Қайсар
қаламгер
Алла тағала берген ақылымен, теңіздей терең білімімен
уақыттың өзінен озған ғұлама фәниден бақиға аттанарда өсиет
айтыпты: "Дауыл ма, жауын ба, сең бе, сел ме, өрт пе, дерт пе...
қандай қысылтаяң, қиын шақ болса да ең алдымен халықтың қазынасын
құтқарыңдар, сол қазынаны жасаушыларды жан салып қорғаңдар. Сонда
араларыңнан кемел ойлы кемеңгерлер шығады. Сонда ғана ұлтта рух,
елде бүгінгіден де нұрлы болашақ болады”.
– "Халықтың қазынасы ол – кітап”
– Қазынаны жасаушылар "Таланттар!” Бүгін мен сол бір талант
иесін айтпақпын. 1908 жылы 25 желтоқсанда Орал облысындағы бұрынғы
Чапаев ауданында туған. Алматы малдәрігерлік
техникумын 1928 жылы бітіріп, одан әрмен білім нәрін сусындап, Абай
атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Кітапты тақтан да
қымбат қойған, өз сөзім мен айтсам, "өжет, арлы қылышын қаламымен
қайраған”, "қазақтан тамшы қаны бар, адамнан шыбын жаны бар” Хамза
Есенжановқа сақадай дайындықпен келдім.
Сен гүлімсің бақшадағы,
Мен айналған көбелек.
Аймалаймын сүйем тағы –
Жау қойса да у себелеп, – сынды жастық жалыннан туған
жырларын айтпағанда, одан да көп еңбектері дүние жарығын көрді.
Қоғам қайраткері, еңбек ерінің жеткен жетістіктеріне шолу жасап
өтсек: 1934-1936 жылдары аралығында Ленинградтағы (қазіргі
Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында
оқыған. 1932-1933 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
жауапты хатшысы болған , КСРО ҒА Қазақ филиалында әдебиет секторын
басқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік
филармониясының, кейін Қазақ академиялық Опера және балет театрының
директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан
сабақ берді. 30-жылдары "Өлеңтінің жағасында", "Қызыл құмақ",
"Күшке күш" сияқты әңгімелері және "Жер шарында" атты сахналық
шығармасы жарияланды. Одан кейін жазушы сталиндік жаппай жазалау
толқынына ілігіп, көп өмірін ит жеккенде өткізіп оралған. Сіздер
білетіндей Сталиндік қуғын сүргін қазақ зиялыларын жаппай айдалаға,
түрмеге апарып қамады. Әр қазақ жазушысына ұлтшыл деген айдар
тағылып, жазықсыз пенделердің басына кене болып жабысып, ақыры
аяғына дейін әлсіздерін түрме қапаста шірітіп, тек тірі қалған,
сүзгіден ұнтақ болмай қара кесек болып тұрып қалғандары бертіңкеле
өз туындыларын, басынан кешкен өмірі туралы еңбектерін, ащы
шындықтарын мұңлы зармен білдірді. 1956 жылдан қаламгерлік өнімді
еңбек жолын бастады.
Көркемсөздің көрнекті шебері Хамза Есенжанов бізге ең
алдымен "Ақ Жайық” трилогиясымен, сосын "Жүнісовтер трагедиясы”
дилогиясымен қымбат. "Ақ Жайық” кей жағдайда "Тынық Донмен” үндес
шығарма. Михаил Шолохов Нобель сыйлығын алған атақты эпопеясын 14
жыл жазды. Хамза Есенжановта ондай мүмкіндік болған жоқ. Сонда да
ол "Ақ Жайық” трилогиясын 4 жылдың ішінде жазды. Бұл бір қолдан
келмейтін, қазақ жазушыларының ішінде өте бағалы дүние
болатын.
Өмірінің соңғы жылдары "Қарт қазақ", "Жайын ілерде", "Жар",
т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978—1981 жж.
жазушының 6 томдық шығармалар жинағы шықты. "Ақ Жайық" романы орыс
тіліне аударылып, одақтық, республикалық баспалардан жарық көрді.
Ол М.Шолоховтың "Тынық Дон" ("Тихий Дон") романының 1- және
4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің "Рудин", И.П.Шуховтын "Өшпенділік"
романдарын, А.С. Пушкиннің "Дубровский" повесін, т.б. шығармаларды
аударды. Сонымен
қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар
жазды. Түбінде сонау еңбекпен
егілген шығармалары өз жемісін берді. Абай атындағы Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет
Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.Теректі
ауданының Сарыөмір ауылында жазушының музейі ашылды. Орал қаласында
Хамза Есенжанов есімімен аталатын көше бар. Ақынның 100 жылдығына
орай қаладағы балалар және жасөспірімдер кітапханасына Хамза
Есенжановтың есімі берілді. Сонау үлкен кітапхананың түтіні түтеп
тұрғанына да 10 жылдың үстіне асып кетті. Білім нәрін сусындатып,
жазушының есімі мәңгі бақи есімізде қалады деген ойдамын. Биыл
Хамаза атамызға 110 жыл бір ғасырдан аттай он жыл
асыпты. «Тағдырдың
қасірет қой тастарының арасынан қайсар әдебиет талшыбығы – Хамза
Есенжанов жарып шықты да, тамырлы жапырақты алып бәйтерекке
айналды» .
С.Ғ.Шарабасов