400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Хан моласы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Хан моласы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

 



Хан моласы

Капитан Н. Рычковтың 1771 жылы «Қазақ даласына жорығының күнделік жазбаларында»: «Ханның зираты – күйдірілмеген кірпіштен қаланып, ақ балшықпен сыланған, төрт бұрышты кесене. Бұл ғимараттың батыс қабырғасында кең ашық кірме қалдырылған, мұның өзі салынған жайдың қақпасы іспетті. Тамның батысындағы есіктен кіргенде, бейіт ішіндегі шұңқырда кәдімгі киімімен адам жатыр. Қасында қылыш, садақ оғымен қойылған. Қазақтар бұл моланы әулие тұтады, әсіресе хан бейітінің аяқ жағына шыққан биік Ағашхан моласының әулиелігін тіптен көтерген...», - деп сипаттайды. Қорым бірнеше құлыптастар мен төмпешіктен тұрады. Төмпешіктің көлемі 15х10, ондағы құлыптастар ақшыл көк мрамор тасқа ұқсас жазуы араб әрпімен терілген, ал өрнектердің орналасуы әртүрлі. Биіктігі әртүрлі – 0,62 - 0,84 м. Бір ерекшелігі – параллелепипед-құлыптастар сыртқы түрімен Батыс Қазақстан қойтастарына, белгі-өрнектері Оңтүстік үлгілеріне (түркістандық-сырдариялық) келеді. Бұл құлыптастар жерге көмілмеген, биіктігі көмуге келмейді. Тағы бір дәлелі Әбілқайыр ханның қазақ халқының тағдырына байланысты батыл шешім қабылдаған орны, яғни тарихи құжатқа 1731 жылы 10 қазанда қол қойылған жер – Ырғыздар 25 шақырым шамасында. Ол Маңтөбе деп аталады.

«Хан моласы» қорымын зерттеу үшін ғылыми экспедиция 1-ші рет 1987, 2-ші рет 1998, 3-ші рет 2003 жылы келіп, тексеру жұмыстары тиянақты жүргізіліп, 600-ге жуық қабір жерлеу орны бар екені анықталған. 2007 жылдың тамыз айында С.Е. Әжіғалиев (этнология ғылымының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, ғалым) бастаған құрамында Тұрғанбаева Л.Т., Новиков А.С. (геофизик), Біләлов С.Ө. (Москва этнография тарих институтының студенті) бар ғылыми топ тарихи орында болып, Әбілхайыр хан жерленген қорым туралы тың материалдармен толықтырды.[1]



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі