НҰРМУХАНОВА МАРЖАН АЙБЕКҚЫЗЫ
Алматы облысы, Іле ауданы, Жайнақ ауылы, №31 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЗАМАНҒА САЙ ЖАҢАША ОҚЫТУ
Аңдатпа. Мақала информатика пәнінде қолданылатын жаңаша әдістер мен олардың қолданылуы туралы жазылған. Жаңаша оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен олардың сабаққа деген ынтасын ашу басты мақсат ретінде көзделген. Информатика пәнінің білім беру саласындағы орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отыратыны секілді сабақ үрдісенде де жаңаша оқыту формасы жыл өткен сайын өзгеріп отырады. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Сол себепті де оқушыларды заман талабына сай оқытудың жаңаша стратегиялары туралы толық жазылған.
Түйінді сөздер: стратегия, озық технология,цифрландыру
Кіріспе: Қазіргі білім беру саласының басты мақсаттарының бірі – оқытушының білім алушыларға сабақ беру үдерісінде тиімді әрі жаңаша оқыту құралдарын қолдану болып табылады. Дәстүрлі білім беру саласында оқушыларды тек оқулықта берілген ақпараттармен оқытатын болса, қазіргі оқушыларды жаңаша әдістермен қатар жаңаша технологияларды қолданып оқыту шарт болып табылады. Оқушыларға кез –келген пәнді оқыту барысында ақпаратты тек қана көрсетіп қана қоймай, оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстауға арналған көрнекіліктер мен әдістерді қолданған дұрыс деп есептеледі.
Қоғам өміріндегі жаңа өзгерістер және олардың тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына аранайы міндеттерді қойып отыр. Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару. Информатика пәні мұғалімдерінің білім алушыларды оқыту барысында бірсарындылықты түбегейлі жойып, олардың білім алу процесін цифрландыруды қолға алу көзделіп отыр. Бұл компьютерлік бағдарламаларды еркін меңгерген ұстаздар үшін қатты қиынға соға қоймайтыны сөзсіз. Заман талабына сай оқыту арқылы оқушылар компьютерді еркін пайдалана алатын, компьютерлік бағдарламаларды өз өмір жолдарында тиімді пайдана алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет. Сол кезде ғана қазіргі оқушылардың болашақ мықты маман болатыны сөзсіз.
Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері қолданылып келеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес цифрлық ресурстарды ұлғайтуда білім берудің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдар желісімен біріктіру қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің экономикасының барлық саласын цифрландыру күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі. Осы бағытта жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттарының бірі білім беру саласын цифрландыру. Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық саласында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы мен қабілеті. Білім мен ғылым - мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық күш-қуатының өркендеуінде негізгі қозғаушы күші болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ендіруге септігін тигізіп, жастарды қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға қажетті білімдер мен дағдыларымен қамтамасыз етеді.
ХХІ ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймайды, олардың кез – келген бағдарламалар мен компьютерді еркін пайдалана алуына мол мүмкіндік береді. Мектеп қабырғасында компьютерді еркін пайдалана алған оқушы болашақта бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды.
Информатика сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыратын құрал ол – интерактивті тақта. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
-
Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;
-
Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
-
Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
-
Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
-
Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
-
Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Информатика сабағында оқушыларға жаңаша білім беруді белгілі бір кезең бойынша емес сабақтың барлық кезеңдерінде еркін қолдана аламыз. Оқушыларға жеке, жұптық немесе топтық тапсырмалар берген кезде де еш кедергісіз копьютер планшеттермен жұмыс түрлерін ұсына аламыз. Өзге пәндер сияқты информатика пәні де сабақ барысында ерекше жаңаша әдістермен, түрлі платформаларды қолданумен өтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын жоғалтып алмас үшін, сабақ оқыту үдерісіне жаңашылдықты қосып отырған дұрыс. Оқытуда бірінші баланың өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады.
Мен өз сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау әдісінің кейбір элементтерін атап айтсам «Венн диаграммасы», «Білемін. Білдім. Білгім келеді», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Миға шабуыл», «Ой толғау» және тағы да басқа әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Ойлан, бірік, бөліс» , «Адасқан сөздер», «Джиксо», «Аквариум» әдістерін қолданамын. Сабақты ұйымдастыру барысында «Миға шабуыл», «Қаламсап», «Мозайка», «Қозғалыстағы сурет», «Сәйкестендіру», «Сазды қобдиша» әдістерін пайдаланамын. Оқушыларды жалықтырап алмас үшін ойын түрлерін қолдана отырып окушыларды сергітіп аламын. Оқушылардың барлығы компьютерді меңгеру керек екендігін ескеріп «Жеке жұмыс», «Денгейлік» тапсырмалар , «Жұптық жұмыс» әдістерін қолданамын. Бұл аталған әдістердің барлығы да күнделікті қолданып жүргесін оқуышалардың жадында сақталып қалды. Оқушылар уақыт өте келе бұл әдістерден де шаршап, сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп бара жатырғандығын байқадым. Сол себепті де оқушыларға арналған онлайн платформаларды сабағыма кіріктіруді жөн санадым.Платформалық оқыту бағдарламалық жасақтамасының өсіп келе жатқандығының арқасында біз бүгінде білім беру үшін онлайн оқыту мен дамуға тез көшеміз. Сандық аборигендердің өсіп келе жатқан саны интернеттегі білім беру платформалық құралдарына сұраныстың артуына әкеліп қана қоймай, оқытушының рөлін жаңа қырынан өзгертті.
Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда онлайн бағдарламалар арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді. Оқытушы заман талабына сай білім жүйесін меңгере алады, ал әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Бұл бағдарламаларды пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады.
Онлайн платформа сіздің сабағынызды қызықты етумен қатар, оқушылардың білім деңгейлерін жоғарлатады. Онлайн платформалардың артықшылықтары:
-
Мұғалімдер мен оқушылар платформаны жүктемей-ақ ғаламтор желісі арқылы жұмыс жасайды;
-
Оқушылар мен мұғалімдер платформаларды түрлі гаджет арқылы пайдалана алады;
-
Платформаларды ұялы телефонға орнатуды қажет етпейді.Сілтеме арқылы жұмыс жасайды;
-
Мұғалімдер оқушылардың тапсырманы орындауын бақылай алады.
Білім берудегі ең үздік 5 оқыту платформасы

Осы аталған платформаларды әлемнің кез –келген елі қолданады және де мектеп бағдарламасындағы барлық пәндер бойынша тапсырмаларды дайындап, оқушыларды қызықтыруға болады.
WordWall (https://wordwall.net/ru) қызметінің артықшылығының бірі оффлайн жаттығуларды құру және пайдалану бағдарламасының болуы. Интернетке қосылмаған кез-келген компьютерде бағдарламалық құралды орнатуға және электронды тасымалдағышта жаттығуларды қамтамасыз етуге болады. Бағдарламаның көптеген тілдерде анық пайдаланушы интерфейсі бар. Сабақтың кез келген кезеңі үшін қолайлы үлгіні таба аласыз.
Бір үлгі бойынша жасалған жаттығудың мазмұнын бір материалды пайдаланып, оны әртүрлі жаттығулармен жаттықтыра отырып, басқа жаттығу түріне айналдыруға болатынына ерекше назар аудару керек. WordWall офлайн материалды да, онлайн ойынды жасау үшін де осындай мүмкіндік береді. Осылайша, бір тақырыптың материалы әртүрлі жаттығуларда пысықталады.
Kahoot (https://kahoot.it/) — Кез-келген оқу пәні мен кез-келген жасқа сай келетін ойын түрінде оқытуға арналған тегін платформа. Бұл платформалардың көмегімен тест, сауалнама, оқу ойынын жасауға немесе білім марафонын ұйымдастыруға болады. Қосымша жұмыс үстелі нұсқасында да, смартфондарда да жұмыс істейді. Kahoot қосымшасының көмегімен онлайн сауалнамалар, пікір-таластар және викториналар жасауға және жүргізуге болады. Kahoot-та жасалған тапсырмалар оларға суреттерді және тіпті, бейнефрагменттерді қосуға мүмкіндік береді. Викториналарды, тестілерді орындау қарқыны әр сұрақ үшін уақыт шегін енгізу жолымен реттеледі. Ықыласы болған жағдайда мұғалім қойылған сұрақтардың жауаптары үшін балл енгізе алады: дұрыс жауаптары және жылдамдығы үшін. Табло мұғалім компьютерінің мониторында көрсетіледі. Тестілеуге қатысу үшін оқушылар сервисті ашып, мұғалімнің өз компьютерінен ұсынатын PIN-кодты енгізуі керек.
LearningApps(https://learningapps.org/index.php?overview&s=&category=0&tool= ) — интерактивті модульдер (қосымшалар, жаттығулар) арқылы оқу процесін қолдауға арналған қосымша. Бұл онлайн-сервис модульдер құруға, оларды сақтауға және пайдалануға, педагогтер арасында еркін алмасуды қамтамасыз етуге, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруға (соның ішінде, жаңа модульдерді құру бойынша) мүмкіндік береді. Басты беттің жоғарғы жағында «барлық жаттығуларды» басу арқылы басқа қолданушылар жасаған және жариялаған жаттығулар тізімі ашылады. Өз тапсырмаларыңызды жасау және сақтау үшін тіркелу қажет. Тіркеуден өткеннен кейін оқушылар үшін интерактивті жаттығу жасауға көмектесетін үлгілер қолжетімді болады.
Quizizz Kahoot-ке өте ұқсас оқушыларды бағалаудың интернет құралы болып табылады, бірақ кейбір айырмашылықтары бар. Біріншіден, сыныпта викторинаны іске қосқан кезде оқушылар өз қарқынымен қозғала отырып, сұрақтарға жауап береді және осы орайда олар басқа қатысушылардың жауап беру жылдамдығына тәуелді болмайды. Екіншіден, Quizz-да құрастырылған викторинаны орындауды жоспарлап қоюға болады, яғни оны үй жұмысы ретінде ұсынуға болады. Kahoot-та осы опцияны өзінің функционалына қосты. Үшіншіден, «уақыт» параметрін алып тастау мүмкіндігі бар, сонда оқушы өтіп бара жатқан уақыт туралы емес, берілген сұрақ төңірегінде асықпай ойлана алады.
Оқыту үрдісінде информактика пәнін меңгеруде жаңа инновациялық технологияларды, прогораммалау тілдерін тиімді пайдалану, білім алушыларды құзыреттілікке бағыттау уақыт талабына айналып отыр. Құзыреттілікке жетелеп алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалану, өмірде қолдану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі. Информатика пәнінің оқытушысы ретінде, білім алушыларды жаңадан шығып келе жатқан инновациялық ақпараттық технологияларды жеңіл түрде қабылдай алуына ықпал ету. Әр минут сайын ақпарат көлемі өсуде. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды меңгерген уақытта – бұл табысты оқу, ал одан әрі табысты қызмет орныңда қолдана алады. Бұл ұмтылыс - үнемі өз білімін және өзін-өзі жетілдіру.
Информатика пәніңде техникалық және бағдарламалық құралдары үлкен қарқынмен дамуда. Аппараттық және бағдарламалық құралдарды есептеу техникасында екі жыл сайын жаңғырту жүргізіледі. Есептеуіш техника құралдарының дамуынан қалмай, ілесіп отыру мақсатында, әлемде ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтардан хабардар болып, үйреніп жүру керек. Өйткені балалар жаңа бағдарлама туралы, жаңа телефонның маркасы туралы жиі сұрақтар қояды. Кейде олардың сұрақтарына жауап бере алмаймын, бірақ бұл мені өз білімімді жетілдіруге итермелейді. Өз ісінің шебері болуды қалайтын адам үнемі жаңаны үйреніп, үйренгенін қолданып отыруы тиіс.
Білім алушылардың информатика сабағында теорияны түсіндіріп, тәжірибеде қолданып, әрі қарай жұмыс жасай отырып, сабақты толығырақ игеретінің түсіндім. Білім алушыға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: білім алушыны жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, білім алушының бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық, жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырамын. Яғни, оқушылар арасында өзара диалог орнату арқылы білім беру деп түсінемін. Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана информатика саласында емес барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Өз пәніме қатысты айта кетер болсам, бізде көбінесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз. Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар, тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Бұл таңда «Жұптық әңгіме», «Әңгіме-дебат» сияқты әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді. Сабақтарымда топтық жүйені жиі қолданамын. Жыл мезгілдеріне байланысты компьютердің негізгі, қосымша құрылғылары болып, пернетақта пернешелерінің түрлеріне қатысты немесе алгоритм түрлеріне байланысты тағы да басқа тәсілдерді қолданып сабақтарымда сыныптағы оқушыларды 2 топқа, 3 топқа, 4 топқа дейін бөлемін. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатады. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрады.
Сабақ барысында жаңа технология элементтерін пайдалану барысында күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзыреттілігі қалыптасқан, өз ойын толық, нақты, мазмұнды жеткізе алатын, инабатты, білімді, жан-жақты, өз елін сүйе білетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу, қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, 2010ж. №5
-
Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдіс-тәсілдері»
-
К.Ж.Бұзаубақова. Білім берудегі инновациялар. ТарМПИ 2014
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз