Имиждік мақала "Наурыз - жыл басы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Имиждік мақала "Наурыз - жыл басы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл- имиждік мақала. Наурыз мерекесінің қалай тойланғандығы туралы айтылады. Жас ұрпақты ұлтымыздың, тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге, қастерлеуге шақырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Данашым» физика-математика мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Б. Абирова



Наурыз – жыл басы!


Наурыз айының 18 жұлдызында Алматы қаласы, Медеу ауданы, «Данашым» физика-математика мектебінде «Наурыз – жыл басы!» атты мерекелік іс-шара өтті. Концерттік бағдарламаны аталған мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.М. Раиспаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Б. Абирова ұйымдастырды. Қатысушы сыныптар 5-қазақ-орыс сыныбы болды. Концерттік бағдарлама басынан-аяғына дейін қазақ тілінде жүргізілді.

Мерекелік іс-шара жас ұрпаққа тәрбиелік мәні бар мағыналы көріністен басталды. Көктем шығып, бар тіршілік жанданданған әсем видео роликтің негізінде сахна сыртындағы алғашқы сөзден соң, ортаға Күн мен Айдың рөлінде Халел мен Лаура сөздерін нақышына келтіріп орындады, ортасына Ұмай ана келіп қосылып, көріністің көркін келтірді. Қазақ халқы төрт түлікті ерекше әспеттеген, сондықтан төрт түліктің пірлері ортаға шығып келген жылға өз ықыластарын білдіреді. Ең соңында Қыдыр ата барша жұртқа өз батасын беріп, мерекелік шараны бастап береді.

Shape1 Концертіміздің беташарында Абылай күмбірлеген «Адай» күйін шеберлікпен орындап, көрерменге тарту етті. Мерекелік іс-шараны тізгіндеген Берік Айсұлтан мен Пиантковская Сафия көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Балалар «Жетіген», «Балбырауын» биін билеп, қыздар Маржан Арапбаеваның орындауындағы «Тек алға» әнін билеп, шырқап берді. Жігіттер қауымы «Қазағымның дәстүлері-ай!» әнін нақышына келтіре айтып, көрерменді бір марқайтты.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, концерттік бағдарламамыздың абыройын арттырып, мерейін көтерген бір сәт – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының магистранты, драматург Мырзабек Нәсіпханұлының қоңыр әуені мен домбырының қоңыр үнінің ерекше үйлесімі нәтижесінде орындалған қазақ әндері, тыңдаушы қауымды өзіне елітіп, ерекше мерекелік күйге бөледі.





Shape2 Shape3

Концерттік бағдарламамыз Елемес Бейбарыс пен Жанболат Арланның орындауындағы «Батырлар ұраны» әнімен өз мәресіне жетті. Мерекелік іс-шараға қатысқан барлық қатысушылар Көк Туды ортаға алып шықты. Әнді ерекше сезіне білген, екі жігіттің өнері барша жиналған қауымның рухын оятып жібергендей әсерде болды. Барша көрермен орындарынан тік тұрып, қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

Picture 8 Shape4 Мерекелік іс-шараның қортынды бөлімінде мектеп диеректоры қортынды сөз айтып, қуаныш шашуын шашты. Концерт соңында мерекелік іс-шарадан әсерленген ата-аналар өз алғысын білдіріп, құттықтау сөздерін айтып жатты. Ерекше айта кететін жайт, орыс сыныбындағы оқушылардың қазақ тілінде таза өлең оқып, әнді нақышына келтіріп орындауы, көріністі тұла бойынан өткізіп сезінуі – ата-ананың мектепке деген ықыласын ұлғайтып, жас ұрпақтың ертеңіне деген сенімін арттыра түсті.

Осылайша, «Данашым» физика-математика мектебінде Наурыз мерекесі ерекше тойланды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі