Материалдар / "Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
матариал әріптестеріме көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
2368
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 9

3.Күні, айы, жылы

4.Мұғалім:А.К.Тналиева

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру.

2.Дамытушылық:Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, топтық жұмыс жасауға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі׃ жаңа сабақ

Әдіс – тәсілі׃талдау, пікірлесу, сұрақ –жауап, «Плюс-минус-қызығамын» кестесі

Пәнаралық байланыс׃қазақ тілі,тарих

Сабақтың көрнекілігі:слайд,видео фильм, қима қағаздар, көңіл күй смайликтері, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушыларды топқа бөлу.

4.Топ басшысын сайлау.

5.Топ бойынша бағалау парағын тарату.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

І топ

Роман неше бөлімнен және неше тараудан тұрады.

ІІ топ

Шығарма кейіпкерлерін атаңыздар

ІІІ топ

Романның негізгі идеясы қандай?

ІV топ

«Ұлпан» романының авторы кім? Ол туралы не білесіз?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды көңіл күй смайликтері бойынша бағалау. Әрбір жауап үшін смайликтер тарату.


Эпиграф: «Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға» Н.Назарбаев.

Белгілі әдебиеттанушы Қажым Жұмалиев: «Ілияс Есенберлин – қазақ елінің тарихы мен тағдыры туралы келелі ой қозғаған қаламгер. Ол тек қана қазақ әдебиетінен емес, тарихынан да ерекше орынға ие болуы тиіс» деген екен.

Интербелсенді тақта арқылы « Ілияс Есенберлиннің ғұмырлық жолы» тақырыбында видео көрсетіледі.


Топпен жұмыс.

Топқа бөлінген реті бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

Iтоп.

1.Ілияс Есенберлин шығармашылығын талдау

2. «Алмас қылыш» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?







3. Ілияс Есенберлин шығармашылығына байланысты ребус құрастырыңыздар.

IIтоп.

1.Ілияс Есенберлин ие болған марапаттары

2. «Жанталас» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?







3.Ілияс Есенберлин ғұмырлық жолына байланысты сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

IIIтоп.

1.Ілияс Есенберлиннің ғұмырлық жолында атқарған қызметтері

2. «Қаһар» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?







3 Ілияс Есенберлиннің орыс тіліне аударылған бір шығармасына ребус құрастырыңыздар.

IVтоп.

1.Ілияс Есенберлин туындыларының басқа тілге аударылуы (Әлемнің 30 тіліне аударылды)

2. Кестені толтыр.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?

Ілияс Есенберлин



Керей хан



Жәнібек хан



3.Ілияс Есенберлиннің ие болған марапаттарына сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

IV.Қорытынды:

Ілияс Есенберлин туралы 10 дерек:

1.Ілияс Есенберлиннің әке-шешесі тұрмыс тапшылығын көп көріп, өмірден ерте өтіп кеткен. Ол бала кезінен інісі Раунақпен бірге жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Осы деректі естігенде әлемдік классик жазушы Э.Хемунгейдің «Жетімдерден ғана шын жазушы шығады» деген пікірі ойға орала береді.

2.  Ол кеңес үкіметі тұсында ұлттың рухын көтеретін тарихи роман жазған алғашқы жазушылардың бірегейі болып саналды. Қазақ оқырмандары бұл жазушыға осы ерлігі үшін қарыздар.

3.  Ілияс Есенберлиннің атақты «Көшпенділер» трилогиясы  30 жылдың ішінде 50 рет басылып, жалпы тиражы 3 миллион данадан асып кеткен. Бұл қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен көрсеткіштердің бірі болып саналады.

4.  Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық датасымен тұспа-тұс келді. 100 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өтті.

5.  Жазушының 17 романы мен көптеген шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған.

6.  Ілия Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясын жазған кезде сол кездегі жас зерттеуші Мұхтар Мағауинді дерек жинауға жұмсаған. Ол туралы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» деген ғұмырбаяндық романында кеңінен әңгімелейді.

7.  Жазушы романдарынан алған қаламақысының бір бөлігін өзінің соңынан еріп, қалам ұстаған шәкірттеріне бөліп берген. Ол туралы шәкірті Тұрсын Жұртбай айтып берді.

8.  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жинағы ел арасында өзара сыйлыққа жиі тартылады.

9.  Жазушының «Көшпенділер» шығармасын 1986 жылы орыс тіліне тәржімалаған қазақстандық жазушы Морис Симашко осы аудармасы үшін республиканың мемлекеттік сыйлығын иеленген.

10.  Трилогияның тек орыс тіліндегі тәржімесі 12 мәрте қайта басылып, жалпы тиражы 1,5 миллионнан асып түседі.

V. Үй тапсырмасын беру:

«Қазақ әдебиеті тарихындағы ең көп роман жазған қаламгер-Ілияс Есенберлин» шағын эссе жазу.

VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысы бойынша және бағалау парағы бойынша салыстырып бағалау.

VІІ.Сабақтың аяқталуы.

Рефлексия

«Плюс-минус-қызығамын» кестесі

«Қ»-қосу

«А»-алу

«Қ»-қызықты




«Қ»- сабақ барысында ұнаған, жағымды әсер тудырған ақпарттар.

«А»-сабақ барыснда ұнамаған, қызықсыз болған мәліметтер.

«Қ»-тақырыпта естіген немесе естігісі келген қызықты деректер, сұрақтарды жазады.





«Сырым аудандық білім беру бөлімінң жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Мухамбетжанов






Ресурс орталығы


Тақырыбы: Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы

(Қазақ әдебиеті 9-сынып)











Өткізген: А.К.Тналиева

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі














2017-2018 оқу жылы

Iтоп.

1.Ілияс Есенберлин шығармашылығын талдау

2. «Алмас қылыш» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?









3. Ілияс Есенберлин шығармашылығына байланысты ребус құрастырыңыздар.


IIтоп.

1.Ілияс Есенберлин ие болған марапаттары

2. «Жанталас» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?









3.Ілияс Есенберлин ғұмырлық жолына байланысты сөзжұмбақ құрастырыңыздар.


IIIтоп.

1.Ілияс Есенберлиннің ғұмырлық жолында атқарған қызметтері

2. «Қаһар» романы бойынша.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?









3 Ілияс Есенберлиннің орыс тіліне аударылған бір шығармасына ребус құрастырыңыздар.


IVтоп.

1.Ілияс Есенберлин туындыларының басқа тілге аударылуы (Әлемнің 30 тіліне аударылды)

2. Кестені толтыр.

Ұлы тұлға

Ол кім?

Ол туралы не білеміз?

Ілияс Есенберлин



Керей хан



Жәнібек хан



3.Ілияс Есенберлиннің ие болған марапаттарына сөзжұмбақ құрастырыңыздар.


«Ұлпан» роман неше бөлімнен және неше тараудан тұрады?



«Ұлпан» романының кейіпкерлерін атаңыздар



«Ұлпан» романның негізгі идеясы қандай?



«Ұлпан» романының авторы кім? Ол туралы не білесіз?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!