жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Игизгали Сымбат
Қатысушының аты-жөні: |
Игизгали Сымбат |
Баяндама тақырыбы: |
«Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау» |
Жетекшісінің аты-жөні:
|
Татаханова Айдана Сабыровна |
Оқу орны: |
Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі |
Бағыты: |
Баяндама |
Байланыс телефоны,эл.поштасы: |
8747 963 00 94 Tatakhan_tegi_aidana@mail.ru |
Компьютердегі қажетті бағдарламалар |
Microsoft PowerPoint |
«Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау»
Түйіндеме
Мақалада қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау мәселесі қарастырылады. Сертификаттау дегеніміз-дайындаушы мен тұтынушыға және сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне жұмысына, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес расталуы. Сертификацияны жүргізу үшін арнайы аттестацияланған сынақ зертханалары, қажет жабдықтар меннормативті анықтаумен құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер бірдей жағдайда басқа зертханаларда жүргізілген сынақ нәтижесіне сәйкес болуы тиіс. Аталған жұмыстарды жүргізу стандарттау және сертификаттау мамандарына жүктеледі. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір жағынан, қызметтер сапасына жалпы түрдегі стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші жағынан, қызмет түрлерінің мазмұны жағынан біркелкі еместігінде.
Тірек сөздер: сертификаттау, стандарттау, қоғамдық тамақтану, қызмет сапасы, санитарлық-гигиеналық нормалар, стандатты көрсеткіштер.
«Сертификация услуг общественного питания»
Резюме
В статье рассматривается вопрос сертификации услуг общественного питания. Сертификация-это подтверждение работы продукции организации, независимо от изготовителя и потребителя и покупателя, соответствия оказания услуг установленным требованиям нормативных документов. Специально аттестованные испытательные лаборатории для проведения сертификации должны быть обеспечены правовыми документами с определением необходимого оборудования и нормативности. При этом результаты, полученные в ходе испытаний, должны соответствовать результатам испытаний, проведенных в других лабораториях. Проведение указанных работ возлагается на специалистов по стандартизации и сертификации. Сертификация услуг общественного питания в действующих стандартах, относящихся к деятельности, не применяется метод классификации требований к услугам. С одной стороны, отсутствие стандартизированных наименований показателей качества услуг общего типа, с другой стороны, неравномерность по содержанию видов деятельности.
Ключевые слова: сертификация, стандартизация, общественное питание, качество услуг, санитарно-гигиенические нормы, стандартные показатели.
«Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау»
Батыс Қазақстан «АТиСО»
Академиялық колледжі
725-топ «Іс-қағаздар жүргізу және мұрағаттану»
студенті Игизгали Сымбат
Қазіргі кезде республикамызда өндірістің және шет елдерден әкелінетін азық-түлік, шикізат өнімдері адам өмірі мен деңсаулығына қауіпсіз, сондай-ақ сапасы сұраныс деңгейін қамтамасыз ете алуы қажет. Өнімнің қай жерде жасалғанына қарамастан, оның нормативтік –техникалық құжаттарға сай жасалғанына кепілдік беретін – сертификаттау.
Сертификаттау дегеніміз-дайындаушы мен тұтынушыға және сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне жұмысына, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес расталуы. Сертификацияны жүргізу үшін арнайы аттестацияланған сынақ зертханалары, қажет жабдықтар меннормативті анықтаумен құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер бірдей жағдайда басқа зертханаларда жүргізілген сынақ нәтижесіне сәйкес болуы тиіс. Аталған жұмыстарды жүргізу стандарттау және сертификаттау мамандарына жүктеледі. /3/
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір жағынан, қызметтер сапасына жалпы түрдегі стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші жағынан, қызмет түрлерінің мазмұны жағынан біркелкі еместігінде. Қоғамдық тамақтандыру қызметі мына топтарға бөлінеді:
тамақтандыру қызметі;
тамақ өнімдерін және тәтті тағам бұйымдарын жасау;
тұтыну мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
тамақ өнімдерін тарату қызметі;
бос уақытты ұйымдастыру қызметі;
ақпараттық ақыл-кеңес беру қызметі;
басқа да қызмет түрлері./2/
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң актілерінде, мемлекетаралық стандарттарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында, санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі. Қызметті сертификаттау жұмысының ақысын оның нәтижесіне қарамастан мәлімдеуші РРК50. 3.01. 2000 сәйкес төлейді. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау тәртібі, мекемелердің түрлері мен дәрежелері ҚР.СТ 3.6-96-да белгіленген. Қоғамдық тамақтандыру мекемелері мына түрлерге бөлінеді: мейрамхана, кафе, асхана, дәмхана, аспаздар дүкені. Мекеме түрлерін растау кезінде мына факторлар ескеріледі:/3/
-шығарылатын өнімнің түрі және дайындау қиындығы;
-техникамен жабдықталғандығы (материалдық базасы, инженерлік-техникалық жабдықталуы, үй-жайының құрамы, архитекторлық-жоспарлау шешімі, т.б.);
-қызмет көрсету түрлері;
-қызмет көрсетушілердің біліктілігі;
-Қызмет көрсету сапасы (жайлылығы, қарым-қатынас этикасы, эстетикасы, т.б.);
-тұтынушыларға көрсететін қызмет атаулары.
-Ресторандар мен барлар қызмет көрсету деңгейіне және көрсетілетін қызмет атауларына байланысты үш дәрежеге бөлінеді: люкс, жоғары және бірінші. Кафе, асхана, дәмхана және аспаздар дүкендері дәрежеге бөлінбейді.
Өтінім жасау және оны қарастыру. Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші қызметті сертификаттайтын тіркеуден өткен органға өтінім береді; Өтінімге қоса өндіріс жұмысының тұрақтылығын және сертификаттауға ұсынылған қызметтің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жіберіледі; Сертификаттау органы өтінімді тіркейді және оны сертификаттау мүмкіндігін анықтау үшін қарастырады;Өтінімді қарастыру және шешім шығару мерзімі оны тіркеуден өткізген күннен бастап 1 айдан аспауы керек;
Өтінімді қарастырғанда сертификаттау органы мына жұмыстарды атқарады:
-ұсынылған құжаттарды талдау арқылы қызметтің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды;
өтінушімен қосылып сертификаттау сызбасын таңдап алады. Сертификаттык; сынақ өткізудің қажеттігін анықтайды және тіркеуден өткен зертхананы таңдайды;
қызмет көрсетуді сертификаттау мақсатында оны тексеру принципі мен әдістемесін анықтайды;
қызметті көрсету процесінің тұрақтылығын бағалайды.Қызметті қарастыру нәтижесі негізінде сертификаттау органдары шешім шығарады. Оң шешім және қызметті сертификаттауды өткізу туралы келісім өтінушіге жіберіледі; Кері шешім шығарғанда сертификаттау органы өтінушіге бас тартудың дәлелді себептерін жібереді;/4/
Қызметті сертификаттаудан бас тарту себептері ретінде мыналар болады:
-ұсынылған нормативтік құжаттардың сертификаттауды жүргізуге жарамсыздығы;
-қызмет көрсету процесінің тұрақсыздығы;
-қызмет сапасының төмендігі (қызмет көрсетудің кемшіліктеріне берілген шағымдардың көптігі);
-қызмет көрсетудің уақытылы орындалмауы, тұтынушыға дұрыс ақпарат беру тәртібінің бұзылуы.
-Сертификаттау кезінде тексеру (сынақ) өткізу.
сертификаттың тексеру (сынау) сертификатталатын қызметтің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыру үшін және басқа сертификаттау жүйелерінде берілген сертификаттарды тану мақсатында жүргізіледі; Сертификаттың сынау жүргізу тәртібі қызмет нәтижесін тексеруді көздейтін сертификаттау сызбаларымен анықталады;
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттағанда 2, 4 және 5-сатыларда қолданылады.
2-саты қызмет көрсету процесін, яғни оның құрамына кіретін барлық элементтерін бағалауды көздейді:
-санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін сақтау;
-нормативтік және технологиялық құжаттардың болуы;
-нормативтік құжаттардың қызмет көрсетушілерге және жұмысшыларға белгілеген талаптарының орындалуы;
-технологиялың құрал-жабдықтардың және тексеру, өлшеу аспаптарының жағдайы.
Сонымен қатар, аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштері іріктеп тексеруден (сынаудан) өткізіледі.
4-саты қоғамдық тамақтандыру мекемелерін аттестациялауды, яғни мына тексеру түрлерін көздейді:
-аспаздық өнімдерді өндірудің және таратудың санитарлық-гигиеналық және технологиялық жағдайларын, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін;
-аспаздық өнімдердің түрлеріне байланысты пайдаланатын материалдық техникалық базасын;
-қызмет көрсетуге және өнім түрлеріне қажетті нормативтік және технологиялық құжаттардың қолда барлығын;
-қызмет сапасының мекеменің түріне және дәрежесіне сәйкестігін.
Инспекциялық тексеруде аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін іріктеп тексеру (сапаны тексеру) жүргізіледі.Бұл сызба бойынша мекемелердің түрлері мен дәрежелерін растау жүргізіледі.
5-саты сапа жүйесін сертификаттау және оның жұмысының тұрақтылығын инспекциялық тексеру жүргізіледі. Барлық сертификаттау сызбалары Мемсанэпидқыз- метінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындысы болуын көздейді. Қоғамдық тамақтандыру мекемелерін сертификаттауда мыналарды бағалайды:
-архитектуралық жүйелеу шешімдерін;
-аумақтың жағдайын;
-қызмет атауы мен сапасын;
-санитарлық-гигиеналық нормалардың, өндірістің технологиялың жағдайларына қатысты ережелердің сақталуын;
-мекеменің материалдық-техникалық базасының жағдайын;
-қызмет көрсету жағдайын;
-қызмет көрсететін адамдардың кәсіби деңгейін;
-ас пен сусын түрлерін;
-ішкі дизайны мен жиһазын.[1]
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР сертификаттау туралы заңы.
2.Сергеев А.Г. Латышев М.В. «Сертификация»
3. Лииц И.М. «Основы стандартизации,метрологии и сертикации»
4. Акишев К., Дарибева Г., «Стандарттау,метрология және сәйкестікті бағалау» : Оқулық.-Астана: Фоллиант, 2008 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген