Хәрри_Поттер_мен_Феникс_алқасы_Талқылауға_нұсқаулық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хәрри_Поттер_мен_Феникс_алқасы_Талқылауға_нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Хәрри_Поттер_мен_Феникс_алқасы_Талқылауға_нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы
КІРІСПЕ
ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ
Жазғы демалыс аяқталуға тақағанда Хәрри өзі мен бөлесі
Дадлиді дементорлардан қорғау үшін мектептен тыс жерде сиқыр жасап, Патронус шақыруға мәжбүр болады. Сол
әрекеті үшін Хәрридің ісі Сиқыр министрлігінде қаралып,
өзі Уизенгамот алдында жауап береді. «Феникс алқасы»
деп аталатын топ қайта пайда болған Волдемортқа қарсы
күресу үшін күш біріктіріп, Хәрридің өкіл әкесі Сириустың
үйін штаб-пәтер орнына пайдаланады. Ал министрлік
зұлым сиқыршының қайтып келгеніне сенбей, Дамблдорды Хогуартс директоры қызметінен алып, оның орнына
Долорес Амбриджді тағайындайды. Амбридж мектепте
ойына келгенін істеп, оқушыларды қатал жазалап, түрлі
ерсі ережелер шығарады.
Хәрмиона Хәрриді зұлым сиқырдан сабақ беруге көндіріп,
оқушылардан құралған құпия ұйым құрады. Олар өздерін
«Дамблдор жасағы» деп атайды. Хәрри кейде Волдемортқа
айналғандай болып, оның басынан өткен жайттарды көре алады; Волдеморттан ойын жасыру
үшін профессор Снейптен окклюменция сабағын
алады, бірақ оның пайдасы тимейді. Ақыр соңында осындай көріністің бірі Хәрри мен ДЖ мүшелерін
Сиқыр министрлігіне апарады. Волдеморт пен Тажалдар
құрған тұзаққа түскен оқушылар олармен шайқасып, Волдеморт пен Хәрридің байланысын баяндайтын сәуегей сауытты қолға түсіруге таласады.

2

«ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

МӘТІНДІ ТҮСІНУ

1

«Ең мықты күзет» деп аталатын 3-тарауда Хәрриді Феникс алқасының
штаб-пәтеріне жеткізу үшін көп сиқыршыны қамту не үшін қажет болды? Алқа туралы және өзі бұрын білмеген мәліметтерді естіген Хәрридің
көңіл-күйін сипаттаңыз. Рон мен Хәрмиона серке болғанда ол қандай күйде
болды? Хәрри мен өкіл әкесі Сириустың көңіл-күйін салыстырыңыз. Екеуінің сезімі қай жерде тоғысады, қай кезде айырмашылық бар?

2

Хәрри өзі ісіне қатысты тыңдауға барғанда министрлік жайлы не біледі
(7/8-тараулар)? «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны» кітабынан бастап
Фадждың Хәрриге көзқарасы неге күрт өзгерді? Фадж неге Дамблдорға қырын қарай бастады?

3

Хәрриге Хогуартс Экспрестегі биылғы сапары өзге жылдардағыдан неге басқаша болды? Хәрри бұрын көрмейтін
тестралдарды (11-тарау, «Білгіш қалпақтың
жаңа әні») неге көретін болды? Осы сапарда
Луна Лавгудты жолықтырғаны қаншалықты
маңызды? Луна қандай қасиетімен есте қалды?

4

Долорес Амбридждің оқыту стилі бұрын Зұлым
сиқырдан қорғану пәнінен сабақ берген басқа оқытушылардікінен несімен ерекшеленді? Оқу жылының
басталуы құрметіне жайылған дастарханда Амбридждің
сөзіне қатысты Хәрмионаның: «Біраз нәрсені тұспалдап
айтты […] Министрлік Хогуартстың шаруасына аралас-

3

«ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
пақ» (11-тарау, «Білгіш қалпақтың жаңа әні», 193-бет) деген пікірін талқылаңыз. Хәрридің сыныпта және одан тыс жерде Амбридж және Снейппен
шекісіп, түрлі қиындыққа тап болғанын салыстырыңыз.

5

Хәрри көрген түсі мен көрген аяны туралы оқытушыларға неге айтпайды?
Хәрриге берілген аян мен Ронның «Көріпкелдік» сабағына арнап өтірік
жазған түсін салыстырыңыз. Хәрри неге түсі жайлы «Көріпкелдік» сабағында ештеңе айтпайды? Артур Уизлидің өлім аузында жатқанын көргенге
дейін Дамблдорға бармай, неге одан қашқақтап жүрді?

6

Хәрри Хәрмионаның оқушыларға арнап клуб ашып, қорғаныс сиқырларын
үйрет деген идеясы қалжың емес екенін қалай түсінді? Клубтың дайындық
бөлмесін табуға кім көмектесті? ДЖ деген атауды кім қойды? Дамблдор
жасағы Хәрридің жалғызсырамауына қалай септігін тигізді? Дамблдор жасағына мүше болғандар үшін ұйымның маңызы қандай болды?

7

Хәрри өзін мазалайтын түстерден неге қатты
қорықты? Дамблдор кітаптың басынан аяғына
дейін Хәрриден бойын аулақ салып, қашқақтап
жүргенінің сыры неде? Снейптің «Поттер, сиқыр
жасауда уақыт пен қашықтықтың маңызы көп»
(24-тарау, «Оклюменция», 468-бет) деген сөзі нені білдіреді? Дамблдор неліктен Хәрриге оклюменцияны үйретуді Снейпке тапсырды және Хәрриге бұл сабақ неге
қиын соқты? Снейптің оклюменция сабағы мен «Хәрри
Поттер мен Азкабан тұтқыны» томында Люпиннің па-

4

«ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
тронус шақыруды үйрету сабағын салыстырыңыз. Хәрри неге Люпиннің сабағын тез қағып алды, ал Снейптен ештеңе үйрене алмай қойды?

8

Хәрри, Рон мен Хәрмиона Әулие Мунго емханасына барғанда (22/23-тарау)
нені білді? Мистер Уизлидің көңілін сұрап бару оқиғасы – Роулиң өз кітаптарында әзіл мен мұңды шебер тоғыстыра алатынының бір көрінісі. Бұл
оқиғада оны неден көреміз?

9

«Снейптің ең жаман естелігі» (28-тарау) деп аталатын тарауда Снейптің
естелігін көрген Хәрри әкесі, Сириус, Люпин мен Петтигрю туралы не білді?
Бұл білім оған қалай әсер етті? Соған қарап Хәрридің мінезі туралы қандай
ой түюге болады? Жеймс пен достарының мектептегі күндерін Рон, Хәрмиона мен Хәрридің оқушы кезімен салыстырыңыз. Қандай ұқсастық пен
айырмашылық бар?

Малфой Хәрри туралы айтқанда «Ол үнемі қаһар10 Люциус
ман болғысы кеп тұрады, Түнек лорды оның осал тұсын
жақсы біледі» (35-тарау, «Шымылдықтың ар жағы», 684бет) дегенде не айтпақ болды? Сириусты өлтіргені
үшін қатты жек көріп тұрса да Хәрридің круциатус
қарғысы Беллатриске неге әсер етпеді? Сиқыр министрлігінің атриумында Волдеморт денесіне кіріп

5

«ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛДАУ

1

АШУ

2

БИЛІК

Осы бөлімнің көп тарауында Хәрри жиі ашуланады. Кітапта оны ашуландырған жайттарды шолып шығыңыз. Олардың қайсы әділ деп ойлайсыз? Ашуы
оған қаншалықты көмектесті және қаншалықты кедергі келтірді? Министрліктегі шайқас біткен соң Хәрри кабинетін талқандап, ашуланғанда Дамблдор неге қой демеді? Дамблдордың «Түптеп келгенде жауыңды ойыңа кіргізіп алғанның да маңызды болмай қалды. Сені сақтап қалған – жүрегіңдегі
мейірім» (37-тарау, «Сәуегей не деген еді?», 736-бет) деген пікірін талдаңыздар. Дамблдор осыған дейін жасырып келген шындықты айтқанда, Хәрри
қандай сезімде болды?

Өзгелерге үстемдік қылып, зәбір көрсеткеннен ләззат
алатын профессор Амбридждің мінез-құлқын
зерттеңіз. Ол билігін көрсетіп, оны сақтап
қалуға қалай ұмтылды? Оның әлсіздерді жаншып, билігіне қарсы келгендерді таптап тастауға
ұмтылған кезін сипаттаңыз. Амбридж мінезінің
ең қауіпті тұсы қандай? Оның басында оқытушы болып
келіп, кейін Бас инквизитор, одан соң директор болғаны
оқушылар мен оқытушыларға қалай әсер етті? Оқу жылы
басындағы кеште Білгіш қалпақ айтқан ескертудің оған
қатысы бар ма? «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы»

6

«ХӘРРИ ПОТТЕР МЕН ФЕНИКС
АЛҚАСЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
кітабындағы басқа оқытушылар мен билік өкілдерінен Амбридждің несі өзгеше? Кітапта билікті асыра пайдалануға басқа мысал бар ма?

3

САБАҚ ЖӘНЕ ЕМТИХАНДАР

4

ЖАЛҒАН СЕНІМ

Хогуартстың бесінші сыныбында оқитын Хәрри мен сыныптастарының
көңіл-күйіне СМД емтиханы қалай әсер етті? Емтихан олардың болашағына қажет білімді саралауға мүмкіндік бере ме? Ж.К. Роулиң кітаптан алған
білім мен жеке тәжірибенің маңызы және құндылығы жайында не дейді?
Оқиға желісінде олардың маңызы туралы не айтылған?

7-тарауда Хәрри Сиқыр министрлігіне алғаш барғанда Сиқыр қауымдастығының субұрқағын көреді, онда кентавр, үй шаруасын
атқаратын эльф пен гоблин сиқыршы еркек пен әйелге
сүйсіне қарап тұрады. Шайқас біткенде Дамблдор Хәрриге «Түнде біз қиратқан субұрқақта бейнеленген – жалған көрініс. Біз, сиқыршылар, өзге
тіршілік иелерін қай заманнан кемсітіп келдік,
енді соның салдарын көріп жатырмыз» (37-тарау, «Сәуегей не деген еді?», 727-бет) дейді. Бес
кітаптағы жалған сенім мен сиқыршылардың өзгелерге
әлімжеттік қылғанының салдары туралы айтыңыз.

7

ЖАТТЫҒУЛАР МЕН ЖОБА
ИДЕЯЛАРЫ

КЕЙІПКЕРЛЕР БЕЙНЕСІН ТАЛДАУ
МАҚСАТЫ
«Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабындағы бір кейіпкер бейнесін толық
талдау
ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ САЛАЛАРЫ
Қазақ тілі
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Кейіпкер бейнесін талдауды үйрену және кітапты мұқият оқу машығын меңгеру
БАСТАУ
«Хәрри Поттер мен Феникс алқасындағы» топтың сүйікті кейіпкерлерін талдаңыз. Қай кейіпкер оқушылар көңілінен шығыпты, қайсын
ұнатпайды екен? Қайсы өмірдегі шынайы адам бейнесіне
ұқсайды? Кейіпкердің аты-жөні, Ж. К. Роулиңнің тарқатып
жазғаны біздің оларды қабылдауымызға қалай әсер етеді?
НЕГІЗГІ ЖАТТЫҒУ

1

Бір бет таза парақ таратыңыз. Балалар қағаз ортасына шеңбер сызсын да, қарындаш пен сызғыш
көмегімен қалған бөлікті төрт бірдей шаршыға
бөлсін.

2

Топ мүшелері «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабынан бейнесін талдайтын бір кейіпкерді таңдасын.
Оның басты немесе сүйікті кейіпкер болуы міндетті
емес, қызық тұлға болса жеткілікті.

8

ЖАТТЫҒУЛАР МЕН ЖОБА
ИДЕЯЛАРЫ

3
4

Кейіпкер атауын үлкен әріппен шеңбер ортасына жазып, басы мен денесін
салып қойсын.

5

Бұдан соң «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабынан осы қасиеттер
жайында дәлел жинаңыз. Балалар кітаптан кейіпкердің қасиетін көрсететін
нақты бір үзіндіні таңдап алып, тиісті бөлікке сол қасиетті сипаттайтын
сөйлемді көшіріп жазсын. Соған қарап кітаптың осы бөлігі кейіпкерді қалай
және неге солай сипаттайтынын түсіндіруге тиіс. Дәлелді бекіте түседі деп
ойласа, үзіндіден сөйлем не цитата алып қосуына болады. Төрт қасиетті қарап шығып, әрқайсына дәлел ретінде кітаптан мысал келтіргеніне көз жеткізіңіз.

6

Парақтарды бәріне көрсетіп, әрқайсының еңбегін бағалауға мүмкіндік беріңіз.

Енді балалар өзі таңдаған кейіпкерге тән мінез-құлық пен төрт қасиетті
жазсын. Мысалы, Хәрри Поттер шытырманға құмар, батыл, достары үшін
жанқияр және қызуқанды; Волдеморт жауыз, мықты, құпиясы көп әрі
талқандағыш. Содан соң балалар шаршының жоғары жағына қалың бояу не
түрлі-түсті бір сөзден жазады, сонда әр шаршыда бір қасиет қамтылады.

улар ұсыныңыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кітап кейіпкерлері туралы бастапқы талқылауға қайта
оралыңыз. Жаттығудан соң балалар өзі таңдаған кейіпкерді
жаңа қырынан таныды ма екен? Басқалардың жазбасын
көрген соң кейіпкер жайлы пікірі өзгерді ме? Кейіпкерлерді
қабылдауымыз «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабына деген көзқарасымызға қалай әсер етеді?

9

ЖАТТЫҒУЛАР МЕН ЖОБА
ИДЕЯЛАРЫ

ҚОСЫМША ЖАТТЫҒУЛАР

1

АҢДАТПА ЖАЗУ

2

КЕЙІПКЕРДІ ТАП

3

ОҚЫТУШЫЛАРДЫ БАҒАЛА

Оқушыларға «аңдатпа» жазу идеясын түсіндіріңіз, онда оқиғаны қысқаша
баяндап, оқырманды кітапты оқуға ынталандыру қажеттігі туралы айтылады. Аңдатпа әдетте кітаптың бас жағында тұрады. Топ мүшелері аңдатпа
жазып көрсін. «Хәрри Поттер» сериясындағы басқа кітаптардан мысал келтіріңіз, сосын әрқайсы кітап мұқабасына қарамай бесінші кітапқа арнап өз
нұсқасын жазып көрсін. Жүз сөзден асырма деп шектеу қойыңыз, аңдатпада оқиғаның негізгі желісі ғана баяндалады, бірақ бәрін жайып салмайды,
жалпы сұлбасын сипаттап, барынша көп аудиторияны тартуға тиіс.

Әр бала «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабынан бір
кейіпкерді ойлап, оны жақсы сипаттайтын бес сын есім
жазсын. Балаларды шағын топқа бөліңіз де, әрқайсынан
өз сипаттамасын оқы деп сұраңыз. Өзгелер ол жасырған
кейіпкерді тез тапты ма? Кейіпкерді ең ұтымды сын есімдермен сипаттаған баланың жұмбағын басқалар тез табады.

Оқушылар кітапта кездесетін оқытушылардың атыжөнін жазып шықсын, содан соң өзіне ең ұнайтыны
мен ұнамайтынын айтып, дауыс берсін. Оларға оқытушыға тән қандай мінез-құлық көбірек ұнайды екен,
ал қайсы ұнамайды? Хогуартста ең жақсы оқытушы
болу үшін қандай болу керек, ол қасиет нақты өмірдегі мұғалімге тән болуы мүмкін бе?
10

ЖАТТЫҒУЛАР МЕН ЖОБА
ИДЕЯЛАРЫ

5

ХӘРРИ ПОТТЕР ТУРАЛЫ КІТАПТАРДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Топ мүшелері «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабының кейіпкерлері
туралы деректер жинасын. Барынша көп мәлімет жинаған соң олардың жеке
қасиеті, таланты мен әуестігі және т.б. жинақталған файл жасаңыз.
Мынандай деректер қамтуға болады:
* Аты-жөні
* Жасы
* Отбасы
* Әуестігі
Әркім өзі тапқан дерек бойынша кейіпкер туралы презентация жасап, оны сыныптастарына таныстырып шықсын.

11

Бізбен байланысқа шығыңыз:
Тел: +7-700-2463530
Email: info@steppeandworld.com
instagram: @steppeworld

12
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
19.12.2023
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі