400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық журналистиканың жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықаралық журналистиканың қазіргі жағдайы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықаралық журналистиканың қазіргі жағдайы


Халықаралық журналистика – бүкіләлемдік жағдайларды ақпарат көзіне айналдырып, ауқымды алаңдарға кез келген жаһандық мәселені тасымалдаушы журналистиканың бір ерекше және күрделі тармағы. Жалпы, журналист барлық қиындықтар мен сұмдықтарға дайын болуы тиіс деп айтқандай, әсіресе халықаралық журналист өз мойнындағы жауапкершілік пен міндетін ұғынып, елдер арасында қызмет атқарып жүріп, өз борышын өтеу үшін өмірін қауіпке тігетіні рас. Ол тек бір аймақта маман болып қалмай, шет елдермен де жұмыс бабымен қарым-қатынас орнатып, кез келген қиын жағдайға тап болу ықтималдығы өте жоғары. Көбінесе, халықаралық журналистика әлем бойынша бүкіл елдерде саяси және экологиялық, жаһандық проблемаларды қамтиды. Яғни осындай мысалдар арқылы осы бағытта жүрген журналистер жұмысының қолға түсе салмайтын дарын екенін аңғаруға болады.

Халықаралық журналистиканың жағдайы әр елде болып жатқан, адамдарға БАҚ-да жеткізуге тиіс жағдайлардың қиын-оңайына байланысты. Мысалы, соғыс жағдайлары. Газа мен Израильдің арасындағы орын алған бітіспеушілік, Украина мен Ресейдің атыс-шалысы, Иран мен АҚШ-тың, Израильдің мәселесі өте ауыр және адам өміріне қауіпті, сонысымен журналистердің қызметін күрделендіріп, оларды көбінесе физикалық тұрғыдан қиян салдарға апарады. Мысалы, алты айда Газада 100 журналист қайтыс болды (rsf.org сайтынан алынған дерек). Бұл дегеніміз журналист, әсіресе халықаралық журналист қызметінің ауырлығының айғақ белгісі. Қауіп келтіретін барлық саяси қырғын жағдайлар бұл саланың жағдайын ауырлатады, және журналистердің азаюына әкеледі. Тағы бір жағдаятты айтсам, артық болмас: Францияда наразылық акциялары кезінде полиция журналистерді ұрып-соққанына шағымданды (lenta.ru сайтынан алынған дерек). Бұл жерде кей елдердегі сөз бостандығының жоқ екені, және басқа елден келген журналистердің өз міндетін орындауда зардап шегуі қызметі алдындағы теперіштің белгісі.

Әменде журналистің қызметі ешқашан оңай болған емес. Ақпаратты жинап, өңдеу, оны қоғамға цензурасыз жеткізу оңайға соға бермейді. Журналистика – ақиқат пен шынайылық, парасат майданы. Кез келген мәселені зерттеу барысында оны дұрыс бағамдай біліп, ақпарат тұтынушыларына ағаттық кетірмей, нақты тасымалдап көрсете білу – нағыз ерлік, журналистік парыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
10
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі