И.Зягвязинскийдің еңбектерінде жақсы қарастырылған. В.И.Зягвязинский «белгілі бір құбылысты зерттеудің қатаң педагогикалық қатарын» құру. В.Г.Воробьев белгілі бір заңдылықтар, заңдар, принциптерді анықтаудың педагогикалық объектілердің зерттеушілік процестегі ерекшеліктерін эксперимент негізінде көрсетті. Зерттеу жұмыстары арқылы белгілі бір құбылыстың ғылыми шығармашылық сипатын жақсартудың, оқытуды ұйымдастырудың жаңа технологияларын оқып үйренуге мүмкіндік аламыз.
-
Мәселе. Белгілі бір проблеманы шешудегі адамдардың білім тұрғысынан алып қарағанда педагогикалық зерттеу жүргізудің ішк қайшылықтарын анықтай отырып, мәселені жаңа теория ретінде оқу−тәрбие процесінде ендіру.
-
Тақырып. Зерттеуші ғалымдар педагогикалық ғылыми−зерттеулер жүргізде мәселені нақтылай түсу үшін тақырыпты негіздейді. Тақырып − зерттеу мәселесінің айқын көрінісі болуы қажет.
-
Мақсат. «Мақсат − зерттеудің негізгі, ғылыми нәтижесі» Педагогикалық ғылыми−зерттеу жұмысының мақсаты ғылыми тақырыптан туындайды.
-
Объект. Педагогикалық ғылыми зерттеу жұмысының негізгі объектісі ретінде педагогикалық әрекет аймағын көрсетуге болады. Бұл педагогикалық әрекет аумағы ғылыми таным процесі бола келе, мәселені теория мен практикада анықтап шешудің негізг жолы болмақ. Негізінде ғылыми−педагогикалық зерттеудің объектісі: педагогикалық жүйе, құрылыс, процесс, (тәрбие, білім, даму, тұланы қлыптастыру, ұжымды қалыптастыру)
-
Пәні.
-
Болжам. (курст және диплом жұм кітабынан алу)
-
Зерттеудің міндеттері. Педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша зерттеу міндеттерін анықтау. Зерттелінетін пәннің немесе құбылыстың негізгі мақсатынан туындай келе үш немесе төрт міндетті өзіне жүктейді. Бірінші міндет: зерттелінетін объектінің мәнін, жалпы құрылымын, табиғатын анықтау. Екінші міндет оның құрлымдық жүйесін белгілі бір білімділік жағына бағыттай отырып, мәселені анықтаудың жалпы тәсілдерін құруға бағытталуы тиіс. Үшінші міндет педагогикалық әрекетегі нақты әрекеттерді жүзеге асыру, практикалық жүзеге асыру, практикалық және әдістемелік ұсынысты анықтау.
-
Әдіснамалық негіз. ............ (таблица бар)
-
Жетекші идея. Ғылыми зерттеудің маңызды логикалық категориясы. Ол ғылыми мәселенің қандай бағытта жүзеге асатынын, ғылыми болжамның нақтылануын көрсетеді.
-
Қорғауға ұсынылатын қағидалар. Педагогикалық әдебиеттерде бұл феномен өзінің мазмұнды анқтамасын тапқан жоқ. Дегенмен, біз өзімізше талдау айтып көрейік: педагогикалық ғлыми−зерттеулерде негізінен басшылыққа алынатын ұстанымдар, ұғымдарды анықтау педагогикалық зерттеудің негізгі тақырыбы, мақсаты және міндеттерімен тікелей байланысты тақырыптың педагогикалық процеске әсері туралы болып келеді. Мысалы: негізгі тақырып: «Оқу процесіндегі зерттеу лабораториясы» болса, яғни оқу үрдісінің негізгі компоненттері тірекке алынып, зерттеудің негізгі заңдылықтарымен байланыстырамыз.
-
Жаңалық. Зерттеу жұмысы барысында ие болған қорытынды, жеткен жетістік, алынған нәтиже ретінде ғылыми аппараттың шешуші компоненті ретінде де қарастырамыз. Жаңалықтың екі типі бар − теориялық және практикалық. Теориялық жаңалық білімнің тұжырымдық, заңдылық, әдіс, модел, бағыт, түсінік, принцип түрлерін қамтиды. Практикалық жаңалық − ереже, ұсыныс, тәсіл, талап, методикалық жүйе ретінде беріледі.
-
Теориялық мәнділігі.
-
Практикалық мәнділік. Зерттеу жұмысы негізінде алынған нәтижені, қорытындыны немес үлгіні оқу−тәрбие процесіне, оқыту әдістемесіне, ғылыми−педагогикалық жұмыстың практикасына ендірудегі әлеуметтік және экономикалық құныдылығына қарай анықталады.
-
Кезеңдері. Ғылыми−әдіскерлер ғылыми педагогикалық зерттеудің құрылымдық логикасын төмендегідей етіп құрады.
І − кезең. (зерттеу мәселесі бойынша жалпы шолу, олардың көкейкестілігін негіздеу, деңгейін анықтау, зерттеу тақырыбы, объектісі және пәнін анықтау, мақсат, міндеттерін белгілеу.
ІІ − кезең. (теориялық тірек ережені басшылыққа ала отырып, әдіснамалық бағытты анықтау)
ІІІ−кезең. (теориялық құрылым негізінде ғылыми−педагогикалық зерттеудің болжамын анықтап, оның дәлелдеу жолдарына көз жеткізу)
ІҮ − кезең. Зерттеу әдістерін таңдау: қалыптастырушы эксперименттің мақсатын анықтау, зерттеу пәнінің нақытылығын анықтау.
Ү − кезең. Қалпына келтіру эксперименті бойынша жұмыс жүргізу және оны ұйымдастыру.
ҮІ − кезең. Зерттеу нәтижелерін талдау, өңдеу.
ҮІІ − кезең. Практикалық ұсысынтар ендіу. -
Әдістер.
-
Зерттеу нәтижелері. Зерттеу жұмысы бойынша зерттеу мақсат− міндеттері негізінде алынған нәтиженің жаңа идеялармен теориялық және практикалық қорытындылармен бірізділігі. Бұлар: оқу−тәрбие процесін жақсарту үшін теориялық тұжырымдамалар (бағыт, идеялар, болжам, заңдылықтар, тенденциялар, жіктемелер т.б.), олардың негізделу, дәлелдену, толықтырулар, тексерулер.
-
Зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі. Педагогикалық ғылыми−зерттеу жұмыстарында талап етілетіндей әрбір жүргізілген, белгілі бір мақсат көзделген зерттеу дәлелденген болу қажет және ол оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда өз үлесімен ғылыми теорияны, практикалық білімді, жаңа технологиялық талаптарға сай негізделу керек.
-
Зерттеу нәтижесін практикаға ендіру.
-
Құжат түрі. Зерттеу жұмысындағы құжат түрлері басылымдармен көрсетіледі. Онда ғылыми−педагогикалық зерттеудің нәтижелері тіркеліп, көрсетіледі. Құжат түрлері: диссертациялар, ғылыми есептер, ғылыми басылымдардағы мақалалар, монографиялар, оқулықтар, әдістемелік құралдар, бағдарламалар.
-
Қолданушының мекен-жайы. ..................................................................................................................................................................................................................................
Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты жөнінде жинақталған білім талданып, қортындылар шығарылады. Бұл жөнінде ғылыми зерттеулер, әдіснаалық аппарат және диссертациялық зерттеулердің сапасы туралы өз ұсыныстары үнемі айтылуда. Зерттеудің негізі нақты болмаған және ғылыми мән жоқ жағдайда ол қатаң снға түседі. Сол үшін педагогикалық зерттеуді негіздеуде ғылыми аппарат түзудің маңызы зор.Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін құруда М.А.Данилов, В.ИЖуравлев, В.И.Заягвазинский, В.В.Краевский, М.А.Новикоа. М.Н.Скаткин және тағы басқа көптеген ғалымдар өз еңбектерімен үлгі бола алады.
Кез−келген ғылыми зерттеу оның әдіснамалық негізінен туындайды. Ю.К.Бабанскийдің дәлелдеуінше әдіснамалық негіз зерттеушілік концепциядан (проблемаға тарихи логикалық талдау, зерттеу пәніне диалектикалық жүйелі−құрлымдық талдау, онң жалпы сипаттамасы, жетекші қайшылық мәселелері, сол педагогикалық құбылыстың шығу көзін, заңдылық байланыстарын және тағы басқалар) басқа байланысы бар ғылымдар талдау тұрғысынан мәселеген көзқарас.Көріп отырғанымыздай зерттеушілік іс−әрекетке әдіснамалық тұрғыданталдау жасау болып бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық зерттеулерді материалистік диалектикамен байланыстыра келе негізгі заңдылықтар, дидактикалық дамуына өз үлесмізді қосамыз.
Әдіснамалық зерттеушілік жұмыстағы маңызды ұйым деп біз педагогикалық зерттеу әдістерін қарастырамыз. (Қосымша11. Ш.Т. Студенттің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын қалыптасырудың педагогикалық негізін оқып үйренудегі әдіснамалық қоры)
Қосымша (Әдіснамалық проблеманың мәні мен жіктелуі)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз