Материалдар / "ИМАНДЫЛЫҚ- ТӘРБИЕ БАСТАУЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ИМАНДЫЛЫҚ- ТӘРБИЕ БАСТАУЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам-адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді жетілдірудің қағидаттарын кемелдендіруді қамтитын ерекше дін.Оның негізі бкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, қоғамда өмір сүрудің қағидасын қалыптастырып, дүниеде мәнді және маңызды болуды мақсат етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
910
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИМАНДЫЛЫҚ- ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Имандылыққа тәрбиелей білсек дініміз Ислам екенін ұмтпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек

Нұрсұлтан Назарбаев

Ислам-адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді жетілдірудің қағидаттарын кемелдендіруді қамтитын ерекше дін.Оның негізі бкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, қоғамда өмір сүрудің қағидасын қалыптастырып, дүниеде мәнді және маңызды болуды мақсат етеді.

Ислам жеке тұлға мен қоғамның жамандықтарынан арылып, бейбітшілік пен тыныштық меңзейтін өмірді ұсынады.Ойлауды, жаңа бағыттығы ізденістерді, әдептілік пен имандылықты үйренуді бұйырады.Соның барысында ақыл мен ғылымға сүйенеді.Оныңжүйелі әрі өркениетті дін деп танылуы содан.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі діннің алар орны туралы біліпте, өмір тәжірибесінен көріпте жүрміз.Баланы имандылыққа үйретіп, ата-ананы, ұстаздарды, бауырлары мен жолдастарын құрметтеуге шақырады.Үлкендерді құрметтеп, қадір тұтуды, ілтипатты қарым-қатынаста болуды, бала тәрбиесінде аналары, әкелері барлық балаға тең көзқараста болуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстаған.Мұны ғасырлардан-ғасырға ауысып келген нақыл сөздердің өзінен-ақ аңғаруға болады.Мысалы:"Үлкенді сыйласаң, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды","Аға әдепті болса,іні әдепті.Апа әдепті болса,сіңлі әдепті","Әдептің не екенін әдепсізден ұғарсың","Әдепті жігіт-ауылдың абыройы","Жібек мінезді қыз жұртқа жағады".

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ақылдан шығатынын білген қариялар "Алтын шірімейді, ақыл арымайды","Ақылды адам батпан-ақ,ақылсыз адам сасқалақ","Ақыл-дария алсаң да таусылмас" - деп ақылдың адам өмірінен алатын орны өз ұрпақтарының санасына сіңіретін.

Әрине, тәрбие-отбасынан басталады.Халық айтса, қалып атпайды:"Ұяда не көрсең, соны ілерсің" яғни,отбасында нені көрсе, не нәрсеге бейімделсе, өскенде солай кетеді.Қайсыбір отбасы мен азаматтарымыз-дін, медресе десе күдіктене,жиырыла қалады.Олардың неден қорқып, кімнен секем алып тұрғанын өзі де білмейді."Адамнан қорқу азап,Алладан қорқу ләззат" екенін түсінбейді, сірә.Міне, осындай әуре-сарсаң өмір кешіп жүрген адамнан қандай тәлімді тәрбие нәтижесін күтесің.Баласын не өзі тәрбиелемейді, не біреудің тәрбиесіне беруге жүрегі дауаламайды.Сол баласы күні ертең селтеңдеп көше кезіп жағымсыз әрекет жасап, адам деген атаулыдан ауылы алыстап, санасы уланып, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықса немесе өзіне-өзі қол жұмсап, өмірден түңіліп, имансыз өліп кетсе ата-анасы басын тасқа да,жарға да ұрып, өзін емес өзгеге кінә артып жатады.

Ұрпақ тәрбиесі жөнінде Абай:"Адамның жақсы болу тегінде емес, тәрбиесінде,ақылында,өнер-білімінде.Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады:ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан.Әсіресе,олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады" - деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен.Сол кезеңде осы қағидаларды қатаң ұстаған қазақ баласы 7 жасынан бастап хат тануға, иманды да ибалы болуға үйрететін ұстазға оқу берген.

Өмірде ақын-жазушылардың, ғұлама ғалымдардың имандалық туралы айтқан сөздері өз құндылығын жоймай,қадір-қасиетін сақтап келеді.

...Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және де хақ жолы деп әділетті - деген Абай Құнанбайұлы.

Ал Ыбырай Алтынсарин өз өлеңін:

"Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар,оқылық!"деп бастауында үлкен мән бар.

Түрік ғалымы Жүсіп Баласағұнның

"Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме

Иман тонын үйіненшеше көрме" - деген өлең жолдарында иман сөзі адамның бүкіл болмыс бітімін бейнелейтін жалпы кісілік қасиетін көрсетіп тұр.

Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали:

Дін-ғылымның анасы,

Дін-ғылымның әкесі

Ғылым-діннің баласы

Дін-ғылымның көкесі – деген.

Осы айтылған қысқа,әрі нұсқа сөздің ішіне алып-қосары жоқ барлық ұғымы атаулы сыйып кетеді.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке кез-келген ақпаратты тез қабылдап алатын аса қабілетті көрсету қажет,.Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты.Бүлдіршіндер мен жастар адамның рухани шыңдап,жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр,көрегенді боп өседі.Мейірімділік пен имандылық әліппесін бойынша қалыптастырады.

Жүрегі лас сезімдермен шырмалып,рухы нәпсіқұмарлықтың қыспағында қалғандардың бейнесі адам тәрізді көрінсе де,олар «мұндай құрметті атқа лайық па екен?» деп ойлану қажет.Пайғамбарамыз (с.ғ.с.) бес нәрсе келмей тұрып солардың қадірін түсінуді өсиет еткен.

«Науқастық келмей тұрып-денсаулықтың

Уақытсыздық келмей тұрып-бос уақыттың;

Кедейлік келмей тұрып-байлықтың,

Ажал келмей тұрып-өмірдің

-деген.Яғни,жастықтың қадірін білу дегеніміз-тізі,бел сырқаттанбай,зейін мықты болған кезде құлшылықты істеп қалуды айтады.

Құдайға шүкір,қазір елімізде мұсылмандыққа бет бұрган жандардың қатары көбейіп келеді.Имандылық ордасы-мешіттер ауыл-ауыладарды ашылып жатыр.Ислам дініне мойын бұрған жастарымызды көргенде қуанамыз.

«Иман –сенімнің қабы»дейді. «Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек.Жаратушы- жалғыз,дүние-ортақ,аспан асты-кең,ендеше біз бір атаның баласы,бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақтықта өмір сүруіміз керек» деген елбасының дана сөззінде үлкен мағына бар.

Ендеше,адамгершілікті ардақтап,түзу жолдан бұрыс кетпегеніміз қандай ғанибет...

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

3 мектеп-интернат

Парманқұлова Арай Рашқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!