«Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.

Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Хлоропластар (пластидтер) – қосмембраналы органоидтер. Екі мембранадан тұратын органоидтер қосмембраналы деп аталады. Оларға жасуша ядросы, митохондриялар мен пластидтер жатады. Митохондриялар мен пластидтер – бұл жартылай автономды (дербес) органоидтер. Өзінің генетикалық ақпаратын жүзеге асыра алатындықтан осылай аталған. Яғни олардың құрамында өзінің ДНҚ-сы, РНҚ-ның қажетті барлық түрлері және рибосомалар бар. Олар өздерінің ДНҚ-сында жазылған тұқымқуалаушылық ақпарат бойынша нәруыздарын синтездеуге қабілетті. Зерттеулер көрсеткеніндей, митохондриялар мен пластидтерде сақинатәрізді ядродан тыс ДНҚ болады. Бұл ұғымды ядролық тұқымқуалаушылыққа немесе хромосома ДНҚ-сына қарсы цитоплазмалық ДНҚ немесе цитоплазмалық тұқымқуалаушылық деп атау қабылданған. Жартылай автономды (дербес) органоидтер ДНҚ-сының молеку
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Болашақ» жоғары медициналық колледжі




КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы

_____________ Ф.Тулегенова жөніндегі орынбасары

____________А.Қ.Қалжанова

« ______» ____________ 2024 ж.





Биология пәнінен

А Ш Ы Қ С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы

тақырыбы:

«Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.

Shape1 Shape2

Shape3 Shape4 Оқытушы: Досжанова Г










Қызылорда, 2024ж.






ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы:

«Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері.


Модуль/ пән атауы: Биология

Педагог: Досжанова Г

Мамандығы: -«Мейіргер ісі»

Жалпы мәліметтер:

Сабақ типі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Ақпараттық технология, миға шабуыл,ауызша, жазбаша.

Сабақ мақсаты мен міндеті:

Хлоропластардың құрлысы мен негізгі құрылымдық компонеттерімен танысады.

Күтілетін нәтижелер:

Хлоропласттың құрылымы мен қызметінің арасындағы өзара байланысты орната алады.

Тәрбиелік: -

студенттерді еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу. ойлау, есте сақтау қабілеттілігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, материалдың негізгісін ажырата білу.


Сабақтың уақыты: 90 мин

Сабақты өткізу орны: 307С

 Пәнаралық байланыс: Ботаника


Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары.

Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, видеороликтер плакаттар,лекция.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

1. Е.Очкур, Ж. Қурманғалиева, М. Нуртаева Биология.Дәрислик.1,2-қисим Мектеп, 2019

2. Н.Т.Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 класс – Алматы: Мектеп, 2019г. https://www.okulyk.kz/biologiya/

3. Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, Биология, 10 класс – Алматы: Атамұра, 2019г. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

4. Н.Асанов, А.Соловьева, Б.Ибраимова Биология. Дәрислик, Атамұра-Жазушы, 2019

Қосымша әдебиет:

1. Е.А. Очкур, Ж.Ж.Курмангалиева, М.А.Нуртаева, Биология. 10 класс, Часть 1,2.-Алматы: Мектеп, 2019 г.

2. Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология. 11 класс, Часть 1,2. – Алматы: Мектеп, 2019 г.

WEB сайттар тізімі:

  1. https://youtu.be/1o39Rymcg-k, https://stud.kz/sabak-zhospary/id/14344

  2. https://youtu.be/xHbTgqYYXK0

  3. https://youtu.be/IKKk36ZwRlk

  4. https://youtu.be/5bf7ZxKeeiI

  5. https://youtu.be/LAQSCxTzWg0

Сандық білім беру ресурстары:

  1. «Duolingo» сайт

  2. «Memrise» портал

  3. «Udemy» сайт

  4. «edX» сайт

  5. «Coursera» сайт

  6. «Skillshare» сайт

  7. «Лекториум» сайт

Техникалық құралдар, материалдар: видео, компьютер, мультимедиялық құрылғы.

Оқу құралдары:

1. Дидактикалық және көрнекі құралдар;

2. Электронды және қағаз нұсқадағы тестілер;

3. Электронды және қағаз нұсқадағы оқу -әдістемелік құралдар;

4. Тақырыпттық плакаттардың жиынтығы.,,,,,,,,


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері:

Оқытушы іс-әрекеті

Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі



1.Ұйымдастыру кезеңі.

Аудиторияның дайындығын тексеру,сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Білім алушыларды сабақ жоспарымен және өткізу әдісімен таныстыру.



Білімді тексеру тәсілі:


Білім алушыларды шағын 2 топшаға (1 топшада 4 студент) бөлу

Тақырыпты

Ой шоғырландыру

(20 минут)




«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Білім алушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

1. Хлоропластың қызметін айтыңдар?

2. Хлоропластың құрылымына сипаттама беріңдер?

3. Хлоропластың жасушада қозғалу қабілетін дәлелдейді.

4. Фотосинтез процестеріне сипаттама беріңдер?

Сабақтың ортасы


Сабақтың негізгі мазмұны


Мәтінмен жұмыс

(Теориялық материал)

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Интернет ресурстарын пайдалана отырып тақырып бойынша видео ролик көру

Жұмыс түрлері, (топтық, жұптық, жеке)

Әдіс тәсілдер (белсенді, саралап оқыту)

Практикалық, тәжірибелік жұмыстар

Қалыптастырушы бағалау әдістері

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді

1-Тапсырма

Хлоропласттың құрылымын сипаттайды. Кестені сызып толтырады.



2.Фотосинтез реакциясының реттілігін анықтайды және қайда жүретінін көрсетеді.

Хлоропласттың химиялық құрамының ерекшелігін көрсетеді және жүйелейді.

Хлоропласттардың пайда болуы үшін қажетті жарықты дәлелдейтін тәжірибе жоспар ұсынады.

2-тапсырма

1. Балдырлар мен фотосинтездейтін бактериялардың әр алуан пигменті құрамын түсіндіреді.


2. Хлорофилдің физикалық қасиеттерін талдайды және а хлорофилінің құрылымдық формуласын жазады.


3. Хлорофилдің химиялық және физикалық қасиеттерін жазады.

Хлорофилдің химиялық қасиеттері

Хлорофилдің химиялық қасиеттері




Сабақтың соңы


Білім алушыларды оқу нәтижесіне сәйкес баллдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалау.


Рефлексия







Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Үй тапсырмасы


Оқулықтан тақырыпты оқып, түсініктерін айту.

Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру.










































  Сабақтың тақырыбы: Хлоропластың құрылымдық компоненттері

және олардың қызметтері.

Хлоропластар (пластидтер) – қосмембраналы органоидтер. Екі мембранадан тұратын органоидтер қосмембраналы деп аталады. Оларға жасуша ядросы, митохондриялар мен пластидтер жатады.

Митохондриялар мен пластидтер – бұл жартылай автономды (дербес) органоидтер. Өзінің генетикалық ақпаратын жүзеге асыра алатындықтан осылай аталған. Яғни олардың құрамында өзінің ДНҚ-сы, РНҚ-ның қажетті барлық түрлері және рибосомалар бар. Олар өздерінің ДНҚ-сында жазылған тұқымқуалаушылық ақпарат бойынша нәруыздарын синтездеуге қабілетті.
  Зерттеулер көрсеткеніндей, митохондриялар мен пластидтерде сақинатәрізді 
ядродан тыс ДНҚ болады. Бұл ұғымды ядролық тұқымқуалаушылыққа немесе хромосома ДНҚ-сына қарсы цитоплазмалық ДНҚ немесе цитоплазмалық тұқымқуалаушылық деп атау қабылданған.
  Жартылай автономды (дербес) органоидтер ДНҚ-сының молекуласы бактерия ДНҚ-сына ұқсайды. Ядро хромосомасынан айырмашылығы митохондриялар мен пластидтердің ДНҚ-сы сақинатәрізді пішінді және нәруыздармен (гистондармен)байланыспаған.
  Олардың ДНҚ-сының құрамына осы органоидтің тіршілік әрекетін қамтамасыз етуді талап ететін көптеген нәруыздар мен РНҚ кодталған. Бірақ өздерінің рибосомаларының қалыпты түзілуі мен қызмет етуі үшін пластидтерге ядро хромосомасында кодталған рРНҚ-ның бірнеше молекуласы керек. Яғни жартылай автономды органоидтер мүлде жасушасыз әрекет ете алмайды. Олар химиялық құрамы цитоплазмаға ұқсайтын, бірақ көбейе алмайтын қоректік ортада тіршілік етуге қабілетті. Жартылай автономды органоидтердің рибосомалары едәуір ұсақ және бактерияларға ұқсайды.
  
Пластидтердің түрлері. Пластидтердің үш түрі бар екені естеріңде болар. Түссіз лейкопластар крахмалды жинайды. Олар түйнектерде, тұқымдарда, сабақ өзегінде болады. Хромопластар ашық сары, қызыл, қызғылт сары түсті болады. Оларда қор заты – каротин (сәбіз, шабдалы, қызанақ, асқабақ) бар. Сонымен қатар пластидтің осы түрі раушангүл, күнбағыс, қызғалдақ және т.б. күлтелерін сәйкес түстерге бояп, жәндіктерді еліктіреді. Тағы да оларда зиянды заттар (күзде түсетін қызыл және сары жапырақтар) жиналуы мүмкін.
  
Хлоропластар – ең белгілі әрі кеңінен таралған пластидтер. Олардың негізгі қызметі – фотосинтез үдерісін жүзеге асыру. Жалпы құрылысы бойынша барлық пластидтер өзара ұқсас, бірақ біз олардың атқаратын қызметіне байланысты хлоропластардың құрылысының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
  Хлоропластың екі мембранасы болады және сыртқы мембранасы – тегіс. Ол хлоропласты қоршаған цитоплазмадан шектейді. 
Сыртқы мембранадан хлорофилл электрондарының өтпеуі фотосинтездің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар кез келген сыртқы мембрана сияқты ол іріктемелі өткізгіштікті және хлоропласт пен «қоршаған ортасы» (цитоплазма) арасындағы зат алмасуды жүзеге асырады.
  
Ішкі мембрана – жарықтың хлорофилмен өзара әрекеттесуі жүретін хлоропластың маңызды бөлігі. Осы жерде жарық энергиясы АТФ-тың химиялық энергиясына айналады. Яғни хлорофилл молекулалары мен басқа қосымша пигменттер хлоропластың ішкі мембранасына бекиді. Ішкі мембрана енді тегіс емес, ол ішіне томпиып шығып тұратын қатпарлар түзеді. Олар тилакоидтар деп аталады. Тилакоидтар мембранадан хлоропласт ішіне батып тұратын «қатпарлар» – грана тилакоидтарын немесе жай граналар түзеді . Осы «қатпарлар» арасында жалғыз мембрана тартылысы немесе өткелдер  строма тилакоидтары немесе ламеллалар бар. Строма сұйықтығының ішінде хлоропластың ұзын өсін бойлай өте жұқа мембраналар бірінің үстіне бірі жиналған теңгелер сияқты орналасқан. Бұл мембраналар ламелла деп аталады.










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі