Химиотерапевтикалық дәрілердің жалпы сипаттамасы. Олардың антисептиктерден ерекшелігі.Жіктелуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиотерапевтикалық дәрілердің жалпы сипаттамасы. Олардың антисептиктерден ерекшелігі.Жіктелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік мәні:ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2023 жыл 19 қыркүйектегі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» № 294 бұйрығын негізге ала отырып, студенттерді адами құндылықты, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу. Дамытушылық:Студенттерді кәсіби, жеке, әлеуметтік және интеллектуалдық Дағдыларын жетілдіру.Студенттерді жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге ынталандыру. Қоғамға пайдалы болуға, этикалық және моральдық қағидаларды ұстануға тәрбиелеу. Құндылық: Студенттерге ойланып шешім қабылдауға және өз таңдауларына сенімді болуға негізделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Химиотерапевтикалық дәрілердің жалпы сипаттамасы. Олардың антисептиктерден ерекшелігі.Жіктелуі

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы:Фармакология

Педагог:Бегалиева Ж.П

Күні:

1)Жалпы мәліметтер

Курс:1-2курс,

топтар:Ст-9-23-1\2,Ст-11-24

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақ мақсаты, міндеттері:

Химиотерапевтикалық дәрілерге анықтама беру

Химиотерапевтикалық дәрілердің сипаттамасын жасау

Антисептиктерге анықтама беру

Күтілетін нәтижелер:

Химиотерапевтикалық препараттарды ұсыну, қабылдау ережелерін түсіндіру

Қажетті ресурстар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар 

Әдебиеттер:

Харкевич Д.А Фармакология.Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы,2004

Қосымша дереккөздер :

https://ust.kz/word/farmakologiya_receptyrasy

5) Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақ барысы:

Тәрбиелік мәні:ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2023 жыл 19 қыркүйектегі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» № 294 бұйрығын негізге ала отырып, студенттерді адами құндылықты, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу.

Дамытушылық:Студенттерді кәсіби, жеке, әлеуметтік және интеллектуалдық Дағдыларын жетілдіру.Студенттерді жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге ынталандыру. Қоғамға пайдалы болуға, этикалық және моральдық қағидаларды ұстануға тәрбиелеу.

Құндылық: Студенттерге ойланып шешім қабылдауға және өз таңдауларына сенімді болуға негізделеді.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Химиотерапиялық заттар — жасанды жолмен алынған дәрілік заттар мен табиғи препараттар. Жасанды жолмен алынған дәрілік заттарға сульфаниламидтер (этазол, сульфапиридазин, сульфадиметоксин), нитрофурандар (фурадонин, фуразолидон), т.б., ал табиғи жолмен алынған препараттарға негізінен антибиотиктер жатады. Химиотерапиялық заттарды әсер ететін қасиеттеріне қарай: микробқа қарсы, паразитке қарсы және ісікке қарсы дәрілік заттар деп бөледі. Химиотерапиялық заттарды тек ауруларды емдеуге ғана емес, жұқпалы аурулардан сақтану және бактерия қоздырғыштарын жою үшін және асқынып кетпеуі үшін де (химиопрофилактика) қолданады.

Химиотерапия принциптері:

1.Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау; анықталған қоздырғыш микробқа қарсы препаратты таңдап тағайындау.

2.Емді дер кезінде бастау; ауру қоздырғышы белгісіз болса да кең спектрлы дәрілердің бірі тағайындалып, емдеу жүргізіледі.

3.Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып, препараттың тиімді мөлшерін қабылдау; Мысалы бензилпенициллин дәрісінің әсер ету ұзақтығы 6 сағат. Сондықтан 6 сағат сайын тағайындалған келесі дәрі мөлшері қабылдануы тиіс.

4.Ауру белгілері жойылғанша және 2-3күн артығымен емдеу;Пациенттің жағдайы жағсарғанмен, ағзасындағы ауру қоздырғыштары толық жойылмаған болуы мүмкін.

5.Біріктірілген ем жүргізу (қоздырғыш түрлеріне қарай 2-3 дәріні қатар тағайындау);

6.Қажетті жағдайда аурудың алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау; Созылмалы ауруларда (ревматизм, т.б.) пациенттің ауруы қозбай тұрғанда, жыл сайын емдеу курсын жүргізу.

Өткен сабақ бойынша жұмыс

«Кім жылдам» тәсілі бойынша білімдерін бағалау. Осы тәсіл арқылы әр студент берілген сұрақтарға бірінші болып жылдам жауап береді.


Ойынның мақсаты: білім алушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға сұрақты жазу. Студенттер бір - бірден шығып сұрақтарға жауап беру керек.

Сұрақтар:1.Фармакодинамика дегеніміз не

2.Фармакодинамиканың міндеттері

3.Фармакодинамиканың мақсаты

Жаңа сабақ

1 дәріс

Дәрі-дәрмектер фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны

тақырыбы бойынша ақпарат беру. Презентация,суреттермен сабақ түсіндіру

Термин сөздермен жұмыс жасайды. Глоссарий 3 тілде.

Тақырып бойынша өзіндік бақылау сұрақтары:Тақырыпта қаралатын сұрақтар:

Химиотерапевтикалық препараттар

Микробқа қарсы препарттар

Вирусқа қарсы препараттар

Химиотерапия принциптері:

Жаңа тақырыпты бекіту:

Конспект жазу

Үй тапсырмасы

Интернет көздерінен химиотерапевтикалық препараттарға шолу жасау,презентация жасау.


Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау:

Студент тақырыпты жетік меңгергендігін.Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса 50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен болса.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі