2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ»

«ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика – бұл тек техникамен жұмыс істеуді үйрету емес, ол – шығармашылық ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға арналған пән. Әсіресе, алгоритмдік ойлау мен шешім қабылдау дағдыларына ерекше көңіл бөлініп, оқушылардың логикалық ойлауы, өз бетімен білім алу дағдылары дамытылады. Бұл қасиеттер заманауи өмірде түрлі салада табысты қызмет атқару үшін қажет, себебі бүгінгі әлемде ақпараттың маңызы күн сайын артып келеді. Қазіргі заман талабына сай педогогикалық технологиялардың түрлері өте көп. Сол технологиялардың ішінде информатика пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, проблемалық оқыту, ақпараттық-коммуникативтік, деңгейлік және саралап оқыту технологиялары шығармашылық қабілеттерді дамытуда айрықша мүмкіндіктер береді. Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістері кеңінен қолданылады. Бұл әдіс оқуш
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«ИНФОРМАТИКА ПӘНІН

ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ»




«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» Ахмет Байтұрсынов



ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы цифрлық жүйеге көшті. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Оқытудағы сандық білім беру ресурстары пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Білім саласын цифрландыру барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы әр салада маңызды рөл атқарумен қатар, білім беру үдерісінде де елеулі өзгерістер әкелді. Бүгінгі таңда информатика пәні оқушыларға тек қана компьютерлік сауаттылықты үйретіп қана қоймай, оларға заманауи ақпараттық қоғамда қажетті білім, дағды және құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқытылады.

Информатика – бұл тек техникамен жұмыс істеуді үйрету емес, ол – шығармашылық ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдыларды дамытуға арналған пән. Әсіресе, алгоритмдік ойлау мен шешім қабылдау дағдыларына ерекше көңіл бөлініп, оқушылардың логикалық ойлауы, өз бетімен білім алу дағдылары дамытылады. Бұл қасиеттер заманауи өмірде түрлі салада табысты қызмет атқару үшін қажет, себебі бүгінгі әлемде ақпараттың маңызы күн сайын артып келеді. Қазіргі заман талабына сай педогогикалық технологиялардың түрлері өте көп. Сол технологиялардың ішінде информатика пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, проблемалық оқыту, ақпараттық-коммуникативтік, деңгейлік және саралап оқыту технологиялары шығармашылық қабілеттерді дамытуда айрықша мүмкіндіктер береді.

Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістері кеңінен қолданылады. Бұл әдіс оқушыларға информатика пәнінде туындайтын кез келген мәселені жан-жақты талдап, өз ойларын еркін жеткізуге көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың өз бетімен сұрақтар қойып, оларға жауап табуға, мәселелерді анықтап, шешімдер ұсынуға және өз пікірлерін дәлелдеп, басқа көзқарастарды салыстырып талдауға бағытталған.

Сын тұрғысынан ойлау әдістемесінің құрылымы үш негізгі кезеңнен тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту – оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру және мәселені өз бетімен зерттеуге талпыныстарын ояту.

  2. Мағынаны ашу – оқушылардың жаңа ақпаратты белсенді игеріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануы.

  3. Ой толғаныс – оқылған ақпаратты қорытып, жаңа білімді ой елегінен өткізу, оны практикада бекіту.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары

Қызығушылықты ояту

Мағынаны ажырату

Ой толғаныс

  • пәнге қызығушылығы артады;

  • жаңа сабақты меңгеруге талпынады;

  • оқуға белсенділігі артады;

  • ақпарат білгісі келеді.

  • өз бетімен ізденеді;

  • мәселелік жағдаяттарды шешеді;

  • білімін кеңейтеді;

  • сөйлеу мәнері қалыптасады;

  • талдау жасауға үйренеді;

  • топтық жұмысқа үйренеді.

  • өз пікірін айтуға, дәлелдеуге үйренеді;

  • ақпаратты саралап, тиянақтайды;

  • шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • басқаның іскерлік қабілетін байқайды;

  • пікір алмасады;

  • өз еңбегін басқаның еңбегімен салыстырады.





Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.

1- сызба

Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сәйкес сабақ құрылымы және күтілетін нәтиже

Миға шабуыл стратегиясы – бұл топтық талқылау, мәселенің шешімін табуда қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мысалы, топтарға «Симметрия біздің өмірімізде», «Көлем ұғымының өмірдегі маңызы» т.б. тақырыптары беріледі.

Іс-тәжірибеден байқағанымыз бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.

Қағидасы:

  • миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары түгел қатысады;

  • ұсынылған идеяларларға ұсыныс берілмейді және сынға алынбайды;

  • идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады;

  • миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды;

  • мәселені талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық пікірлер қабылданады;

  • ойлар нақты және қысқа болуы керек.

İNSERT стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – білгім келеді – деген белгілерді қойып отырып математика пәнінен теориялық материал мазмұнын түсінеді. Мысалы, «Массив және оның түрлері» тақырыбын өткен кезде, оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірлейді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстырады. Оқушылар тақырыпты оқып шығып, жұппен және топпен кеңесе отырып тиісті белгілерді қойып шығады. Кесте толтырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Венн диаграммасы стратегиясы – бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. «Натурал және бүтін сандар» тақырыбын өткен кезде натурал және бүтін сандардың айырмашылығы мен ұқсастығы айтылады. Шеңберлердің екі жағы салыстырылып, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеттері жазылады. Бұл стратегияны қолдану барысында оқушылардың ойлау қабілеттері тереңдей түсіп, салыстыру, біріктіру, айыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.

Блум таксономиясы – сұрақтар стратегиясы. Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар – еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.

Цифрлық технологиялaр оқушылaрдың пәнге деген қызығушылығымен қaтaр функционaлдық сaуaттылығын aрттырaры сөзсіз. Информатика пәндеріне сaндық білім берудің ресурстaрын пaйдaлaнуғa болaды. Информатика сабағында сандық ресурстардың көмегімен әр тақырыпқа әр түрлі тапсырмалар: тест сұрақтары, квест ойындары, аннаграммалар, видеороликтер, 3д суреттерді құрастыру және бағалау процессінде осы ресурстар көмегімен жасаса оқушы уақытты тиімді пайдаланады, әрі пәнге деген қызығушылығы оянады.

  1. Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Үлгілердің көпшілігі интерaктивті және бaспa нұсқaсындa қол жетімді.

«Wordwall» білім беру плaтформaсы - онлaйн немесе онлaйн сaбaқтaрғa интерaктивті мaтериaлдaр жaсaуғa aрнaлғaн құрaстырушы. Wordwall - интерaктивті және бaспa мaтериaлдaрын жaсaуғa aрнaлғaн көп функционaлды оқу ресурсы. Тапсырмалар барысында адасқан әріптер, сәйкестендіру, спиннер шеңбері арқылы оқушылармен сұраққа жауап алуға болады.

  1. «Тарсия» әдісі математикалық пазлдарды құрастыру ойындары.Тарсия – әдісін тарих пәнін оқыту үшін әр түрлі басқатырғыштар құрастыруға арналған бағдарлама ретінде пайдаландым. Тарсия – әдісі оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасының көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Оның қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан тұрады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы пазлдарды құрастырып уақытты тиімді пайдаланады.



Пайдаланылған әдебиеттер


    1. Назарбаев Н. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы.// «Егемен Қазақстан» газеті. 27 қаңтар, 2012ж.

    2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. // «Егемен Қазақстан» газеті. http//www.

    3. Өмірбаева К. «Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер». 2001 .

«Қазақстан мектебі» №2, Алматы қ. 2013ж.

    1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдаламасы; НЗМ,ДББҰ; ПШО, 2016




26 Наурыз 2025
90
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі