Материалдар / «Информатика – ғасыр талабы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Информатика – ғасыр талабы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Информатика – ғасыр талабы» 

Мақсаты: 
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. 
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру. 
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ. 
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы 
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы. 
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар. 
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі. 
Сайыстың өту барысы: 
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Зерттелмеген арал» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 
Мынау ұшқыр заманда, 
Жаңалық енді ғаламға. 
Компьютер тілін меңгеру, 
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады. 
І-ші топ. «Бірлік» тобы 
Ұраны: Жарыс десе жанамыз 
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. 
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Жеңіспен мәреге барайық, 
Жеңістің ұранын салайық. 
ІІ-ші топ «Достық» тобы 
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым 
Көрсетеміз бізде қандай күш барын 
Алға қойған мақсатымыз бір екен, 
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! 
2 – жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық. 
1.---------------- 
2.--------------- 
Дүниедегі құбылыстың мәнін де, 
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де 
Мүмкін емес информатикасыз түсіну, 
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! 

1 – жүргізуші: Біздің Алдар ағамыз да компьютерді 
меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай 
хат жолдапты (алдын-ала «Звукозапись» 
бағдарламасында жазылған дыбыстық файл 
іске қосылады): 
«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын, 
Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын! 
Қымбатты достар, мен жер шарын аралап жүріп 
Компландия деген елге бардым, сол жерде бір 
зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын 
десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің 
көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық, достар!» 
2-Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз. 
Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. 
1. ПЕРНЕТАҚТА

(перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,….) 
2. БАҒДАРЛАМА

(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…) 
Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау-тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік! 
Таулардың тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады? 

  1. Алгоритмді белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программа ?

  2. 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілін ойлап тауып, бұл программалау тілін атақты француз ғалымының атымен қояды.Бұл қандай тіл?

  3. 1024 килобайт 1......... неге тең?

  4. Алгоритмді графиктік жолмен жазу

  5. Әрекеттерлің орындалуы қандай бір шартқа тәуелді болуы

  6. Белгілі бір әркеттер тізбегі бірнеше рет қайталануы

  7. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм

  8. Барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалатын алгоритм?

  9. IX ғ Орта Азия ұлы араб математигі әл-Хорезми есімінің латынша жазылуынан қандай термин шықты
    Көлдің тапсырмасы: Көлдегі балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында жазылған жұмбақтарды шешу керек. 
    1. Бұтақ орнында мың бір инесі, 
    Компьютер жаны мекені (кактус) 
    2. Биологияда бұл паразит, 
    Көзге зорға көрінер. 
    Информатикада өлшем бірлік, 
    Ақпараттарды өлшер (бит) 
    3. Экранның бетінде оның тұрағы, 
    Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер) 
    4. Егер білсең айта ғойшы, 
    Бұл қандай құрылғы. 
    Ақпаратты қағаздағы, 
    Компьютерге енгізеді? (сканер) 
    5. Жануарға ұқсас атым бар, 
    Бағдар көрсетер затым бар. 
    Кілемше үстінде тұрамын. 
    Ең қажетті құралмын. (тышқан) 
    6. Төрбұрышты әйнек, 
    Тұнып тұрған әлек (монитор) 
    Тастардың тапсырмасы: Жұмбақ шешу. 
    Білімнен мол сый-асы, 
    Балғындардың ұясы 
    (Мектеп-
    Школа- School
    Білімнің жол басшысы, 
    Шәкірттің қолбасшысы 
    (Мұғалім-
    учитель — teacher
    Ұшымен қазық 
    Тор көзді жазық. 
    Үстіне өттім, 
    Асыл сөз жазып. 
    (Дәптер
    - тетрадь - copy-book
    Тіл жоқ өзінде, 
    Сөзі бар ізінде. 
    (Қаламсап
    - ручка - pen

Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген

(пернетақта – клавиатура —  keyboard)

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.

(басып шығарғыш – принтер — printer )

Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

(компьютер – компьютер — computer)

Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген  

 (мәтіналғы – сканер — scanner)
Өзеннің тапсырмасы: Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал жағада тұрған екі қайық арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін керекті сөздерді табуымыз керек: 

Мектеп-кеме,білім-...(теңіз,море, sea)

Өлімнен ұят...(күшті,сильный, strong)

Денсаулық- зор...(байлық, богатство, richness)

Ананың сүті-...(бал, мед, honey)

Білім-сандығы...(кітап, книга, book)

Жақсы ат- жанға...(серік, друг,спутник, friend)

Әдепті бала-арлы...(бала, ребенок, child)

Тіл адам жанының...(тілмәші, переводчик,translator)

Ашу дұшпан, ақыл-...(дос,друг, friend)
Аспанның тапсырмасы: екі топқа 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап қайтару керек. Әр топ мүшелері кезекпен жауап береді.
І топқа арналған сұрақтар. 
1: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді 
білдіреді ме? (иә) 
2: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә) 
3: Мәтін, радио арқылы хабар, 
мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә) 
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып 
интерфейс табыла ма? (жоқ) 
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә) 
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә) 
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ) 
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ) 
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ) 
10: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә) 
2 – ші топқа арналған сұрақтар: 
1: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә) 
2: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т) 
3: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә) 
4: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ) 
5: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ) 
6: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ) 
7: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә) 
8: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ) 
9: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә) 
10: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә) 
Орманның тапсырмасы: Компьютерге байланысты мақалдар айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады.

Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсе кәріге күл)

Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды)

Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)

Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)

Жігітті компьютеріне қарап, бағала.     (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады                             (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас       (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім              (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра             (Білмесең білгеннен сұра)

6. Компьютер тіршілік көзі                         (Су тіршілік көзі)
Құстардың тапсырмасы: 
1. Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: 
монитор, принтер, сканер, микрофон, 
дыбыстауыштар, дискеттер. 
2. Енгізу құрылғысын дөңгелектеп қорша: 
пернетақта, микрофон, дискеттер. 
3. Қандай құрылғы компьютерде 
ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады, 
пернетақта, микрофон, қатқыл диск. 
4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз 
бетіне басып шығарады, астын сыз: принтер, 
монитор, флэш-карта. 
Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар: 
1. Компьютердің миы (процессор) 
2. Ақпараттың ең кіші өлшемі (бит) 
3. Бас әріптерді жазу пернесі (Caps Lock) 
4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер) 
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (сканер) 
6. Ақпараттық үрдістерді ата (алу, өңдеу, беру, сақтау) 
7. Информатика пәні нені зерттейді? (ақпараттық үрдістерді) 
8. Жаңа жолға түсу пернесі (Enter) 
9. Антивирус деген не? (вирусты анықтап, емдейтін бағдарлмама) 
10. Ақпаратты тасуыштар (дискета, флэш-карта, СD және DVD диск) 
1-Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер, 
Білім сана толастап жана берер. 
Әділқазыларды ортаға шықрайық. 
Сайыскерлерге әділ баға берер. 
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі). 
2-Жүргізуші: Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет. 
Информатика нық басып ғаламатта, 
Ой бөлісіп заманды саралапты. 
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, 
Қайта айналып көріскенше саламатта.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!