Ілияс
Жансүгіров
ЖАСТАР
ҰРАНЫ
/Біз, жастар, заманның
/6б
/Иесі,
қожасы./4 5б
/Жаралған
адамның,/ 6б
/Жалынды,
жаңасы./ 6б
/Ұйымшыл,
ұраншыл,/ 26б
/Мейірімшіл,
қоғамшыл/2 7б
/Кіршіксіз, ақ
жүрек,/2 6б
/Біздер шын
тазасы./ 6б
/Біздер бір жас
шыбық,/1 6б
/Кім кесер қас қылып?
/ 6б
/Біздермен
кіреді/ 6б
/Тұрмыстың мазасы
/ 6б
Рақымсыз
жауыздар,
Өзімшіл, іші
тар.
Біздермен
табылар:
Жауыздың
жазасы.
Жүрегі қара
қан,1
Жарлыны
талаған,
Ондайдың.
біздерден:
Қайрымсыз
қазасы.1
Қастығын
жасырып,
Келмесе бас
ұрып,
Алтыатар, ақ
балдақ:3
Сондайдың
сазасы.
Борандар көп
еді,
Бұршақтар
сартылдап,
Ел ығыр боп
еді,
Нажағай
жарқылдап.
Бас кетіп
изеліп,
Шаруа
күйзеліп,
Мейрімсіз күн
еді1
Әлсіздер
қалтылдап.
Неше жыл
толғатып,
Бауырлықты
орнатып,
Біз шыққан жарық,
күн4
Бұлттан
жалтылдап.
Еріні
кезерген,
Еңкейген,
желінген,
Жарлының
жапырағы1
Гүлденер
жалпылдап.
Біз, жастар,
заманның
Еңбекшіл
еліміз,
Еңбекке
таянып,
Еркелер
серіміз.
Көмекшіл
көбейер,
Шаруа
көркейер,
Еңбекпен
ағылар
Ел үшін
теріміз.
Жолымыз
ортақшыл,
Жоқ бізде
қорқақшыл.
Мейірімсіз
жауыздан
Бір бөлек
жөніміз.
Жаңадан
жасалған,
Гүлденіп
жасарған,
Тұрмыстың
тұтқасы1
Көмекшіл
көбіміз.
Кел, жастар, алға
ұмтыл,
Ел үшін еңбек
қыл.
Көркейер біздің
ел,
Кеңесшіл
кебіміз.
Сатылай кешенді
талдау
Авторы: Ілияс
Жансүгіров.
Тақырыбы: Жастар
ұраны.
Жанр
түрі: Лирика.
Идеясы: Ел жұрты қадірлеген
жастарды,ұранды бірлікке,қыранды биікке шақыратын
өлең.
Шумақ
саны: 15
Тармақ
саны: 60
Буын саны:
6 буынды
Бунақ
саны: 1
Ұйқас
түрі: Қара өлең ұйқас-ААБА және
шалыс ұйқаста бар - АБАБ
Әдеби теориялық
ұғымдар:
Троп-сөзді
құбылту.
Метафора1
Біздер бір жас
шыбық.
Жүрегі қара
қан.
Мейірімсіз
күн.
Жарлының
жапырағы.
Тұрмыстың
тұтқасы.
Қайырымсыз
қаза.
ЭпитетҰйымшыл,
ұраншыл,
Мейірімшіл,
қоғамшыл
Кіршіксіз, ақ
жүрек
МетонимияАлтыатар, ақ
балдақ
Гипербола2
3
4
Иесі,
қожасы
Біз шыққан жарық,
күн
Ілияс Жансүгіров Дала
поэмасы
Сатылай кешенді
талдау
I
Авторы: Ілияс
Жансүгіров
II Шығарманың
тақырыбы: Дала
поэмасы
III Әдеби жанр
түрі: Поэма
IV Шығарманың
идеясы: Поэманың негізгі қаһарманы –
халық, оған қарсы топтар–жерін жаулаушы, мал-мүлкін талаушылар,
қанаушы, езушілер.Талма-тартыс,күйініш-сүйінішаумалы-төкпелі күндер
жырланады.
V Шығарманың композициялық
құрылысы.
1. Шығарманың
басталуы: Автордың арнауы арқылы
басталады.
Жүрегім, жырым,
сенікі,
Кеңесті далам,кең
далам.
Тудым,
өстім,есейдім,
Ен далам - анам, мен
балаң.
Туған, өскен
есейген
Еңбек тулы
ел-балаң.
Бұрынғы өтен
күніңді
Берейін жырлап елге,
анам.
Көргеніңді
бүгінгі
Жаз, жаз, қалам, тер,
қалам.
Жүрегім, жырым,
сенікі,
Кеңесті далам, кең
далам.
Ен далам - анам, мен
балаң,
Ендеше қалам бер
маған.
2. Шығарманың
дамуы: Тау басында ойланып отырған
ата Ақтабан,Құл көгені және Құрбандық жайлы есіне
түсіреді.
1
Қазақ көшкен тарихта
Шулы, қанды қай кезең?...
Шал
тыңдаған бұл дабыс
Кейде бал-бұл, кейде анық,
Кейде жақын, кейде алыс,
Ащы
әңгіме айтқандай...
Кімнің кімді шапқанын,
Сырдың сырын, Шу суын,
Қанның судай аққанын,
Күн
қырғынды тартқандай...
«Сол
заманның жырлары- ау!
Мынау келген құлаққа.
Сол
заманның мұңдары-ау»
Деді де шал күрсінді...
2
Үшеуі қыз, бір кемпір,
Екеуі шал, төрт бала.
Аты
қазақ, заты құл,
Алып шықты көмбеге.
Күңіреністі, жыласты,
Жыласқанда кіміне
Жетім, жесір мұң ашты?
Кетті жылай бәйгеге...
«Сол
да сондай күндер-ау,
Мынау келген құлаққа
Сол
сорлының үндері-ау»-
Деді де шал жым тынды.
Тау
мұзындай жүрегі,
Қалтырады, жылады,
Кемсеңдеді иегі...
«Күндер!»
деді, күрсінді.
3Түскен сұлу олжаға.
Сыбағасы боп ханның
Жамауына жарауға,
Хандағы көп құмардың...
Хан
алдырған ордаға...
Хан
үйінде бір князь.
3. Шығарманың
байланысы: Соғысқа аттанған балаларын
қимастықпен шығарып салған халық мұңы.
Қан жол, қаһары қатты
әскер,
Қазақ-орыс
аттанды.
Патша қолатты
әскер
Тағы Сибирь,
Түркстан.
Дала айналды
тозаққа.
Қан, зеңбірек,
пулемет.
Қырғыз бенен
қазаққа
Болды майдан
тұс-тұстан.
4. Шығарманың
шиеленісі: Зармен мұңның артынан
Бостандықтың келуі.
Уа, сүйінші!...
Сүйінші!
─Ояныңдар!
Тұрыңдар!
─Бірің қалмай
жиылшы!
Бостандық та,
бостандық!
Патша тақтан
түсіпті!
Түскенінің
мәнісі:
«Көп бұқара
қысыпты!
Болды тендік!
Туысқандық!»
5. Шығарманың шарықтау
шегі: Октябь дыбысы,аласапыран жалпы
ел басына туған қаһарлы күндер жайлы
жырланады.
1 Ала тудай
бұландай
Терісінен шықты
жел,
─ Алаш!
─ Алаш!-
Ұрандай
Келді дала
дабыры!
Бұл не дабыс? Не
сарын?
Әлде ояту? Әлде
айдау?
Шал төседі
құлағын...
Келді дала
сарыны...
2 Ия, тұрды, міне
елім!
Міне, келді қалың
қол,
Барады жылып
жүрегім!
Ия, есімді
білемін!
Тап - табыңды
табыңдар!
Езілгендер бізге
шық!
Тап жауына
шабындар!-
Деген көсем
Ленин!
6. Шығарманың шешімі:
Шалдың жауабы
─ Балам, мақұл бұл ісің!
Мақұл болар жөні бар,
Той
қылғанның ұлысын!
Атымды ұғып ал, балам!
Көп
жасаған көнемін...
Шежіре боп талайға
Мен
талайдан келемін...
Тарих дейтін шал болам!
VI Кейіпкерлер
келбеті.
Бұл жерде шығарманың басынан
аяғына дейін бір шал бейнесін көреміз.Барлық болған оқиғаны жырлап
отқан ата бейнесі шығарма соңында тарих ата болып
шығады.
Бәрін айтатын,жырлайтын
белгісіз шал кейіпкер болып көрінеді.
VII Қорытынды (шығарманың
негізгі түйіні, тәрбиелік мәні, өз
ойым):
Дала поэмасы тарих атаның
жырлауымен болған Қазақ халқының барлық мұңмен зарын,басынан
өткізген барлық қайғысымен қуанышын жырлайды.Ұрпаққа берер
тәрбиесіде зор.Бұл поэма арқылы ұрпаққа тарихты білуді
дәріптейді,үлгі өнеге береді.