Тақырып бойынша 25 материал табылды

Имандылық адамгершілік пен ізгіліктің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Имандылық адамгершілік пен ізгіліктің тірегі сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты



Мекеме

«Жаркент қаласындағы орта мектеп» КММ Оспанова З.С

Сыныбы:

9 «Б» сынып

Сынып сағатының тақырыбы

«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды имандылыққа үйрету, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұруға тәрбиелеу. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру.

Ойлау дағылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау , бағалау

Құндылық

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Әдептілік, кішіпейілділік қасиеттерін әр оқушы бойынан көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут







Бастапқы білімді анықтау және үй тапсырмасын сұрау

5 минут








Топтастыру




Жаңа тақырыпты ашу кезеңі

10 минут













































Жаңа тақырып

20 мин








Ұйымдастыру . Сәлемдесу ,түгендеу.

Оқушыларды «Бір қадам алға, бір қадам артқа» әдісі бойынша тренинг ұйымдастыру.

Оқушылардан осы уақытқа дейін қандай адал іс жасағандарын сұраймын. Егер қанша адал іс жасасаңдар сонша қадам алға жүреміз деп тапсырма бердім.

Оқушылар адал іс жасағандарын естеріне түсіріп, айтып отырып, алға жылжып отырады.


Бүгінгі жаңа тақырып бойынша


«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі» тақырыбында өздері осы уақытқа дейін не білетіндерін сұрап өтемін.

Оқушылар өздері ойларын айтып өтеді.


Жаңа тақырыпқа бағыт бағдар беру.

Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз «Имандылық - ізгіліктің негізі» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.


Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.


Оқушыларды топқа бөлу.


Топтастыру. Оқушыларды 3 топқа біріктіремін.


Топтастыру:

  1. Топ

  2. Топ

  3. Топ

Топтық жұмыс


1-топ Тапсырма№1 Имандылық деген не?

Адамның - басшысы - ақыл,

шолушысы - ой, жетекшісі - талап,

қорғаушысы - сабыр,

сынаушысы - халық,

таусылмайтыны - арман,

ең қымбаттысы - ар сақтау,

бәрінен - ардақтысы - өмір сүру,

соның ішінде - ең тәттісі сыйластық.

Ал осының бәрі - ИМАННАН.


«Балық қаңқасы » әдісі бойынша қорғап шығу.

Ол жерде

  1. Проблема

  2. Себептері

  3. Дәлелдері

  4. Қорытындысы



2-Топ Тапсырма №2 Имандылық туралы қандай нақыл сөздер білеміз. «Сүзгі» әдісін қолданып қорғап шығады






Ұлағат сөздер

1. Түйе – жүктен, адам – ұяттан шөгеді. (Сағди).


2. Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай).

3. Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн)

4. Ұят кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді. (Сенека)

Хадистерден

5.Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр.

6. Әдемі киім кию де имандылық.

7. Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.


Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар.


3-Топ Тапсырма №3 Венн диаграммасы арқылы

Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:









Дескриптор:

  1. Айырмашылығын жазады

  2. Ортақ белгілерін жазады.

  3. Ұқсастықтарын анықтайды.


Оқушыларға сабақты қорытындылау кезінде видеоролик көрсетемін.

https://yandex.kz/video/preview/9260785539305539890




























Постер Тірек қағаздары




















Мектеп туралы слайд






Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар көрген видеороликтерінен түсінгендерін айтып сабақты қорытындылайды.


Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

Маған қиын болды

Мен үйрендім

Маған қызық болды - деген сұрақтарға өз пікірлерін жазады.














































«Жаркент қаласының орта мектебі»

комунналдық мемлекеттік мекемесі













«Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы»

9 «Б» сынып сағаты







Сынып жетекшісі З.С.Оспанова











2024-2025 оқу жылы





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11