Тақырыбы
Информатика пәнінде ақпараттық технология элементтерін тиімді
қолдану тәсілдері
Дайындаған : Ботабекова Асия Ердебековна
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып саналады. [1]
Қазіргі заман ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технология заманы болғандықтан қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Ақпараттық технологияның қалыптасу кезеңдері
және негізгі ұғымдары
қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің
дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында
компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған
ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды
компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны
мен кез келген ғылым саласы алдында бірқатар көкейкесті міндеттер
қоюда. Ол міндеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруда,
компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге
байланысты.[3]
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін оқу орындарында кез-келген ғылым саласы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Негізінен информатика ғылымының басқа ғылым салаларына тигізер әсері бұл дегеніміз яғни, жоғарыда айтып өткендей қазіргі жақандану заманында жаңа ақпараттық технология заманына сай кез келген ғылым саласын қарастырсақ компьютерді пайдаланбау мүмкін емес. Себебі қазіргі заман соны талап етеді. Мысалға алатын болсақ өзімізге қатысты білім салаласында, қазір кез – келген орта, жоғары, арнаулы білім оқу орындарында сабақ мазмұнын оқушыларға (студенттерге) мұғалім сабақ барысында жаңа ақпараттық технологиямен өткенді жөн көреді.Бұл орайда өзіміздің колледжіміздегі ақпараттық технологияны пайдаланып, жеткен жетістіктеріміз қаншама. Енді осының себептерін қарастырсақ:
-
Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
-
Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
-
Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
-
Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
-
Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
-
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
-
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологияны сонымен қатар тек оқу орындарында ғана емес басқада жұмыс орындарында немесе мекемелерде кеңінен пайдаланады. Ол яғни, жұмысшының жұмысын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді.
Демек, информатика пәнін әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. . Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі. [2]
Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа ақпараттық технологияларды орынды қолдану болып табылады.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. [2]
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.
Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.
Бұның бір мысалы ретінде қазіргі таңда онлайн сабақтар жиі өтілуде. Бұл ұстаздарымыздың бірі бірінен әдіс тәсілдерді жете еңгеруіне септігін тигізеді. Оны барлығымызда теледидар арқылы көріп, қазіргі кезде сол бағытта еңбек етіп жатырмыз. Ол өзімнің еңбек етіп жатқан көпсалалы колледжімізде кеңінен қолданып жатырмыз. Оқушылардың білімін бағалауда,сабақ түсіндіруде уақытты ұтымды пайдалануға көп септігін тигізді. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады. [3]
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде информатиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары, І. Ал ол өз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мен өз сабағымды оқушылармен бірге өткізе отырып, оларды мына екі топ бойынша сараладым. Бұл менің 2005 жылдан бастап колледж оқушылармен бірге жұмыс жасадым, осы ойымды, яғни жұмысымның нәтижесін тексердім.
Болашақ мамандарда ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау жұмысы мамандық бойынша арнаулы пәндерді оқыту үдерісінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеудегі білімін тереңдету және кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, олардың іскерлігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі ескеріліп, арнайы және әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы оқушылардың саны белгіленді.
|
Топ түрі |
Оқу жылдары |
||||
|
|
2012-2013 |
2014-2015 |
2016-2017 |
2018-2019 |
Барлығы |
|
Эксперимент тобы |
73 |
75 |
74 |
74 |
296 |
|
Бақылау тобы |
74 |
73 |
75 |
71 |
293 |
Кесте 1 Тексеруге әр оқу жылдарында қатыстырылған білім алушылар құрамы
Оқыту кезеңінде ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі кешенді тексеру арқылы жүргізілді. Олар: оқушылардың жаңа әдістемелік жүйе бойынша оқытуға дейінгі және кейінгі білім деңгейін анықтау; оқушылардың информатика курсы материалдары бойынша жасалған тестерді орындай білуі; ақпараттық-логикалық модельдеу мақсаттарын қоя білуі; қарастырылып отырған тақырып мазмұнының ерекшелігін ескере отырып, қойылған мақсатқа сәйкес тапсырмалар құра білуі; модельді әдістемелік талдай білуі; мультимедиялық технологияларды білуі болып табылады.

Сурет 1 - Эксперименттік және бақылау топтарының бастапқы және соңғы көрсеткіші.
Бұл көрсеткіштер информатика пәнін оқытуда біздің тарапымыздан ұсынылған тақырып, қосымша материалдардың алғашқы 2012-2013 оқу жылынан бастап ұсынылған «Мультимедиялық технологиялар», «Компьютерлік графика», «Ақпараттық технологиялар » курстарының кезең-кезеңімен бірнеше оқу жылдары бойына эксперимент есебінде ендірілу нәтижесінде жүзеге асырылып отырды. Бұл пәндер бойынша жүргізілген оқу практикаларының нәтижелері оқушылардың сапалық үлгерімін арттырды.Теория сабағынан гөрі оқушы, тәжірибе сабағында өз білімін шыңдайтынын көрсетті.
Зертханалық сабақтарға арналған тәжірибелік тапсырмалардың үлгілері ұсынылды.
Біз ұсынған курс бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы болашақ мамандардың ақпараттық-логикалық модельдеудің сауаттылығы арттырылды және ол әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып табылды.
Эксперимент жұмысының тиімділігін анықтау мәселесі өлшемдер және деңгейлер мәселесімен байланысты. Педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында өлшемдерді табуға және негіздеуге қойылатын жалпы талаптар бар, олар: өлшемдер жеке адамдық білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың жалпы заңдылықтарына бағынады; өлшемдердің көмегімен зерттеліп отырған жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы байланыстарды айқындауға тура келеді; сөйтіп сапалық көрсеткіштер сандық көрсеткіштермен бірлікте көрініс табуы керек.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу кезінде біз ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаландық. Олардың қолданылуы әдіснамалық, теориялық және дидактикалық сипаттағы қорытындыларды алуға нысандалды.
Эксперимент барысында біз мына әдістерді пайдаландық:
-
теориялық талдау және жинақтау; (жалпылау және салыстыру);
-
сауалнамалы-диагностикалық (сауалнама жүргізу, сұхбат алу, әңгімелесу, тест жүргізу, бағалау-рейтинг);
-
оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін талдау, компьютерлік зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтарымен жете танысу);
-
эксперименттік (анықтаушы, қалыптастырушы және бақылаушы педагогикалық эксперимент) нәтижелердің қорытындысын салыстыру;
Сөйтіп, зерттеу барысында қолданылған нақтылы әдістерге қысқаша талдау жасалды. Оқушыларға сабақ жүргізудің әр түрлі нұсқалары ұсынылды, онда индукция мен дедукциялық әдістерді пайдаланудың педагогикалық тиімділігі байқалды. Әрбір нұсқаның мазмұны мен мәнін аша отырып, біз әрбір нұсқадан (жеке жағдайдан) жалпы жағдайға ауысуды жүзеге асырып отырдық.
Болашақ мамандарды кәсіби оқытудың мазмұны мен оның нәтижелерінің арасындағы байланыстарды және заңдылықтарды ашу үшін, алдын ала зерттеудің нәтижесінде алынған деректерге теориялық талдау жүргізу қажет болды.
Біз жүргізген салыстырмалы талдаулар оқушыларды ескірген ұғымдардан арылуға, мән-мағынасын жоғалтқан іскерліктер мен дағдыларды қайта қарауға, сонымен қатар қазіргі заманғы талаптарға қоятын жаңаны табуға мүмкіндік туғызды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды талдау үдерісінде мыналарды ескерту қажет болды:
-
оқылатын пәндер және тақырыптар бойынша оқу материалының мазмұнын;
-
оқу жоспарларының жылдар бойғы құрылымын, оны құрудың негіздерін, құрылымда басты және бағыныңқы элементтерді бөліп қарастыруды, олардың өзара байланысын айқындауды;
-
әр оқу пәнінің жалпы кәсіби және тереңдетілген кәсіби дайындаудағы рөлін;
-
жеке пәндердің оқу материалдарының мазмұнындағы өзіне тән айырмашылықтарды, олардың оқушыларды кәсіби бағыттылыққа бейімдеудегі маңызын т.б.
Эксперимент жұмысының бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде информатиканы менгеру деңгейі анықталды. Тәжірибелік-экспериментке 102 оқушы қатысты, оның 42-ы эксперимент тобында, 60-і бақылау тобында болды.
Бағалау - оқушыларға компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде сабақ жүргізу барысында оқушылардың іс-әрекеттеріне талдау жасау жүзеге асырылды.
Эксперимент қорытындысын талдағанда дұрыс және толық жауаптардың пайызы эксперименттік топтарда бақылау топтарына қарағанда 51,4-38,0=13,4 (%) пайызға жоғары болады.
|
Топтар |
Оқушылар саны |
Жауаптардың сипаты |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дұрыс және толық |
Дұрыс, бірақ толық емес |
Дұрыс емес |
Жауап берілмеген |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы |
Соңы |
Басы |
Соңы |
Басы |
Соңы |
Басы |
Соңы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Эксперимент |
102 |
32,8 |
51,4 |
28,6 |
31,4 |
34,5 |
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Ботабекова Асия Ердебековна Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Информатика пәнінде ақпараттық технология элементтерін тиімді қолдану тәсілдері
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Информатика пәнінде ақпараттық технология элементтерін тиімді қолдану тәсілдеріМатериал туралы қысқаша түсінік
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып саналады. [1]
Материалдың қысқаша нұсқасы Тақырыбы Информатика пәнінде ақпараттық технология элементтерін тиімді қолдану тәсілдері Дайындаған : Ботабекова Асия Ердебековна Түркістан облысы, Кентау қаласы, Кентау көпсалалы колледжінің информатика пәнінің оқытушысы «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып саналады. [1] Қазіргі заман ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технология заманы болғандықтан қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Ақпараттық технологияның қалыптасу кезеңдері
және негізгі ұғымдары Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін оқу орындарында кез-келген ғылым саласы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады. Негізінен информатика ғылымының басқа ғылым салаларына тигізер әсері бұл дегеніміз яғни, жоғарыда айтып өткендей қазіргі жақандану заманында жаңа ақпараттық технология заманына сай кез келген ғылым саласын қарастырсақ компьютерді пайдаланбау мүмкін емес. Себебі қазіргі заман соны талап етеді. Мысалға алатын болсақ өзімізге қатысты білім салаласында, қазір кез – келген орта, жоғары, арнаулы білім оқу орындарында сабақ мазмұнын оқушыларға (студенттерге) мұғалім сабақ барысында жаңа ақпараттық технологиямен өткенді жөн көреді.Бұл орайда өзіміздің колледжіміздегі ақпараттық технологияны пайдаланып, жеткен жетістіктеріміз қаншама. Енді осының себептерін қарастырсақ:
Жаңа ақпараттық технологияны сонымен қатар тек оқу орындарында ғана емес басқада жұмыс орындарында немесе мекемелерде кеңінен пайдаланады. Ол яғни, жұмысшының жұмысын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді. Демек, информатика пәнін әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. . Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі. [2] Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа ақпараттық технологияларды орынды қолдану болып табылады. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. [2] Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал. Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы. Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін. Бұның бір мысалы ретінде қазіргі таңда онлайн сабақтар жиі өтілуде. Бұл ұстаздарымыздың бірі бірінен әдіс тәсілдерді жете еңгеруіне септігін тигізеді. Оны барлығымызда теледидар арқылы көріп, қазіргі кезде сол бағытта еңбек етіп жатырмыз. Ол өзімнің еңбек етіп жатқан көпсалалы колледжімізде кеңінен қолданып жатырмыз. Оқушылардың білімін бағалауда,сабақ түсіндіруде уақытты ұтымды пайдалануға көп септігін тигізді. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады. [3] Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде информатиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары, І. Ал ол өз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мен өз сабағымды оқушылармен бірге өткізе отырып, оларды мына екі топ бойынша сараладым. Бұл менің 2005 жылдан бастап колледж оқушылармен бірге жұмыс жасадым, осы ойымды, яғни жұмысымның нәтижесін тексердім. Болашақ мамандарда ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау жұмысы мамандық бойынша арнаулы пәндерді оқыту үдерісінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеудегі білімін тереңдету және кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, олардың іскерлігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі ескеріліп, арнайы және әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы оқушылардың саны белгіленді.
Кесте 1 Тексеруге әр оқу жылдарында қатыстырылған білім алушылар құрамы
Оқыту кезеңінде ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі кешенді тексеру арқылы жүргізілді. Олар: оқушылардың жаңа әдістемелік жүйе бойынша оқытуға дейінгі және кейінгі білім деңгейін анықтау; оқушылардың информатика курсы материалдары бойынша жасалған тестерді орындай білуі; ақпараттық-логикалық модельдеу мақсаттарын қоя білуі; қарастырылып отырған тақырып мазмұнының ерекшелігін ескере отырып, қойылған мақсатқа сәйкес тапсырмалар құра білуі; модельді әдістемелік талдай білуі; мультимедиялық технологияларды білуі болып табылады.
Сурет 1 - Эксперименттік және бақылау топтарының бастапқы және соңғы көрсеткіші.
Бұл көрсеткіштер информатика пәнін оқытуда біздің тарапымыздан ұсынылған тақырып, қосымша материалдардың алғашқы 2012-2013 оқу жылынан бастап ұсынылған «Мультимедиялық технологиялар», «Компьютерлік графика», «Ақпараттық технологиялар » курстарының кезең-кезеңімен бірнеше оқу жылдары бойына эксперимент есебінде ендірілу нәтижесінде жүзеге асырылып отырды. Бұл пәндер бойынша жүргізілген оқу практикаларының нәтижелері оқушылардың сапалық үлгерімін арттырды.Теория сабағынан гөрі оқушы, тәжірибе сабағында өз білімін шыңдайтынын көрсетті. Зертханалық сабақтарға арналған тәжірибелік тапсырмалардың үлгілері ұсынылды. Біз ұсынған курс бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы болашақ мамандардың ақпараттық-логикалық модельдеудің сауаттылығы арттырылды және ол әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып табылды. Эксперимент жұмысының тиімділігін анықтау мәселесі өлшемдер және деңгейлер мәселесімен байланысты. Педагогикалық білім беру теориясы мен практикасында өлшемдерді табуға және негіздеуге қойылатын жалпы талаптар бар, олар: өлшемдер жеке адамдық білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың жалпы заңдылықтарына бағынады; өлшемдердің көмегімен зерттеліп отырған жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы байланыстарды айқындауға тура келеді; сөйтіп сапалық көрсеткіштер сандық көрсеткіштермен бірлікте көрініс табуы керек. Тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу кезінде біз ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаландық. Олардың қолданылуы әдіснамалық, теориялық және дидактикалық сипаттағы қорытындыларды алуға нысандалды. Эксперимент барысында біз мына әдістерді пайдаландық:
Сөйтіп, зерттеу барысында қолданылған нақтылы әдістерге қысқаша талдау жасалды. Оқушыларға сабақ жүргізудің әр түрлі нұсқалары ұсынылды, онда индукция мен дедукциялық әдістерді пайдаланудың педагогикалық тиімділігі байқалды. Әрбір нұсқаның мазмұны мен мәнін аша отырып, біз әрбір нұсқадан (жеке жағдайдан) жалпы жағдайға ауысуды жүзеге асырып отырдық. Болашақ мамандарды кәсіби оқытудың мазмұны мен оның нәтижелерінің арасындағы байланыстарды және заңдылықтарды ашу үшін, алдын ала зерттеудің нәтижесінде алынған деректерге теориялық талдау жүргізу қажет болды. Біз жүргізген салыстырмалы талдаулар оқушыларды ескірген ұғымдардан арылуға, мән-мағынасын жоғалтқан іскерліктер мен дағдыларды қайта қарауға, сонымен қатар қазіргі заманғы талаптарға қоятын жаңаны табуға мүмкіндік туғызды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды талдау үдерісінде мыналарды ескерту қажет болды:
Эксперимент жұмысының бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген сауалнама нәтижесінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде информатиканы менгеру деңгейі анықталды. Тәжірибелік-экспериментке 102 оқушы қатысты, оның 42-ы эксперимент тобында, 60-і бақылау тобында болды. Бағалау - оқушыларға компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде сабақ жүргізу барысында оқушылардың іс-әрекеттеріне талдау жасау жүзеге асырылды. Эксперимент қорытындысын талдағанда дұрыс және толық жауаптардың пайызы эксперименттік топтарда бақылау топтарына қарағанда 51,4-38,0=13,4 (%) пайызға жоғары болады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||













