Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халел Досмұхамедұлы-Қашғаританушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмегі өте үлкен
Материалдың қысқаша нұсқасы

194 НОМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сапарбай М.Қ

Алматы қ


Халел Досмұхамедұлы-Қашғаританушы


Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға

ауданында дүниеге келіп, 1939 жылы 23 сәуірде әскери трибуналдық үкімімен атылған. Осы қысқа ғұмырының біразы қуғын-сүргінмен өткен. Шығармашылықпен еркін айналысқан он шақты жыл көлемінде ғылымның әр саласы бойынша 10 томнан астам еңбек жазыпты. Олардың көбісі ғалымның көзі тірісінде жарияланған екен. Мамандығы дәрігер бола тұра тарих, әдебиет, тіл білімі бойынша да аса құнды еңбектер жазған.

Халел Досмұхамедұлы-белгілі дәрежеде көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеумен де шұғылданған ғалым. [31]

М.Қашқариды ең алғаш зерттеген қазақ ғалымы- Халел Досмұхамедов. Ол 1923 жылы «Шолпан» журналының 6–7 сандарында «Диуани лұғат ат-түрк» атты мақала жариялаған. Ғалым М.Қашқаридың кітабының бас жағында түрік халықтарының асыл қасиеттері мен тілі, əдебиеті, мəдениеті, мінез-құлқы, түр-түсі туралы жазғандарын түгелдей аударып, мақаласына енгізген. Х.Досмұхамедұлының мақаласы заманауи өзектілігімен, ғылыми тереңдігімен жəне тарихирухани мұраға деген үлкен жанашырлығымен ерекшеленеді. Түркияда А.Рифат əфəнді бастырған үш томдық М.Қашқари сөздігін жаһандық соғысқа байланысты алдырта алмағандығын, енді ғана қолына тигеніне риза бола отырып: «Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі мен əдебиетіне мынадай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр», — дейді ғалым. Одан əрі: «Бірақ сондадағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатесін түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға ыждаһат қылғандық... Түркияда кітап басуға осыңдай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр» [12], — деген жолдардан оның мұраға деген махаббат-ыждағаты, баспагер-редакторлық тəжірибесінің молдығы сезіліп тұрады. Осы сын-рецензия есепті көрінетін, ал шындығында толымды зерттеу еңбегінде Х.Досмұхамедұлы түркі тілінің тарихын сөз ете отырып, өзін диапазоны кең тарихшы ғалым ретінде көрсетеді. Х.Досмұхамедов Махмұттың «Диуанындағы» деректер негізінде үлкен зерттеу жазбақшы болған. Ол жұмыстың жоспарын жасап, өз мақаласына енгізген. Бірақ ғалым ойын жүзеге асыра алды ма, алмады ма, белгісіз [13].

1992 жылы Ә.Керімовтің Халел Досмұхамедұлы-М.Қашғаридың «Диванын» тұңғыш зерттеуші атты мақаласы жарық көрген. Мұнда еңбектің араб нұсқасындада жазылғандығы көп адамдарға қиындық келтіретіндіктен қазіргі алфабитімізге аударылып, ғалым қалай жазса сол қалпында өзгеріссіз көшірілген.

М.Қашғари сөздігі 1074 жылы жазылған. Түпнұсқасы сақталмаған. Қашғаридың өз қолымен жазылған нұсқасы Дамаск қаласының тұрғыны Мұхаммед Абу-Бакр 1266 жылы қайта көшіріп шығады. Осы көшірмені 1914 жылы Стамбул қаласындағы көне кітап базарынан түрік ғалымы Әли Әмір сатып алады. Оны ретке келтіру үшін түрік ғалымы, өзінің шәкірті Клисли Рифатқа тапсырады. Рифат республика Оқу министрлігінің тікелей көмегімен бұл жазбаны үш том етіп 1915-17 жылдары Анкара қаласында бастырып шығарады. Х.Досмұхамедұлы дәл осы басылымды пайдаланған. Мақаладағы сілтеме де осы басылымға жасалады. Алдымен рим цифрымен томның санын, одан соң сілтеме жасалған бетін көрсетіп отырған.

Ол кезде М.Қашғари «Диваны» қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысына аударылған жоқ. Сондықтан зерттеу жұмыстары да жүргізілмеген болатын. Себебі араб тілінде жазылған мың беттен артық қолжазбаны оқып шығып, соның негізінде мақала жазу Халел Досмұхамедұлы сиақты жан-жақты білімдар адам болмаса, екінің бірінің қолынан келе беретін шаруа емес. Ең бірінші түрік, кейіннен өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылды. Өкінішке орай «Диванның» қазақша аудармасы жоқ.

Махмуд Қашғари бұл еңбегін жазу үшін Еділ бойынан бастап, Қытайға дейінгі аралықта орналасқан жиырмадан астам түркі тайпаларын аралап шығып, материал жинайды. Сол жиналған материалдардың негізінде сөздік түзіледі. Мұнда 9 мыңнан астам түркі сөздері мен сөз тіркестері араб тіліне аударылып, түсінік берілген. Автордың айтуынша төрт рет өңдеп, төрт рет қайта көшірген. Сөздік жасау оңай шаруа емес. Бұл жұмыс ол кісіні де қажытқан секілді. Себебі еңбегінің соңында: «Бұл кітап өмірімнің ақырына дейін жеткізді»,-деп жазады.

Осыдан кейін ол кісінің осынша мехнат шегуге итермелеген қандай күш? Еңбекті жазудағы мақсат не?- деген сұрақтар туады. Бұл сұраққа әркім әрқалай жауап беріп жүр. Сол себептердің ішіндегі ең бастысы-туған тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік болса керек. Себебі Араб халифаты дәуірінде арабтар түркі тілдес халықтарға тіл жағынан да, мәдениеті жағынан да қысым жасады. Өз мәдениетін, ислам дінін таратты. Оқу араб тілінде жүргізілді. Міне, осы кезеңде түркі халқының әдебиетінеде, ауызекі тіліне де мыңдаған араб сөздері енді. Кейіннен үстем болған парсы тілінің де ықпалы осыдан кем болған жоқ. Осыған байланысты түркі халықтарының арасынан шыққан ғұламаларымыз еңбектерін араб тілінде жазса , небір дарынды ұлы ақындарымыз өлеңдерін парсы тілінде жырлады.

Міне, осы кезеңде түркі тілінің араб тілінен артық болмаса кем емес екенін дәлелдейтін осындай еңбек жазу қажет болды. Оны ХI ғасырда өмір сүрген энциклопедист ғалымымыз Махмуд Қашғари орындап шықты. Бұл ойды өзінің жазғандарынан да аңғару қиын емес. Сөздігінде: «Түркі тілі мен араб тілі жарысып бара жатқан жүйрік аттай болып көрінетін»,-деген сөйлем бар екен. М.Қашғаридың ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерін, аңыз-әңгімелерін көптеп енгізуі жайдан-жай емес.

Өз ұлтын, тілін, әдебиетін, мәдениетін сүйген әрбір зиялы азаматтарды тіл тағдыры бей-жай қалдырмаса керек. [32]

Халел Досмұхамедұлы көне жазба мұраларымызға ден қоя қараған. Қай жерде қандай ескерткіштер табылып жатыр, олардың жариялану, зерттелу жайы қалай деген мәселеге құлағы түрік, көңілі сергек болған. Оған Махмуд Қашғаридың «Сөздігі» табылған бойда, Бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан сонау аласапыран заманда, Түркияға хат жазып, хабар алмақшы болғандығы айғақ. 1915-17 жылдары жарияланған алғашқы басылымын дереу алдырып, оқып шығуы, оқып қана қоймай , осы үлкен жаңалықты түркі тілдес халықтарға хабарлау мақсатында көлемді мақала жазып жариялауының өзі қандай ерлік!

Ғалым Махмуд Қашғаридың «Сөздігін» ғана емес, көне түркі жазба ескерткіштерінің бәрін білген, оқып шыққан. Сөйтіп, олардың емлесі, тілі бойынша мынадай пікір қалдырған: «...Олардың бәрі де ХIII-ХV ғасыр, яғни моғолдардан соңғы дәуірге жататын және де тек аз, шала, қатесі көп жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне, олар бәрі де түркмен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді». Сөйтіп, ғалым бұл ескерткіштердің емлелік қателіктері көп екенін, түркмен, қыпшақ тілдеріне жататын «аралас тілді» екенін осыдан 70 жыл бұрын айтыпты. Дөп басып айтылған. Қатесі көп екені де, «аралас тілді» екені де бұл күнде дәлелденіп отыр. Себебі орта ғасырларда жазылған ескерткіштердің қай-қайсысы болмасын негізгі түпнұсқалары сақталмаған. Бізге келіп жеткендері тек көшірмелері ғана. Көшірушінің білім дәрежесіне сай, қай жерден, қай ұлттан болуына байланысты бұл көшірмелердің бірінде аз, екіншісінде көптеген қате сөздер мен сөйлемдер кездесіп отырады. Махмуд Қашғари еңбегінің бізге келіп жеткен көшірмесіне байланысты Әмір Нәжіп: «Көшіруші түркі тілдерін нашар білетін адам болу керек, себебі түркі сөздерін жазуда көптеген қателер жіберген»,-дейді.

Халел Досмұхамедұлының қанша тіл білгенін білу қиын. Әйтсе де, осы мақаласынан қазақ, орыс тілдерін тең білгендігін, арабтың классикалық әдеби тілін грамматикасын жете меңгергендігін аңғаруға болады. Халқын шын сүйіп, өз ұлтының тілін, әдебиетін, мәдениетін өркениетті өзге ұлттармен теңестіру жолында аянбай еңбек еткен ұлтжанды азаматтарды «ұлтшыл» деп айып тағып, түрмеге жауып, көздерін жойып, көздерін жойып қана қоймай, қаншама тер төгіп жазған еңбектерін де құрсауда ұстағаны жанға қатты батады.

Ғалымның шебер аудармашы болғандығы байқалады. Оны осы мақаласындағы Махмуд Қашғари «Сөздігінен» аударған үзінділерінен аңғаруға болады. Бір ғана сөйлемін өзбек тіліндегі аудармасымен салыстыратын болсақ: «Құдай дәулет күнін түріктер бұрышында жаратты» (С. Муталлибовтың аудармасы). Осы сөйлемді Халел Досмұхамедұлы: «Тәңірі дәулет күнінің көзін түріктердің көгінде тудырды» деп аударады.

Осы мақаласынан ғалымның термин жасауға да шебер болғандығы байқалады. Мысалы: том сөзінің орнына «түп» деген сөзді қолданады.

Жалпы еңбектің ғылыми негізі жоғары бағаланған. Кітаптың бір нұсқасы акдемик Бартольдқа берілген екен, бірақ академиктің бұл кітап туралы бір нәрсе жазып немесе жазбағаны белгісіз.

Белгілі әдебиеттанушы Айгүл Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» атты 2009 жылы, 560 бет болып жарық көрген еңбегі бар. Бұл еңбекте Алаш арыстарының еңбектері туралы ой-тұжырымдары өте жақсы қамтылған. Бұл еңбекте Халел Досмұхамедұлының Махмуд Қашғаридың «Диуани- лұғат-ат-түрк» еңбегін зерттеп қарастырғандығы жайында 346-353-ші беттерінің аралығында айтылады.

347-ші бетінде М.Қашғари араб тілін жетік білген және кітабын араб филологі Халилдің «Китабул айни» деген классик кітабына ұқсатып жазғанын айтады. Кітабында кірікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөз бастары жоқ. Кітаптың басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзі деп тура өзінің мақсатын сөйлей, жарлық жазған түрік хандарындай «Қал ал-Ғаблу Махмудин ал-Хусейн» деп тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол кітабында өз заманындағы түрік қауымдарының жағрафия орындарын, өз заманындағы ұлттарға алыс-жақындығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен дөңгелек (ықтимал «жер-дөңгелек»- «ал-арду курат» мәселесін біліп) харита(карта) жазған. Мұнда таулар, өзен-дариялар, теңіздер, құмдар, шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың әрбірін басқа-басқа бояумен түсірген. Осылардың үстіне ислам ғалымдарына қарсы мәдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне айрықша назар салған.

Халел Досмұхамедұлы өз пікірін анық білдірген: «Қалай болса да біздің мынаны айтуға шамамыз келеді: Түрк қауымының тіл, әдебиет, һәм мәдениет тарихы үшін 1889 жылы Ядринцев ашқан, Томсен, Радлов һәм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп барлық мәдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің фікірін алыстырған(өзгерткен) ескі түрк Орхон «бітіктастары» қандай аһамиаты болса, махмуд Қашғари кітабының да аһамиаты сондай. Махмуд Қашғаридың түрк қауымына, өз ұлтына мунасабаты Күлтегін, Білге хандардың Мунасабатындай Һәм түрк руларын, түрк тілін білуі, әсіресе білімі олардан артық болған».

Алаш ғалымы былай дейді: «Кітаптың басында Махмуд Қашғари мына сөздерді жазады: «Махмуд Хусейнұлы айтады: Тәңірі дәулет күнінің көзін түрктердің көгінде тудырды. Жер, Азияның дәһрелерін олардың қолына берді. Оларға түрк деген ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды патшаның иесі, патшасы қылды һәм дүниедегі ұлттардың тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққа берік қылды. Түркке сиынған кісі жоғары болды, күшті болды һәм қалағанына жетті. Бәлелерден, шығарушы бассыз, тиянақсыз бәлесінен құтылды. Түрктің найзасынан құтылам деген һәр бір ақылды кісі олардың етегіне жабыссын.

Бірақ түрктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амалы жоқ». Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады, сонда ғана олардың көңілін өздеріне қаратып болады. Бұхара, Нишабур молдаларының айтуы бойынша, «Мұхаммед пайғамбар түрку тілін үйреніңіздер, өйткені олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады»,-дейді-міс. Бұл хадис шын ба, өтірік пе-оны сол молдалардың өздері біледі. Егер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен өзім түрк қауымдары шаһарларын, далаларын әр қилы бойы кезіп жүрдім. Түрктің тіл һәм әдебиетін үйрендім. Түрк болсын, түркмен, оғыз, шігіл, йағма, қырғыз болсын- бұлардың бәрінің тіл уа әдебиеттерін білдім. Оның үстіне, мен өзім түрк қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімін. Асылзада, артық туған тұқымынанмын. Мінеки, соның үшін де түрк қауымының әр тайпасының тіл һәм лұғаттары менің миыма тура кіріп отырды.

Ол тіл, әдебиетті мен ең бір жақсы низамға тіздім, бұл кітабымда жаздым. Сөйтіп, менің атым мәңгі қалсын, маған мәңгілік азық болсын (1,3). Кітабымда Халилдің «Китабул айни» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп, түрк тілі мен араб тілі жарысып бара жатқан жүйрік аттай көрінсін (1,5). Арада түрктердің тіршілік туралы айтатын өлеңдерді келтірдім. Түрктердің рахтади заманында болсын, тайғақ кешу тар жерлерде болсын, айтатын үлгілі мақамдарды келтірдім (1,7). Түрк еліндегі тау, өзен, дария, көлдерін жаздым. Бұлар жиырма шамасында болды. Бірақ ұсақ рулардың санын Құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түркменмен оғыз руынан-ақ айттым һәм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нәрсе (1,27). Түрктің ең шешен тілі(фасих тілі) түрк тілінен басқаны білмеген, араб, парсыға, мәдени қауымдарға араласып жүрмегендерінен болады. Бәрінен фасих тіл хақанджарында һәм оларға жақын жүргендерінде болады (1,30). Түрктердің елі күн батыстан Рум, күн шығыста Қытайға дейін сегіз(жүз) фарсах жерді алып отыр. Түрк елі сондай үлкен. Адамдар мұны ашық түсіну үшін мен жер дәһресін харита(карта) қылып жаздым (1,31). Қазақтың түркология ғылымының негізін Х. Досмұхамедұлы осылай негіздеп берді.

Молдалардың айтуынша, Мұхаммед пайғамбарға Құдай айтыпты-мыс: «Менің бір әскерім бар. Оларға түрк деп ат бердім, оларға күн шығыс жағынан орын бердім. Әгәрдә бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді жіберіп билетемін депті. Түрк қауымын Құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оған түрк деген атты өзі беруі-түркті басқа ұлттан айырған бір артықтық болады. Түрк халқы-әдепті, сыпайы, жасы үлкен адамдарға құрмет қылғыш, айтқан сөзінен қайтпайтын, уәдесіне берік, тәкәппарлықты, мақтануды білмейтін халық. Түрк-қаһарман, батыл ұлт, мұнан басқа да мақтауға лайықты мінездері әрине көп.

Кеңес әдебиетінде бұрын білмеген түркілер туралы Хадис пен тарихи деректер осылай Алаш ардақтысы Х. Досмұхамедұлының зерттеуінде айқындалған.

Түрк ұлағатты ел екенін ғалым кітапқа сүйеніп мақтаныш етеді.

«Еңбекте түрк тіршілігінің һәр жағынан алынған һәр түрлі 238 шамалы таза түрк өлеңдері мен 270 шамалы мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Әсіресе махмуд Қашғаридың түрлі рулардың ләһже (наречие) айырмалары туралы берген мағлұматы өте қымбатты»,-дейді Алаш әдебиетшісі- Х.Досмұхамедұлы.

Кітаптың ғылыми құндылығы туралы Алаш ғалымы нақты:«Түрк сөзін араб харфімен жазған адам,әрине, Қашғари бірінші (тұңғыш) болған. Ал,араб харфін түрк харфі демейді. Түрк сөздігін арабтарға һәм басқаларға түсінікті болу үшін ғана араб харфімен жазған.

Пайдаланылған әріптердің жазылу тәртібі, оқылуы осылай Алаш әдебиетшісі тұрғысынан түсіндірілген.

Ғалымның бұл зерттеуі түркі тілдердің әдеби жәдігері туралы ғылыми дерек беріп, сонау ХХ ғасыр басындағы Түркітану ісінің негізін салу болып табылады.

Алаш әдебиетшісі Махмуд Қашғари еңбегіне әдебиеттанымдық талдау жасаған бірінші Қашғаританушы ғалым болып саналады.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Ә.Керімов, Халел Досмұхамедұлы-М.Қашғаридың «Диванын» тұңғыш зерттеуші. ҚР,ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, Алматы: Ғылым, 1992 жыл №6,[ 31-32б].

  2. Ә.Керімов: Халел-қайран қалдырды. Мақала, 1992 ж Ана тілі газеті, [13б].

  3. А.Ісімақова. Алаш әдебиеттануы. Алматы: «Мектеп», 2009. -560бет. [346-351б].

  4. Ғ.Әнес, Ә.Сейтімұлы: Халел тұғыры. Мақала, Егемен Қазақстан газеті 2013ж,12-желтоқсан [12б].



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12