Т
үркістан облысы
Қазығұрт ауданы үш тілде оқытатын мамандандырылған «Дарын» мектеп –
интернат
Химия пәнінің мұғалімі: Имадуллаев О
Химия пәнін оқытудағы негізгі проблемалар мен мүмкіндіктер
Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі – қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді.
Мектептегі пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістемесі баланың жеке тұлғасының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады.
Қазіргі дидактикада оқушыларды химияға оқытудың үш негізгі мақсатын бөліп көрсетеді: практикалық, білім берушілік және тәрбиелік. Практикалық мақсаттың маңыздылығы – оқушылардың қазіргі қоғамға қажетті білім, білік дағдыларды меңгеруінен байқалады. Химиялық оқытудың білім берушілік мақсаты оладың химиялық мәдениетінің жоғары болуы қажеттігінен және химияның басқа ғылым салаларында, өндіріс пен өмірде қолдану қажеттігінен келіп шығады. Мектептегі басқа ешқандай пән табандылық, мақсатқа ұмтылу, тәртіптілік, жаңаны қабылдау және тағы басқа тұлғалық қасиеттерді дамыту сияқты көпқырлы қызмет атқара бермейді. Дегенмен, химияны ең алдымен адамның логикалық ойлауын дамыту мен жетілдіру мүмкіндігі үшін жоғары бағалайды.
Қазіргі кезде мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек.
Қазіргі кезде ғалымдар химиялық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын химиялық білім беру сапасын жолға қою қажеттігін жиі айтады.
Сөздіктерде сапаға нысандар мен процестердің құндылығы, пайдалылығы, олардың белгілі бір сұраныстарды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе белгілі бір мақсаттарды талапқа сай жүзеге асыруға бейімділігі деп түсініктеме береді. Білім беру тұрғысынан сапаны бірнеше тұрғыдан қарастырады: білім беру бағдарламаларының сапасы, оқу процесіне тартылған кадрлық және ғылыми әлеуеттің сапасы, оқушылардың сапасы, білім беру процесінің құралдарының сапасы және білім беру технологияларының сапасы.
Орыс ғалымы М.В Ломоносов «Қайда қарасаң да, қайда көз жүгіртсең де - көретініміз химияның ғажайыптары» деген. Химия күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір химиялық дағдылар әрбір адамға қажет.
Химиялық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Химиялық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Химиялық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.
Химиялық білім берудің басты мақсаты «дүниетану заңдарын түсіндіру», қисынды пайымдауға үйрету алға қойылған міндеттің мәнін түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.
Химия адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі бола отырып, өнер сияқты адамның рухани жан дүниесінің қалыптасуына ықпал етеді. Химия адамда ақыл-ой адалдығын, шындыққа ұмтылуды тәрбиелейді.
Химия жаратылыстану пәндеріне арналған оқу сағаттарының қысқаруы оқытудың практикалық бағыттылығын әлсіретіп, оқу материалын игеру сапасын төмендетіп, оқушылардың жалпы білімдік дайындығын нашарлатуда.
Жаңа буын оқулықтарының көпшілігі оқу-жоспарларына сай келмейді. Өйткені, ондағы материалдарды игеруге көбірек сағат қажет етеді. Екінші жағынан, мектеп химия пәніне қойылатын талаптар жоғарылатылып, орташа оқушының мүмкіндік деңгейінен жоғары болып отыр.
Үшіншіден, пәндік бағдарламаларда өзара пайдалы нәтижелерге мүмкіндік беретін жоғары деңгейде қамтылмаған.
Химияның гүлденуі мен жетіліп, дамуы мемлекеттің әлеуметтік жағдайына тығыз байланысты, яғни Жапония, Корея, Финляндия, Голландия, Малайзия және Сингапур сияқты елдер химиялық білім беруді дамыту арқылы мемлекеттің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қол жеткізіп отыр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз