400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілікке байланысты портфолио тапсыратын ұстаздарға қосымша материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ


ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның, ізденіс пен еңбекқорлықтың заманы. Жас ұрпаққа тәлім, тәрбие, білім беру жолында ұстаздар бірқатар кедергілермен бетпе бет келуі мүмкін. Дамыған заманда оқу процесі жетіліп, көп мүмкіндіктер пайда болғанына қарамастан, белгілі бір мәселелер бар. Бүгінгі қоғамның проблемасына айналып отырған жас ұрпақтың гаджеттерге көп уақыт бөлуі мен бос уақыттарын пайда әкелмейтін дүниелерге жұмсауы сөзімізге дәлел бола алады. Кей зерттеулер көрсеткендей, смартфондар мен гаджеттер балаларды оқу процесінен алшақтатады. Тағы бір үлкен кемшілікке оқушылардың интернет арқылы пән тапсырмаларының жауабын тауып алып, орындаудан жалтаруды тудыруы мүмкін. Дегенмен де, жаңа технологияды көптеген білім беру мәселелерінің пробемасы ретінде қарастырылса, екінші жағынан, оқу процесінде өзара әрекеттесуді жақсарту және тиімділікті арттыру үшін пайдалануға болатынын естен шығармаған жөн.

Балаларды оқытуда артықшылықтарға цифрлық білімді айта аламыз, ол оқытудың жаңа мүмкіндіктерін жасап, педагогке өз көмегін тигізеді. Аталған құралдың көмегімен жекелендірілген оқыту мүмкіндіктері пайда болып, ынтымақтастықтың жаңа үлгілері жасап, оқушылар үшін инновациялық және тартымды оқыту стратегияларының ауқымы кеңейеді. Бірақ білім берудегі заманауи технологиялардың айқын артықшылықтарынан басқа, кемшіліктері де бар екенін ұмытпау керек. Заманауи технологиялар балаларға білім беру процесінің белсенді қатысушылары болуға, ал мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін, әдістерін, модельдерін жасауға мүмкіндік береді. Оқушы тиісті материалдарға немесе ресурстарға сілтемелерді пайдалана алатын цифрлық оқулықтарды пайдалана алады, соның нәтижесінде оқу процесі динамикалық болады.

ХХІ ғасыр баласын оқытуда ұстаздар өздерін үнемі жетілдіріп, дамытып отыруы тиіс. Заман талабына сай білім беріп, мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануы тиіс. Тақырыпқа арқау болған смартфондар мен гаджеттердің, жалпы жаңа технологиялардың артықшылықтары кемшіліктерден асып түсетіні анық, бірақ білім беруде технологияны енгізудің кілті әрқашан мұғалім мен оқушының қарым-қатынасымен анықталатыны анық. Басқа да жұмыс процесінде туындауы мүмкін мәселелерді педагог дер кезінде шешіп, оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге көмектесуі тиіс.



Мектеп директоры: А.Қасымбек


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қыркүйек
114
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі