Материалдар / Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытудың маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытудың маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
879
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытудың маңыздылығы

Ақтөбе қаласы

51 гимназия

Қалиева Айгерім Төлеуқызы



Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігіне назар аударғаны мәлім. Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын. Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. [1] Функциональдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушыны жеке тұлға және оның даму ерекшелігін басты құндылық ретінде қабылдаудың ізгілікті ұстанымымен үндес іс-әрекет. Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.  Білім беру саласында жоғары технологиялар, тиімді әдіс тәсілдерді қолдану еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында атқаратын маңызы зор. Тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай химия, биология,география сабақтарында ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілуі керек.[3] Химия – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оқу пәні ретінде химия оқушыларды күнделікті өмірге, өндірістік іс- әрекеттерге, білім алуды жалғастыруға, қоршаған ортада өзін дұрыс ұстауға қажетті химиялық білімдермен қаруландыруға міндетті. Жалпы білім беруді жетілдірудің басым міндеті оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруды да талап ететін білім берудің қазіргі жаңа сапасы мен тиімділігіне қол жеткізу болып табылады.

Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Химияны оқытуда әр сабақ сайын тек қана теорияға негізделмей зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындап отыру қажет. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, атомның құрылысына сәйкес элементтің қосылыстағы және жай заттағы қасиеті, органикалық заттарың құрылысы мен қасиеттері арасындағы өзара байланыстарды анықтау , есептер шешу, ұғым құру, қорытынды шығару, тұжырым жасау сияқты тапсырмаларды жүйелі түрде орындаудың  іске асырылуын ескеріп отыру керек.[2] Химия сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады. Химия пәні бойынша дамытушы білім беру үдерісі, оқушылардың қоршаған әлем туралы базалық жаратылыстану ғылыми білімдерінің дамуын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жетілуіндегі химиялық ғылым мен технологияның рөлін түсінуін және оқу мен практикалық іс-әрекетте химиялық білімдерін қолдану бойынша функционалдық сауаттылығының дамуын, біртұтас экология-гуманистік дүниетанымға тәрбиелеуін қамтамасыз етуі тиіс.Өздігінен орындалған оқушылардың жобаларын таныстыруды, әрбір тоқсан аяғында оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде өткізіп тұру қажет.[1] «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген дана халқымыздың қанатты сөзі сындарлы тәсіл теориясымен астасып жатқандығы таң қалдырыды. Демек, алған білімді өмірде шебер қолдана қолдана білу үшін әрбір балаға функционалдық сауаттылық қажет және мұны біздің ата – бабаларымыз басты мұрат етіп келгенін айта кету жөн.[1]

Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журналы; № 9 (1065) қыркүйек 2014 жыл;

  2. «Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журналы; №2 (68) 2014 жыл наурыз-сәуір;

  3. Интернет желісі





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!