Қазақ Ұлттық университеті
Технология жəне биоресурстар факультеті
Философия
Тақырыбы:Философияның пайда
болуы жəне дамуы
Жоспар:
1. Философияның пайда болуы жəне дамуы.
2.Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
3.Философияның пәні мен әдісі.
4.Көркемдік рефлекция.
5.Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық
мүмкіндіктері.
6.Қорытынды.
7. Қолданылған әдебиеттер.
Философияның пайда болуы жəне дамуы
• Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші
мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне
байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі
Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда
пайда болды. Және барлық үш аймақта да
философия – мифология негізінде қалыптасты.
Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір
салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын,
патриархалды қағидалардың әділдігі мен
ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде
қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік
шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-
мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде
ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан
ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді
дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және
адамды рационалды ұғыну талпыныстары
алдымен алғы философияға, содан соң
философияға әкелді.
Философияның қалыптасу кезеңдері
Мифология
Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер
мәдениеті
Алғы философия
Египет, Үнді, Месопотамия ,Иудея , Қытай, Греция.
Философия
• «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері
• Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен
сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі
бөлімдерден құралады
• 1) онтология (болмыс туралы ілім);
• 2) гносеология (таным туралы ілім);
• 3) антропология (адам туралы ілім);
• 4) аксиология (құндылықтар туралы ілім);
• 5) этика (мораль туралы ілім);
• 6) логика (ойлау заңдары туралы ілім);
• 7) эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім).
Философтардың философия туралы түсініктері
№ Философ немесе философиялық бағыт Философия пəні туралы түсінік
1 Пифагор Даналыққа кұштарлық.
2 Гераклит Философ – зерттеулермен айналысатын адам.
3 Сократ Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым.
4 Платон Мəңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым.
5 Аристотель Заттардың себептері мен қағидаларын зерттеу.
6 Эпикур Ой арқылы бақытқа жету жолы.
7 Сенека Философия – ізгі кеңес.
8 Ортағасырлық христиандық философия Құдайлардың бар екенін дəлелдеу жəне рационалды таным
құралы. Киелі жазбалардағы ақиқатты түсіндіру.
9 əл – Фараби Мақсаты əсемдікке жету болып табылатын - өнер.
10 Ф.Бэкон, Р.Декарт Ұғымдық форма арқылы берілген тұтас ғылым.
11 Кант Дүниені абстрактылы метафизикалық ұғымдар арқылы тану
құралы.
12 Гегель Өзін-өзі танитын Абсолютті ақыл туралы ғылым.
13 Шопенгауэр Философия – дүниені жалпы, абстрактылы ұғымдар түрінде
бейнелеу түрі.
14 Жанды Этика ілімі Рухани интуиция мен ақылға негізделген дүниені тану құралы,
адамды рухани жетілдіру жолы.
Ойлау мəдениетінің пайда болуы
• Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен
құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз .
• Ойлау дегеніміз- сыртқы дүниені заттары мен
құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда
жалпылай жəне жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау
қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен
қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан ,
олардан тыс ешбір ойлау болмайды
Философияның пəні мен əдісі
• “Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия –
дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пəні бар ерекше
ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын
адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.
• Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мəселе түрінде, немесе
“философия” ғылым ба, əлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген
тұрғыда қойылып келеді.
• Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар
мен жолдардың ең алдымен мəнділігі мен мəндігін айқындау, сол мəндерді адам көңіл
күйінде, жан толғанысында игеріп, əркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің
түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.
• “Адам-əлем” қатынасы философияның көптеген мəселелерін қамтитын танымның жүйелі
субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның дүниеде болуының
белгілі бір мəнді жолдарын көрсету, өмірдің осындай формаларын бейнелеу.
• Философияның негізгі мəселесі: ойлаудың болмысқа (немесе рухтың табиғатқа) қатынасы.
Философияның бұл өзекті мəселесі философия тарихының өне бойынан өтіп,
оны мол рухани құндылық ретінде анықтайды.
• Философия – жалпы методология, яғни əдістердің теориясы, ал теория білімнің
адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің,
ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын,
жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.
• Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық,
жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық,
логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тəрбиелілік.
• Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс жəне адамның өз
болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа
құштарлық ретінде, парасатты жəне дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың
үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан,
дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім
ретінде. Теориялық кəсіби философия жəне тəжірибелік өмірлік философия. Философия -
адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мəселелер туралы ойлау ретінде.
Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым:
олардың ортақ жəне ерекшелік сипаттары.
• Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл
иеленушілік дəуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен
күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек
тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі
де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі əлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның
ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми
жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пəнін тереңдеп білу
үшін, ең əуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.
• Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл əлем, тұтас
дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мəн - мағынасы туралы көзқарастардың,
пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Көркемдік рефлекция
• «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан
туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай
да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін
ескере отырып белсенді түрде, толассыз жəне мұқият қарастыру, осының
салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» (Дж.Дьюи, 15).
• Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін
жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты
тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия
адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап
жатқан əрекеттерін бір сəтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі,
өзімен өзі əңгімелеседі, сырласады, əрекеттерін талдап, оларға баға береді,
өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін əрекеттеріне өзгерістер енгізеді,
кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады,
болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда,
рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал: 1) Аялдама жасау
(тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу; 4)
Болашақты жоспарлау.
Философияның сұқбаттық сипаты жəне эвристикалық
мүмкіндіктері.
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын
жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі.
Философияның негізгі функциялары:
- дүниеге көзқарастық;
- методологиялық:
- теориялық;
- гносеологиялық;
- сыншылдық;
- аксиологиялық;
- əлеуметтік;
- тəрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық.
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі
адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі əдістерін
жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды,
концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс əрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы
қайшылықтарды анықтап, мəнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды əшкерелеу,
білімнің дəйектілігін пысықтау жəне таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-əдептілік,
этикалық, əлеуметтік, идеологиялық, мəдени, рухани жəне т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Əлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мəселелерін карастырады.
Тəрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне
жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тəрбиелік мəнін
ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл
болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде,
тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Қорытынды
• Философиядағы өзекті мəселе адам өмірінің мəні мен болу
проблемасы болып табылады.Тіпті ежелгі философтар адамның
философия, адамның өзі туралы білуі, адамның өмір сүруінің
барлық жұмбақтарын біле алатыны туралы айтқан. Адам –
эпистемологияның (білімнің) мəні жəне сонымен бірге ол білуге
қабілетті. Адам өзінің мəнін, өмірдің мағынасын түсінген кезде,
өміріндегі көптеген сұрақтарды шешеді.
• Адам өмірінің философиясының мағынасы қысқаша. Өмірдің мəні –
кез-келген нысанның, нысанның немесе құбылыстың мақсатын
анықтайтын негізгі идея. Нақты мағынаны толығымен түсінуге
болмаса да, ол адамның терең терең құрылымдарында болуы
мүмкін, бұл адамның тек мағынасын тек үстіңгі идеясы бар. Ол оны
ішке қарай немесе белгілі бір белгілермен, символдарымен біле
алады, бірақ бүкіл мағынасы ешқашан бетіне келмейді, тек ақылды
ақыл-ойлар оны түсінуі мүмкін.
Назарларыңызға рахмет !