Материалдар / ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2021
1332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі

Сан ұрпақ арман еткен тәуелсіздіктің көк туын желбіреткен қазақ елі үшін де бұл ғасыр саяси, экономикалық, тарихи реформаларға толы кезең болып отыр. Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлемедерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Әсіресе, республикамызда білім жүйесін бағалаудың жаңа тәсілдері енгізіліп, жалпыбілім беру жүйесі жаңартылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының ассамблеясында айтқан болатын. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынса, 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді» деп Үкіметтің алдына нақты тапсырмалар мен айқын бағыттарды белгілеп берді. «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі болуы тиіс»- деп Елбасы берген анықтама үштұғырлы тіл саясатын жүргізудің әліпбиі десек артық айтқандық болмас.

Нұрсұлтан Әбішұлының осы маңызды мәселе туралы ойлары өз жалғасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тапты:«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс.» Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін»,-  ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылықтың барына тоқталған, сонымен қатар еліміздің дарынды ұл-қыздары шет елге барып, өз білімдерін толықтырып, біліктіліктерін арттырып жатқаны қалыпты үдеріске айналып бара жатқанын да атап өткен:  «Басым көпшілігі тамырынан ажырап, ол жақта біржола қалып қойған жоқ. Елге келіп, еңбек етті. Сондықтан жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру»,- деді.Осы тұста Президент алдағы мақсат келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу екенін баса айтты.Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген», — деп нақтылап өтті Мемлекет басшысы.

Жоғарыда айтылып өткендей, бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Әсіресе Қазақстанда. Білім жүйесіне жаңа емтихандар енгізіліп, мектепте білім беру жүйесі жаңартылып, ұйымдық-құқықтық құрылымдарға түзетулер енгізілуде. Осы атқарылған істерге қарай отырып, Жаңа ғасырдың мектебі қандай болуы керек? Әлемдік білім беру бәсекесінде нендей тәсілдер алға шығуда? деген сұрақтар туындайды.

Ең бастысы –«21 Ways to 21st Century Skills: Why Students Need Them and Ideas for Practical Implementation» атты ғылыми мақалаға сілтеме жасай отырып, жаңа дәуірде балаларға үйретілуі тиіс 21 машықты тізбектеп шыққан.

  1. Жаhандықтаным

  2. Креативтілік

  3. Қоршаған орта мен азаматтық сауаттылық

  4. Денсаулық және салауатты өмір түсінігі 

  5. Көшбасшылық қасиеттер 

  6. Әлеуметтік жауапкершілік 

  7. Сыни ойлау

  8. Қаржылық және экономикалық түсінік 

  9. Контекст бойынша үйрену машығы  

  10. Этика  

  11. Бейімділік 

  12. Бизнес және кәсіпкерлік сауаттылық 

  13. Проблема шешу машығы

  1. Коммуникация құру машығы

  1. Медиа білімі

  1. Адамдармен байланысу машығы

  1. ІТ машығы

  1. Жауапкершілік алуы, есепберуі 

  1. Жеке бастың өнімділігі 

  1. Жеке бастың жауапкершілігі 

  1. Инновациялық қабілет

Осы машықтарды игерген жас ұрпақ өзінің, еліміздің бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар , шетелде білімін жетілдіріп жүрген Қазақстан жастары Қазақстанның мүддесін қорғайды.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!