Халықаралық келіссөздердегі этика: рұқсат етілгеннің шегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықаралық келіссөздердегі этика: рұқсат етілгеннің шегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада халықаралық келіссөздердегі этиканың маңызы, рұқсат етілген мен рұқсат етілмеген шекараларды айқындау мәселесі қарастырылады. Түрлі елдердің келіссөз жүргізу стильдерін салыстыра отырып, мәдени ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтеді. Сондай-ақ, әділеттілік, сенім, жауапкершілік сияқты этикалық қағидаттардың келіссөздер нәтижесіне әсері талданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зейнулла Амина

Тұран университетінің 2 курс

Халықаралық қатынастар студенті

Халықаралық келіссөздердегі этика: рұқсат етілгеннің шегі

Аңдатпа: Бұл мақала халықаралық келіссөздер барысында этикалық нормалардың сақталуы және рұқсат етілгеннің шегін айқындау мәселелеріне арналған. Қазіргі жаһандану жағдайында елдер мен ұйымдар арасындағы келіссөз жүргізу сапасы мен нәтижесі көбінесе этикалық ұстанымдарға байланысты. Зерттеуде дипломатиялық этиканың негізгі принциптері, шекаралық жағдайлардағы шешім қабылдау үдерісі және рұқсат етілген мен рұқсат етілмеген әрекеттердің арасындағы айырмашылықтар қарастырылады.

Кілт сөздер: Этика, халықаралық келіссөздер, дипломатия, рұқсат етілген шек.

Аннотация: Данная статья посвящена вопросам соблюдения этических норм и определения пределов допустимого в ходе международных переговоров. В условиях современной глобализации качество и результат переговоров между странами и организациями во многом зависят от этических позиций. В исследовании рассматриваются основные принципы дипломатической этики, процесс принятия решений в пограничных ситуациях и различия между допустимыми и несанкционированными действиями.

Ключевые слова: Этика, международные переговоры, дипломатия, допустимый предел.

Annotation: This article addresses the issues of adhering to ethical norms and defining the boundaries of acceptable conduct during international negotiations. In the context of modern globalization, the effectiveness and quality of interactions between states and organizations largely depend on ethical principles. The study explores the fundamental tenets of diplomatic ethics, the specifics of decision-making in borderline situations, and the distinction between acceptable and unacceptable actions.

Keywords: Ethics, international negotiations, diplomacy, acceptable limit.

Кіріспе

Келіссөздер-адами қарым-қатынастың маңызды түрлерінің бірі. Олардың мәні неде?

Келіссөздердің қарапайым анықтамасы олардың әртүрлі мақсаттармен алмасу екенін көрсетеді. Және келіссөздердің ерекшелігі-пікір алмасуға қатысушылар, олардың әрқайсысында келісімнің кілттері бар деген алғышартта өзара келісімге келуге тырысады. Адамзат тарихында келіссөздер адамдардың өзара түсіністігіне қол жеткізу, түрлі мәселелерді шешу құралы ретінде маңызды рөл атқарып келеді. Қарапайым тұрмыстық жағдайлардан бастап, бейбітшілік және соғысқа, мемлекеттер мен халықтардың болашағына, тіпті бүкіл адамзат тағдырына қатысты күрделі мәселелерге дейін келіссөздер ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер мемлекеттік, қоғамдық-саяси және әлеуметтік өмірдің, сондай-ақ барлық сауда-экономикалық саланың берік құрылымын құрайды. Келіссөздер-әлемдік саясатты қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Келіссөздерге жүгіну мемлекеттер, саяси және әлеуметтік күштер, әртүрлі құрылымдар, жеке адамдар арасындағы өзара түсіністіктің артуына ықпал етеді[1, 15 б]. Келіссөздер – күрделі әрі көпқырлы үдеріс. Олардың нәтижелі болуы саяси немесе экономикалық факторларға емес, сонымен бірге этикаға тікелей байланысты. Әділеттілік, ашықтық, сенім және жауапкершілік қағидаттарын ұстану – табысты келіссөздердің кілті. Бұл қағидаттар келіссөз жүргізушілердің кәсіби және адами қасиеттерін айқындайды. «Дипломатия» сөзі гректің diploma – «қосарланған тақтайша» деген сөзінен шыққан. Ежелгі Грекияда бұл жазбаша куәліктер арнайы өкілетті елшілерге сенім грамотасы ретінде берілген. Уақыт өте келе дипломатия мемлекетаралық қатынастарды реттейтін маңызды қызметке айналды. XIV–XVII ғасырларда мемлекеттер өз сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдіктер құра бастады. Бұл өкілдіктер келіссөздер жүргізіп, шетелдік делегацияларды қабылдап, халықаралық хат алмасумен айналысты. Ағылшын дипломаты Гарольд Николсон дипломатия ұғымының төрт түрлі мағынасы бар екенін атап өтеді: бұл — сыртқы саясат, келіссөздер жүргізу процесі, сыртқы істер мекемесінің атауы, сондай-ақ дипломатиялық өнер мен икемділік[2, 7-8 б].

Негізгі бөлім

Келіссөздер жүргізудің батыс еуропалық және француз стилдері
Батыс Еуропа елдерінде келіссөздер кәсібилікке, прагматизмге және нақты нәтижеге бағытталады. Мысалы, ағылшын кәсіпкерлері шешім қабылдауда тәжірибеге сүйеніп, икемділік пен жағдайға бейімделу қабілетін жоғары бағалайды. Олар үшін келіссөз этикасы мен серіктестің сенімділігі ерекше маңызды. Пікірталас барысында артық эмоцияға жол бермей, келіссөзді байсалды және құрметпен жүргізеді. Әдетте, ұзақ мерзімді серіктестікке көбірек мән береді, тіпті қаржылық пайда аз болған жағдайда да, сенімділік басты орында тұрады.

Француздар болса, келіссөздер кезінде ерекше ұстамдылық пен сыпайылықты ұстанады. Іскерлік қарым-қатынаста киім үлгісі мен сөйлеу әдебі үлкен рөл атқарады. Бейтаныс адаммен ресми түрде сөйлесу, "месье" немесе "мадам" деп жүгіну міндетті. Телефон арқылы маңызды мәселелерді талқылау құпталмайды, сондықтан ресми кездесулер бетпе-бет форматта өтеді. Француз әріптестері шешім қабылдауға асықпайды, келіссөз барысын мұқият талдап, ұзақ ойлануға бейім.

Азиялық стиль және Үндістандағы ерекшеліктер
Азия елдерінде, соның ішінде Үндістанда, келіссөздер жүргізу белгілі мәдени нормаларға, дәстүрлерге, әлеуметтік құрылымға сүйенеді. Үнді кәсіпкерлеріне сенімге негізделген қарым-қатынас орнату – маңызды аспект. Сондықтан іскерлік қатынасты бастамас бұрын, серіктесін адам ретінде танып-білгісі келеді. Іскерлік кездесулер қысқа әрі жылы шырайлы амандасудан басталады. Кездесуді алдын ала, кем дегенде бір-екі ай бұрын жоспарлап, жазбаша түрде растау қажет. Кездесуге дейін күн тәртібі мен қажетті ақпараттарды жолдау – қалыптасқан тәжірибе. Көп жағдайда алғашқы кездесуде бизнес мәселелері емес, танысу сипатындағы әңгіме көбірек айтылады. Үнді кәсіпкерлері келісімшарттың әр тармағын мұқият қарап, ұзақ ойланады. Сондықтан келіссөз баяу жүруі мүмкін. Үнді қоғамында дін, саясат және әлеуметтік теңсіздік тақырыптары сезімтал саналады. Әсіресе, Кашмир мәселесі, Қытаймен шекара, Пәкістан және кедейшілік туралы пікірталастан аулақ болу қажет. Іскерлік ортада ағылшын тілі кеңінен қолданылады.

Жапон стиліндегі келіссөздер
Жапонияда келіссөз жүргізу тәртібі қатал этикалық нормаларға бағынады. Кездесу кезінде киім кию ережелері маңызды, классикалық костюм мен галстук – міндетті талап. Тәртіп пен жинақылық сыртқы келбеттен бастап, қарым-қатынас мәдениетіне көрініс табады. Жапон серіктестерімен келіссөзге келгенде визитка алмасу – міндетті рәсімдердің бірі. Визитка адамның қызметі мен мәртебесін білдіретін құрал ретінде қарастырылады. Келіссөздер барысында қысым көрсету, ашық пікірталас немесе мәжбүрлеу әдістері құпталмайды, cенімге сыза түсіреді. Жапон мәдениетінде сенім – басты құндылық, сондықтан келісімге келу үшін алдымен сенімді қатынас орнауы тиіс. Сондай-ақ, иерархиялық құрылым қатты сақталады, шешім жоғары лауазымды тұлғалар тарапынан қабылданады[3, 3 б].

Этикалық нормалардың маңыздылығы
Халықаралық келіссөздер – тек іскерлік келісімдер жасау құралы емес, сонымен бірге дипломатиялық этиканы сақтау алаңы. Әр түрлі елдің мәдениеті мен менталитетін ескеру – табысты серіктестіктің кепілі. Этика келіссөзге қатысушылар арасындағы сенімділікті нығайтады, өзара сыйластық пен жауапкершілік сезімін арттырады. Этикалық шекараны айқындау – дипломаттың басты міндеттерінің бірі. Кейбір жағдайларда бұл шекара анық болмауы мүмкін. Алайда кәсіби келіссөз жүргізуші әрдайым мораль мен заң аясындағы теңгерімді табуға тырысады. Әсіресе, шетелдік серіктестермен берік іскерлік байланыстар мен қарым-қатынастар орнату әртүрлі елдердегі іскерлік этикет қағидалары мен ережелерін қолдана білуге міндеттейді[4, 1 б]. Кез келген қысым, манипуляция немесе этикалық нормаларды елемеу қысқа мерзімді нәтиже әкелуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада бедел мен сенімді жоғалтады.

Қорытынды


Халықаралық келіссөздер жүргізу – терең білім мен жоғары мәдениетті талап ететін сала. Этикалық ұстанымдарды сақтау – келіссөздердің сәтті өтуінің негізі. Әділеттілік, ашықтық, сыйластық пен жауапкершілік – жаһандық деңгейдегі серіктестікті нығайтудың басты қағидаттары. Әр елдің мәдени ерекшелігін ескеріп, келіссөздер барысында бейімделу қабілетін көрсету – халықаралық қатынастардағы кәсібиліктің көрсеткіші. Сондықтан келіссөздер жүргізуде этиканы ұстану – тек формалдық талап емес, сонымен қатар жаһандық табыстың сенімді іргетасы.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі:

  1. Дубинин Ю.В., "Мастерство переговоров" [https://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/2111459/35/166/18181/%20%20%20%20%20%20%20%20%20%20%D0%91%D0%B5%D0%BB%D1%8F%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%90%D0%B9%D0%B3%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BC%20%D0%95%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D0%B0/2023/2] – 15 б.

  2. Әліпбаев А.Р., "Халықаралық келіссөздер. Оқу құралы"[https://dokumen.pub/9786012475913.html] – 7-8 б.

  3. Кабдуахит Д., "Келіссөздер жүргізудің шетелдік стильдері"[https://kazatu.edu.kz/assets/i/science/sf15-econom-117.pdf] – 1-4 б.

  4. Садықова Н.М., "Халықаралық қатынастардағы іскерлік этиканың маңызы"[https://massaget.kz/blogs/halyikaralyik-katyistyinastardagyi-skerlk-etikanyin-manyizyi-30447/] – 1 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі