400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Халықтың ерлігі ғасырлардн жеткен үн тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Халықтың ерлігі ғасырлардан жеткен үн

Құндылық


Мақсаттары

Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. 


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

І бет – «Отты жылдар шежіресі»

Мұғалім: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.


Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.


Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.



Сабақтың ортасы

Соғыс басталысымен мыңдаған Қарағандылықтар әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. Соғыс жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді.
Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты.
Қарағанды қаһармандары жайлы мағлұмат беру.

Мартбек Мамыраев

(1908-1989)

Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданға кірді. Сталинград түбіндегі шайқастарға, 12-гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқастарына қатысты. Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.

Қазыбек Нұржанов
(1919-1945)

К еңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылысәуір айында шақырылды. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Кеңес Одағының батыры, "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 

Амантай Дәулетбеков 
(1917-1943)

К еңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. А.Дәулетбеков 1942 жылғы жазда Брянск майданына жіберілді. Ол 13-ші Армияға қарасты танктерді бұзып-жоятын 1180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды.


Петр Иосифович Теряев
(1922-1945)

П етр Иосифович Теряев Қарқаралыда туды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді.
1945 жылғы ақпанның 15-де
кезекті шайқаста оның самолетіне оқ тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, самолетін фашист танктері тұрған алаңға бұрып, ерлікпен қаза тапты.

Прокопий Прокопьевич Корниенко

1 911 жылы қазіргі Тельман ауданы Ростов ауылында туған. Солтүстік майданның атқыштар полкінің барлаушысы болған П.П. Корниенко - Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Нұркен Әбдіров
(1919-1942)

Кеңес Одағының Батыры - Ә бдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы дүниеге келген. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан.
1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Жау оғы оның самолетіне дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.
Мақал-мәтелдері

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.

  1. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

  2. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды.

  2. Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

  1. Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

  1. Именіп жүріп көрген игіліктен,

Қарсыласып жүрген бейнет артық.

  1. Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

Қанатты сөздері

  • Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

  • Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

  • Адамның әр харекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

  • Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

  • Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақ халқының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі.


Әжесі – Қызтумас, шешесі – Рәзияны салған портреттері сақталған.

Ән: «Батыр Бауыржан»



Даңқты партизан Қасым Қайсеновтың сыйлас інілерінің бірі – өзі де майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев екеуіне қатысты хикая көп. Бір күні Қалекең Қаскеңе сәлем бере келіп, әңгімелесіп отырып қалады. Бір кезде Қаскең:
– Қалмұқан, сен осы соғыста жараландың ба? – деп сұрайды.
– Пәле, жараланғанда қандай, – деп даусын көтере созып, аузын толтыра жауап береді Қалекең.
– Жаралансаң, қай жеріңнен жараландың? – дейді Қаскең.
– Басымнан
– Ой, сенің басыңда оқ паналайтындай жер жоқ қой, қалай жараланып жүрсің? –деп ағасы әзілге бұрып, Қалмұқанның тақыр, жалтыр басына көз жүгірте қарап. Әзілге жүйрік Қалекең де іркілместен басын бір сипап өтіп:
– Бәсе, Қаске, немістің оқтары ұшып келіп менің басыма тиюін тиіп жататын да ылғи қасымдағылар не өліп, не жараланып қалушы еді. Сөйтсе менің басымнан тайып кеткен оқтар ылғи соларға тиген екен ғой… – деген екен, майдангер жазушы.



Сабақтың соңы

Сұрақтар:

  1. «...Шегініңдер! - деп айқайлаған командирдің даусы естілді. Бірақ ол шегінген жоқ. Әнеки, еңбектеп барып, Қасымбектің беліндегі гранаталарды шешіп алып, жақындап қалған алып танкінің астына лақтырды...» үзінді қай шығармадан алынған?

  2. Мәншүкті анасы еркелеткенде қалай атаушы еді?

3. «Батыр, ер жүрек, жүрек жұтқан» сөздеріне мағыналас сөз.

4. Мәншүктің анасының есімі?

  1. Мектеп ұжымы жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін Әлияны қайда жібермек болды?

  2. Мәншүктің шын есімі? (Мәнсия)

  3. «Тау қыраны» әңгімесінің авторы, Ұлы Отан соғысының батыры? (тегі)

  4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы?

  5. Рейхстакка ту тікке батыр? (тегі)

  6. Жүз жасаған ақын?

  7. Батыр халық?

  8. Ж.Жабаевтың «Балама хат» өлеңі кімге арналған?

  9. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» әңгімесіндегі фашистерді шыбындай қырған соғыс құралы?

  10. Әлияның жықсы көріп өсіретін гүлдерінің бірі?







Ж

а

Қ

и

я













М

о

н

ш

А

ғ

ы

м













қ

а

Һ

а

р

м

а

н








Ә

м

и

н

А



















А

Р

т

е

к
















М

ә

н

с

и

я












Ғ

А

б

д

у

л

л

и

н



Т

ө

л

е

г

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
1345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі