Материалдар / ХV ғасырдың соңы - ХVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа халықтарының мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХV ғасырдың соңы - ХVII ғасырдың алғашқы жартысындағы Еуропа халықтарының мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
ХV ғасырдың соңы және ХVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті гүлдену деңгейіне жетті. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өрлеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениетте тұңғыш осы елде қалыптаса бастады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

ХV ғасырдың соңы және ХVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті гүлдену деңгейіне жетті. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өрлеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениетте тұңғыш осы елде қалыптаса бастады.

 

Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі – Флоренция қаласы. Ол Римнен Альпіге баратын сауда жолының үстіне орналасты. Қалада қолөнер кәсібі мен сауда өте жақсы дамыды. Кеме жасау және су қатынасы ісі де алға басты.

 

Қала байлары мен ірі өндіріс иелері, папалар мен корольдер сән-салтанатты, әшекейлегенген әдемі үйлерде тұрды. Олар ата-бабаларының және өздерінің суреттерін салдырып, оны «мәңгілікке» қалдырғысы келді. Қала билеушілері суретшілерді қолдап, оларға тапсырыстар берді.

 

Леонардо да Винчи (1452-1519) сурет пен мүсін өнеріне машықтану үшін Флоренцияда оқыды. Ол жас кезінен еңбек етіп үйренді, қиыншылыққа төзімді болды. Кейін өз шәкірттеріне де осы қасиетін дарытуға тырысты. Шәкірттерін «кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деп үйретті.

 

Леонардо да Винчи сурет өнерін өнердің басты түрі деп есептеді. «Адам суреттің көмегімен дүниені таниды. Тәжірибе – дүние танудың бірден-бір қайнар көзі» деген тұжырым жасады.

 

Леонардо да Винчидің жобасы бойынша Миланды ауыз сумен қамтамасыз ететін канал қазылды. Ол сан қырлы өнер-ғылым салаларымен айналысты. Сәулет өнері, әскери анатомия, жарық пен көлеңке, құстардың ұшуы, судың ағысы мен өлшемі сияқты қыруар мәселелерді зерттеді.

 

Ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» (немесе «Джаконда») деген картинасы бүкіл дүние жүзіне мәлім. Жүзінде әрең ғана білінетін, бірақ соншалықты жұмбақ күлкі ойнаған бұл әйел беймәлім сыр сақтаған, әлдебір құпия жайдың боларын алдын-ала сезіп отырғандай болып көрінеді.

 

Микеланджело алып ғимараттар салумен көп шұғылданды. Сондай құрылыстардың бірі – Римдегі Әулие Петр храмы. Бұл храмды ондаған жылдар бойы салды.

 

Император және папа әскерлері Флоренцияны қоршауға алған кезде республика Микеланджелоны фортификация (қорғаныс құрылысы) жұмыстарының басшысы етіп тағайындады.

 

Қайта өркендеу дәуірінің ұлы қайраткері Микеланджело «Аяусыз жаза» атты орасан зор фрескасында (1536-1541) қиял-ғажайып кейіптегі жалаңаш алыптар ортасындағы жас, ержүрек әрі сұлу Христосты адамзаттың сазайын тарттырушы етіп бейнеледі.

 

Микеланжело адамды сом денелі, батыл қайтпас жігерлі етіп бейнеледі. Ол сомдаған орасан зор Давид мүсіні құдіретті күш, ерлік серпін, қайтпас жігер туралы өзгеше пайымдау жасайды.

 

Қайта өркендеу дәуірінің аса көрнекті суретшілерінің бірі Рафаэльдің ең даңқты картинасы – Сикст мадоннасы». Мұны суретші Италияның шағын қалаларының біріндегі Әулие Сикст монастры үшін салды. Бұл ғаламат шығарма адамға деген шексіз сүйіспеншілікке толы: суретші адамзат бақыты үшін өзінің ең қымбаттысы – баласын да құрбан ете алатын адамды дәріптейді.

 

Сурет өнерінің ұлы шебері, голланд кескіндемешісі әрі графигі Рембрандтың негізгі көңіл қойғаны – адам, оның мінез-құлқы, ақыл мен толғаныстары. Суретші тұрмыстық және діни тақырыпқа картиналар, байлардың әйелі мен баласының портреттерін салды. Ол жүз шақты автопортрет қалдырды.

 

Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы Дюрер Альбрехт аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Дюрердің таңдаулы гравюларының бірі «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалаууға жіберген – Індет, Соғыс, Ашаршылық және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.

 

Адам денесінің сұлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда, ортағасыр суретшілері адамның ой байлығын, сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Орта ғасыр суретшілері адам бойындағы тамаша қасиеттерді – сымбат денені, терең ақылдылықты, ізгі мінезді бейнеледі.

 

Флоренцияда ақын, өз заманының ірі суреткері Данте (1265-1321) өмір сүрді. Ол өзінің атақты «Құдіретті комедиясын» жазды.

 

Рабле Франсуа (1494-1553) – француз жазушысы, Қайта өрлеу дәуірі әдебиеті ірі өкілдерінің бірі. Рабленің әдеби шығармашылығы 1532 жылы Лионда жарияланған «Гипократтың афоризмдерінен» басталады. Ол «Гаргантюа мен Пантагрюэль» атты бірнеше кітаптан тұратын фантастикалық романында ескі феодалдық тұрмысты сықақ етіп, гуманистік көзқарасты қолдады.

 

Испанияның ұлы гуманист жазушысы Сервантесті (1547-1616) әйгілі еткен 1605 жылы жазған «Дон Кихот» атты романы болды. Сервантес «бұл роман рыцарлық романдарға пародия ретінде жазылған» деп жазады.

 

Англияның ұлы жазушысы Уильям Шекспирдің (1564-1616) өмірі театрмен байланысты өтті. Ол әуелі актер болды. Кейін Лондондағы «Глобус» театрына иелік етті. Шекспир 37 пьеса, сондай-ақ көптеген өлеңдер жазды.

 

Дінбасылар Птолемейдің аспан шырағы эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, жер қозғалмайды деген ілімін қуаттады. Бұл ілім Жер мен адамды Құдай жаратты, ол Күн мен планеталарды Жерді айналып жылжуға мәжбүр етті деген діни қиялға қайшы келмеді.

 

Ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарастарға Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперник (1473-1543) күйрете соққы берді. Ол 1507 жылы жер және басқа да планеталар Күнді айналып жүреді деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдеді. «Аспан денелерінің айналысы туралы» еңбегін жазды.

 

Үлкейткіш оптикалық түтік-телескоппен ең алғаш аспанға көз салған адам әйгілі итальян оқымыстысы Галилео Галилей еді. Галилейдің өзі ғылым тарихында тұңғыш екі телескопты ойлап құрастырды.

 

1609 жылы күзде Галилей алғаш рет өз телескопын айға бағыттап, оның бетінің тегіс еместігін, яғни таулармен аңғарлар бар екенін, ай хрусталь шар емес, ол да жерге ұқсайтынын, жер күнді қалай айналса, Юпитер планетасының төрт серігі де Юпитерді солай айналатынын дәлелдеді. Бұлардың бәрі жер жұмыр шарға ұқсас, сондықтан ол барлық жағынан өзінің ортасына тартылатын делелдеді.

 

Джордано Бруно көп жылдар бойы Италияны, Францияны, Англияны, Германияны шарлады. Ол тіршіліктің Жерде ғана еместігін, әлемнің шексіздігін, оның көптеген дүниеден тұратындығын түсініп, қана қоймай, басқаларға да үйретті. Оны өз пікірінен қайтуға көндірмек болды. Бірақ оны қорқыту мүмкін емес еді. Оны қан төгілмейтін өлім жазасына кесті. Бұл – тірідей отқа өртеу болатын.

 

Сөйтіп ғылым дінге қарсы бас көтерді және оның шырмауынан босанып шықты. Әлем құпиясын түсіндіру және табиғат заңдарын айқындау үшін ғалымдар алдында жаңа, даңғыл жол ашылды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!