Тақырыбы: «Ханшайым мен жеті
ергежейлі»
/фан-фар
ойналады/
Жүргізуші
Қарлығаш: Бүгінгі күн -нұрлы
күн,
Жарық шашқан
әлемге.
Ескеретін күн
бүгін,
Ризашылық әр елде. Құрметті
қонақтар бүгінгі мерекенің кейіпкерлерін қарсы
алыңыздар.
/көңілді музыкамен балалар
музыка залына кіреді./
Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті қонақтар,
кішкентай бүлдіршіндер, балалар үйінің ұжымы. Бүгін біздің үйімізде
ерекше мереке, ол «Ризашылық күні». Бұл күні адамдар бір-біріне
ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Біз де
туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан-жақты
дамуы үшін жасап жатқан істеріне ризашылық білдіріп, зор
алғысымызды айтамыз. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің «Ханшайым мен
гном» ертегісі негізінде дайындаған мерекелік ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
/ақырын музыка ойналады ,
сырттан дауыс/
Жүргізуші:Ертеде бір кішкентай ханшайым
өмір сүріпті.
/Гүлайымның қолында кукла, Ира
екеуі музыкамен шығады. Ираның қолында айнасы
бар/
Жүргізуші: оның өзінен басқа ешкімді
жақсы көрмейтін өгей шешесі
болыпты.
Өгей
шешесі: Қызым мынау шашылып жатқан
гүлдерді жинашы. /Гүлайым корзинаға гүлдерді
жинайды./
Өгей
шешесі: Айна, айна, айтшы
айна,
Менен асқан сұлу бар
ма?
Жүргізуші: Бұл дүниеде сізден асқан сұлу
жоқ!
Жүргізуші:Жылдар өте ханшайым сұлу
бойжеткенге айналады.
/музыкамен сахнаға Айша билеп
шығады. Кулисанын артына кетеді Артынан өгей шешесі бірге
шығады./
Өгей
шешесі: Айна, айна, айтшы
айна,
Менен асқан сұлу бар
ма?
Жүргізуші: сіз сұлусыз. Бірақ ханшайым
сізден де сұлу.
/Өгей шешесі ашуланып, айнаны
лақтырып жіберіп/
Өгей
шешесі: Мына ханшайымды орманға апарып
тастаңдар
/Қорқынышты музыка ойналады,
ханшайым сахнаға шығады, жан-жағына қорқынышпен қарайды, бір
кішкентай үйді көреді/
Ханшайым: мынау кішкентай үйде кімдер
тұрады екен қане терезесін қағып
көрейінші.
/Терезесін қағады, ешкім
шықпаған соң ішіне кіреді,тарелкадан тамақ жейді, кеседен су ішеді,
орындыққа отырады/
Ханшайым: Сондай шаршадым, аздап
демалып алайын.
/деп орындыққа отырып ұйықтап
қалады./
/музыка ойналады қолдарында
кішкентай шамдарымен 7 гном
келеді./
Үлкен
гном: тоқтаңдар! Мына біздің
үйімізде біреу бар сияқты. Біздің тамақтарымызды жепті, суымызды
ішіпті, енді орындығымызға отырып ұйықтап
қалыпты.
/деп ханшайымды оятады,
ханшайым шошып орындықтан атып
тұрады/
Ханшайым: Сендер кімсіңдер? Қайдан
келдіңдер?
/деп шошып
кетеді/
Үлкен
гном: Ал сен
кімсің?
Ханшайым: Мен ханшайыммын, мені өгей
шешем үйден қуып жіберді. Баратын жерім жоқ, сендермен бірге тұрсам
бола ма?
Үлкен
гном: Сен қорықпа, біз саған еш
жамандық жасамаймыз. Біз сенімен дос боламыз, кел ортаға бір би
билейік.
-
Ханшайым мен гномдар
биі.
/ ханшайым тамақ пісіріп үстел
үстін жинап жүреді, өгей шешесі саудагер болып киініп алма сатып
жүреді/
Жүргізуші: ханшайымның тірі екенін
біліп қойған өгей шешесі, оның көзін құрытудың амалын
табады.
Өгей
шешесі: алма алыңыздар, тәтті алма,
қып-қызыл сондай дәмді.
/ханшайым алмаға қызығып
жегісі келеді/
Өгей
шешесі: қызым сенің алма жегің келіп
тұрғанын білемін, мә жей ғой.
/деп алманы береді, ханшайым
алманы бір тістеген соң/
Ханшайым: Сіз маған не беріп
қойдыңыз?
/Орындықта отырып қатып
қалады./
Өгей
шешесі: ха-ха-ха енді меннен асқан
сұлу болмайды бұл әлемде.
/деп сахна сыртына кетіп
қалады. Музыкамен гномдар келеді, ханшайымды
көреді./
Үлкен
гном: Балалар біздің ханшайымды
біреу қатырып кеткен сияқты, енді не
істейміз?
Жүргізуші :Балалар мүмкін сендер тақпақ
айтып берсеңдер ханшайым жібитін
шығар.
-
Тақпақтар.
-
Оркестр.
/ханшайым
жібиді/
Ханшайым: Балалар рахмет сендерге,
менің өмірімді сақтап қалдыңдар. Барлығымыз бірге бір ойын
ойнайық.
-
Ойын. «Балықтар мен
теңіз»
Жүргізуші:Бізде бүгін мереке, сондықтан
қонақтарымызға арнап ән айтып
берейік.
-
Кап-кап.
Ханшайым:Біздің балалар ән,
тақпақтардан басқа би билей алады.
-
Жапырақтар
биі. /қыздар/
Жүргізуші: Бүгін бізді мерекемен
құттықтап келіп отырған өнерпаз достарымыз бар екен. Солардың
өнерін тамашалайық.
-
Батырова Іңкәрдің
орындауында «Іңкәрім-ай» әнімен қарсы
алыңыздар.
-
Турдиева Айнұрдың
орындауында «Секіртпе» күйі.
-
Батыр Жәңгірханның
орындауында «Крылатые качелье» әнімен қарсы
алыңыздар.
-
Көркем гимнастикадан
1-раздядты спорт шебері Іңкәр қыздарыңызды қарсы
алыңыздар.
-
Ортада Серік ұлдарыңыз
«Төрешім» қарсы алыңыздар.
-
Песня Мама исполняет
Іңкәр.
-
Айнұр қыздарыңыздың
орындауында Күй.
-
Сұлу қыз-ай әнімен Іңкәр
қыздарыңызды қарсы алыңыздар.
Ханшайым: Балалар бүгін сендерге қонақтарымыз
көптеген сыйлықтар әкеліпті, біздің де сендерге беретін
ойыншықтарымыз бар, соларды қабыл
алыңдар.
/2 корзинамен ханшайым және
шығады./
Үлкен
гном: Балалар сыйлықтарды үйімізге барып
көрейік.
/балаларға сыйлықтарды
таратады.
Жүргізуші:Ризашылық мерекесімен
құттықтау үшін Астана қаласы Мамандандырылған балалар үйінің бас
дәрігері Закарьянова Лайля Лухманқызын
шақырамыз.
/Құттықтауы/
Жүргізуші:Қонақ деген ырысың мен
мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға
келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек
білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін –дей отырып
қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін
береміз.
/қонақтардың
құттықтауы/
Осымен біздің мерекеміз аяқталмайды. Әрі
қарай бағдарламамызда
-
Балалардың көңілін көтеруге арналған
ойын-сауықтар.
-
Астана қаласының орталық цирк өнерпаздарының
өнерін тамашалау.
-
Думан ойын-сауық орталығына
бару.
-
Мерекелік кешкі
ас.
Балалар үйі өзінің қонақжайлылығымен де
ерекшеленеді. Құрметті қонақтар сіздерді дәм татуға
шақырамыз.
ЖүргізушіКелесі мерекеде кездескенше сау
болыңыздар!
Астана 2017
жыл