Материалдар / «Ілияс Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны"

«Ілияс Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
І. Жансүгіров поэмаларының даму жолдары, әсіресе кең эпикалық поэмаларының қазақ әдебиетіне қосқан өзіндік үлестері мен қазақ әдебиетінің тарихындағы өзіндік орнын айқындау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ілияс Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларындағы

сар даланың сарыны»


Жоспар:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім


2.1. Қазақ поэзиясының ақиық ақыны І. Жансүгіров жайлы бірер сөз


2.2. «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны


2.3. «Күй» поэмасындағы қобызшы Молықбай образы


2.4. «Күйші» поэмасындағы Сарыүйсін Күйші жігіті мен Қарашаш бейнелері

ІІІ. Қорытынды


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер






















І. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:

XX ғасыр басында ұлттық мәдениетіміздің ұранын көтере келген, әрқайсысы әдебиетіміздің бір-бір ұстыны дерлік ұлы тұлғалар қазақ халқының әдебиеті тарихына қайталанбас құбылыс болып енді дe, aттары алтын әріппен жазылды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Xалел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қapaшев, Мұхамеджан Ceралин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәбит Дөнентаев, Құдайберген Жұбанов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин Мұхтар Әуезов, және т.б. Солардың бел ортасында Ілияс Жансүгіров те болды. Қазақ әдебиетінің тарихында Ілияс Жансүгіров тек ақындық, жазушылық, драматургтік, аудармашылық еңбектерімен ғана емес, ұлттық ауыз әдебиеті мұраларын, тарихымызға, әдет-ғұрпымызға байланысты деректерді жинаушы, әрі зерттеуші фольклорист, этнограф, тарихшы ретінде де ерекше орын алады. Ілияс Жансүгіровтің проза, поэзия, драматургия мен журналистика саласындағы әдеби мұрасы жұртшылыққа кеңінен таныс. Ақиық ақынның қазақ әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі көпшілікке белгілі. Әдеби мұрасының зерттелу жайы да аян. І.Жансүгіровтің шығармалары арнайы зерттеліп, өз бағасын алғаныменен, айтылар сөздің әлі де таусыла қоймағандығы жалпыға аян.

Ақиық ақын І. Жансүгіров шығармаларының даму жолдары, әсіресе кең эпикалық поэмалары, сол жанрда қазақ әдебиетіне қосқан өзіндік үлестері бүгінгі күн көзқарасынан қарасақ кең түрде зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Осы айтылған ой желілері тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті:

  • Ілияс шығармашылығына шолу жасай отырып, қазақтың күй  өнерінің бастауы ертегі аңыздарда  екендігін айқындау ;

  • Ілияс шығармаларындағы өнер тақырыбын анықтау;

  • «Күй», «Күйші» поэмаларының композициялық құрылымы және мазмұнымен танысу, негізгі идеясын анықтау;

  • Қазақтың күй өнерін дәріптеу.

Зерттеу нысаны: Ғылыми жұмысты орындау барысында кеңес әдебиеті мен мәдениетіне байланысты І. Жансүгіров шығармаларына қатысты еңбектер мен пікірлер іріктеліп пайдаланылды. Осы пайдаланған дереккөздер мен ақын шығармалары негізінде, біз тақырыпқа қатысты еңбектерді талдауға алып, олардың ғылыми және теориялық маңызына назар аудардық.

Зерттеудің әдістері. Әдебиеттану ғылымына тән кешенділік, жүйелілік, салыстырмалық, объективті - аналитикалық, тарихи тұрғыдан жүйелі талдау, жинақтау, қорыту әдіс - тәсілдері басшылыққа алынды.



ІІ. Негізгі бөлім


    1. Қазақ поэзиясының ақиық ақыны І. Жансүгіров жайлы бірер сөз


Қазақ әдебиетінің классигі, шоқтығы биік ақын, прозаик, драматург, фельетоншы, очеркші, қоғам қайраткері - Ілияс Жансүгіров 1894 жылы

1 мамырда қазіргі Алматы облысы, Ақсу болысы, Қапал уезінде дүниеге келген. Ол жастайынан арабша хат танып, қазақ фольклоры мен Абай поэзиясын жаттап өседі. Жетісуға танымал зайырлы «Мамания» мектебінде тамаша білім алған. Өмірбаян беттерін ақтара отырып, Ілияс Жансүгіровтың 1935 жылдың 15 қарашасынан бастап, ұстаз, ақын, тілші, көрнекті қоғам қайраткері ретінде қазақ қоғамы мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан еңбек жолын көреміз.

Кеңес үкіметі құрылған соң, 1920 жылы Жансүгіров Алматыға көшіп келіп, қысқа мерзімді педагогикалық курсқа, сол жылдың күзінде-ақ мұғалімдер дайындайтын екі жылдық курсқа түседі. 1922 жылдың күзінде облыстық «Тілші» газетінің қызметкері болып жұмысқа орналасады. Өлеңдер, фельетондар, әңгімелер жазады. 1925 жылы Мәскеуге барып, коммунистік журналистика институтына түседі. Осы оқу орнын 1928 жылы аяқтайды. Елге оралған соң аймақтық «Еңбекші қазақ» газетінде 1932 жылға дейін жұмыс істейді. 1932 — 1935 жылдар аралығында Ілияс Жансүгіров Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарады. 1936-1937 жылдары, тұтқындалғанға дейін, ол қазақ көркем әдебиет баспасының поэзия бөлімінің редакторы болып істейді.

Бір қарағанда, қып - қысқа өмірбаян артында жүрегі қазақ деп соққан аптал азаматтың самаладай жарқыраған тағдыры жатыр. 

  1936 жыл. Кеңес елінің қай түкпірінде де НКВД (ІІХК) қанды қолы сумаңдап тұрды.  Зауалды заман ызғарын шашқан кез. Бірін-бірі ұстап беру, тұтқындау, ату. Жанкештілер мен жендеттердің дәурені жүріп тұрды. Қазақ зиялыларының бәрі дерлік қуғын - сүргінге ұшырайды. Көзінде от, санасында сауаты бар әрбір азамат елдегі жағдайды ұғына білді. Қан құйлы саясаттың семсері ақиық ақынды да айналып өтпеді. Ілияс Жансүгіровке ұлттық контрреволюциялық ұйымға қатысы бар деген айып тағылады. 1938 жылдың 26 ақпанында КСРО Жоғары сотының Әскери коллегиясы «Үкім ақтық деп қабылданып, шұғыл түрде орындалсын» деп үкім шығарып, Ілияс Жансүгіровті ату жазасына кеседі. 

Ілияс Жансүгіровтың шығармашылық  жоспарлары мен болашаққа үміті мол болатын. Пушкиннің қайтыс болған күнінің жүз жылдығы жақындап келе жатқан. «Мүлде аударылмайтын» болып саналған «Евгений Онегинді»  қазақ оқырманы үшін тәржімалауға тек Ілияс Жансүгіровтың ғана батылы барды. Ілияс Жансүгіровтың аудармаларын зерттеуші Герольд Бельгер: « Неткен ерлік, неткен жанқиярлық, неткен батылдық! Әрбір өлең жолынан өз күші мен дарынына деген сенімділік, уақыт пен халық алдындағы борышына деген адалдық,  Поэзияға деген ынтызарлық сезіледі!» — деп жазады.      Мұхтар Әуезовтың айтуынша, «Евгений Онегин» қазақ тіліне Пушкиннің мерейтойы қарсаңында алты айда аударылған. Алайда Ілияс Жансүгіровтың барлық аудармалары ақын ақталған соң ғана халық қазынасы қорына қайта қосылады. Ақынның отбасы, жары Фатима Ғабитова ақынның теңдессіз поэтикалық туындыларын көзінің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Бүгінде ақынның қызы Ильфа Ілиясқызының бастамасымен құрылған Ілияс Жансүгіров Қоры жұмыс істейді. Кітаптар басылып, мұражайлар ашылған, Ілияс Жансүгіровтың атындағы мектептер мен университеттерден мыңдаған шәкірт тәлім алуда. Ұлы қазақ ақынының шығармашылық мұрасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, фильмдер түсіріліп, спектакльдер қойылады. Тас пен қоладан ақынның өзіне, өшпес поэмалары кейіпкерлеріне  көптеген ескерткіштер орнатылған.


2.2. «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны


Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І. Жансүгіровпен теңдесер қаламгер жоқ. Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінген де, мейірі қанғанша сусындап өседі.

Сонау ХХ ғасырдың 20-жылдарының бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күй" мен " Күйші " сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Ақынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдей көтеріңкі лепті туындылары талай талданды. 

Ілияс  лирикасының  асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар  бойы  халқымызбен  бірге  жасасып, атадан  балаға  мирас  болып, уақыт  сынынан  сүрінбей  келген, бір  ғасырлық шежіренің  куәсі  болған, жас кезінен Ілиястың  құлағына  сіңісті,  жүрегінің  төрінен  орын  алған, жазуға  түрткі  болған қасиетті қобызшылық  дәстүр жайлы  сыр  толғап,  күйшілік  өнерді  дәріптейді. «Күй» поэмасы Молықбай күйшінің өнері жайлы сыр шертеді.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

  Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы

Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -

  деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз:                                                            

Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан

Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.

Оның жаңа қаламгерлік сапасының кемелденген шеберлігінің бір үлгісі ретінде 1929 жылы жазылған «Күй» поэмасы бес тараудан тұратын шығарманың басынан аяғына дейін біртұтас тартылған оқиға жүйесі жоқ. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс қатар келіп отырады.

Бірінші тарауда «жар қабақ, сида, ырсақай, саршұбар, қобызшы шал Молықбайдың еңкейіп екінтідей күні кестеде», «Екі көзі іріңдеп, аузынан тісін аршып қолы дірілдеп» отырса да аңыратып, күңірентіп, дүрілдетіп күй тартатын шебер өнерпаздық дарыны жырланады.

«Ақ көбік», «Көк көбік» « Бозінген» «Ер Әлінің дүлділі» секілді қазақ халқының басынан өткен небір тарихи кезеңдері музыкалық шығармалар үлгісінде, қобыз тілінде сөйлейді.

Лирикалық кейіпкер – ақын заманында алтынмен аттап, күміспен күптеген, қазір көнерген қоңыр қобыздың шанағынан төгілген дыбыстардың біресе «Жарым да сен, жаным да сен» деп үздіккен үнін біресе балқаштың ұйқы –тұйқы толқынын, біресе жау тиіп, айқай - ұйқайы шығып жылқысы үріккен ауылды көргендей болады. Поэмада көп қайғылы, мұңды күңіренген күйдің бірі - «Бозінген».

Екінші тарауда Молықбай қобызшы күй аңызын тартып айтады. Малын Арқаға оттатып, асқар тауларды жайлап, құмды күзеп, қыстауын Амударияға салған Бағылан байдың тіршілігінде ертегілік сипат бар. Келесіндегі бір бозтайлақ барлық малының құтындай көрініп, соның қайымағанын қайғы көрген бай балгерге бал аштырып, бақсы ойнатып, құмалақшы шақырады.

Үшінші тарауда Бозінген басы алтын, құйрығы күміс боталағанмен, ұры қолына түседі. Ботасы бір жаққа, енесі бір жаққа кетеді. Шерлі қобыз осы күйді зар еңіретіп тартқанда, адамның сай - сүйегін сырқыратады.

Төртінші тарауда лирикалық кейіпкер Бозінген зарын жылаған елдің, күңіренген даланың қайғысы ретінде қабылдайды. Жүрегіне у төгілгендей болады. Шығатын жол тұйықталып, тығырыққа қамалған адамның қиналыс-азабы бар.

Ескі заманның жанды жүдеткен, жабырқау, жүрекке пышақ салғандай қаралы күйінің құшағындағы лирикалық кейіпкер – ақын революциядан кейінгі өзгерістерді "Қыс кетіп нөсер жауды, қызыл ту қызғалдақтай жайнады" деген секілді символдық суреттермен, ишарат бейнелер арқылы береді.

Поэманың соңғы, бесінші тарауындағы лирикалық кейіпкер атынан айтылатын жәйттар, өмірде Ілияс Жансүгіров өзі басынан кешкен жағдайлармен, ақын өмірбаянындағы нақты оқиғалармен, оның шығармашылық эволюциясымен сарындас. Өз үйірінен бөлініп, көне күйдің күйігіне шыдамай, шындық іздеп жолға шыққан, құла құм мен боз даланы қалдырып, қалаға келген ақын бейнесінде типтік, жинақтаушылық сипат бар. Енді ол азалы, қаралы күйлерді жүрегі жаншылып тыңдай беретін, кешегі Молықбай шал алдындағы сары ауыз балапан емес, жігерлі азамат.

Сөйтіп лирикалық кейіпкерлердің ой - санасындағы, өміріндегі құбылыстар күйге, өнерге деген көзқарасындағы өзгерістер арқылы көрінеді. Өнер тек қайғы, қасіретті, мұңды айтып, адам жанын жаралап, жүрегіне от тастайтын сиқырлы күй емес, өмірге жетелейтін қайрат - жігердің киелі қайнары деген идеяны "Күй" поэмасының өзекті сарыны, лейтмотиві деп білу керек.

Алғашқы рет жазған «Күй» (1929ж.) поэмасында ақын өзінің бұл тақырыпты жырлауының шын сырын ашық айтты. Революциялық идеяны жыр ету мәселесінде қаладан алыс болып, өзінің басқалардан кейінірек кіріскендігін меңзей келе, ендігі жырлар күйі жаңа заманның күйі екендігін, ескі өмір, ескі күйді жырлауға барса, тек қазіргі күннің тілек тұрғысынан баратындығын аңғартты.

«Бозінген» күйі, оны орындаушы Молықбай, күйді қолқалаушы жастар (бірі - ақынның өзі) жаңа күй, жаңаша түсінікті оқушыларына айтып беру үшін ғана керек болған. Негізгі идея, ой түйіні - қаңсыған шал, «жалғыз үн, жарық қобызды» жырлау, мадақтау емес, «мың дауыс» көптің күйін жыр ету.

            Сондықтан да ақын:

Көргенде күйелі төс, күсті білек,

Тапқандай жаңа бауыр, жаңа тілек.

Жылы қан ұлы бойда шым-шым қайнап,

Сауығып сала берген дертті жүрек.

 

Мыңдаған оркестрді көрген топты,

Жырлаған жаңа өмірдің күйін соқты.

Жуылған жүректен у сол күйменен

Аршыған көңілімді басқан тотты.

 

Сол күйге жан жылынған, жүрек жерік,

Шойындай сонау отта кеткен еріп.

Қобыздың ұлы күйін қаннан сарқып,

Соңғы күй тұла бойды кеткен керіп...

 

...Арылып жастың албырт тентегінен,

Құтылып соқыр сордың жетегінен;

Қуарған, қуанбаған сорлы шалдың,

Енді қош айтысқан жер ертегімен, -

 деді.

            Ақынды бұл түсінікке жеткізген, ой-санасын өрістеткен социалистік жаңа өмір, алыста жатқан ауылдан оқу іздеп келіп, мәдениетке мидай араласуы, қайнап жатқан еңбек, жұмысшы табының ірі өндірістердегі ерлік істері, коммунизм құру жолындағы марксизм-ленинизм оқуымен қарулануы болды.

            Айналасындағы өмір құбылысын аңғарымпаз, сезімтал, көргенін тез түйетін ақын жаңалықтардың бәрінен сабақ алды. Қалада болған аз жылдардың өзінде көп біліп, үлкен өзгеріске ұшырады.

..... Сонымен сол барғаннан кейін қайтқам,

Мен дағы жаңа тапқан күйді тартқам.

Бағыстап жарлы жұртқа жүрек жырын,

Байқамай, жыр айтам деп, сырымды айтқам, - деді.


«Күй» поэмасында ақын қазақ халқының күй қазынасын жеткізген қобызшы шалдың бейнесін нақтылы елестетеді. Қобызшыдан бала кезінде естіген «Бозінген» күйінің тарихын баяндайды, әрбір күйдің тасасында ел есінен кетпес тағдыр, тартыс жататынын кең пайымдайды. Азат қоғамда ертедегі зарлы, мұңды күйлердің орнына жігерлі жаңа әуен, саз пайда болғанын, бұрын жекелеген орындаушылар тартқан өнердің өрісі кеңейіп, зор үнді оркестрге ұласқанын:

Бұл өктем болат жігер, күрес күйі,

Қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз – деп, ақын шебер түйіндейді 

«Күй» поэмасында көтерілген әлеуметтік сарындар «Күйшіде» жаңа қырынан қуатты көркемдік шешімдер тапқан. «Күйші» тарихи оқиғалар негізіне құрылған, композициялық желісі шебер. «Күйші» «Күй» поэмасының жалғасы іспеттес. Поэманың басты кейіпкерлерінің бейнесі ұмытылмастай әсер қалдырады, романтикалық пафос пен реалистік өрнегі өз биігінде көрінген. Күйшіде әлеуметтік күреспен бірге психологиялық тартыс бірге қатар жүреді. Хан тұқымы Қарашаштың күйшіні құл ететін, Сапақты мазақ ететін оқиғаларда әлеуметтік мәселе тікелей қозғалса, оның өнерпаз күйшіге көңілінің құлай ауғандағы ішкі драмасы да әлеуметтік мәселемен қабысып жатыр. Қарашаштың таптық менмендігі, төрелік тәкаппарлығы өз сезімінен биік тұрады. Сондықтан сезім отына су құйып өшіреді. Қарашаш бейнесі реалистік - романтикалық сипаттағы сом тұлға.

Ақын күйді, күйге еліккен кейіпкер сезімдерін лирикалық нәзіктікпен төгілте, романтикалық асқақтықпен шебер бейнелеген.

Поэманың негізгі идеясы – ел талау, тонау, орынсыз соғыс ашу емес, рухани езушілікке, моральдық озбырлыққа қарсы шығу.


2.3. «Күй» поэмасындағы қобызшы Молықбай образы


Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Қызырілияс» деп есімін қойып, кіндік әкесі саналатын қобызшы Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған.  Қобызшыбақсы, кеңестік саяси қуғын - сүргін құрбаны. Өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған. Молықбай — жыр дүлдүлі I.Жансүгіровтің кіндік әкесі, ақынның "Күйші" поэмасының басты кейіпкері. 1930 ж. "халық жауы" деген жаламен тұтқындалып, Алматы түрмесінде қайтыс болған. Абзал халқына киелі қара қобызы және шипагерлік қасиеті арқылы қамқор болғандықтан «қобызшы Молықбай» деп атанған.

Молықбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер - күйік боп жүрегіне байланып  қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз. 

1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп келіп, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазып, «Жаңа мәдениет» журналына 1929 жылы бастырып шығарады. Ілиястың «Күй» поэмасын Сұлтанбек Қожанов: «Өте жоғары деңгейлі шығарма», - деп бағалайды. «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Ақ көбік-көк көбік» күйлері туралы Молықбай атаның өз аузынан әңгімесін естіген Мұхтар Әуезов 1927 жылы очерктер жазған.

Ілияс Жансүгіров 1927 жылы жазған «Қазақ күйлері жиналсын» деген мақаласында: «Жетісудың Талдықорған уезінде Ақсу болысындағы домбырашылардың (Нұрсапа, Егеубай, Молықбай, т.б,) тартатын күйлері мыналар: «Мәдіген шора», «Барақ», «Жошы хан», «Бес төре», «Ақмеди», «Әуре-сарсаң сандалкөк», «Түрікпен», «Әрине-ау», «Түйек қалды», «Борлы қыз», «Қос келіншек», «Қарқара-ау», «Қос мерген», «Терісқақпай», «Қорқыт», «Шыңғысбай қоңыры», «Саркідір», - деп атап жазады. Молықбайдың бұдан басқа ел есінде сақталып қалған күйлері: «Құлақ күй», «Тоғыз толғау», «Жез киік», «Жарбол», «Ақ көбік - көк көбік», «Аққу», «Құдіреттің құсы», «Он сан мен Орманбеттің айырылғаны», «Қазан», «Қорамжан», «Бозінген», «Ер Әлінің дүлдүлі», «Ерден», «Ықылас», «Қара жорға», «Сылқылдақ» деп аталады».

«Күй» поэмасы 1929 жылы жазылып, «Жаңа әдебиет» журналында жарық көрді. Сол жылдары Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында «Ықылас қобызшы» атты естелігі жарияланды. Ақын поэмасын жазбастан eкi жыл бұрын қасына Mұxтap Әуезовтi алып, арнайы ат басын Молықбай күйшi орныққан Аман жайлауына тiреп, мейлiнше мерейлене күй тыңдап қайтқанын ғалым 

ЖИ арқылы жасау
20 Ақпан 2020
2983
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі