Информатика пәнінен тиімді әдістер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика пәнінен тиімді әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен тиімді әдістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сиқырлы сандық» әдісі



Мақсаты: Оқушыларды сабақ соңында бағалауға пайдаланады. Сандықтың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.





















«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі



Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.




«Пирамида» әдісі



Әңгіменің кейіпкерлерін табу, сол кейіпкерге мінездеме жазу.





















«Дыбыстау»

Фильмен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру арқылы көмектесуіне болады.





Бірге ойлаймыз» әдісі



Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа таратуда қолданылады.














1 минуттағы ой

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек.










Кубизм әдісі.



Мағынасы терең және қызықты стратегияның бірі.

  • Т ақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады.

  • Алты қыры бар:

  • Сипаттаңыз

  • Салыстырыңыз

  • Зерттеңіз

  • Талдау жасаңыз

  • Қолданыңыз

  • Дәлелдеңіз

Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас түрде жүруі мүмкін



«Лездеме!» әдісі.


Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

Конверттен бір сөзді бір рет алу

Сөздің өзін атамай түсіндіру

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!



Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл.



Мақсаты: Оқцшылардың ой- өрісін дамыту. Басқа пәндермен де пәнаралық байланыс орнату. Сергіту сәтінде де пайдалануға болады.



Адасқан әріптер

Дұрыс жауабы

Орысша мағынасы

Ағылшынша мағынасы

пьюкомтер




терприн




қантыш



















«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі

Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.



«Қонаққа бару»



Бір топ екінші топқа қонаққа барып, Бай мен жарлы баласы мәтіні бойынша «Алты қалпақ» әдісі арқылы сұрақтар қойылып, жауаптары алынады.


Көршінің сұрағына жауап


Параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді.

« Эссе жазу»



3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.



«Мұғалімге хат жазу»



Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.





«Джигсо» әдісі

Оқушыларды 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.

«Бірге ойлаймыз» әдісі.


Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.

көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.



«Детектив» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты:  оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып  беріледі. Олар 15 минут  ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз шешімдерін айтады. Қандай тәсілмен анықтағандары талқыланып, ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

«Коллаж әңгіме» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.



«Ыстық орындық» әдісі.

Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

Picture 3





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2020
283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі