хаттама дін

Тақырып бойынша 22 материал табылды

хаттама дін

Материал туралы қысқаша түсінік
хаттама дін туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбындағы отырысы болып өтті
Отырысқа 10-11 сынып оқушылары,сынып жетекшілер және «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» кмм-нің дінтанушы-теолог маманы : Болат Әбдікәрім , Асық-ата мешітінің имамы: Сакен Алибеков қатысты.
Отырыс «Диструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында өтті.





Хаттама №1

Талапты ауылы 19.11.2024ж




Тыңдалды: Жалпы бүгіні шараны ДТІЖО М.Бейсенов ашты.  Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына отыз жылдан асты. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі тарихтан мәлім.

Келесі сөзді «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» кмм-нің дінтанушы-теолог маманы : Болат Әбдікәрім мырза алды. Ол өз сөзінде «Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады – деді. Алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан‑лоққы мен зорлық‑зомбылық» дегенді түсіндіріп айтты. «Діни экстремизм мен терроризмнің адын алу жолдары» атты баяндама оқып, «Діни экстремизм» дегеніміз - жаппай санада «экстремизм», «діни экстремизм» және «терроризм» ұғымдары агрессиялықтың, жеккөрушіліктің, қатігездік пен алауыздық ұғымдарын тасымалдаушы синонимдер болып табылады.

Ендеше, дін мен діни экстремизм ұғымдарының ара-жігін ажыратып алғаннан кейін қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде тоқталғанымыз жөн. Ислам діні – ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады.
Келесі сөзді Асық-ата мешітінің имамы Сакен Алибеков алды. Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатады. Жаратушы сөзімен қарасақ, бір адамға қиянат жасап, құрбан ету күллі адамзатқа бағытталған амал ретінде түсіндіреледі. Сонымен Исламның қақтығыс, лаңгестік, зорлық-зомбылықты, өктемдікті айыптаған, керісінше қоғамдық тұрақтылық, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздаған дін екендігіне көзімізді жеткіземіз.
Терроризмнің ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп сөзін қорытындылады.

Сондай ақ қазіргі таңда теріс ағымдағы діндерге кетіп жатқандардың дені жасөспірімдер. Оларды көп несе ұялы телефон арқылы баурап та алып жатыр. Мына ұялы телефонның кері әсері көп. Сондықтан ұялы телефонның тек пайдалы жағын ғана пайдаланыңыздар. Ғалымдары заманауи телефондардың экрандарынан шығатын көк жарықтың көру қабілетінен айырылуға себеп болатынын анықталған. Сондықтан телефонды көп ұстамаңдар. Өз денсаулықтарыңа зиян – деп сөзін аяқтады.

Қаулы:
1. Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында оқушылармен ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тапсын.


Жиналыс төрағасы: М.Бейсенов

Хатшы: А.Досова





















Хаттама №
«Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата –аналарды ақпараттандыру тақырыбындағы отырысы болып өтті
Қатысқандар: 5-9 сынып оқушылары,сынып жетекшілер/16адам/

Күн тәртібінде:
1. Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата –аналарды ақпараттандыру

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: А.Теміржанова

Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, мешіт имамдарымен тұрақты қарым-қатынаста болуларына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді.

Бүгінгі таңда бейбітшілік заманда сарбаз, батыр дегеніміз-жаугершілік кезіндегідей қолына қару алып,жауға қарсы аттану емес. Заманымыз тыныш, бүгінгінің батыры ол – бейбіт заманның тыныштығын сақтау, елге қарсы емес, керісінше ел үмітін ақтау. Бүгінгінің батыры ол – білім алып, ол білімінің туған халқына қарсы емес, ел мүддесі үшін жұмсайтындар. Осы орайда, ағартушы Ы.Алтынсариннің Адамға алдымен тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» - деген сөздері еске түседі.

Дінтану мұғаліміне сөз кезегі беріледі. Жиналған жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмағандығын, жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналғандығы, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атағанын атап көрсетті. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары және де исламның шығу тегі мен мақсаты, мазмұны сөз болды.

 

Шешім: . Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата –аналарды ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тапсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі