«IBOOKS AUTHOR» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ «100 КІТАП» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫН ИННОВАЦИЯЛАУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«IBOOKS AUTHOR» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ «100 КІТАП» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫН ИННОВАЦИЯЛАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
100 кітап жобасы аясында
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖИЕНБАЕВА АЙНҰР

НҰРМАҒАНБЕТҚЫЗЫ


ТАҚЫРЫБЫ: «IBOOKS AUTHOR» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ «100 КІТАП» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫН ИННОВАЦИЯЛАУ.


Елбасымыздың 2017 жыл 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «100 оқулық» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. Баршамызға белгілі Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбие жүйесіндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы 8 әлеуметтік жоба бойынша жұмыс жасайды. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жоғары және төмен сынып оқушылар арасындағы бірлік, ынтымақтастық және қомқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба.

Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін, мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын «100 кітап» жобаны жүзеге асыруды қолға алып келе жатқанымызға бірнеше жылға аяқ басты. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. «100 кітап» жобасының мақсаты - қазақ және жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларын оқытуға дағдыландыру, таным – түсінігін дамыту. «100 кітап» әлеуметтік жобасы екі бағытта жұмыс жасайды. Олар: қазақ әдебиеті пәні мазмұндағы көркем әдебиетті оқу және туған өлке ақын – жазушыларының шығармаларын оқу. Екі бағыт бойынша түрлі форматтағы сабақтар, іс – шаралар жүргізіледі.

Жоба аясында оқушыларды кітап оқуға үйрету, оқу бағдарламалары бойынша өткізілетін шығармалардың тәрбиелік мәнін игерту, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, қазақ және жергілікті ақын-жазушылардың құнды шығармаларын оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізуге баулу жұмыстарын ұйымдастыру, мерекелік кештерде белсенді болуға мүмкіндік жасау, бос уақытында сүйікті ісімен айналысуға қолдау көрсету,

«100 кітап» әлеуметтік жобасы аясында оқушылардың кітапқа деген құштарлығы, қызығушылығы, көркем шығармаларды оқуға дағдылануы және өзіндік талғамдары қалыптастыруда. Қазіргі таңда ақын – жазушыларымыздың көрнекті шығармалармен танысып, таным – түсінігін арттыруда. «100 кітап» әлеуметтік жобасы зияткер тұлғаны тәрбиелейді. Оқушы бойына адамгершілік, патриоттық, жалпыазаматтық қасиеттерді дамытады.

Сонымен қатар, мектепішілік оқырмандар конференциясы, кітапханалық сабақ, ғылыми жоба байқаулары, үздік байқаулар сайысы, кітап оқу сайыстары ұйымдастырылып отырады. Осы аталған шараларға оқушылар белсенділікпен қатысып, мектеп-интернатымыздың алғыс хаттарымен марапатталды. Жоба аясында мектепішілік «Елбасы – ел мақтанышы», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына, М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармалары бойынша оқушылар конференциясы және «Үздік оқырман сайысы» сайысы ұйымдастырылды. Осы шараларға белсене қатысқан оқушылар түрлі марапаттарға ие болды.

Бұл жобамен жұмыс жасау барысында оқушылар көркем әдебиеттерді оқудың маңыздылығын түсінді. Жоба аясында жергілікті Сыр өңірі ақын –жазушыларының шығармашылығынан З. Шүкіровтің «Тағдырлар тоғысында», «Сырқат» тақырыбындағы прозалық шығармаларымен, Ә. Тәжібаевтың «Кемеде», «Ыбырай» атты өлеңдерімен таныс болды. Ал қазақ әдебиеті пәнінің мазмұны бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы», «Ер ана», Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Қ. Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» атты шығармаларын оқып, өзіндік ойларын түйді. Мектеп-интернатымызда ұйымдастырылып жатқан түрлі формадағы іс-шараларға қатысып, өз ойларымен бөлісуде. Тәрбиешілер, кітапханашы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері әр түрлі формада ұйымдастырып жатқан тәрбиелік іс-шараларында оқушылар, қазақ әдебиеттің терең мұраларын танып-біліп, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға, рухани-адамгершілік қаситеттерін бойларына сіңіруде.

«100 кітап» әлеуметтік жобасының тиімділігі түрлі форматтағы жұмыс жүргізудің нәтижесінде оқушылар байқауларға қатысуға мүмкіндік алады, ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі, оқушылар кітап оқу барысында «Көркем әдебиетті оқу» күнделігін жүргізеді, мектепішілік қор жинақталады, қазақ әдебиетінің оқу мазмұндағы шығармалары – 60, жергілікті ақын – жазушылардың шығармалары – 40 шығармаларын оқуға дағдыланады.

«iBooks Author» программалық бағдарламасы.

Еліміздің технологиялық бағытта жеткен жетістіктеріне қарай отырып, алдағы уақытта білім алушыларға жасалған жағдайдың барған сайын жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Себебі болашағымыздың ұрпағы заман талабына сай жылдам, әрі толық ақпараттандырылған білімге құштар. Осыған байланысты жазылған жұмыста қазіргі таңда білім алушыларды әрі қызықтыратын, әрі білім алуына көптеген септігін тигізетін, электронды оқулықтардың шыңына жеткен «iBooks Author» программалық бағдарламасы жайлы маңызды мағлұматтар қарастырылған. Бұл бағдарламаның маңыздылығы оны қолданудың жеңілдігі мен әртүрлі информацияны қамти алуында.

iBooks Author тарихы, мүмкіндіктері.

iBooks Author бағдарламасы 19 қаңтарда 2012 жылы Нью-Иорктағы Apple компаниясының арнайы шараларының бірі. Осы күні iBooks версияларының екінші нұсқасы шығып, арнайы оқулықтар iBookstore бойынша шыққан. iBooks Author қосымшалары тек ОS X үшін ғана жасалып, тегін MacAppStor-дан алынған.

«iBooks Author» программасы.

«iBooks Author» программасы электронды оқулық қағаз оқулық орнына алмасып келеді. Бұл процессті кезіндегі қолжазба кітапты баспа кітаппен алмасу болған сияқты тоқтатуға болмайды. Бірақ электронды кітап қағаз кітапқа ұқсас болмауы керек. Жаңа технологиялар жаңа мүмкіндіктер береді. Оқырман оқу процессі кезінде оқығаны жөнінде видеосюжет көріп, аудиофрагмент тыңдай алуы үшін. Оқырман тұрақты суретті жай ғана көріп қана қоймай, оны жақын көру үшін, жеке фрагментін егжей-тегжейлі көру үшін, үш өлшемді модельмен жұмыс жасау үшін. Оқырман оқып отырған беттің мәтінге және суретке түсіндірмелерді көре алу үшін, кітаптың тезаурусына жүгіне алуы үшін. Оқырман мәтінмен танысып, сол жерде тестке жауап беру арқылы өзінің білімін тексере алу үшін. Электронды кітап мультимедияның қазіргі заманғы әртүрлі мүмкіндіктерін қамтуы мүмкін және тиіс. Осы жақын уақытқа дейін бұндай кітаптарды жасау көпшілік авторларға қиын түсетін программалау облысында үлкен және терең білімді қажет етеді.

«iBooks Author» программалық бағдарламасы автордан компьютерлік білімді минимальді түрде қажет етіп, осы барлық есептерді шешеді. «iBooks Author» программалық бағдарламасы авторға тек кітап жасауға ғана емес, сонымен қатар оны интернетте жариялауға көмектеседі. Курс «iBooks Author» интерфейсімен танысудан басталады. Интерфейстің негізгі элеметтері және жұмыстың жасалуы көрсетілген. Кітап файлдарымен жұмыс жасау тәсілдері қарастырылған және кітапты әр түрлі форматқа ауыстыру мүмкіндіктері көрсетілген. Электронды кітаптарды жасалу сұрақтары және жұмыстың қабылдаулары толық қарастырылған. Сурет, фигура, кесте және диаграмма секілді обьектілерге көп назар бөлінген. Мәтінді рәсімдеу мүмкіндіктері және кітап обьектілері көрсетілген. Кітапта интерактивті обьект-виджеттердің мүмкіндіктері көрсетілген. Сурет галереяларын жасау, кітапқа видео және аудио фрагменттерін, сладйтар, үшөлшемді обьект қосу қарастырылған.

iBooks Author – iPad – қа арналған электронды интерактивті кітаптарды жасауға арналған программа. Бұл программа мәтіннен бөлек кесте, сурет, диаграммалар және де фильм қосатын виджеттер, бақылау сұрақтары, фотогалереялар және басқа интерактивті мультимедиялық элементтерден тұратын электронды кітап құруға мүмкіндік береді. Программа Apple және Microsoft офистік пакет файлдарымен сәйкес және JavaScript және HTML5 виджеттерін қолдайды. Кітап iBooks Author – дың кіріктірме шаблондары негізінде құрылады. Кітапқа арналған шаблондарды өз бетінше жасауға болады. Құрылған кітаппен ары қарай жұмыс жасап, өзгерту үшін *.iba форматында сақтау керек. Аяқталған кітапты iPad – та оқу үшін *.ibooks форматында экспорттауға болады. Кітапты *.itmsp форматында сақтап, iBookstore-ға жариялауға болады. iBooks Author-да кітап жасау үрдісінде осы кітаптың барлық мүмкіндіктері мен эффектілерін көру үшін iBooks 3 орнатылған программасы бар iPad керек. iBooks Author тегін таратылады.

Бұл «iBooks Author» программалық бағдарламасы мектеп оқушыларына және мұғалімдерге өте тиімді бағдарлама болып табылады. Қарастырылған жұмыс, мұғалімнің оқушылармен жұмысын қызықтыра отырып, әртүрлі суреттер мен видеороликтерді, таблица мен схемаларды оқытып отырған кітабы арқылы жеткізе алады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары «iBooks Author» программалық бағдарламасының көмегімен шығармалар бойынша өз суреттерімен иллюстрациялар дайындап, электрондық кітаптар құрастырады.

Қорытындылай келе, бүгінде электронды кітаптар аса қажет, сондықтан оны жан – жақты игеру керек. «iBooks Author» программалық бағдарламасының нәтижесінде оқушылар:

1. Жоба аясында оқушылар «iBooks Author» бағдарламасын игеріп, өз беттерінше электронды кітап жасап үйренеді.

2. Жоба аясында кітаптардың аудио хрестоматиясы дайындалады.

3. Шағын шығармаларды оқушылардың өз дауысымен жазып, электронды және аудио кітаптарды www.ikitap.kz арқылы тегін тарату ұсынылады.

4. Оқушылар оқыған шығармалары бойынша өздері салған суреттер иллюстрациясын дайындайды.

5. Жоба аясында оқушылар оқыған кітаптарын, авторларын Wikipediaға мақала ретінде жазады.





Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Колисниченко Денис Николаевич, - MAC OS X Lion – Руководство пользователя- М.Диалектика,2011, с.416

  2. Гален Груман, MAC OS X Lion- MAC OS X Lion Bible – М.Диалектика,2012, с.912

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі